Жаратылыстану жəне математика факультеті Информатика кафедрасы



жүктеу 1,29 Mb.
Pdf просмотр
бет16/58
Дата19.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#21498
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58

2. 
Сақталатын процедуралар концепциясы жəне типтері.  
Сақталатын  процедуралар  шығысымен  тіл  барлық  программалау  тілімен  қамтамасыз 
етілетін,  «кеңейтілген  SQL»-де  нағыз  бағдарлама  жəне  процедура  жазуға  мүмкіндік  беретін 
базалық  мүмкіндіктерімен  байыды.  Сақталатын  процедуралар  SQL  операторларымен  өзара 
байланысқан тобы бейнелейді, оларды қолдану программистің жұмысын аса жеңілдетеді жəне 
икемді  етеді,  себебі  сақталатын  процедураны  орындау  SQL-ң  жеке  операторлар  тізбегін 
орындаудан  оңай  болып  табылады.  Сақталатын  процедуралар  дегеніміз  –  компиляцияланған 
түрде  сақталатын  деректер  қорында  жəне  бір  немесе  бірнеше  SQL  операторларынан  немесе 
функцияларынан  тұратын  командалар  жиынтығы.  Деректер  қорындағы  сақталатын 
процедураның SQL жеке операторлар орнына орындалуы келесі пікірлер бойынша пайдалы: 
•  керекті операторлар деректер қорында алдын-ала болады; 
•  олардың  барлығы  синтаксистік  талдау  этапынан  өткен  жəне  орындалу  форматында 
табылады;  SQL  Server  сақталатын  процедураның  орындалуы  алдында  оған  орындалу 
жоспарын белгілеуді, оның тиімділігін жəне компиляциясын орындайды; 
•  сақталатын  процедуралар  модульді  программалауды  қолдайды,  себебі  үлкен  есептерді 
өзіндік өте ұсақ жəне басқаруға қолайлы бөліктерге бөледі; 
•  сақталатын  процедуралар  басқа  сақталатын  процедураларды  жəне  функцияларды  
шақыра алады; 
•  сақталатын процедуралар басқа типті қолданбалы бағдарламалардан шақыртыла алады; 
•  ереже  бойынша,  сақталатын  процедуралар  жеке  операторлар  тізбегінен  жылдам 
орындалады; 
•  сақталатын процедураларды қолдану оңай: олар ондаған жəне жүздеген командалардан 
тұра  алады,  бірақ  оларды  іске  қосу  үшін  керекті  сақталатын  процедура  атын  көрсету 
жеткілікті.  Бұл  клиенттің  серверге  жіберген  сұраныс  өлшемін  азайтуға  көмектеседі, 
ендеше желіге жүктеме жасауға да көмек береді. 
Процедураны  орындалатын  жерінде  сақтау  желі  бойынша  берілетін  деректер  көлемін 
азайтады жəне жүйенің жалпы өнімділігін жоғарылатады. Сақталатын процедураларды қолдану 
прорграммалық  кешендерді  жəне  оларға  өзгерістер  енгізуді  жеңілдетеді.  Əдетте,  барлық 
тұтастың  шектеулері  ережелер  жəне  деректерді  өңдеу  алгоритмдері  түрінде  деректер  қоры 
серверінде  жүзеге  асырылады  жəне  деректерді  өңдеу  интерфейсін  көрсететін  ақырғы 
қосымшаға  сақтау  процедурасы  жиынтығы  түрінде  рұқсат  етіледі.  Деректер  тұтастығын 
қамтамасыз ету үшін жəне қауіпсіздік мақсатында, əдетте, қосымша деректерге тікелей рұқсат 
алмайды  –  олармен  барлық  жұмыс  процедураларды  шақыру  арқылы  жүргізіледі.  Бұл 
деректерді 
өңдеу 
алгоритмдерінің 
модификациясын 
жеңілдетеді, 
барлық 
желі 
қолданушыларына  қолайлы  жəне  қосымшаның  өзіне  өзгеріс  енгізбестен  жүйенің  кеңейуіне 
мүмкіндік береді, деректер қоры серверіндегі сақталатын процедураны өзгертсе болғаны. 
Сақталатын  процедуралар  кестелерге  немесе  деректер  қорындағы  басқа  объектілерге 
тəуелсіз  болады.  Олар  клиенттік  программамен,  басқа  сақталу  процедурасымен  немесе 
триггермен  шақырылады.  Өңдеуші  сақталатын  процедураға  рұқсат  құқығын  басқарады,  оның 
орындалуына  рұқсат  беріп  немесе  тыйым  салып  отырады.  Сақталатын  процедура  кодын 
өзгерту  оның  иесіне  немесе  деректер  қорындағы  мүшеге  ғана  рұқсат  етіледі.  Керек  болса 
қолдану құқығын бір қолданушыдан басқаға беруге болады. 
Бағдарламалық кодтың клиенттік қосымшадан тура деректер қорына сақталу процедурасы 
түрінде көшірілуі көп пайда əкеледі. Бұл келісімнің ерекшелігі: 
•  өнімділігі; 
•  кодты қайталап пайдалану; 
•  желілік трафикты қысқарту; 
•  қорғау; 
•  инкапсуляция; 
•  қатынау қарапайымдылығы; 
•  іскерлік логиканы орындау. 
Сақталатын процедуралар типтері 
SQL  Server-мен  жұмыс  істеу  кезінде  қолданушылар  қандай  да  іс-əрекеттерді  жүзеге 
асыратын өз процедураларын құра алады. Сақталатын процедуралар деректер қорының толық 


объектісі  болып  табылады,  олардың  əрбіреуі  нақты  бір  деректер  қорында  сақталады. 
Сақталатын  процедураны  тікелей  шақыру  мүмкін,  тек  егер  ол  сол  процедура  орналасқан 
деректер қоры контексінде жүзеге асса. 
Сақталатын процедуралардың бірнеше типтері бар: 
1.  Жүйелік  сақталатын  процедуралар.  Олар  түрлі  администрациялық  əрекеттерді 
орындауға  арналған.  Деректер  қорының  қолданушылық  жəне  жүйелік  кестелермен  жұмысты 
қамтамасыз  етеді:  өзгерту,  қосу,  жою  жəне  деректерді  іріктеу.  Жүйелік  сақталатын 
процедураларда префикс sp_ бар, жүйелік деректер қорында сақталады жəне кез-келген басқа 
деректер қоры контексінде шақыртыла алады. 
2.  Қолданушылық  сақталатын  процедуралар.  Олар  сол  не  басқа  əрекеттерді  жүзеге 
асырады жəне нақты деректер қорында орналасып, орындалады. 
3. Уақытша сақталатын процедуралар. Олар тек біраз уақыт болады, содан соң аутоматты 
түрде  сервермен  жойылады;  локалды  жəне  глобалды  болып  бөлінеді.  Локалды  уақытша 
сақталатын  процедуралар  тек  осы  құрылған  құрамадан  шақыртылады.  Осындай  процедураны 
құруда  оған  ат  беру  қажет,  #  символынан  басталауы  керек.  Глобалды  уақытша  сақталатын 
процедура кез-келген осындай процедурасы бар серверге қатынау мүмкіндігі бар. Оны анықтау 
үшін ## символдарынан басталатын ат беру жеткілікті. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Енгізілетін  параметрлі  жəне  үнсіз  келісім  бойынша  қабылданатын  мəндер 
процедурасына анықтама беріңіз. 
2.  Сақталатын процедуралар типтерін атап беріңіз. 
3.  Ішкі процедуралар қалай қолданылады? 
4.  Сақталатын процедураларын қолданудың артықшылықтарын атап беріңіз. 
 
Əдебиеттер:[1] 230-238 бет.    [2] 78-86 бет.    [3]
 
119-138   қ[1] 41-44 бет. 
 
2  кредит сағат. 
Тақырыбы: 
Сақталатын процедуралар 
Дəріс мазмұны: 
1. 
Сақталатын процедураларды құру, өзгерту жəне жою 
 
Сақталатын процедураларды құру, өзгерту жəне жою 
Сақталатын процедураны құру үшін келесі есептерді шешу керек: 
•  құрылатын сақталатын процедура типін анықтау; 
•  рұқсат құқығын жоспарлау; 
•  сақталатын процедура параметрлерін анықтау; 
•  сақталатын процедура кодын өңдеу. 
 
Жаңа сақталатын процедураны құру жəне бар сақталатын процедураны өзгерту: 
{CREATE | ALTER} PROC[EDURE] процедура_аты  
[; номер] 
[{@параметр_аты деректер_типі} [VARYING]  
[=DEFAULT] [OUTPUT] ]  [,…n] 
[WITH {RECOMPILE | ENCRYPTION | RECOMPILE, ENCRYPTION }] 
[FOR REPLICATION] 
AS 
sql_оператор [,…n] 
 
Сақталатын процедураны жою: 
DROP PROCEDURE {процедура_аты} [,…n] 
 
Бақылау сұрақтары: 


жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау