Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



жүктеу 0,8 Mb.
Pdf просмотр
бет15/145
Дата26.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#37639
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   145
Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі

  және,   тағы,   мен,   де
  шылаулары
жалғастырғанда,   ондай   мүшелер   арасына   үтірдің
қойылмайтындығы;   екінші   -   бірыңғай   екі   мүше   бір   сұрауға
жауап беріп, затты, я істі бір түрлі жағынан мінездесе немесе
бірін-бірі анықтап тұрса, ондай мүшелер арасын  
бірақ, я, не,
немесе,   әрі
  сияқты   жалғаулықтардың   бірі   байланыстырса,
онда   бірыңғай   мүшелердің   бір-бірінен   үтір   арқылы   бөлініп
жазылатындығы.   Автордың   оңашаланған   мүшелер   арасына
қойылатын   тыныс   белгілері   жөніндегі   пікірлерінде
қайшылықтар болды [22]. 
А.Ысқақов   пен   Ә.Хасеновтың   «Тыныс   белгілері»   атты
кітапшасы   оқушыларға,   оқытушыларға,   баспасөз
қызметкерлерінің   тәжірибесінде   қажетті   көмекші   құрал
болды.   Авторлар   тыныс   белгілерінің   маңызын,   оның
шешілмей жүрген мәселелерін келешекте айқындап, бір ізге
салу   керек   екендігін   айта   келіп,   тыныс   белгілерінің
ережелеріне   «атау   және   басқа   септік   жалғауларындағы
жіктеу,   сілтеу   есімдіктерін   анықтау   үшін   келтірілетін
оңашаланған мүшелердің екі жағынан қойылатын үтірлердің
орнына   сызықша   қоюға   болады;   жалпылауыш   мәнді
сөйлемдерден   кейін   жай   сөйлемдер   келсе,   жалпылауыш
мәнді   сөйлемнің   соңынан   қос   нүкте   қойылады;   айшықсыз
цифрлар   арқылы,   әріптер   арқылы   таңбаланатын   санамалы
нөмірлерден   кейін   нүкте   қойылады;   жазылған   сөз   кімдікі
екендігін   білдіретін   автордың,   оның   шығармасының   аты
жақшаға алынады», -деген  жаңа ережелер берген [29]. 
Ф. Мұсабекова сол кездің өзінде-ақ: «Біздің пікірімізше,
тыныс   белгілері   бірде   сөйлемнің   құрылысына   қарай,   бірде
мағынасына   қарай,   бірде   айтылуына   қарай   қойылады.
Сондықтан   тыныс   белгілерінің   қойылу   негізі   сөйлемнің
құрылысымен,   мағынасымен   және   интонациясымен   тығыз
байланыста болады. Интонация мен пауза тыныс белгілерін
қоюда   қосымша   қызмет   атқарады.   Ал   бірсыпыра   тыныс
белгілері   сөйлемнің   мағынасына   қарай   қойылады   да,
бірқатары сөйлемнің құрылысына байланысты қойылады. Қос
нүкте,   нүктелі   үтір,   сызықша,   үтір,   жаңа   жол   синтаксистік
құрылысқа сүйеніп қойылады. Алғашқы, сұрау белгісі мен леп
34


белгісі, нүкте, көп нүкте, тырнақша т.б. сөйлемнің мағынасын
білдіру үшін қойылады»- деп жазды [30]. 
Бұл   пікірлер   оқулықтардағы   тыныс   белгілердің   бір
жүйеге түсінуіне үлкен әсері болды. 
Орфография   мәселесінде   өнімді   еңбек   етіп   жүрген
автор,   ғалымдарымыздың   бірі   -   Р.   Сыздықова.   Ол   өзінің
«Қазақ   орфографиясы   мен   пунктуациясы   жайында
анықтағыш»   атты   кітабында   қазақ   орфографиясы   туралы
пікірлерді   бір   жүйеге   түсірді,   қиын   сөздердің     жазылуы
туралы сөздігін келтіреді. Бұл оқушылардың да, ересектердің
де   қазақ   тіліндегі   орфография     жөніндегі   шын   мәніндегі
анықтама құралы болып есептеледі [31]. 
Ал   пунктуацияны   оқытудың   жүйесіне   ғылыми   тұрғыда
жасаған   Х.Арғынов   болды.   Әсіресе,   оның   «Қазақ   тілі
методикасы»   (синтаксис,   пунктуация)   деп   аталатын   (1974)
еңбегі   пунктуацияны   оқыту   әдістемесі   туралы   тұңғыш
көлемді   зерттеу   еңбек   болып   есептеледі.   Х.   Арғынов
пунктуацияны   оқытудың   маңызы   туралы  былай  деп   жазды:
«Оқушылар   қазақ   пунктуациясын   жете   білу   үшін,   алдымен
қандай   грамматикалық   заңдылықтарға   байланысты   қандай
тыныс   белгілерінің   қойылатынын,   сол   грамматикалық
заңдылықтарды   анықтайтын   және   соған   орай   қандай
ережелердің   барын,   екіншіден,   қандай   тыныс   белгілерінің
қай   жерде   қойылуы   туралы   ереже,   анықтамаларды   игерту
керек”–деп есептейді [32]. 
Пунктуация   жүйесіндегі   белгілерді   мағанаға   қарай
дұрыс   қолданудың   маңызы   зор,   себебі   бір   тыныс   белгісінің
беретін   бірнеше   мағынасы   болады.   М.   Н.   Петерсон:   «Один
знак может иметь несколько употреблений и, наоборот, одно
и то же явление может обозначаеться различными знаками»-
деп өте дұрыс айтқан. Тыныс белгілерін дұрыс қолдану үшін
мүмкіндігі   болғанша,   олардың   әрқайсысының   қызметін
даралап,   олардың   берілетін   ережелерін   бірыңғайластыру
арқылы түсінік қалыптастырылады. 
Тыныс   белгілерінің   ережелерін   бірыңғайластырумен
бірге   әрбір   тыныс   белгісінің   бір   ғана   атпен   аталуын   да   бір
ізге түсірген жөн. Мысалы: нүктені біреу «ноқат» десе, үтірді
«қайырма» деп те қолданады. Сондықтан оқушыларға тыныс
белгілердің   котегориясы   ретінде   қалыптасқан   мынадай
терминдерін қолдануға жаттықтырылады:  

жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   145




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау