Жаратылыстану жəне математика факультеті Информатика кафедрасы



жүктеу 1,29 Mb.
Pdf просмотр
бет15/58
Дата19.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#21498
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58

алмайды,  бір  немесе  бірнеше  кестелер  терминдерімен  анықталады.  Ұсынулар  деректермен 
жұмыс істеудің əртүрлі тəсілдерін шешеді жəне қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ұсынулардың 
мазмұны  басқа  кестелерден  сұраныстар  жасау  арқылы  таңдалады  жəне  кестедегі  мəні 
өзгергенде  ұсынулардың  деректері  аутоматты  түрде  өзгереді.  Ұсынулар  –  қандай-да  бір 
бұйрықтар  көмегімен  орындалатын  сұраныс.  Яғни,  олар  сұраныстарда  жəне  DML 
сөйлемдерінде қолданылады. 
DML (Data Manipulation Language) – деректерді манипуляциялау тілі, яғни 
INSERT – жолдарды енгізу; 
UPDATE – жолды жаңарту; 
DELETE – жолдарды жою. 
Қолданушы шын мəнінде кестемен жұмыс істеп отырғандай болады. Бұдан былай негізгі 
кестелерді базалық кестелер деп түсінеміз. 
Ұсынулар дегеніміз – сақталуы үшін дискілі жадыны қажет етпейтін, дəстүрлі кестелерге 
ұқсас,  деректер  қорында  сақталатын  сұраныс.  Ұсынуларды  сақтау  үшін  тек  оперативті  жады 
қолданылады. 
Ұсынулар бірнеше себептерге байланысты қолданылады: 
•  олар деректер қорын қолданатын əртүрлі қолданушылар оны əртүрлі көреді; 
•  қолданушыларға  кестедегі  кейбір  жолдар  мен  бағандарды  ғана  көруге  рұқсат  бере 
отырып, олардың көмегімен деректерге рұқсатты шектеуге болады; 
•  əрбір  қолданушыға  оған  қолайлы  түрде  сақталған  деректер  құрылымын  көрсете 
отырып, деректер қорына рұқсатты жеңілдетеді. 
Ұсынулардың негізгі жетістіктері: 
Қауіпсіздік.  Əрбір  қолданушыға  оған  білуге  болатын  ақпараттан  тұратын  біраз  ұсынуға 
рұқсат  беруге  болады.  Осылайша,  сақталған  ақпаратқа  қолданушылардың  рұқсатын  шектеуге 
болады. 
Сұраныстың  қарапайымдылығы.  Көптеген кестелерге  сұранысты  біркестем  сұранысқа 
аймастыра  отырып,  ұсынудың  көмегімен  деректерді  бірнеше  кестеден  алып  жəне  оларды  бір 
кесте ретінде көрсетуге болады. 
Құрылымның  қарапайымдылығы.  Ұсынудың  көмегімен  виртуалды  кесте  жиыны 
ретінде əрбір қолданушысына деректер қорының меншікті «құрылымын» құруға болады. 
Өзгерістерден  қорғаныс.  Егер  берілген  кесте  бөлінсе  де,  реструктурияланса  да  немесе 
атын  өзгерте  алса  да,  ұсыну  деректер  қоры  құрылымының  өзгеріссіз  жəне  қарама-
қайшылықсыз түрін қайтара алады. 
Деректердің тұтастығы. Егер деректерге рұқсат немесе деректерді енгізу ұсыну арқылы 
жүзеге  асырылса,  ДҚБЖ  аутоматты  түрде  тұтастықтықтың  анықталған  шарттарының 
орындалуын тексере алады. 
Жоғарыда аталған жетістіктермен қоса, ұсынудың кемшіліктері де бар: 
Өнімділігі. Ұсыну сəйкес кестенің бар болуына көзбояшылың жасайды, сондықтан ДҚБЖ 
ұсынуға сұранысты берілген нəтижелі кестеге сұранысқа түрлендіруге тұра келеді. Егер ұсыну 
көпкестелі сұранысты бейнелесе, онда ұсынуға жай сұраныс қиын бірігу болады, жəне де оның 
орындалуына көп уақыт қажет болады. 
Жаңартуға  шектеулер.  Қолданушы  ұсынудың  жолдарын  жаңартуға  талпынса,  ДҚБЖ 
нəтижелі  кесте  жолдарына  сəйкестік  бекітіп,  ақырғысын  жаңартуы  тиіс.  Бұл  жай  ұсынуларға 
ғана мүмкін; күрделі ұсынуларды жаңартуға болмайды, олар тек іріктеуге ғана рұқсат етіледі 
[1, б. 369]. 
Көрсетілген кемшіліктер жəне жетістіктер ұсынуды таңдап қолдану керектігін білдіреді. 
Бақылау сұрақтары: 
1.  WHERE ұсынысы неліктен тік ұсынуларда орындалмайды? 
2.  Неліктен ұсынуларды бақылау тəртібі орындалу керек? 
3.  CASCADE жəне LOCAL параметрлерінің қандай айырмашылықтары бар? 
4.  Материализацияланған ұсынуларды қай уақытта тиімді қолданған ыңғайлы? 
5.  Ұсынулардың айырмашылықтарын түсіндір. 
 
Əдебиеттер:[1] 214- 225 бет.  [2] 72-76 бет.  [3]104-108 бет. қ[1] 38- 41 бет. 


 
2  кредит сағат. 
Тақырыбы: 
Ұсынулар
 
Дəріс мазмұны: 
1.  Ұсынулардың түрлері.  
2.  Ұсынуларды жаңарту
 
Ұсынуларды құру 
Ұсынуды  əртүрлі  əдістермен  құруға  болады:  Enterprise  Manager,  Create  View  Wizard 
шебері,  Transact-SQL  құралдары.  Ұсынуды  Transact-SQL-ң  көмегімен  құру  үшін  CREATE 
VIEW  инструкциясы  қызмет  етеді.  Онда  оның  негізінде  жататын  ұсыну  аты  мен  сұраныс 
көрсетіледі. 
 
{CREATE | ALTER} 
VIEW ұсыну_аты [(баған_аты  [,…n])] 
[WITH ENCRYPTION] 
AS SELECT_оператор  
[WITH CHEK OPTION] 
 
Ұсынуды  құру  үшін  сұранысқа  кіретін  барлық  кестелерге  рұқсат  болу  керек.  Қажетінше 
құрылатын  ұсынудың  əрбір  бағанына  ат  қоюға  болады.  Егер  бағандар  аттарының  тізімі 
көрсетілсе,  онда  ол  сұраныста  қанша  баған  болса,  сонша  элементтен  тұруы  тиіс.  Берілетін 
бағандардың  деректер  типі,  ұзындығы  жəне  басқа  да  сипаттамалары  берілген  кесте 
бағандарының анықтауынан алынады. Егер CREATE VIEW инструкциясындағы бағандар тізімі 
болмаса,  əрбір  ұсыну  бағаны  сұраныстың  сəйкес  баған  атын  алады.  Нақты  көрсетілген  баған 
аты  аттас  бағандары  бар  бірнеше  кестенің  бірігуі  кезінде  немесе  есептелетін  бағандар  үшін 
қажетті болып табылады. 
WITH  ENCRYPTION  параметрі  серверге  SQL-код  сұранысын  шифрлауды  белгілейді,  ол 
оны заңсыз қарауға жəне қолдануға кепілдік береді. Егер ұсынуды анықтауда бағандар немесе 
берілген  кесте  атын,  сондай-ақ  деректердің  бірігу  алгоритмін  жасыру  қажет  болса,  онда  осы 
аргументті қолдану қажет. 
WITH  CHEK  OPTION  параметрі  серверге  ұсыну  арқылы  туындаған  SELECT 
операторында  анықталған  критерийге  сəйкес  өзгерісті  тексеруді  белгілейді.  Ұсынудағы 
жолдың жоғалуына соқтыратын өзгерістерді болдырмайды. Егер ұсыну үшін көлденең фильтр 
орнатылса  жəне  деректер  өзгерісі  фильтрмен  орнатылған  жолдар  сəйкессіздігіне  əкелсе, 
жоғарыда  айтылған  орындалады.  WITH  CHEK  OPTION  аргументін  қолдану  жасалған 
өзгерістердің  ұсынуда  бейнеленетіне  кепілдік  береді.  Егер  қолданушы  ұсынудан  жолдың 
алынып  тасталатын  өзгеріс  орындағысы  келсе,  берілген  WITH  CHEK  OPTION  аргументінде 
сервер қате жайлы хабарлама шығарады да, барлық өзгерістер қабылданбай қалады. 
Ұсынуды жою 
SQL2 стандартында ұсынуды жою үшін DROP VIEW инструкциясын қолдану бекітілген. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.  CASCADE жəне LOCAL параметрлерінің қандай айырмашылықтары бар? 
2.  Материализацияланған ұсынуларды қай уақытта тиімді қолданған ыңғайлы? 
3.  Ұсынулардың айырмашылықтарын түсіндір. 
 
Əдебиеттер:[1] 214- 225 бет.  [2] 72-76 бет.  [3]104-108 бет. қ[1] 38- 41 бет. 
 
11- апта 
1  кредит сағат. 
Тақырыбы: 
Сақталатын процедуралар 
Дəріс мазмұны: 
1. 
Сақталатын процедуралар 


жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау