§11) болады және диссипативтік эффектілермен қабаттаса жүрмейді. Мысалы: турбуленттік, үйкеліс немесе электр кедергісі сияқты қайтымсыз процестерге, яғни тұтқыр сұйықтың турбулентті араласуы, электр зарядтың кедергіден өтуі, газдың вакуумге еркін таралуы, екі газдың араласуы сияқты процестер, серпімсіз деформацияда энергия шығыны, поляризация мен магниттелу кезінде процесстер жатады. Бұларға кері процесстің өздігінен өтуін көзге елестету қиын. Бұндай процесс мүмкін болса да, тек сыртқы әсерлердің көмегімен өтеді. Демек, ол өткеннен кейін маңайдағы денелердің күйінде өзгеріс болу керек. Процессті жүргізіп, одан кейін жүйені кері бағытта сол жолмен алып келгенде, маңайдағы ортада өзгерістер болса, бұл процесс қайтымсыз, маңайдағы ортада өзгерістер болмаса,- қайтымды болып табылады. Энтропияның өсу процесі қайтымсыз процесспен байланысты. Жүйенің және оның әсерлескен барлық денелердің энтропиясы өседі.
Барлық табиғи процесстер қайтымсыз, бірақ жуықтап механика және электр магнит құбылыстарды, (жоғарғыдағы диссипациялық әсерлерді есептемегенде) қайтымды деп есептеуге болады. Статистикалық физикада газдың изотермиялық және адиабаттық сығылуы немесе ұлғаюы қайтымды процесс деп есептеледі. Сонымен, қайтымсыз процесте энтропия тек жылу беру арқылы ғана емес, сонымен бірге басқа да себептермен өзгереді:
рел
Релаксация нәтижесінде біртексіздіктер жойылады. Бірінші мүшесі оң да теріс те болса, 2-мүшесі оң болады. Сондықтан қайтымсыз процесстер үшін:
>
Сонымен, қайтымсыз процесстер кезінде энтропия үнемі өседі. Бұл қорытынды физикада маңызды орын алады. Бұл қайтымсыз процесстердің маңызды белгісі. Бұл қорытынды ХІХ ғасырда Клаузиусқа «Әлемнің жылулық ақыры» жөніндегі атышулы гипотезасына негіз болды. Бұл гипотезасына сәйкес Әлемде энтропия үнемі өсетіндігі салдарынан келешекте энтропия барлық нүктелерде максимумға жетіп, бірыңғайлылық орнайды. Жылу барлық орындарға бірқалыпты таралып, жаңа құрылымдардың пайда болуына түрткі болатын температура градиенті сақталмайды. Барлық құрылымдар біртіндеп таралып- тарқап, жойылады. Бұл гипотеза дегенмен әлі толық дәлелденген жоқ. Оған қарсы шығып, табанды күрескендердің бірі- Больцман болатын. Оның әйгілі Н-теоремасы жоғарыдағы аталған процесстерге парапар процессті сипаттайды. Теңбе-тең процесте Больцманның Н-функциясы минимумға келеді. Ал Н-функция энтропияға пропорционал болатын шама.
Жылулық құбылыстар жайында келесі тарауда әңгіме жасаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |