Жамбыл ауданының орталық емханасы мен орталық ауруханасының паспорты Паспорт центральной районной поликлиники и центральной больницы - Мекен – жайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
- Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесі 259
- Адрес: Алматинская область, Жамбылский район,
- улица Карасай батыра 259
Жамбыл ауданының орталық ауруханасы / Центральная больница Жамбылского района Жамбыл ауданының орталық емханасының сыртқы көрінісі/ Внешний вид центральной поликлиники Жамбылского района Жамбыл ауданының орталық емханасының сыртқы көрінісі/ Внешний вид центральной поликлиники Жамбылского района Күндізгі стационар бөлімі/ Корпус дневного стационара Жамбыл ауданының орталық ауруханасы / Центральная больница Жамбылского района Жамбыл ауданының орталық ауруханасы / Центральная больница Жамбылского района Жазғы демалыс орны/ Беседка 1- қабат холы / Хол 1- этажа Жамбыл ауданының орталық ауруханасы / Центральная больница Жамбылского района Денсаулық сақтау саласы Жамбыл аудандық денсаулық сақтау тарихы / История здравоохранения Жамбылского района - 1903 жылы Земский – аурухана ғимараты тұрғызылды. 1921 жылдан бастап 25 төсек орынды аурухана, 5 фельдшерлік акушерлік бекет қызметі істеді. Ұзынағаш ауылының амбулаториясының меңгерушісі Брянцев Ф.А. 1931-1956 жылдар аралығында қызмет атқарды.
- 1947 жылы аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Яненко Ю.П. бруцеллез ауруын тексеру бригадасын құрды. Оның құрамында болашақ академик Каракулов И.К. қатысты.
- 1953 жылы Ұзынағаш станциясының ауруханасы ашылса. 1954 жылы Мынбаев ауылында 5 – төсек орындық аурухана ашылды.
- 1956 – 1963 жылдары аралығында ауданның бас дәрігері болып Сұлтанов Д.С. тағайындалды. Осы жылдар аралығында емдеу мекемелерінің саны 7-ге жетті. Төсек орындарының саны 120-дейін көбейді, әр ауылда ФАП қызмет көрсетті.
- 1958 – 1973 жылдар аралығында Қарғалы ауруханасының бас дәрігері болып Әлібеков И.А. қызмет атқарып, аудан медицинасына сіңген еңбегі үшін «Соцалистік Еңбек Ері» атанды.
- 1963 – 1979 жылдар аралығында Жамбыл ауданының денсаулық сақтау мекемесінде Ержанова Р.М. басшылық етті. Ол белсенді еңбегі үшін 1965 жылы «СССР денсаулық сақтау» үздік белгісі мен 1977 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталады.
- 1968 жылы Мыңбаев ауылындағы ауруханадағы төсек орынның саны 30-ға жетті.
- 1972 жылы Қарғалы ауылында 75 – төсек орындық жаңа аурухана ғимараты салынды.Сол жылы балалар сүт тағамы мекемесі іске қосылды.
- 1975 жылы Ұзынағаш ауылында уақытқа сәйкес аудандық 230 – төсек орынды аурухана ғимараты салынды.
- 1978 жылы ВОЗ комиссиясының қорытындысында Жамбыл аудандық алғашқы медсанитарлық көмек жұмысы өте жоғары бағаланды.
- 1979 – 1988 жылдар арасында Омаров К.Т. аудандық денсаулық сақтау мекемесін басқарды. Осы жылдары ауруханалардың материалды-техникалық жағдайына және жоғарғы дәрежедегі медициналық көмекке баса көңіл аударылды.
- 1985 жылы ауданда 250 адам қабылдайтын емхана ғимараты беріліп жаңадан көз дәрігер, лор, невропотолог, физиотерапевт, уролог және психиатр кабинеттері ашылды.
- 1988 – 1991 жылдары М.Қабикенов аудандық ауруханаға басшылық етті.
- Денсаулық сақтау мекемелерінің күрделі құрылыс жұмыстарына көңіл аударды.
- 1991 – 2006 жылдары Мәскеуде клиникалық ординатураны өте жақсы бітірген Келгенбаев А. басшылық етті. Аудандық кардиология саласына көңіл аударды.еңбегіне қарай «Тәуелсіздіктің 10 жылдығына» арналған медальмен және «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған. Денсаулық сақтау мекемелерінің саны көбейді: 15 дәрігерлік амбулатория, 3 ауылдық ауруханасы, 1 аудандық аурухана және емхана.
- Заман талаптарына сай медициналық ғимараттар салынды. Жамбыл ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Горный, Таран ауылдық ФАП-і пайдалануға берілді.
- 2004 жылы телемедицина кабинеті ашылды,сапалы қызмет көрсетуде және УЗИ бақылау кабинеті, бак лаборатория, нәрестелерге арналған медициналық көмек бөлмелері жаңа медициналық техникаларымен жабдықталған, жылжымалы флюроаппаратты, рентген аппараты қызмет көрсетеді.
- 2001 – 2006 жылдары Қарғалы ауруханасын Омарбаева Н. басқарды.
- 2005 жылы «Үздік ауылдық аурухана» сайысында Мыңбаев ауылдық ауруханасы бірінші орын алды. Осы аурухананың әр жылдары, денсаулық сақтау үздік белгісімен марапатталған Жанғабылова Н., Қонабекова А., Өтесбаева Б. басшылық етті.
- 1988 жылдан бүгінгі таңға дейін Қазыбек бек бекетінің ауылдық ауруханасы денсаулық сақтау саласының Үздігі Ж. Мусаева басқаруда.
- 2006 жылдан бастап аудандық денсаулық сақтау саласының басшысы болып Молдақалықова Д. қызмет атқаруда. Аудандық эндокринология қызметіне үлкен үлес қосқан, ол 1996 – 2000 жылдары халық сенімінен шыққан білікті маман, аудандық мәслихаттің бірінші шақырым депутаты болды.
- 2007 жылы Қарғалы балалар сүт тағамын шығаратын мекеме заман талабына сай медициналық құралдармен жабдықталып ашылды.
- 2008 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес Аққайнар дәрігерлік амбулаториясы және Бірлік ауылында ФАП ғимараттары ашылды. 2006 жылы Қарғалы ауруханасының аудан мәслихат депутаты Т.Вильданов басшылық етуде.
- 2009 жылы емхана сала мамандарымен қамтамасыз етілді. Осы емхана меңгерушісі Абдықапарова Қ.А. «Тәуелсіздіктің – 10 жылдығына» медальмен марапатталды.
- Бүгінгі таңда аудандық ауруханада 30 жылдан астам қызмет етіп жүрген хирург дәрігері А.Каримов қазіргі кезде жас мамандарға көмек беруде.
Атақты медицина қызметкерлерінің тізімі / Известные работники здравоохранения - Ғ.Қадыров (бас дәрігер орынбасары )
- Л.Шолпанова (емхана меңгерушісі)
- Ш.Мукушова (бас дәрігер орынбасары)
- Д.Молдақалықова (бас дәрігер)
- О.Мұқатов (хирург)
- С.Абдырахимова (аудан гинекологы 2005 жылы «Еренді еңбегі үшін» Медалімен марапатталады.)
- Л.Кольнова (терапевт)
- Г.Абдыкапарова (нәресте-сәби дәрігері)
- А.Сүйекенов (Қаракастек амбулаториясының меңгерушісі)
- Г.Мираненко (медбикелер басшысы)
- Л.Юзвак (аға мейірбике)
- С.Қайсарова Қарғалы ауруханасының 1973 жылы – 2001 жылдары басқарды. Білікті мамандар С.Қодаров, Ж.Мукаев қызмет атқарып, жұмыстағы табыстарына лайықты марапатталды.
Шешілуі тиіс мәселелер / Проблемные вопросы - 1. Жамбыл ауданы бойынша 34,5 дәрігерлік штат бірлігі бос, дәрігерлер маманы жетіспейді.
- 2. Диагностикалық зерттеу үшін, ауданымызға компьютерлік томограф, мамограф және бактериялық лаборатория керек.
- 3. Халық санының көбеюіне байланысты жедел жәрдем бригадасы, аудандық емхана, перзентхана, дәрігерлік амбулаториялар, медициналық қосындылар, автокөліктер қажет.
- 4. Мәйітхана ішіне 5 тоңазытқыштар жетіспейді.
- 5. Асханаға және кір жуатын орынға жаңа қандырғылар қажет.
- 6. Орталық ауруханаға, ауылдық ауруханаға, дәрігерлік амбулаторияларға, медициналық қосындыларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.
- Ақ халатты абзал жандар өз жұмыстарын
- тиянақты атқарып, халықтың денсаулығын
- нығайту жолында аянбай еңбек етуде.
Достарыңызбен бөлісу: |