Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет19/145
Дата26.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#37639
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   145
Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі

Қотыр   -   қойдың   соры  
(мақал)   деген   сөйлемдегі
«қотыр»
  сөзінен   соң   сызықша   қойса,  
«қотыр»
  бастауыш
болады.   Ал  
«қотыр»
  деген   сөзден   соң   ешбір   тыныс   белгісі
қойылмаса,  
қай   қойдың?  
деген   сұраққа   жауап   беріп,   сау
қойдың емес қотыры бар деген мағына туады. 
11.  
Мариям тамылжыта  салған   әннің  сорғалап  шыққан
әуені   мешіт   ішіндегі   Дүйсен   мен   хазіреттің   айтысы,
Мариямның Рахиланың үйінде Абайдың «Татьянасын» айтып,
жұртқа,   Дүйсенге   өз   мұңын   шағуы   сияқты   тағы   басқа
көріністер   оқушыға   ұмытылмастай   әсер   қалдырады.  
  Осы
сөйлемдегі   «
Мариямнан
»   соң   үтір   қойып,   бір   дауыспен
оқысақ, «
Мариям
» қаратпа сөз болады, егер ол сөзден кейін
үтір   қойылмаса,   осы   сөйлемнің   бастауыш   мүшесі   қызметін
атқарады. 
39


Бұл мысалдар тыныс белгілерінің жазылып қана қоймай,
әрқайсысының   белгілі   мәнермен   оқылып,   сөйлемдегі   ойды
түрліше түсінуге болатындығын көрсетеді. 
Демек,   тыныс   белгілер   -   синтаксистік   категория,
сондықтан   да   пунктуациялық   ережелер   тілдің
грамматикалық құрылысына тәуелді болады. 
Сондай-ақ   тыныс   белгілерінің   шешілмей,   қиындық
келтіріп   жүрген   басты-басты   мәселелері   деп   мыналарды
көрсетуге   болады.   Мысалы,   оңашаланған   айқындауыштың
тыныс   белгісін   қоюда   бірыңғайлық   жоқ.   Оған   дәлел
оңашаланған   айқындауыш   мүшелерге   көркем   әдебиетте,
газет-журналдарда   бірнеше   түрлі   тыныс   белгісі   қойылып
жүр. Мысалы:
1. Оңашаланған айқындауыш мүше екі жағынан үтірмен
бөлініп жазылып жүр. Мысалы: 
1943 жылдың күзінде, демек,
Ұлы Отан соғысы қызу жүріп жатқан кезде, мен егіс басында
болдым 
(Қ. Ә. ). 
2. Оңашаланған айқындауыштың алдынан ғана сызықша
қойылып   жүр.   Мысалы:  
Өте-мөте   маңызды   және   күрделі
міндетті   орындауда   –   егін   оруды   және   астық   дайындауды
ойдағыдай өткізуде қалалық партия ұйымы селолық  партия
ұйымдарына зор көмек көрсетуге тиіс 
(«ҚӘ»). 
3. Сөйлем ортасында келген оңашаланған айқындауыш
мүшенің   тек   алдынан   ғана   сыңар   үтір   қойылады:
Жәрдемшісі, ер жетіп қалған қызы Бағила ғана  
(«Жұлдыз»).
Біз, совет адамдары әрбір жаңа жылды қуана қарсы аламыз
(«газет»). 
4.   Мектеп   грамматикасында   «жазуда   оңашаланған
айқындауыш   үтірмен   немесе   сызықшамен   бөлініп   тұрады»
делінген.   Ал   «Қазіргі   қазақ   тілі»   оқулығында   оңашаланған
айқындауыш   мүшелердің   тыныс   белгілері   жөнінде:   «...
Жазуда   олардың   екі   жағынан   не   үтір,   не   алдынан   дефис,
соңынан үтір қойылады», -делінген. Дефис – пунктуациялық
белгі емес [16]. 
Тыныс   белгілерінің     әр   түрлі   болып     қойылып   жүрген
тағы   бір   жері   мынау:   екі   сөйлем   арасын   байланыстырып
тұратын  
«сөйтіп»,   «өйткені»,   «бірақ»,   «ал»,   «сондықтан»,
«алайда», «немесе», «яки»
  сияқты жалғаулықтар қыстырма
сөзбен шатастырылып, кейде олар сөйлемнен үтірмен бөлініп
жазылып жүр. Мысалы:.  
Жер   үстінің   барлық ауасын ішіңе
бір жұтып шығарғың келгендей боп, кеудеңді кере деміңді
ұзақ   аласың.   Бірақ,   кеудең   дүние   емес,   барлық   ауа
сыймайды.   Сөзің   жақсы   шырағым,   бірақ,   әуелі   осы   сөзіңді
ісіңмен   көрсетші...  
(С.   М.   )  
Тағы   да   біреуін   берер     деп
40


үміттеніп едім, бірақ Атаман сараңдық етті ме, енді қайтып
ұсына қоймады
 (Ә. С. ). 
Мен әділет шеңберін есіңізге салғым
келіп   тұрған   жоқ,   бірақ,   әділетсіздіктің   де   шегі   болуға
тиісті
(М. И. ). Ж
айшылықта болса, мұндай тілмар қарындасқа
бірдеңе   айтқан   да   болар   едім.   Ал,   мына   арада   үндемедім
және үндеуді қажет те көрмедім. Өйткені, мен ойлап тұрған
қарындас сыры ол қыз ойлаған үстірт, аласа ойдан жоғары
жатты 
(М. И. ). 
«Сөйтіп»
  деген   сөз   бірыңғай   мүшелердің   арасында
қыстырма     ретінде   келеді,   оны   бүтін   сөйлемнен   алып
тастағанда,   сөйлем   ешқандай   олқылыққа   ұшырамайды,
сондықтан   да   бірыңғай   сөйлем   арасында   қыстырма   боп
тұрған  
«сөйтіп»
  сөзін   әр   уақыт   екі   жағынан   үтірмен   бөліп
жазылып жүр. 
Баспасөз   орындары  
«мысалы»
  деген   қыстырма   сөзден
кейін     бір   жерде   үтір   қояды,   не   қос   нүте   қояды,   кейде   ол
сөзден   соң     ешбір   тыныс   белгісін   қоймай   жазады.   Мысалы:
Мәселе дәулетте емес, - Михаил Иванивич Атаманға қарады,
-   дәулетке   көпшіліктің   ие   бола   алмауында.   Мысалы,   анау
қалың балық мұз   астында қамаулы жатыр
  (Ә. С. ). Мысалы
белоктық   заттар   сұлыда   орта   есеппен   8,   2-12,   7процент,
арпада   8,   7-10,   2   процент   аралығында   болса,   қара   бидай
құрамында 9, 2 проценттен 14, 5 процентке дейін жетеді
 
Тыныс белгілерінің қойылуы жағынан қиындық келтіріп
жүрген   мәселенің   бірі   –  
«де»
  көмекші   етістігінің   көсемше,
есімше   сияқты   толып   жатқан   формаларының   қолданылу
ерекшеліктеріне   байланысты   келетін   жері.   Осы   көмекші
етістіктен   кейін   бірде   үтір   белгісін   қойып   жазса,   екінші   бір
жерде ол сөзден кейін үтір қойылмай жазылады. 
 Жақсы әнді
жақсы әнші ғана таныта алады деген осы екен ғой! – дедім
мен күбірлеп
 (М. И. ). 
Қорыта   келгенде   мектеп   оқушыларына   тыныс
белгілердің осы сияқты қойылу ерекшеліктеріне мәлімет беру
керек.

жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   145




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау