128
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Себебі, бір ойыншы барлық ынтасы, күш – жігерімен командасын жеңіске тартса,
екінші біреуі күш – қуатын толық пайдаланбай ынта – жігерсіз ойнайды. Бірінші
кездескен қиыншылыққа төзе алмай, әріптестерінің талабына көне алмай, бұл
ортадан кетуге мәжбүр болады.
Ендеше, белгілі бір ортада психологиялық қабілеттің қалыптасуы, яғни
адамгершілік қасиеттің қалыптасуына спортпен шұғылдану негізгі рөл атқарады.
Дене шынықтырумен шұғылданудың негізгі мақсаттарының бір бағыты,
бұлшық еттердің жетілуінің біркелкі және барлық бұлшық еттер бірдей деңгейде
дамуы болып табылады. Әдетте адамның күнделікті тіршіліктегі бір қалыпты жай
қозғалыста болуы ағзаның дамуына әсер етпейді. Әсіресе, жасөспірімдердің
нақтылы осы кезеңде қол, сан, кеуде бұлшық еттері онша дамымайды. Сондықтан да
осы аталған мүшелердің бұлшық еттерін жетілдіру үшін арнаулы жаттығуларды
орындау міндеті қойылады.
Жасөспірімдердің күш қабілетін жетілдіру үшін төмендегідей жалпы дамыту
жаттығуларын орындау ұсынылады:
- гиманстикалық жалпы дамыту жаттығулары;
- салмақ (батпан, жекпе-жек, әріптесімен жұмыс істеу, т.б.) көтеру;
- күшті дамытатын қозғалмалы ойындарды (арқан тартыс, ат үстіндегі
аударыспақ, екі бала біріне – бірі мініп ат үстінде тартысады, күреседі, т.б.)
пайдалану;
- гимнастикалық спорт құралдарына күшті дайындайтын жаттығулар
(тартылу, өрмелеу, акробатикалық жаттығулар) орындау;
- акробатикалық жаттығуларды орындау;
- жаттығуды орындаған кезде дұрыс тыныс алу және дем шығару жүйесін
білу;
- таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын үзбей орындау;
- жаттығудың орындалу жүйесін білу;
- әрбір жаттығуды орындау үшінжалпы дамыту және арнаулы жаттығулар
жиынтығы жасалады.
Жылдамдық қабілетін жетілдіру. Жылдамдық – қоршаған ортаның тигізген
әсеріне ағзаның өте тез жауап қайтаруы. Яғни, ағзаға белгілі бір құбылыс әсер еткен
кезде біздің денеміз соншалықты тез жауап қайтарады. Адамның жылдамдық
қабілеті – оның қозғалыс реакциясының жылдамдығымен анықталады.
Адамның бойындағы жылдамдық қасиетін жетілдіру үшін оған дайындық
керек. Айталық, көлік жүргізушінің алдында адам өміріне қатер төніп тұр дейік.
Міне, бұл кезде жылдамдықты пайдалану үшін адамға дайындық керек. Реакция
жасайтын жылдамдық осы кезде қажет. Демек, күнделікті тіршілікте жылдамдықтың
өзі емес, оны орындауға кететін уақыт аралығы негізге алынады.
Сондықтан адамның қозғалыс реакциясы күрделі жаттығудан басталып,
қарапайым жаттығумен аяқталады. Жылдамдықтың қарапайым түрі – күні бұрын
белгілі, бірақ кенеттен түскен хабарға жауап қайтару. Ал күрделі қозғалыс
реакциясына жауап қайтару үшін орта әсерінің жағдайын анықтай білу керек.
Мәселен, ұшып келген футбол добын асықпай тоқтатып алу керек пе? Жоқ, немесе
бірден өз әріптесіне нақтылы, яғни, жеткізіп беру керек пе? Міне, ойыншы бұл
жағдайда қандай жылдамдық таныту керек. Ол үшін қарсыласының қалай әсер
ететінін білу керек және әріптесіне қарапайым жаттығуларды орындауға осындай
жылдамдықты анықтау керек.
Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге,
Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынадай
негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
129
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
- Денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту
және шынықтыру;
- Негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір
жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
- Жігер-күш, дене қуаты қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена
дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы – дене тәрбиесі жаттығулары
мен теориялық білім. Ол амалдар волейбол сабағында, оқу күні ішіндегі және
сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Волейбол үрдісі күрделі, әржақты және мектептің басқа оқу тәрбие
жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын,
көлемді білімділікті керек етеді. Волейбол міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке
оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын
қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды
тұрақты, жүйелі волейбол жаттығуларымен шұғылдануға үйретеді.
Волейбол ойын ретінде, басқа да спорттық ойындардан көлемді түрде
ерекшеленеді. Ең басты ерекшелік ойыншы волейболда допты көп уақыт ұстап тұра
алмайды, ойыншының допты қолында ұстау ұзақтығы 0,25 – 0,3 секунд. Ал гандбол,
баскетбол ойындарында ойыншы допты белгілі бір уақыт аралығында қолында ұстай
алады. Біздің Совет одағының волуйболдан ерлер арасындағы құрама командасына
жүргізілген бақылауымыздың көрсеткіштері бойынша: бір партиялық ойында доп
тек 7,0 – 7,5 минут қолда болады. Ойын 3-2 есебімен аяқталған жағдайда, доп,
орташа есеппен 5 партияның 32,0-35,1 минуты бойына ойында болады. Сол уақыт
аралығында волейболист колемді жұмыс атқарады. Яғни 250-300 іс-қимылды
орындау, оның ішінде секіру – 50-60реттен, серпіліс – 27-33 – рет, құлау 12-16 – рет.
Одан басқа волейболист ойын арасында допты беруі 190-220; допты алуы 190-210;
допты келесі ойыншыға беру 220-240; қарсыластарғы беру 180-210(6 ойыншымен).
Өлшем бойынша, доп, ер ойыншының соққысынан кейін жылдамдығы секундына 30
метр көрсетеді, ал қыз ойыншының соққысыныан кейін 20 метрлік көрсеткіште
болады. Ал адамның іс – қимылы қалай болар екен? Тіпті жоғарғы класс болып
есептелетін Жапония ерлер құрама командасының ойыншыларының өздерінде,
допты қозғалысқа ұшырау уақытынан бастап, ойыншыға әсер ету жағдайынан
туындаған іс – қимыл уақыты 0,304 секунды құрайды. Іс – әрекет әсерінің басталу
уақыты 0,144 секунд, онгың үстіне 0,160сек. бұлшықеттің қысқаруына кетеді
(өлшемдер Мацусито командысының ойыншысы Иокотаның үлгісінен). Бұндай
уақыт көрсеткіштері жаттыққан ойыншыларға тән болса, бастаушы ойыншылардікі
шамамен 0,35-0,4 сек. болады. Ойын іс – қимылының қийындығы, мұндай
техникалық шеберлік арсеналын әр түрлі шартты жағдайларды қолдануға тура
келеді. Ойыншыдан мұндай іс – қимыл нақтылықты, іс – әрекет дифференциялығын,
бір іс – қимылдан екінші мүлдем мінездемесі не болмасы ритмі арқылы
ерекшеленетін іс – қимылға тез арада көшуді талап етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Железняк Ю.Д., Портнова Ю.М. Спортивные игры. Москва, 2002.
2. Лесгафт П.Ф. Избр. пед. соч. В двух томах. 1 том, Москва, 1990.
3. Қазақстан Республикасының Заңы «Дене шынықтыру және спорт туралы»-
Қазақстан Республикасы Президентінің 02.12.1999ж. жарлығымен қабылдаған,
04.07.2003 ж. өзгертулер мен қосымшалар енгізілген. Алматы: 2003.
4. Қазақстан Республикасының «Дене мәдениеті мен спортты дамытудың
2005-2011 жж. арналған» мемлекеттік бағдарламасы. Алматы:2005.
Достарыңызбен бөлісу: |