129
1 Қазақ халқының музыкалық аспабын зерттеудегі Б.Сарыбаевтың еңбегі
қандай?
2 Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы домбыраның айырмашылығы
неде?
3 Бақсылар қандай музыкалық аспапты қолданды?
4 Сигналдық қызметті қандай музыкалық аспаптар атқарды?
Екінші кезең – экскурсияның мазмұнды кезеңі, оның мақсаты оқыған
материалды бекіту саналады. Студенттер үрмелі, ұрмалы, сыбызғылы
аспаптары көруді аяқтаған соң, берілген сұрақтар бойынша студенттерден
қысқаша жауаптар алынады.
Дәрістің мәнділігін сақтай отырып, халық музыкалық өнерін меңгеру
мақсатында тиімді формалардың бірі болып, жаңа әдістемелік амалдарды
мақұлдаудан өткізу үшін «қорған» болып табылатын семинар-сабақтар
(семинарлар-зерттеулер, эвристикалық әңгімелер, баяндамаларды талдау, әр
түрлі диспуттар түрлері мен шығармашылық пікір-таластар (соның ішінде
теледидарлық ток-шоу идеясын пайдалану және т.б.), танымдық міндеттерді
шешу, тренингтік формаларға қатысу, ғылыми әдебиеттерді талдау,
көкейкесті мақалаларды проблемалық талдау, әр түрлі ойын әдістері мен
формалары (іскерлік ойындар, конкурстар және т.б.).
Семинар-зерттеу формасы зерттеу әдісінің элементтерін өзіне қамтитын
проблемалық оқытудың үлгісі бола алады. Оның мақсаты – студенттің өзіндік
жұмысын белсендіру, олардың шығармашылық, зерттеу қызығушылықтарын
дамыту.
Сонымен, студенттер «Музыка мұғалімінің эстетикалық мәдениеті кәсіптік
мәнді сапасы тұрғысынан», «Қазақ халқының музыкалық өнері оқушыларға
эстетикалық тәрбие беру құралы» тақырыптары бойынша семинар сабақтарына
дайындалу барысында ғылыми әдебиеттегі педагогтың эстетикалық мәдениеті
зерттеулерімен танысады (А.Пирадов, У.Суна, М.Верб, Г.Петрова және т.б.);
халық музыкалық шығармашылығы арқылы оқушыларға эстеткалық тәрбие
берудің негізгі амал-тәсілдерімен (В.Сухомлинский, Н.Шацкая, О.Карпушина,
М.Балтабаев), музыкалық өнер арқылы балаларға адамгершілік-эстетикалық
тәрбие саласындағы қазақ этнопедагогикасының дәстүрлерімен (С.А.Ұзақбаева,
Р.Қ.Дүйсембінова, Ш.Б.Құлманова және т.б.) танысады.
Студенттердің ұлттық музыкалық өнер шығармаларын қосымша іріктеу
бойынша іс-әрекеті педагогикалық мақсаттылықтан және күрделілік
дәрежесінен, белгілі бір курста оқуына сәйкес осы шығармаларды талдау және
жіктеу бойынша, проблемалық оқытудың зерттеу әдісінің үлгісі бола алуы
мүмкін.
Осындай жұмыс формаларындағы семинарларды өткізу студенттердің
көзқарасын және өресін кеңейтеді, ұжымдық ізденіс дағдыларын
қалыптастырады, проблеманы шығармашылық тұрғыдан талдауға қатысу
іскерліктерін шыңдайды.
Бүгінгі таңда тәрбиенің белсенді формаларын ұйымдастыру мен өткізу
әдістемесі және ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің түрлері сан алуан.
130
Солардың ішінде ерекше түрлерінің бірі пікір-талас формасы. Пікір-талас
– бұл белгілі бір проблеманы, ұжымдағы даулы сұрақтарды шешу формасы.
Пікір-талас барысында студенттер бір-бірімен, оқытушымен күдік туғызатын
мәселелер жөнінде дауласуы мүмкін. Пікір-таласқа қатысушылардың барлығы
өзінің дәлелдерін келтіре отырып, өз пікірін қорғайды, жақтайды.
Пікір-таластың нақты формасын жасау үшін өзінің жетістіктерімен баурай
алатын теледидарлық ток-шоу идеясын пайдалану ұсынылады. Мұнда:
-
барлық қатысушыларды толғандыратын мәселе талқыланады;
-
аудитория әр түрлі көзқарастарды жақтайтын топтарға бөлінеді;
-
жүргізушінің пікірі қатысушыларға міндетті саналмайды, олар өз
таңдауларында еркіндікке ие, олар тіпті ток-шоу барсында бір пікірге келмесе
де, оларды ойлануға итермелейді.
Пікір-таластың дайындық кезеңі ток-шоу өткізуден 2-3 күн алдында
жүргізіледі. Педагогқа және студентке оны өткізу технологиясы жоспарланады.
Ол үшін: а) ықшамтоптарға (3-4 адам) бөліне отырып, әрбір топ өзінің өткізу
нұсқасын ұсынады, студенттер педагогпен бірге ұтымды нұсқасын таңдайды; б)
әр түрлі көзқарасты ұсынатын топтар құрылады; в) ток-шоуды жүргізуші
таңдалады; г) педагогпен бірлесе талқылауға арналған сұрақтар даярланады.
Содан соң педагог барлық студенттерді пікір-таластың негізгі
қағидаларымен таныстырады:
1 Бір-біріне сыйластық қатынас.
2 Әрқайсысының өз көзқарасы болу құқығын мойындау.
3 Шығып сөйлеуден бұрын қолын көтеруі, сөйлеп тұрған адамның сөзін
бөлмеуі тиіс.
4 Өзінің пікірін дәлелдермен, өмірінен, музыкалық және әдеби
шығармалардан мысалдар келтіруі тиіс, сонымен бірге регламенттен шықпау
керек.
Мысал ретінде студенттермен ток-шоу тұрғысынан өткізілген семинар
сабағын келтіруге болады (Қосымша А, Ә, Б).
Мұндай жұмыс формасы тәрбие міндеттері шешімдерінің көлемін
кеңейтеді, студенттердің белсенділігін және жекелігін жоғарылатады,
құндылық-бағдарлы
іс-әрекеттерінің
тәжірибесін
қалыптастырады,
студенттердің интеллектуалды дамуына ықпал етеді.
Пікір-талас барысында белгілі бір танымдық білімдер меңгеріледі,
эстетикалық сезімдер мен эстетиткалық мінез-құлық дамиды. Арнайы
ұйымдастырылған құндылық-бағдарлы іс-әрекет студенттердің интеллектуалды
дамуын
ынталандырады,
олардың
адамгершілік-эстетикалық
таңдау
жағдайларына ендіре отырып және сонымен адамгершлік тәжірибесін кеңейте
және байыта түсіп музыкалық мәдениетін қалыптастырады.
Ұжымдық талқылаудың басқаша формасы болып диспут саналады. Оның
мақсаты – әр түрлі құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту, өздерінің
көзқарастары мен ұстанымдарын анықтау мен айқындауға қол жеткізу.
Мысал ретінде «адам бойындағы және адами қарым-қатынастағы әдемілік
және оның қазақ музыкалық өнеріндегі көрінісі».
Достарыңызбен бөлісу: |