сөйлемдермен
салыстыру;
ә) берілген ереженің пысықтау жаттығуларына олардың түрлі
формалары мен құрылымындағы мысалдарды ендіру,
Көрсетілген шарттардың бұзылуы ережені пайдалануда қате жіберуге
апарады. Оның себептері түрліше:
1. Норма әрекеттерінің шарттарын нақты білмеуге байланысты. Бұған
мыналарды жатқызуға болады:
а) Ереже әрекеті бір шартының болмауы. Мысалы, ортақ бірыңғай
мүшесі бар салалас құрмалас сөйлемде пунктуация ережелерін ажырату
шылауы қайталанбайтыны көбіне көрсетілмейді.
ә) норма әрекеті шарттарының бір ережеден екіншіге қателікпен
ауысуы.
Мұндай қате ауысу әрекет шарттары ұқсас ережені қолдануда
байқалады. Мысалы, оқшауланған анықтауыш пен сөйлемнің ортақ
шарттарының болуы келесі сөйлемде үтір қойылмауының себебі болуы
мүмкін.
2. Аударудағы басқа қателер сөйлемді талдауға байланысты –
пунктуациялық нормалардың шарттары нақты берілмегендіктен:
а) Ереже қолданылатын конструкциялардың грамматикалық белгілерін
білмеу, ол белгілерді ажырата алмау, яғни оны «синтаксистік көре
алмауышылық» деуге болар еді.
ә) Грамматикалық құбылыстарды шатастыру.
Бірінші және екінші топтағы ережені аударудағы қателер норма
әрекеттерінің шарттарын нақты сөйлемнің ережеге шарт ретінде енетін
грамматикалық белгілерін байланыстыра алмауынан туындайды.
3. Ережені игеруде жаттығулар жүйесі мен дағдылар ара қатынасына
байланысты қателіктер ерекше бір топты құрайды.
Жаттығулардың бірыңғайлылығы, пысықтауда зейіннің бір ереже басқа
ережеден гөрі көбірек түсетіні қалыптастыратын әрекеттер жүйесі бұрын
пайда болған әрекеттер жүйесін басады не ығыстырады, бір жүйенің басқа
жүйенің үстінен қызмет етуі жеке тақырыптарды өтуде байқалады.
Егер оқушы пунктограмманы табуда ережені қолдануды үйренсе, онда
дағдыны қалыптастырудың келесі кезеңінде өтілетін пунктограмманы
бұрынырақ өтілгендермеғн байланыстыратын жаттығуларға кезек беруге
болады.
Жаттығулардың бірізділігі бұл кезеңде пунктограммалардың
ерекшелігімен анықталады.
Егер пунктуация құрылымда бір жүйедегі бірнеше ережелермен
берілсе, алдымен осы жүйедегі материалмен талданады (мысалы, бірыңғай
мүшелерде, оқшауланған анықтауыштарда тыныс белгілердің пайдалануы
содан кейін тақырып бойынша салыстырмалы пунктуациясы ұқсас негіздегі
жаттығулар орындалады).
Мысалы, оқшауланған айқындауышты меңгеруде дидактикалық
материалға оқшауланған анықтауышқа байланысты мысалдарды ендіру
дұрыс болады, ал салалас құрмалас сөйлемде тыныс белгілерін қолдануды
47
көбінесе жалпы ережені сақтап, сөздерді естілуінше жазып қате жіберсе,
естілуінше жазылатын сөздерге сүйеніп, түбірін сақтап жазатын сөздерді
қате жазатын кездері де жиі кездеседі. Сол себепті 6-сыныпта сауатты
жазудың осындай қиын жақтарына назар аударылады.
Сонымен, сауатты жаза білуге үйрету жұмысының дұрыс жүргізілуі
үшін мұғалім оның түрлеріне айрықша мән бергені жөн. Олар:
1) әріп емлесі;
2) дефис қою;
3) сызықша қою;
4) сөздердің бірге жазылуы.
Бұл ережелердің оқушыларға түсіндірілуі оқулықта әрбір тақырыпта,
тілдік категорияға байланысты берілген. Өйткені олардың бірі фонетика
бөлімін өтуде түсіндірілсе, бірі сөздің жасалу жолына қарай, екіншісі
морфологиялық категориясына тікелей байланысты.
Дегенмен орфографиялық жұмыс тек тиісті тақырыптарды өткенде
ғана ескерілмей, қайталау сабақтарында үнемі қорытынды жасалып
отырылады. Сонымен бірге орфографиялық дағдыны жүйелі қалыптастыру
үшін V-VІІІ сыныптарда оқылған орфографиялық ережелерді қайталау
жүргізіледі.
Мұндағы мақсат-орфографиялық ережелерді оқушылардың естеріне
түсіріп, сауатты жазу дағдыларын бекіте түсу. Көпшілік жағдайда
оқушылардың жазба жұмысында кететін кателердің көбі орфографиялық қате
болып келеді. Себебі өзге тақырыптарды өту барысында орфографияға көп
мән бере бермейміз. Бағдарлама мен оқулықтағы орфографиялық қайталау
сабақтарында барлық V-VІ сыныптарға ережелерді еске түсіріп, сабақ үстінде
жаттықтыруға мүмкіндік болмайды. Күнделікті сабақ барысында (қандай
тақырып өтілмесін, жаттығу орындағанда болсын) оқушылар өтілген
материал-ережелерге сүйеніп сауатты жазуға дағдылануға тиіс. Дегенмен
орфографиядан қайталауға мұғалім тек қате кездескен жерде ғана еске
алмай, оқушылардың қандай ережеге баса көңіл аударуы қажет екенін күні
бұрын белгілеп, оны күнделікті сабақпен қабыстыра жүргізу әдісін
ойластыруы керек. Айталық, әріптер емлесі, негізінен V сыныптарда өтіледі.
V сынып оқушылары әріптер емлесін кезінде толық түсініп алды деген
күннің өзінде оның оқушы үшін қиындықтары толып жатыр. Тек емле
ережелерін білу, оны айтып бере алу оқушының сауатты жазу ережесін естен
шығарып , көптеген қателер жіберетіні тәжірибеде байқалып жүр. Сондықтан
әрбір емлесі фонетика саласында ғана емес, морфологияны оқытуда да
ескеріліп отырылу керек. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: