Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Тыныс   белгілерін   қоюдың   теориялық   негізі



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет9/145
Дата26.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#37639
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145
Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі

Тыныс   белгілерін   қоюдың   теориялық   негізі.
Пунктуация   тілдің   синтаксис   саласымен   тығыз   байланысты,
себебі синтаксис қарым-қатынастың басты құралы - сөйлемді
зерттейді.   Пунктуация  сөйлемнің  құрылысын  ғана ажыратып
қоймайды,   синтаксистік   мағынаны   да   білдіреді.   Сол   себепті
19


пунктуацияны   үйретуге   негіз   болатын   басты   тілдік   бірлік   –
сөйлем.   Сөйлем   –   пікір   білдірудің,   сол   пікірдің   шындыққа
жанасымдылығын білдірудің құралы. Оқушы сөйлемнің басты
үш   белгісін   тани   алуы   керек,   оны   білмеген   жағдайда
сөйлемнің   құрылымын   анықтай   алмайды,   сөйлемдегі   ойдың
қай   жерде   аяқталғанын   білмейді.   Сөйлемнің   басты
грамматикалық белгісі – алдымен, 
ақиқит туралы баяндау, 
бұл
–   сөйлемнің   бәріне   ортақ   белгі.   Сөйлемдегі   шындық   туралы
хабар,   сөйлемнің   түйіні   баяндауыш   мүшеден   көрінеді,
сондықтан   баяндауыш  
предикат   мүше  
болып   аталады.
Сөйлемдегі   шындықтың   иесі   –   бастауыш.   Сөйлемнің   негізін
құраушы осы екі мүше-бас мүшелер, предикаттық қатынасты
жасайтын мүшелер. Сөйлемнің құрылысы осыған байланысты,
бір предикаттық қатынастан тұратын сөйлем – жай сөйлем де,
предикаттық   қатынас   бірнешеу   болса,   сөйлем   құрмалас
болады.   Предикаттық   қатынас     сөйлемнің  
грамматикалық
орталығы.  
Жазуда   бұл   тыныс   белгілері   арқылы   көрінеді.   Ол
үшін талдауда сөйлемнің грамматикалық орталығын іздейміз.
Сөйлемнің негізі – бастауыш пен баяндауыш. 
 Мысалы:    Келесі күні  Абай  атқа   мінді 
                                        бастауыш    баяндауыш
Бұл   –   бір   грамматикалық   негізден   тұратын   сөйлем,
сондықтан хабарлаудың мақсатына сай, тыныс белгісі сөйлем
соңына қойылады. 
Абай өзінің қатаң ойларын сыртқа шығарған жоқ, қабақ
түйіп ішке жиды. 
Бұл сөйлем екі грамматикалық орталықтан тұрады:
біріншісі – Абай       шығарған жоқ;
екінші – (Абай)        ішке жиды. 
Мұндайда тыныс  белгісі  екі  жерге – жай сөйлемдердің
арасына және сөйлем соңына қойылады. Бір грамматикалық
орталықтан,   бір   предикаттық   қатынастан   тұратын   сөйлем
жай   сөйлем,  
екі   не   одан   көп   грамматикалық   орталықтан
тұратын   сөйлем  
құрмалас   сөйлем
  деп   аталады.   Сөйлемнің
бұл   түрін   оқушы,   әрине,   біледі.   Бұл   жерде   оқушы   назарын
сөйлемнің   грамматикалық   негізін   табуға   көбірек   жетелеу
дұрыс,   ол,   бір   жағынан,   өткенді   қайталау   емес,   біршама
салмақты,   жаңа   мәселе   болып   көрінеді.   Көп   жағдайда
оқушылар   сөйлемде   баяндауышты   таба   алмай,   әсіресе
есімше   формасындағы   сөздің   бәрін   баяндауыш   деп
қателеседі   де,   сөйлемнің   грамматикалық   құрылымын   да,
мағынасын   да   бұзып   алады,   қандай   тыныс   белгісін   қоюды
20


білмей   шатасады.   Мысалы:  
Тыста   бір   нәрсеге   қатты
ашуланып,   ақыра   сөйлеп,   аттан   түсіп   жатқан   Құнанбай  үні
естілді. 
  Бұл - жай сөйлем, тек күрделенген түрі. Жай сөйлем
болатын   себебі   –   шындық,   оқиға,   хабар   –   біреу   ғана,
грамматикалық   негіз,   орталық   –   қалғанының   бәрі   үйірлі
анықтауыш, өз ішінде бірыңғай, үтір сондықтан қойылып тұр.
Осы   сөйлемде   оқушы   түсіне   алмай,   бірден   «жатқан»
баяндауыш   деп   сызады   немесе   басқа   етістіктерді   де   солай
есептейді.   Ендеше   сөйлемдегі   басты   нәрсе   –   шындық,
ақпарат екенін оқушы бойына әбден сіңіру болмақ. Аталған
сөйлемдегі айтылып тұрған ой, шындық – «үні естілуі». Бұл
жерде   тыныс   белгіні   грамматикалық   ұстаным

жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау