2 кредит сағат.
Тақырыбы:
Статистикалық функцияларды қолдану.
Дəріс мазмұны:
1. HAVING инструкциясы
Бағандағы мəндер санын есептеу
COUNT( ) статистикалық функциясы бағандағы мəндер санын есептейді. COUNT( )
функциясы бағандардың деректер типіне қарамай əруақытта бүтін санды қайтарады.
COUNT( ) функциясы үшін ұяшықтардың нақты мəндері маңызды емес, берілген
критерийді қанағаттандыратын ұяшықтардың саны маңызды. Сондықтан COUNT(*) арнайы
статистикалық функциясы енгізілген, ол деректер мəнін емес жолдарды санайды. Тəжірибеде
жолдарды санау үшін COUNT( ) емес, COUNT(*) функциясы қолданылады.
DISTINCT предикатының көмегімен бағанға статистикалық функцияны қолданбас бұрын
оның ішінен барлық қайталанатын мəндерді жоюды көрсетуге болады.
GROUP BY ұсынысы бар сұраныс топтаушы сұраныс деп аталады, себебі сұраныс
нəтижелер кестесіндегі бір жолды жолдар тобының əрқайсысы үшін генерациялайды жəне
берілген кесте жолдарын біріктіреді. GROUP BY ұсынысында көрсетілген бағандар топтаушы
бағандары деп аталады, себебі олар жолдардың қай белгісі бойынша топқа бөлінетіндігін
анықтайды.
HAVING инструкциясы жол топтарына сұрыптау шартын анықтайды. HAVING
ұсынысында WHERE ұсынысындағы сұрыптау шарты көрсетіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Агрегатты функцияларды атап бер.
2. MIN( ) жəне MAX( )функцияларын қолдану барысында сандық, жолдық жəне
күні\уақыты мəндерінің салыстырулары қалай жүргізіледі?
3. Агрегатты функцияларда NULL мəнін өңдеудің қандай ережелері бар?
4. Топтау арқылы сұраныс жасауға шектеулер келтір.
5. Топтарды сұрыптау шарттарына шектеулер келтір. Топтарды сұрыптау шарттарда
NULL мəнін өңдеу ережелері.
Əдебиеттер
:[1] 176-185 бет. [2] 64-69 бет. [3] 45-47, 64-69 бет. қ[1] 32-34- бет.
7- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы:
Бағыныңқы жəне құрамды сұраныстар.
Дəріс мазмұны:
1. Бағыныңқы жəне құрамды сұраныстар.
2. Ішкі сұраныс түсінігі.
SQL-де бағыныңқы сұраныс түсінігі бар; олардың механизмі бір сұраныс нəтижесін
басқаның құрамы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Бір сұранысты басқаның ішінде қолдану
мүмкіндігі «сұраныстардың құрылымдалған тілі» атауында «құрылымдалған» сөзінің пайда
болуы да осы себептен. Бағыныңқы сұраныстардың қолдану маңыздылығы: SQL-де кейбір
сұраныстарды осы бағыныңқы сұраныстарсыз тұжырымдауға болмайтындығында.
• Бағыныңқы сұраныс деп – SQL-дің басқа инструкцияларының HAVING немесе WHERE
ұсынысында кездесетін сұранысын атайды. Ішкі сұраныс (ішке салынған сұраныс) –
бұл уақытша кестені құру құралы, оның құрамы - сыртқы оператор көмегімен алынып
жəне өңделетін сұраныс. Ішкі сұраныстың мəтіні жақшаға алынуы керек.
Ішкі сұраныстың екі түрі бар:
1. Скалярлы ішкі сұраныс бір мəнді қайтарады. Ол жалғыз мəнді көрсететін жердің
барлығында қолданылады.
2. Кестелі ішкі сұраныс көптеген мəндерді қайтарады, яғни бір жолдан артық жолда
орналасқан кестенің бір немесе бірнеше бағандар мəні. Ол кесте қолданылатын жерлердің
барлығында қолданылуы мүмкін.
Бағыныңқы сұраныстағы таңдау шарттары: