131
Студенттердің талқылауына арналған мынадай сұрақтар қойылады:
1 Адамның ішкі және сыртқы сұлулығы неден көрінеді?
2 Адамның сыртқы келбеті мен ішкі дүниесі арасында, оның мәдени
деңгейінде байланыстар бар ма?
3 Адамның сыртқы келбетінің өзіне және қоршаған ортасына маңызы
қандай?
4 Осы сұрақтарды талқылау барысында студенттердің пікірі өзгерді.
Бірқатар типтік пікірлерді келтірейік:
Студент Л. – Мен адамның ішкі және сыртқы сұлулығы арасында
айтарлықтай өзгеріс сезбеймін. Өйткені адам, сол адам, сондықтан екі түрлі
сұлулық болуы жөн емес сияқты.
Студент С. – Адамның ішікі және сыртқы сұлулығында айтарлықтай
айырмашылық бар, сыртқы келбеті – бұл, түрі, киімі, дене бітімі, жүріс-тұрысы;
ал ішкі сұлулығын бірден көру мүмкін емес, ол еңбегінен, мінез-құлқынан,
әрекетінен, қылықтарынан көрінеді.
Студент К. – Адамдағы ең бастысы – бұл ішкі сұлулық, ал «киіміне қарай
тек қана қарсы алады».
Студент Ұ. – Адамның сыртқы келбеті қосымша қызмет атқарады дегенді,
мен дұрыс деп есептемеймін. Өйткені адамның бірінші кезекте келбеті көзге
түседі, ал рухани сұлулық қарым-қатынаста ашылады, оның үстіне қыз
сұрықсыздау көрінсе көпшіліктің арасынан бөліп қарау қиын. Әйелге қатысыты
сыртқы сұлулық кейде рухани жұпынылықты алмастыруы мүмкін.
Студенттер диспут барысында адамның ішкі және сыртқы сұлулығының
күрделі диалектикасын, олардың өзара байланысын түсінді; және адамды
анықтайтын оның ішік және сыртқы сұлулығына ықпал ететін рухани дүниесі
екендігін түсінді.
Бірқатар
зерттеушілер
қазіргі
кезеңде
жоғары
оқу
орны
педагогикасындағы сабақтардың тиімді формасы болып тренингтер
табылатындығын көрсетті.
Олар студенттік жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктерін зерттей
отырып, мынадай түйінді пікрге келді: құрдастары арасында өзін әрі сенімді,
әрі қолайлы сезінетін жастар үшін үлкендердің айтқандарына қарағанда
жолдастарының оларды түсінуі мен қолдау пікірлері құнды болып табылады.
Тренинг сабақтан мысал келтірейік.
Дайындық кезеңі:
Үлкен тренингтік шеңбер режиміндегі сабақтарды өткізу үшін сыныптың
ортасы ашық қалдырылады, орындықтарды үстелдерден бөлек шеңберді
айналдыра қойып шығады. Студенттер жүздерін ортаға қаратып, бір біріне
жақын отырады. Үлкен тренингтік шеңберқатысушылардың әр түрлі
коммуникативтік дағдыларын шыңдауға, әңгімелесу барысында жіберген
құрдастарының қателігін көруге мүмкіндіктер береді. Тренинг элементтері
«Қазақ халқының тұрмысының, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің эстетикасы
және олардың музыкалық өнердегі көрінісі».
132
Студенттер «әдет-ғұрып», «дәстүр», «салт», «рәсім» ұғымдарының мәнін
анықтаған соң, оларға «Халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер» тренингіне
қатысу ұсынылады.
Педагог: «Сіздердің әрбіріңіз аз да болса, туған халқыңыздың ұлттық
дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен таныссыздар. Қазір сіздер кезектесіп ұлттық
әдет-ғұрыптың бір түрін айтып өтесіздер. Сөйлеуге 3 минут уақыт беріледі.».
Студенттер «Шілдехана» - баланың өмірге келуіне байланысты, «Бесік
той» - нәрестені бесікке салу, «Тұсау кесу» - сәбидің қадам жасауына қатысты
және т.б. салттарды айтып өтеді. Әсіресе жастарға танымал үйленуге
байланысты салт-жоралғылар.
Бұл форманың студенттер үшін күрделілігі олар барлық жағынан бірдей
ашық қатынаста болады: қатысушыға барлығы қарайды, оның сөздерін бәрі
тыңдайды және бағалайды. Мұндай жағдайға барлығы үйренбеген, сол себепті
бір-біріне сенімділік танытып, қолдау көрсететіндей жағдай түзген дұрыс.
Осындай сабақтар студентке мінез-құлқындағы сереотипті игеруге, құрдастары
арасында пікірін білдіруге, «көзбе көз» ұстанымы бойынша топпен қатынас
жасау стилін меңгеруге, өзін құрдастарымен салыстыруға мүмкіндік береді,
өзара әрекетке түсудің тиімді тәсілдерін қарқынды игеруге мүмкіндік жасайды.
Студенттер тренингке қатысу арқылы бір-біріне деген жекелік, тәуелсіздік
сезімін нығайтады, олардың қарым-қатынасында сын көзбен қарау терең
дамиды, оқыту мен тәрбиелеудің маңызды дамытушы принципі тұрғысынан
өзара өзіндік оқыту жүйесі пайда болады.
Қазақ халқының музыкалық өнерін игеруге арналған үлкен мүмкіндіктер
оқытудың ойын формалары мен әдістерінде бар.
Ойын әдістемесін белсенді ендіру мен кеңінен пайдалану бәрінен бұрын
студенттер оқу ғана емес, сондай-ақ болашақ кәсіптік іс-әрекеттерді қамтитын
істерді орындайтындай ойын жағдайлары шартты практиканы түзеді, яғни
ойын оқу процесін шынайы өмірге жақындатады.
Оқытудың ойын әдістерінің бірі болып рөлдік ойындар саналады. Оның
барысында оған қатысушылар белгілі бір жағдаяттағы белгілі бір
персонаждың рөлін ойнайды.
Осындай формада белгілі бір композитордың дүниетанымдық көзқарасын,
қазақ
музыкалық
өнерінің
ұлттық
стилі
мәселелері,
Қазақстан
композиторларының
кәсіптік
шығармашылығындағы
дәстүрлер
мен
жаңашылдықты талқылау өткізіледі.
Мәселен «Қазақ фортепианнолық музыкасындағы Абайдың көркем
образы» тақырыбындағы семинар сабағын рөлдік ойындар арқылы өткізуге
болады. Мұнда қазақ фортепианнолық музыкасында Абайдың көркем
образының паш етілу проблемасы қарастырылады. Осыған орай рөлдік ойын
қатысушылары Абайдың композитордың, орындаушының, тыңдаушының,
музыка сыншысының, музыка мұғалімінің рөлін ойнайды.
Ойын барысында олар Абай образының ұлылығын ашуы тиіс,
композиторлардың оның шығармашылығына жете бере алатындай, ұлы
Достарыңызбен бөлісу: |