Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы «Балдырған» сауықтыру лагерінің І кезеңдегі жұмысы туралы есеп



Дата21.11.2018
өлшемі76 Kb.
#22965

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы «Балдырған» сауықтыру лагерінің І кезеңдегі жұмысы туралы есеп

2017-2018 оқу жылы

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектепте жалпы оқушылар саны-132. Оның ішінде 2018 жылдың ІІ кварталында аз қамтылған отбасы балаларының саны 39.

Мектеп бойынша оқушылардың жазғы уақытта демалуы мен сауықтыру жолдары жоспарланды. Жыл сайын мектеп оқушылары үшін мектеп жанындағы сауықтыру лагері қызымет атқарады.Лагерге күн көрісі төмен,аз қамтылған отбасы балаларын қамтамасыз ету міндетті болып отыр.

Мақсаты: Жазғы демалыс кезінде оқушылардың денсаулығын нығайту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.Жалпы мәдениетін,салауатты өмір салтын дағдыларын қалыптастыру. Балалардың денсаулығын нығайтуына,шығармашылық еңбегіне,өз қабілеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау.

Балалардың сауықтыру лагерінің негізгі міндеттері:


  • Балалардың лагерге уақытымен келуін қадағалау;

  • Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

  • Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік жаттығулары және қимыл-қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

  • Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу,бақылау;

  • Өткізілетін іс- шараларда шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұлтық ойындар,спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру;

Биылғы жылы 2017-2018 оқу жылында мектеп жанындағы «Балдырған» сауықтыру өз жұмысын 1маусымнан бастады.Лагердің жұмысы 13 күнге жоспарланды.Жалпы дамалушылар 39 ,оның І ауысымда 13 бала демалды. Осы кезеңде тәрбиеші Женсхан Жанар және дене шынықтыру мұғалімі Бакауов Руслан Амангельдинович өз міндеттерін атқарды. Сонымен қатар медбибі Айгүл Сеилханова осы аз қамтылған оқушылардың денсаулығын бақылау кезінде аудандық дәрігерлер тексерісінің диагнозы анықтамалған оқушылады дәргерге баруын қадағалады. Ондағы қорытынды диагноз:

Жолдыбай Ермек «Анемия», Елеуиш Алтынбек хирургтің бақылауымен «Деформация»,стоматолог «Кариес», Қалидоллақызы Сания стоматолог «Кариес», Жанат Сексенбай стоматолог «Кариес», Шарипова Айнур стоматолог «Кариес» анықталған .

І кезең жұмысы басталмас бұрын оқушылардың жазғы демалысы ндағы бос уақытын ұйымдастыруын кешенді жұмыс жоспары құрылды.Кешенді жоспар негізінде жеке-жеке жоспарлар құрылды. Атап айтқанда мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасының орындалу жоспары,спорт іс-шалалары,психологтың жұмыс жоспары, сауықтыру іс-шаралары, пән мұғалімдерінің үйірме жоспарлары, кітапхана жұмыс жоспарлары құрылды.

Лагердің ашылу күнінен бастап балаларға қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Бұл тәрбиешілердің басты мақсаты болатын.

1 маусым күні- Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен бірге, сауықтыру «Балдырған» лагерінің ашылу өткізілді. Мереке күніміз «Жаздың хикаялары» атты іс-шара тақырыбында өткізілді. Шарамызды қуыршақтар балалармен әңгімелесуімен басталады, көрініспен жалғасады. Көрініс кейіпкерлері өз жауапкершіліктерін белсенді көрсете білді. Саңырауқұлақ, түймедақ, қуыршақтар балалармен көңілді ойындар ұйымдастыра білді.Соңында балаларға балмұздақ таратылып ,демеушілердің көмегімен сыйлықтар сыйланды.

Екінші күні «Бірлік күні» атты іс-шарасы өтті

Мақсаты: Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру. Оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.



Таңертенгілік балаларды қабылдап алумен басталды. Таңғы жаттығу жасалып бой сергітілді.Таңғы астан кейін, мектеп психолог А.К.Абеуова «Менің көңіл күйім!» /психологиялық ахуал/ өткізді. Мектеп медбибісі Сеилханова А.М. Дене сымбаты. Көзге арналған жаттығулар жасатты. Мектеп соц педагог балалармен «Саяхатшы» ойынын саябақта ойнады. Түскі астан кейін, дене шынықтырушы Бакауов Р.А. балалармен «Пионербол» ойынын ойнатты.Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында, тәрбиеші Ж.Женсхан «Достық» сайысын ұйымдастырды.

Үшінші күн «Ертегілер әлемі» атты іс-шарасы өтті

Мақсаты:  Балаларды ертегі әлеміне саяхаттатып, ой- қиялдарын ояту. Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру. Еліміздің болашақ ұрпағы біліммен сусындаған, тапқырлығын тамсандыратын салауатты,саналы етіп тәрбиелеу, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа, сыпайы қарым-қатынас жасай білуге,үлкен-кішіні сыйлауға тәрбиелеу.

Таңертенгілік балаларды қабылдап алумен басталды. Таңғы жаттығу жасалып бой сергітілді.Таңғы астан кейін,ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жексенова А.С. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ » ойынын өткізді. Мектеп медбибісі Сеилханова А.М. Дене сымбаты. Қол-аяққа арналған жаттығулар жасатты. Математика пәнінің мұғалімі Ж.Женсхан балалармен «Тапқыр математик» математикалық сайыс өткізді. Түскі астан кейін, дене шынықтырушы Бакауов Р.А. балалармен спорттық ойындар ойнады.Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында, тәрбиеші Ж.Женсхан «Ертегілер елінде» сурет сайысын ұйымдастырды.Балалар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлердің суретін салды.Сахналық қойылымдар ұйымдастырылды. Төртінші күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні» Мақсаты: Еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалардың Қазақсатан Республикасының рәміздері туралы білімдерін кеңейту және болашақта ел азаматығына лайықты тәрбиелеу.Таңертең балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып, мемлекеттік әнұранды сағат 900-де сап түзеп орындады.Таңғы жаттығудан кейін,таңғы ас ішті. Таңғы астан кейін,физика пәнінің мұғалімі Кунантева М.С. балаларға «Инфо әлемі» сайысын ұйымдастырды. Мектеп медбикесі Сейлханова А.М. салауатты өмір салтына байланысты «Жүректің соғуы» тақырыбында әңгімеден кейін, балаларға мемлекеттік рәміздер туралы мәлімет айтылды.Балалар өз пікірлерін ортаға салды.Балаларға мемлекеттік рәміздердің ерекшеліктері мен маңыздылығы түсіндіріліп, тапсырмалар берілді. Балалардың патриоттыққа баулу мақсатында тәрбиеші Женсхан Ж. «Менің Отанымның рәміздері» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. Түскі астан кейін,балалар ұлттық ойындар ойнады.Балалардың көңіл-күйі жақсы.Балалар кез келген ойынға қызығушылықпен қарап,араласып ойнады. Тәрбиеші Женсхан Ж. балалармен «Мен өз Отанымды мақтан етемін» тақырыбында эсселер мен суреттер сайысын жүргізді.Қорытындылай келгенде,оқушылар мемлекеттік рәміздерді біледі.Өздерінің білімдерін жан-жақты толықтыра алды.Сыныптан тыс шараларға белсене қатысып,еліміздің патриотты балалары екенін дәлелдеді.

Бесінші күн «Әуендер күні»

Мақсаты:   Балалардың музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының ән - би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру. Балаларды шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Таңертен балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып, таңғы жаттығу жасалды.

Таңғы астан кейін, география пәнінің мұғалімі Д.Б.Исина балалармен экология туралы әңгімелесті.Мектеп медбибісі А.М. Сеилханова жеке бас тазалығына байланысты «Тазалық гигиенасы» тақырыбында әңгіме жүргізді. Балалардың ой –өрісін дамыту мақсатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Р.А. Бакауов «Шахмат» ойынын ойнатты. Түскі астан кейін, тәрбиеші Ж.Женсхан балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Әуенді тап » музыкалық танымдық ойынның ойнатты.



Алтыншы күні «Жайдары жаз»

Мақсаты:   Балалардың жаз мезгілі туралы ұғымын кеңейту, жаз айларының ерекшелігін ұғындыру, жазғы табиғат өзгерістерін бақылап, әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Жаздай жайдары көңіл-күй орнату, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Бүгінгі күн таңғы жаттығудан басталды. Әр отряд өзінің тобымен, ұранымен, әңімен таныстырды. 

Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті.Ойындар арасында мектеп медбибісі,пән мұғалімі,тәрбиеші, дене шынықтырушы ат салысты. Таңғы астан кейін,тарих пәнінің мұғалімі Н.О.Бакауова өлкетану туралы балалармен әңгіме жүргізді. Мектеп медбибісі А.М. Сеилханова салауатты өмір салтына байланысты «Дұрыс тамақтану» тақырыбында әңгіме жүргізді.Дене шынықтырушы Р.А. Бакауов балалармен спорттық ойындар ойнады.Балалардың көңіл-күйі жақсы.Балалар кез келген ойынға қызығушылықпен қарап,араласып ойнады.Түскі астан кейін, тәрбиеші Ж. Женсхан балаларға «Қауіпсіздік демалыс» ойынын ойнатты.

Балалар «Жолдас көмекке асығады» жол жүру ережелері туралы мультипликациялық фильмді тамашалады



Жетінші күн «Саяхатшы күні»

Мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, дамыту.

Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке және табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Таңертең балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып,таңғы жаттығу жасалды.

Таңғы астан кейін, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Қ.Андасова «Поэзия әлемі» тақырыбында балалармен мәнерлеп оқу сайысын жүргізді.Мектеп медбибісі Сеилханова А.М. Дене сымбаты. Қол-аяққа арналған жаттығулар жасатты. Дене шынықтырушы Р.А. Бакауов балалармен спорттық ойындар ойнады.Балалардың көңіл-күйі жақсы.Балалар кез келген ойынға қызығушылықпен қарап,араласып ойнады.Түскі астан кейін, тәрбиеші Ж. Женсхан балаларға таза ауада «Көңілді бейсенбі» ойынын ойнатты.

Сегізінші күн «Бояулар әлемі күні»

Мақсаты: Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру.Жалпы өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру және ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Таңертең балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып,таза ауада таңғы жаттығу жасалды.

Таңғы астан кейін, технология пәнінің мұғалімі Қ.М. Жақсымбетов «Жас суретшілер» тақырыбында /сурет салу/ өткізді. Мектеп медбибісі А.М. Сеилханова «Қатерлі тұмау ауруларынан сақ бол!»тақырыбында жаңа ақпараттармен таныстырып мағлұмат берді. Мектеп психолог А.К.Абеуова «Адамгершілік айналайыннан басталады» /психологиялық тренинг/ әңгімелесу және ойын арқылы өткізді. Түскі астан кейін, тәрбиеші Ж.Женсхан балалардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Менің айналамдағы әлем» тақырыбында сурет сайысын өткізді.Дене шынықтырушы Р.А. Бакауов балалармен таза ауада қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатты.

Тоғызыншы күн «Спорт күні»

Мақсаты:Балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға баулу. Дұрыс күн тәртібімен жүруге, жарыс кезінде әділдікке, жолдастық сезімге тәрбиелеу.



Таңертең балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып,таза ауада таңғы жаттығу жасалды.

Таңғы астан кейін, дене шынықтырушы Р.А. Бакауов «Денсаулығым-байлығым» атты спорттық марафон өткізді. Мектеп медбибісі А.М. Сеилханова «Дұрыс тамақтану –денсаулық негізі» тақырыбында балалармен әңгіме жүргізді. Түскі астан кейін,дене шынықтырушы Р.А. Бакауов балалармен таза ауада ұлттық ойындар ойнатты. Балаларға ұлттық ойындарды ойнату арқылы, баланың жүрегіне ұлттық сана сезімді ұялату. Түскі астан кейін, тәрбиеші Ж.Женсхан балалардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында «Дәрумендер еліне саяхат» тақырыбында денсаулық сағатын өткізді.

Оныншы күн «Кітап күні»

Мақсаты: балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Оқушыларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.



Таңертең балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып,таза ауада таңғы жаттығу жасалды.

Таңғы астан кейін, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қ. Андасова «Поэзия әлемі» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Мектеп медбибісі А.М. Сеилханова «Тіс ауруларының алдын алу » тақырыбында балалармен кеңес жүргізді.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.С. Жексенова «XXI ғасыр көшбасшысы» тақырыбында балалармен интеллектуалды ойын өткізді. Түскі астан кейін, мектеп кітапханашысы Г.К. Айдарханова балалармен «Кітаптардың сиқыр әлемі » тақырыбында әңгімелесу жүргізді. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Менің атым Қожа» фильмін тамашалады.Дене шынықтырушы Р.А.Бакауов балалармен үстел ойындарын ( шашки, тоғызқұмалақ, шахмат) ойнатты.

Он бірінші күн «Мамандық күні»

Мақсаты:  балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.  Балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Таңертең балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып,таза ауада таңғы жаттығу жасалды.

Таңғы астан кейін, математика пәнінің мұғалімі Ж. Женсхан «Қызықты сағат» математикалық ойын жүргізді. Мектеп медбибісі А.М. Сеилханова «Салауатты өмір салты » тақырыбында балалармен әңгіме жүргізді.Аға тәлімгер К.Н. Смагулова «Мамандық сыры » тақырыбында мамандық туралы жаңа мағлұматтар берді.Балалар өздерінің мамандықтары туралы әңгімелейді.Түскі астан кейін, тәрбиеші Ж.Женсхан «Кім болам?» тақырыбында балаларға сайыс ұйымдастырды. Дене шынықтырушы Р.А.Бакауов балалармен үстел ойындарын ( шашки, тоғызқұмалақ, шахмат) ойнатты. Осы күніміздің жалғасында өрт сөндірушілер жұмыс орнына және кітапханаға саяхат жасадық. Ондағы жұмыс мамандары өз жұмыстары жайлы түсініктеме берді.

Он екінші күн «Мұражай күні»

Мақсаты: Балаларға  мұражайдың  таусылмас  қазына  екенін  ұғындырып,  өткен өмір  тарихын,  ескі  тарихын,  ескі  табиғи  заттардың   қадір-қасиетін,  өткен  мен  болашақты  жалғастырушысы  екенін  түсіндіру. Балаларды отансүйгіштікке және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Таңертең балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып,таза ауада таңғы жаттығу жасалды.Таңғы астан кейін, тарих пәнінің мұғалімі Н.О.Бакауова балалармен «Май ауданының шежіресі» тақырыбында әңгіме жүргізді. Мектеп медбибісі А.М. Сеилханова «Қандай жұқпалы ауруларды білесің » тақырыбында балаларға /сұрақ-жауап /жүргізді.География пәнінің мұғалімі «Табиғатты аяла!» тақырыбында /іс-шара/ ұйымдастырды. Түскі астан кейін, тәрбиеші Ж.Женсхан «Менің сүйікті қалам -Павлодар» тақырыбында плакаттар сайысын ұйымдастырды. Балалар аудандық мұражайға саяхатқа барды.Дене шынықтырушы Р.А.Бакауов балалармен үстел ойындарын ( шашки, тоғызқұмалақ, шахмат) ойнатты.



Он үшінші күн «Қоштасу күні».Мақсаты: балалардыңдың логикалық өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін дамыту, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. Балаларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Таңертең балаларды жақсы көңіл-күймен қарсы алып,таза ауада таңғы жаттығу жасалды.Таңғы астан кейін, тәрбиеші Ж.Женсхан «Жайдары жаз» тақырыбында қауіпсіздік ережелерін еске салды. Балалар өз ойларын айтып, не қызықтыратыны жөнінде әңгімеледі. Жайдарлы жазды көңілді жалғастыруларына тілек білдірілді.



Лагерь меңгерушісі: К.Н.Смагулова

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау