Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет11/145
Дата26.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#37639
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   145
Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі

пунктуациялық   дағдысын   қалыптастыру.
Оқушының өзі оқыған грамматикалық материалдарға сәйкес,
пунктуациялық ережелерге сүйеніп жазуда тыныс белгілерін
еркін қоя білуі  
пунктуациялық дағды 
деп аталады. Мектепте
оқушының бойында мынадай дағдылар қалыптасуы тиіс:
          а)  сөйлемді құрылысына қарай ажыратып, тиісті тыныс
белгісін қоя білу;
ә)   сөйлемді   айтылу   мақсатына   қарай   ажыратып,   тиісті
тыныс белгісін қоя білу;
б)   сөйлем   құрамындағы   ерекшелеуші   мағыналық
бөліктерді   (қаратпа,   бірыңғай,   қыстырма,   одағай)   тауып,
тиісті тыныс белгісін қоя білу;
22


в)   тыныс   белгісінен   кеткен   қателерді   анықтап,   түзете
білу. 
Оқушының   пунктуациялық   дағдысының   қалыптасуы
оның   ойлау-сөйлеу   дағдыларымен   тікелей   байланысты,
сондықтан   пунктуациялық   дағдыны   қалыптастыруда
бірыңғай   грамматикалық   талдау   жұмыстары   ғана   емес,
оқушының   байланыстырып   сөйлеу   әрекетін   жетілдіру,
шығармашылық,   тіл   ұстарту   жұмыстарын   бірлікте,   бірімен-
бірін байланыста жүргізіледі. 
Тұжырымдағанда,   оқушыларды     оқытуда   пунктуация
мынадай   жүйеге   құрылады:   пунктуация   туралы   түсінік,
пунктуация   ұстанымдары,   пунктуацияның   қойылу
ерекшеліктері. 
1.
 
Пунктуация   туралы   түсінік.   «Пунктуация»   термині
мына түсініктерді қамтиды: Графика мен орфография арқылы
жазба   тілінің   негізгі   тәсілдерін   құрайтын   алфавиттен   тыс
графикалық белгілер жүйесін (тыныс белгілер); бұл жүйенің
негізгі жұмысы – жазба, оның ішінде баспа мәтінін бөлшектеу
және графикалық ұйымдастыруды; белгілі бір тілдің тарихи
қалыптасқан   жазба   мәтінін   пунктуациялық   ретке   келтіру
нормаларының   ережелерін;   пунктуация   жүйесінің
заңдылықтары   мен   тыныс   белгілерінің   қолданылу
нормаларын зерттейтін тіл білімінің бөлімін. 
Қазіргі   қазақ   пунктуациясының   жүйесі   кең   тарапты
келеді:   міндетті   түрде   қолданылатын   ережелермен   қатар
қатаң нормалардан тыс мағына жағынан ғана емес, сонымен
бірге стилистикалық ерекшеліктері бар нұсқалары бар. 
Грамматиканың   теориялық   мәселелерінің   жетістіктері,
әсіресе синтаксис теориясы негізінде құрылады. 
2.   Пунктуация   ұстанымдары:
 
Мәндік-жазба   мәтінді
түсінудегі   пунктуацияның   рөлі;   грамматикалық-жазба
мәтіннің
 
синтаксистік
 
құрылымын
 
анықтаудағы
пунктуацияның рөлі; интонациялық-тілдің ритмикалық және
әуендік көрсеткіші ретінде пунктуацияның рөлі; бұл ұстаным
көбіне қосымша ретінде қарастырылады. 
Көрсетілген   бағыттармен   қатар   пунктуацияның
қатысымдық   ролі   анықталады   және     жазба   мәтінде   тыныс
белгілерін   пайдалану   арқылы   сөздің   не   сөз   топтарының
қатысымдық   мағыналарын   табу   арқылы   көрсету   мүмкіндігі
болады. 
Бүгінгі лингвистикада пунктуацияны қызметтік мақсатта
зерттеу   белсенді   дамуда:   тыныс   белгілерінің   қолданылу
заңдылықтарын   зерттеу   арқылы   ол   оның   мәтіндегі   нақты
қызметіне сүйенеді. 
23


Пунктуация   ұстанымдары   тілді   оқыту   тәжірибесімен
байланысты. 
3.
 
Пунктуацияның   қойылу   ерекшеліктері:     Пунктуация
өзінің   ерекше   қызметімен   орфографияның   да   қойған
мақсаттарын   іске   асырады:   жазба   тілі   арқылы   адамдардың
қарым-қатынасын толық қамтамасыз етеді; жазуда айтылған
ойды дұрыс жеткізуді, яғни пунктуациялық сауаттылықты   -
игерту. 
Мектепте     пунктуация   бойынша   жүргізілетін   жұмыстың
үш   бағыты   бойынша   жүргізілмек:   1.   Пунктуация   әдістемесі
жайында түсінік; 2. Пунктуациялық сауаттылық деңгейлерін
игеру; 3. Пунктуацияға үйрету мақсаттарын білу.
1.   Пунктуация   әдістемесі.   Оқушыларда     пунктуациялық
икемділіктер   мен   дағдылардың   қалыптасу   жолын
баяндайтын   тілді   оқытудың   әдістемесінің   бөлімі.   Бұл
пунктуация әдістемесін дамытуға үлес қосқандар: Ұйықбаев
И.,   Ә.Хасенов,   М.Балақаев,   Мұсабекова   Ф.,   А.Ысқақов,   т.б.
және   орыс   ғалымдары   Ф.   И.   Буслаев,   Я.   К.   Грот,   А.   М.
Пешковский, Л. В. Щерба, А. Б. Шапиро, С. И. Абакумов, Г. И.
Блинов, Л. Т. Григоряк т.б. Қ. Арғынов, Р. Сыздықова:
2
.  
Пунктуациялық   сауаттылық   деңгейлері.   Абсолютті
пунктуациялық     сауаттылық   –   барлық   пунктуациялық
нормаларды   мүлтіксіз   меңгеру;   авторлық   мақсатта   тыныс
белгілерін дұрыс қолдана білу;
Салыстырмалы
 
пунктуациялық
 
сауаттылық
 

пунктуациялық ережелердің көбін қолдана білу. 
Орфография мен пунктуациядағы абсолютті сауаттылық –
аз  адамдарда, яғни тәжірибелі корректорлар  мен  білімді тіл
мұғалімдерінде қалыптасқан. Сондықтан Л. В. Щерба басқа
жазу     жазатын,   өздерін   сауаттымын     деп     есептейтін
адамдардың   сауаттылығы   тек   салыстырмалы     түрде   ғана
болатындығын айтады [14]. 
3.   Пунктуацияға   үйретудің   негізгі   мақсаты   –
оқушылардың     пунктуациялық   сауаттылығын   қажетті
деңгейге жеткізу:
-   танымдық   мақсат   –   пунктуация   бойынша     білім   алу;
Онда:
-   тәжірибелік   мақсат   –   пунктуациялық   икемділіктерді
қалыптастыру. 
Ал   пунктуациялық   икемділік   мына   сияқты   танымдардан
тұрады:
1) Пунктуация мен тыныс  белгілерінің қызметін ашу;
24


2)   Пунктуацияның   негізгі   единицасымен   таныстыру   –
яғни,   пунктуациялық-   мағыналы   бөлік   пен     мағыналы
бөліктердің  түрлерімен;
3)   Тыныс     белгілерінің     қызметімен   таныстыру   –   тыныс
белгі   қойылатын   мағыналы     бөліктерін   ажырататын
ерекшеліктерімен  таныстыру;
4)   Бағдарламаға   енген   пунктуациялық   ережелерді
меңгерту. 
5) Оқушылардың пунктуациялық қырағылығын дамыту;
6)   Оқушыларға   өтілген   пунктуациялық   ережелерге   сай
тыныс  белгілерін қоюды үйрету;
             7) Тыныс белгілерін таңдап, дәлелдеу икемділіктерін
дамыту;
8)   Пунктуациялық     қателерді   тауып,   оны     жөндеуді
үйрету. 

жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   145




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау