76
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
ЭКОНОМИКА
77
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
ӘӨЖ 638.1.(574)
АЙМАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ
НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
Кантуреев М.Т., э.ғ.д., профессор
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған
Абдиманап Н., магистрант
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы
В статье выявлены основные элементы оценки развития региональных
социально-экономических систем, предложена методы оценки социально-
экономического развития региона.
Мақалада
аймақтың
әлеуметтік-экономикалық
дамыту
бағасының
негізгі элементтері көрсетілген және әдеуметтік-экономикалық дамыту бағасының
әдістері ұсынылған.
The paper identified the main elements of the assessment of regional socio-
economic systems, proposed methods for assessing the socio-economic development of the
region.
Кілт сөздер: экономикалық кеңістік, аймақ, аймақтағы дағдарыс,
агломерация, инновациялық даму
Әрбір қоғамның дамуы белгілі бір аумақпен байланысты болады. Қоғамның
дамуының кеңістіктік аспектілері көптеген ғылымдармен зерттеледі. Олардың
қатарына география, демография, әлеуметтану, аймақтану т.б. жатады. Аймақты
дамытудың ең маңызды өзекті мәселелеріне экономикалық мәселелер жатады.
Қазіргі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде көптеген әр түрлі
шешілмеген мәселелер бар, даму деңгейі бойынша әртүрлі аймақтардан
құралады. Қазақстанның әрбір аймағы өзіндік мәселелері мен ерекшеліктері мен
оның әр қайсысын проблемалық аймаққа жатқыза беруге болмайды.
Аймақтық экономикада өзекті мәселеге келесідей ұғым жатады. Проблемалық
аймақ - бұл өзі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше алмайтын
немесе жоғары әлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан
белсенді қолдауды талап ететін аймақтар.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы
тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес
республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады: 1) шаруашылықтарының
құрылымы экспортқа бағытталған; 2) индустриялық дамыған; 3) агроөнеркәсіптік;
4) дағдарыстық.
1-ші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай
қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті
9 мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта
қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар.
Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және
тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер
кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен
өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай
жерлерді интенсипті игеру;
78
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты
анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік,
әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді
(әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
2 - ші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары
техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы
экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен
қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына
төмендегілерді жатқызуға болады:
-
шетел
инвестицияларын
тарту
жолымен
экспорттық
әлеуетті
қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа
технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары,
автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.
3 - ші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді
аймақтар.
Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету
және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған
сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей
мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге
асыру;
- ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық
әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен
техникаларды енгізу және пайдалану, тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту
мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп
салаларының материялдық- техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік
және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
4-ші топқа - қысылшаң (экстремальды) табиғи-климаттық, әлеуметтік -
экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық
құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық 10
дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады.
Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемлекеттік
реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы
үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
- экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
- осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін
көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық
аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден
республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін
қажет жағдайлар жасау;
- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды
тиімді пайдалану.
Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
Достарыңызбен бөлісу: |