ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«№ 2 шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қаралды» «Келісемін» «Бекітемін»
Әдістемелік бірлестік Мектеп директорының №2 шағын орталықты орта
отырысында қаралған. ғылыми-әдістемелік мектебінің директоры
Әдістемелік бірлестік ісі жөніндегі орынбасары __________Е.У. Ембердиев
жетекшісі__________ ________А.Қ.Сүлейменова ______________2015ж.
М.О. Момбаева _______________2015ж.
___________2015ж.
Компьютерлік графика және дизайн
(мектеп компоненті)
10 - сынып
Информатика пәнінің мұғалімі:
Тарбақов Бауыржан Айдарұлы
Құлан ауылы,
2015 - 2016 оқу жылы
Түсінік хат
ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Олай болса, Қазақстан білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегияының негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Қазақстанда жалпы білім беру жүйесін ақпараттандыру ақпараттық қоғамның қалыптасуы жағдайында қоғамдық маңызға ие болып отыр. Білім беру жүйесі тәжіребисінде қалыптасқан жағдайларға жасалған талдаулар – жалпы білім беру жүйесін ұлттық, әлеуметтік – экономикалық, рухани және мәдени құндылықтармен біртұтас қарастыра отырып, ақпараттық қоғамдағы өзгерістерге сай түбегейлі қайта қарауды қажет етуде.
Қазіргі кездегі білім беруді ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандартын, оқудың озық технологияларын, информатикадан білім негіздерін оқыту процесіне енгізу орта білім беру жүйесін ақпараттандыру негізі болып табылады.
Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым – қатынасын үйлесімді етудегі және ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Информатиканың мектепке енуі сонымен бірге педагогикалық ғылымдардың парадигмалық және методологиялық өзгерістерін талап ететін қазіргі ақпараттық қоғамға сәйкес келіп отыр. Олай болса, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізі – информатика курсының мазмұнын өзгерту болады. Сондықтан информатиканың мамандыққа баулу курсының мазмұнын ақпараттық қоғам жағдайында анықтау негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрін ақпараттандыру – бүгінгі күннің негізгі талабына айналып отыр. Ал бұл талапты қанағаттандыру үшін мамандарды осы бағытта дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан аталған қажеттілікті шешу барысында ақпараттық қоғамға қандай мамандар дайындау мақсатында оқу бағдарламасын, оқу - әдістемелік кешендері, электронды оқулығы мен қолданбалы программалық құралдары жасақталған.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web – дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және т.б. мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстан өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Компьютерлік графиканы білмей қандай да болмасын құжатты безендіру өте қиын. Сондықтан, графикаға арналған бағдарламаларды білу өте қажет. Қазіргі кезде компьютерлік графикаға байланысты кәсіби мамандықтар талап етілінетіні белгілі және де ондай кәсіпті таңдаған азаматтар графикамен жұмыс жасайтын бағдарламаларды бесаспап білуі тиіс. Сонда ғана бәсекеге қабілетті қоғамда өмір сүру мүмкіндігі туады.
Бағдарламаны оқыту барысында білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттар кешенді түрде іске асырылуын қадағалау нақты міндет болып табылады.
Сондықтан да осы ұсынылып отырған бағдарлама компьютерлік графикамен ұштастыра отырып кәсіби мамандыққа баулуға көмегін тигізері сөзсіз.
Аннотация
Adobe Photoshop бағдарламасына арналған авторлық бағдарлама 10 - сынып оқушыларына ұсынылып отыр.
Бұл авторлық бағдарламада оқушылар Adobe Photoshop бағдарламасының негізгі командаларымен, жұмыс жасау терезесімен және де ондағы қолданылатын құралдармен танысып, оларды пайдалануды үйренеді. Сондай – ақ, бағдарламада көптеген мысалдар келтірілген, зертханалық жұмыстар қарастырылған, және оқушылар білімін тексеруге арналған тесттік сұрақтармен жабдықталған.
Осы авторлық бағдарламаны оқып үйрену арқылы оқушылар Adobe Photoshop бағдарламасын өмірлік жағдайларды, кәсіби таңдаған мамандықтарында пайдалануды үйренеді.
Аннотация
Авторская программа посвященная по программе Adobe Photoshop ориентирована на 10- классы средней школы.
В этой авторской программе учащиесят усвоят основные команды. В программе предусмотрены работы с командами рабочего окна и командами для создания графических файлов, используемыми в программе.
Также в процессе обучения приведены множестов примеров и иллюстрированных слайдов. Программа снабжена тестовыми вопросами для проверки уровня знаний учащийхся.
Изучая эту программу учашиеся ознакомятся не только с азами компьютерной графики и дизайна, но и научаться использовать полученные навыки в жизненных ситуациях, например в выбранной профессиональной деятельности.
Annotation
The programmer Adobe Photoshop, which we given for pupils can be useful for 10th form students.
This author programmer is teaches main command, and the windows , and how to use the main tools of this programmer.
Also, this work consists of several examples, and include the laboratorial works and it helps for making the knowledge of pupils more exactly and this programmer has an opportunity for checking the knowledge of pupils. This work has a control tests.
This author programmer Adobe Photoshop helps for pupils to improve e the life abilities, and to develop their future chosen job.
Мақсаты:
Компьютерлік графикамен жұмыс жасауды үйрету. Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру.
Міндеттері:
Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілетттерін дамыту;
Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс жасау барысында оларды кәсіби маман болуына ықпал жасау;
Күтілетін нәтиже:
Photoshop бағдарламасын меңгерген және оны кәсіби мамандығында пайдалана алатын тұлға
Оқушылардың білім – білік дағдысына қойылатын талаптар:
Оқушы нені білуі керек:
Графика ұғымын сипаттай және талдай білу;
Photoshop бағдарламасының интерфейсін сипаттай білу;
Photoshop бағдарламасының құралдар мен командаларын қолдана білу;
Оқушы нені үйрену керек:
Photoshop бағдарламасында қарапайым суреттерді өңдеуді;
Бағдарламаның командаларымен жұмыс жасауды;
Коллаж жасауды;
Фильтр командаларымен жұмыс жасауды;
Шығармашылықпен жұмыс жасай білу;
Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1.Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
2.Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау;
3.Оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптар;
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы:
1. Adobe Photoshop бағдарламасы. Негізгі ұғымдар.
2.Adobe Photoshop бағдарламасының негізгі және қосымша құралдары;
3.Қосымша элементтерді пайдалану;
«Компьютерлік графика және дизайн»
оқу бағдарламасына тақырыптық күнтізбелік жоспар
№
|
Тақырыптар
|
Сағат
саны
|
Оның ішінде
|
Оқушылардың өздік жұмысына бөлінген сағат саны
|
Зертханалық жұмыстар
|
Бақылау жұмыстары
|
1
|
Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі: іске қосу, Жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу, қайта ашу.
|
1
|
|
|
|
2
|
Құжат құру,сақтау, өңдеу қайта ашу
|
1
|
|
|
|
3
|
Adobe Photoshop бағдарламасының аспаптар панелінің құралдары: Ерекшелеу, нұсқағыш
|
1
|
|
|
|
4
|
Adobe Photoshop бағдарламасында қабаттармен жұмыс жасау
|
1
|
|
|
|
5
|
Трансформация. объектінің масштабын өзгерте отырып кішірейту немесе үлкейту. Бұру, қисайту, параметрлерін өзгерту
|
1
|
|
|
|
6
|
Лассо. Магнитное лассо, Полигонное лассо, Кадрирование құралдары
|
1
|
|
|
|
7
|
Навигатор (экранды басқару) терезесі. Тарих терезесі.
|
1
|
|
|
|
8
|
Мәтін жазу батырмасы
|
1
|
|
|
|
9
|
Мәтін жазу батырмасы. Үзінділермен, көшірмелермен, алмасу буферінің элементтерімен жұмыс
|
1
|
1
|
|
|
10
|
Кисть құралы және градиентті құю аспабы
|
1
|
|
|
|
11
|
Форма қолданушы құралы
|
1
|
|
|
|
12
|
Меню жолының командалары. Изображение менюы.
|
1
|
|
|
|
13
|
Меню жолының командалары. Изображение менюы. 12-сабаққа практикалық жұмыс орындау және бекіту. «Күзгі жапырақ», «Луноход» практикалық жұмыстары
|
1
|
|
1
|
|
14
|
Ағарту және қарайту құралдары
|
1
|
|
|
|
15
|
Перо, инструмент прямого выделения құралдары
|
1
|
|
|
|
16
|
Шығармашылық жұмыс №1
|
1
|
|
|
1
|
17
|
Тест
|
1
|
1
|
1
|
|
18
|
Коллаж. «Той тамақтары»
|
1
|
1
|
|
|
19
|
Коллаж. «Сурет салу»
|
1
|
|
|
|
20
|
.«Ою-өрнектер құрастыру»
|
1
|
1
|
|
|
21
|
«Бояулармен жұмыс»
|
1
|
1
|
|
|
22
|
.«Фильтр менюымен жұмыс»
|
1
|
1
|
|
|
23
|
«Геометриялық фигуралармен жұмыс»
|
1
|
1
|
|
|
24
|
«Отражение (шағылысу) эффектісі»
|
1
|
|
|
|
25
|
«Тойға шақыру» қағазын жасау
|
1
|
1
|
|
|
26
|
«Жаңбырлы күн» суретін кескіндеу
|
1
|
1
|
|
|
27
|
Қабаттармен жұмыс», «Ерекшелеу құралын пайдалану»
|
1
|
|
|
|
28
|
«Аспаптар панелінің» жылдам орындау пернелері
|
1
|
|
|
|
29
|
«Меню жолының» жылдам орындау пернелері
|
1
|
|
|
|
30
|
«Ерекшелеу құралдарын пайдалану». «Жұмыс жасау режимдерін таңдау».
|
1
|
|
|
|
31
|
«Кисть» құралының қосымша мүмкіндіктері.
|
1
|
|
|
|
32
|
Шығармашылық жұмыс №2 «Менің достарым» коллаж
|
1
|
|
|
1
|
33
|
Курс бойынша қорғау жұмыстары. Презентация
|
1
|
|
|
1
|
34
|
Тест
|
1
|
|
1
|
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
34
|
|
|
|
Оқу курсының тақырыптық мазмұны
Тақырып 1.
Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі.
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 2
Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қосу, Жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу, қайта ашу.
Тақырып 2.
Adobe Photoshop бағдарламасының аспаптар панелінің құралдары
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Графиктік деректер туралы жалпы мағлұмат. Растрлық, векторлық графиктермен жұмыс жасау негіздері. Растрлық графиканы өңдеу бойынша Adobe Photoshop программасын танысу.
Тақырып 3.
Adobe Photoshop бағдарламасының аспаптар панелінің құралдары: Ерекшелеу, нұсқағыш
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Adobe Photoshop бағдарламасының аспаптар панелінің басты құралдары. Ерекшелеу (Выделение), нұсқағыш құралдары.
Тақырып 4.
Adobe Photoshop бағдарламасында қабаттармен жұмыс жасау
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Adobe Photoshop бағдарламасында қабаттармен жұмыс жасау. Қабат (Слои) құралы. Ғ7 командасы.
Тақырып 5.
Трансформация.
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Трансформация. объектінің масштабын өзгерте отырып кішірейту немесе үлкейту. Бұру, қисайту, параметрлерін өзгерту. Трансформация – белгілі бір объектінің масштабын кішірейту немесе үлкейту. Поворот, Масштаб, Наклон, Искривление, Перспектива, Отразить по вертикали, Отразить по горизонтали – трансформация құрамалары.
Тақырып 6.
Лассо.
ақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Лассо. Магнитное лассо, Полигонное лассо, Кадрирование құралдары. Лассо құралы курсордың қозғалысының ізімен қисық сызық түрінде бөлінген аймақтың шекараларын қосуды, сиқырлы таяқша берілген диапазондар бойынша біртекті боялған обьектілерді бөліп алуды меңгертіп үйрету.
Тақырып 7.
Навигатор (экранды басқару) терезесі. Тарих терезесі.
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Навигатор (экранды басқару) терезесі. Графикалық файлмен жұмыс жасағанда оның көлемін үлкейтіп, қажетті жерлеріне өңдеу жасауды, оны қайта кішірейтіп көруге мүмкіндік беретін командамен таныстыру. Тарих терезесі. Кезекпен – кезек орындалған әрекеттерімізді кері қайтарып, бастапқы қалпына келтіруді үйрету.
Тақырып 8.
Мәтін жазу батырмасы
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Мәтін жазу батырмасы. Photoshop бағдарламасында мәтінді құралдар тақтасындағы аспабын тінтуірмен шертіп, файл терезесіне орналастырып, мәтінді еңгізуді үйрету.
Тақырып 9.
Үзінділермен, көшірмелермен, алмасу буферінің элементтерімен жұмыс
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Үзінділермен, көшірмелермен, алмасу буферінің элементтерімен жұмыс істеуді үйрету. Мәтін, сурет т.б. элементтерді кірістіруде алмасу буферінің көмегімен жұмыс істеуді үйрету.
Тақырып 10.
Кисть құралы және градиентті құю аспабы
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Кисть құралы және градиентті құю аспабымен танысу. Карандаш және Ведро косымша аспабымен танысу. Кисть құралымен түсті өзгерту, ақ түске ауыстыруды, салынған сызықтарды, суреттерді өшіруді көрсету.
Тақырып 11.
Форма қолданушы құралы
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Photoshop бағдарламасында белгілі бір фигураларды орналастыру құралы Пішін (Форма) құралымен таныстыру. Пішін (Форма) құралының құрамында Прямоугольник, Скругленный прямоугольник, Эллипс, Полигон, Линия, Форма пользователя сияқты қосымша құралдарымен жекелей таныстыру.
Тақырып 12.
Меню жолының командалары. Изображение менюы.
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 2
Меню жолының командалары. Изображение менюымен танысу. Изображение менюынің көмегімен жұмыс жасау барысында суреттердің түстерін орнату, олардың үйлесімді түске келтіру, өңделіп жатқан суреттің көлемін үлкейтіп, сыртқы қабатын сол қалпында қалдыру немесе суретті қажетті бұрышқа бұрмалау әдістерін үйрету
Тақырып 13.
Ағарту және қарайту құралдары
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Photoshop бағдарламасында суреттердің белгілі кір аймақтарын ағартуға немесе керісінше қарайтуға арналған Ағарту (Осветление) және Қарайту (затемнение) құралдарымен таныстыру. Сонымен қатар Күйе жаққыш (Губка) құралымен таныстыру.
Тақырып 14.
Перо, инструмент прямого выделения құралдары
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Photoshop бағдарламасында белгілі бір бағытта жылжи отырып, пішін жасауға арналған ПЕРО құралымен танысу. ПЕРО құралының ішінде - Свободное перо, Точка зацепления, Удаления точки зацепления, Преобразование точки зацепления, Карандаш құралдарымен жұмыс істеуді көрсету.
Тақырып 15.
Коллаж.
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 3
Коллажбен жұмыс істеу. Коллаж дегеніміз – бірнеше қиындыдан мағынасы бар сурет, плакат, жарнама құрастыру.
Тақырып 16.
Коллаж. Стильдер командасы.
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 3
Коллаж. Стильдер командасымен, Прямоугольник құралымен, Кисть құралымен жұмыс істеп үйрену.
Тақырып 17.
«Бояулармен жұмыс»
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Кисть, Өшіргіш, Заливка, Волшебная палочка құралдарын пайдаланып Photoshop бағдарламасында ең қызықтысы суреттер салып үйрену.
Тақырып 18.
«Фильтр менюымен жұмыс»
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Фильтр менюымен танысу. Сонымен қатар Фильтр менюынің арнайы эффектілерін көрсету. Photoshop бағдарламасында дайын суреттерді қолдан салған етуге болады және де осындай мүмкіндіктерді іске асыруға Фильтр менюының командалары қолданылады.
Тақырып 19.
«Геометриялық фигуралармен жұмыс»
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Photoshop бағдарламасында Геометриялық фигуралармен жұмыс істеуді үйрету. ФОРМА ПОЛЬЗОВАТЕЛЯ құралын пайдаланып геометриялық фигураларды құрастыруды көрсету.
Тақырып 20.
Қабаттармен жұмыс», «Ерекшелеу құралын пайдалану»
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Photoshop бағдарламасында Шағылысу (Отражение) эффектісімен танысу. белгілі бір фрагменттердің көлеңкесін түсіру немесе олардың суға шағылысқан бейнесін түсіру сияқты жұмыстар орындау Шағылысу (Отражение) эффектісімен орындалады.
Тақырып 21.
БЕЙНЕЛЕРГЕ СУРЕТ САЛУ МЕН ОНЫ РЕДАКТОРЛЕУ
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Photoshop бағдарламасында Косымша кистілерді жүктеу, Аэрограф құралы, Градиентті құюды құру, Дөңгеленген бұрыштар құралдарымен жұмыс істеуді көрсету
Тақырып 22.
БЕЙНЕЛЕРГЕ СУРЕТ САЛУ МЕН ОНЫ РЕДАКТОРЛЕУ
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Photoshop бағдарламасында эффект «X - Files», толқын бетті жазулар, алтынмен жазу құралдарымен жұмыс істеуді үйрету.
Тақырып 23.
МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Photoshop бағдарламасында тамшыланған мәтіндер, линза эффектілері, пейзажды қалпына келтіру құралдарымен жұмыс істеуді үйрету.
Тақырып 24.
МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны - 1
Photoshop бағдарламасында «Аспаптар панелінің» жылдам орындау пернелерімен жұмыс жасауды үйрету.
Тақырып 25.
Шығармашылық жұмыс №1, №2. Тест №1, №2
Тақырыпты меңгеруге қажетті сағат саны – 4
Бағдарлама бойынша оқушылардың мүмкіндік деңгейіне жетуін тест, деңгейлік тапсырмалар, бақылау жұмыстар, практикалық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.
Оқушыларды курс бойынша бағалау
Бағалау түрі: әрбір практикалық сабақ белгілі баллдар өлшемімен бағаланады (сабақ тақырыбымен ұштастырылған жазбаша, ауызша жұмыстар).
Қорытынды бағалау оқыту курсының соңында өткізіледі. Сабақтың теориялық бөлімінің меңгерілуін тексеру-байқау түрі – тест.
Қорытынды бағаны шығару үшін келесі факторлар ескеріледі:
оқушының практикалық жұмысы және семинар сабаққа қатысуының баллдары,
қорытынды сабақта алған тест баллдары,
оқушылардың курс басында және соңындағы салыстырмалы даму қабілетінің нәтижесі
№
|
Бағалау түрі
|
Қойылатын
бағалаудың ең үлкен мәні (балл)
|
1
|
Сабаққа қатысуы
|
2
|
2
|
Сыныптағы жұмыс (дәріс кезіндегі және зертханалық сабақтағы белсенділік):
- зертханалық жұмысқа дайындық деңгейі;
- зертханалық жұмысты орындау сапасы;
- зертханалық жұмысты қорғау.
|
3
|
3
|
Өзіндік жұмысты орындау сапасы:
- үй тапсырмасын орындау;
- бақылау сұрақтарына жауап беру;
- есептеу-графикалық жұмыстарды орындау;
- тест тапсыру ;
|
4
|
4
|
Аралық бақылау (коллоквиум)
|
3
|
|
Бағалаудың ең үлкен мәні (балл бойынша)
|
100
|
|
Бағалаудың ең кіші мәні (балл бойынша)
|
40
|
Қорытынды баға:
«5» - 75 - 100 балл – оқу материалын өте жақсы меңгерді,
«4» - 60 - 74 балл – жақсы дәрежеде меңгерді,
«3» - 40 - 59 балл – орташа,
«2» - 40-тан төмен балл – нашар дәрежеде меңгергенін көрсетеді
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А. Тайц. «Самоучитель Photoshop 8.0»
2. А.М.Тайц., А.А. Тайц «Adobe Photoshop 8.0»
3. С. Пономоренко «Adobe Photoshop 8.0»
4. Учебное пособие Adobe Photoshop
5. ЭУ: Adobe Photoshop
6. ППС: Adobe Photoshop
7. Роуз К., Биндер К. Освой самостоятельно Adobe Photoshop CS3 за 24 часа.- М.: Вильямс, 2008.- 512с.- 1 арх.
8. Стейплз Т., Вайнман Л. Практикум по Adobe Photoshop CS и ImageRtady CS для Web-дизайна.- М.: Вильямс, 2005.- 832с.- 1 арх.
ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
«Информатика и оброзование» журналы 4-2005, 5-6 беттер
«Первое сентября» журналы 12-15 беттер
«Информатика» журналы 24-26 беттер
«Работа с изображениями» журналы 5-8 беттер
Автор Е.Ф. Васючков Цель издания – научить начинающих пользователей делать первые практические шаги, сформировать базовый курс знаний, достаточный для самосовершенствования. Сборник включает следующие программы: Word, Excel, 1С Предприятие 7.7, CorelDraw, Photoshop, 3D Studio Max, AutoCAD, Access, PageMaker, Интернет, Эл. почта.г.Алматы, 2006 г., 60 с.
Автор А.С.Инчин Excel, Power Point, Internet, Front Paige, Photoshop, Corel Drawl, Page maker. г. Алматы, ТОО «Издательство LEM», 2005 г., 216 c.
КУРСЫ КОМПЬЮТЕРНЫХ ПРОГРАММ (Сборник с диском)
Интернет ақпарат көздері
www.alldesign.biz/ebooks/ebooksphotoshop/1427-adobe-photoshop-cs3-ofic.-uche..
photoshopphoto.ru
http://www.postroika.ru/books/books3.html
photoshoprevolution.ru
disc.photoshop-master.ru
http://big-photoshop.ru/
Достарыңызбен бөлісу: |