130
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
5. Қазақстан Республикасының
«Дене тәрбиесінің мемлекеттік
бағдарламасы».
Білім және ғылым министрлігінің №148 бұйрығымен 11.03.2003ж. бекітілген.
Алматы: 2003.
6. Қарақов А. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың
кәсіби дайындығын жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздері. Пед.ғыл.док.
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. А.Қарақов.
– Түркістан, 2008. – 44 б.
7. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. –
Алматы: Ана тілі, 1994.
УДК : 259.144
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫНДА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚАҒИДАЛАРЫН
ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІН АНЫҚТАУ
Мұқаметәлі Т., Ноғайбеков Н.Т.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
T.mukametali@gmail.com
, arlan86-86@mail.ru
Қаңдай бір мақсаттарды шешпесін, әрбір дене шынықтыру мұғалімі дене
тәрбиесі жүйесінің қағидаларын басшылыққа алуы міндетті. Қағидалардың
әрқайсысының толықтай орындалуы оқытушының қызметіне байланысты.
Қағидалар әр сабақ сайын бір мезгілде, жас ерекшеліктеріне қарамастан, дене
тәрбиесі жүйесіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиісті.
Каждый учитель решая любые задачи руководствуется принципами системы
ФКиС.
Полное решение принципов зависит от деятельности преподавателя. Принцип
оздоровительной направленности при проведение урока физической культуры это
применение оздоровительных и развивающих факторов. Если анализировать эти
принципы с помощью физической культуры решаются: во первых восполнение
жизненно важных движении, во вторых активизация работоспособности организма.
Every teacher deciding any tasks follows principles of the system physical culture
and sport.
The complete decision of principles depends on activity of teacher. Principle of
health orientation at conducting lesson of physical culture this application of health and
developing factors. If to analyse these principles by means of physical culture decide: in
the first filling in vitally important motion, in the second activation of capacity of
organism.
Сауықтыру бағыттағы қағидалар дене тәрбиесі сабағын ұйымдастырып өткізу
кезінде мұғалім дамытушылық, сауықтырушылық қызметі басшылыққа алу деп
білеміз. Бұл
қағидаларды талдайтын болсақ, дене тәрбиесі көмегіменен біріншіден -
қазіргі өмір жағдайында пайда болатын қозғалыс, қимыл белсенділігіндегі
кемістіктерді өтеу; екіншіден организмнің қызмет атқарушылық мүмкіншілігінің
жұмыс қабілеттілігін арттыру және қолайсыз әсерлерге қарсылығын жетілдіруді
айқындайды.
Бұл қағидалар төмендегі негізгі талаптарды орыңдағанда ғана жүзеге асады:
1. Сауықтыру бағалылығы бар ғылыми негізделген дене тәрбиесінің құралдары
мен әдісі қолданылуы керек.
131
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
2. Денеге түсетін жүктеме оқушылар мүмкіншілігіне байланысты жоспарлануға
тиісті.
3. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау кез келген оқу-тәрбие процесінде міндетті
элемент болуы қажет.
4. Санитарлық тазалық талаптарды сақтау, күнді, ауа мен суды тиімді пайдалану
- міне бұның бәрін дене жаттығуларымен айналысуды ұйымдастырғанда еске алып
отыру керек.
Жеке тұлғаның жан-жақты даму қағидасы қоғамдағы адамды тәрбиелеу
жүйесінің мақсатын айқындайды. Дене тәрбиесінде бұл қағидалар екі негізгі
талаптың орындалуын қарастырады:
1. Дене тәрбиесінің міндеттерін шешу ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және
эстетикалық тәрбиемен тығыз байланыста жүргізілуі керек.
2. Дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін жұмыстарды жоспарлағанда дене
қабілеттілігінің келісімді, үйлесімді дамуы. Қозғалыс біліктілігі мен дағдысы және
арнаулы біліммен қарулануы қамтамасыз ететіндей етіп жоспарлау қажет.
Еңбек және қорғаныс практикасымен байланыс қағидасы тәрбиенің барлық
жүйесінің қолданбалы бағытын білдіреді, Бұл
қағиданың шешілуі төмендегі
талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылады.
1. Дене тәрбиесінің мазмұны бәрінен бұрын өмірге қажетті жүру, жүгіру,
секіру, жүзу т.б. кезіндегі біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру қажет.
Дене тәрбиесінің бұл талаптары оқу бағдарламаларында жүзеге асырылған.
2. Жан-жақты дене тәрбиесі арқылы адамның дене дайындығы кең көлемде
жүргізілуге тиісті, өйткені оның қабілеттілігі әртүрлі еңбек және әскери істерді
игеруге мүмкіншілігі болатындай дәрежеде болу керек.
3. Еңбек және патриоттық тәрбие беру ісінде дене жаттығулармен айналысуды
кең көлемде пайдалану қажет.
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидасы өзінен өзі практикалық жұмыстарға ену
мүмкін емес. Оны жүзеге асыруға тиісті деңгейде экономикалық, материалдық,
техникалық, әдеуметтік және мәдени негіз болатындай жағдай қажет. Аталған
қағидалардың іс жүзіне асырылуы осы базаларға тәуелді. Бұлай болмаған жағдайда
ұрандалған қағидалар утопиялық шақыруларға айналуы мүмкін.
Мысалы, көпшілікті қамтитын дене шынықтыруды жалпы халықтыққа
айналдырамыз деген ұран қажетті материалдық база, спорттық құрал жабдықтар
болмаған
жағдайларда
денешынықтыру
саласындағы
қызметкерлерді
көзбояушылыққа итермелейді. Ал мұндай жұмыстан нәтиже күту қиын.
Дене тәрбиесі жүйесінің сипаттамасында "принциптер" түсінігі, күрделі
әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың жетекші заңдылықтарының өмір сүретіндігін
ашып көрсету үшін қолданылады. Нақты педагогикалық жұмыс барысын жүзеге
асыруда оларды басшылыққа алуға әрбір мүғалім міндетті. Мысалы, қазіргі
кезендегі қоғамымыздың даму бағытындағы принциптерге сәйкес оқытудың кез
келген саласы баланың жеке қасиеттерін қалыптастырумен бірге қатар жүруі қажет.
Әскери және еңбек іс-тәжірибесіне байланысты принциптерге сәйкес дене
жаттығуларымен шұғылданудың мазмұны оқушыны өмірге дайындаудың мына
қажеттіліктерін ашып көрсетуі тиіс: жеке тұлғаны жан-жақты дамыту принципіне
сәйкес кез келген козғалыс-қимылына үйрету баланың адамгершілігіне, ақыл-ой
және эстетикалық дамуына ықпал етуі тиіс, яғни сауықтыру бағытындағы
принциптерге сәйкес әрбір педагогикалық қызмет барысын жоғарғы сауықтыру
тиімділігіне бағыттаған жөн. Дене тәрбиесі жүйесіне тән бұл жалпы принциптер
оқыту принциптерімен қоса жеке принциптер аркылы да жүзеге асырылады.
Мысалы,
жекелік,
дербес
принципін
жүзеге
асырғанда
баланың
Достарыңызбен бөлісу: |