Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет27/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35

 
 
 
«Химия» пəнінен оқу бағдарламасы 
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 
 
 
1. Түсінік хат 
 
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 
23  тамыздағы  №1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
сəйкес əзірленген. 
2.Қоғамдық-гуманитарлық 
бағыттағы 10-11-сыныптарға 
арналған 
«Химия»  оқу  пəнін  оқытудың  мақсаты  əлемнің  кешенді  жаратылыстану-
ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық жəне 
интеллектуалдық  қабілетті,  əмбебап  коммуникациялық  біліктілік  пен 
функционалды  сауаттылықты  дамыту,  денсаулық  сақтау  мен  туған  өлкенің 
табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тəрбиелеу болып 
табылады. 
3.Оқыту міндеттері: 
1)  химияға  жаратылыстану  мен  жалпы  адамзат  мəдениетінің  негізгі 
құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту; 
2)  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  пəндермен  интеграциялау 
арқылы оқушының химиялық білімі мен зерттеу мəдениетін қалыптастыру; 
3)  күнделікті  өмірде,  химиялық  лаборатория  мен  өндірісте,  табиғатта 
болатын химиялық құбылыстарды бақылау жəне оларды түсіндіруді игеру; 
4)  қауіпсіздік  техникасын  сақтай  отырып,  заттар  мен  лабораториялық 
құралдарды  қолданып,  қарапайым  химиялық  тəжірибелерді  жасау  мен 
түсіндіру дағдысын жетілдіру; 
5)  адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық 
мəні мен гуманистік бағыттылығын дамыту; 
6)  оқушының  химиядан  алған  білімі  мен  біліктілігін  заттар  мен 
материалдарды  тұрмыста,  ауыл  шаруашылығында  жəне  өндірісте  қауіпсіз 
пайдалануға,  адам  денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  кері  əсерін  тигізетін 
құбылыстардың алдын алуға қолдану. 
4.  Химияны  жүйелік-іс-əрекеттік  тұрғыдан  дамыта  оқыту  кезінде 
пəндермен байланысы ескерілді. 
5. 
«Билогия» пəнімен: 
1)  микро,  макроэлементтердің  (металл  жəне  бейметалл)  биологиялық 
маңызы; 
2)  көмірсу,  май,  белок,  амин  қышқылдарының  биологиялық  жəне 
қоректік маңызы; 
3) əртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі. 
6. 
«География» пəнімен: 
 
 


1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай жəне табиғи газдың кен орындары; 
2) негізгі металлургиялық, химиялық жəне өңдеуші өндірістер; 
3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану. 
7. 
«Алгебра жəне геометрия» пəнімен: 
1)  заттың  сандық  құрамын  анықтауда  математикалық  есептеулерді 
қолдану; 
2)  химиялық  реакция  теңдеулері  бойынша  есептеулерде  формулаларды 
қолдану; 
3)  электрондық  бұлттың  кеңістіктегі  құрылысы  мен  молекулалар 
геометриясы. 
8. 
«Физика» пəнімен: 
1)  атомның,  ядроның  құрамы  мен  құрылысы,  изотоптар,  радиактивтілік, 
ядролық реакциялар; 
2) зат құрылысының атом-молекулалық ілімі, зат массаның сақталу заңы; 
3) заттардың агрегаттық күйлері, кристалдық торлар. 
9. 
«Информатика» пəнімен: 
1)  электрондық  оқулықтар,  əдістемелер,  виртуалды  лабораториялармен 
жұмыс істеу; 
2)  компьютерлік  бағдарламаларды  қолданып,  презентация,  жобаларды 
жасау; 
3) Интернеттен қосымша материалдар іздеу. 
10. «Химия» пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
10-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан; 
11-сыныпта оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан 
 
 
2. Оқу пəнінің 10 сынып оқу пəнінің базалық мазмұны 
 
11. Атом  құрылысы  теориясы  тұрғысынан  периодтық  заң,  химиялық 
байланыс жəне зат құрылысы (8 сағат): 
атом  құрылысы  теориясы  тұрғысынан  периодтық  заң  жəне  химиялық 
элементтердің периодтық жүйесі, химиялық элемент, атом, ион, молекула жəне 
олардың  сипаттамалары,  негізгі  топша  элементтерінің  қасиетінің  өзгеруінің 
периодтылығы,  олардың  жоғары  оксидтері  мен  гидроксидтері  қасиеттерінің, 
сутекті қосылыстарының тұрақтылығының өзгеруінің периодтылығы; 
ғылым  мен  технологияның  дамуындағы  жəне  қоршаған  ортаның 
химиялық бейнесін түсінудегі периодтық заңның маңызы; 
химиялық байланыс типтері: коваленттік (полюсті, полюссіз), иондық; 
атомдық,  молекулалық  жəне  иондық  кристалдық  торлар,  металдық 
байланыс жəне металдық кристалдық тор, сутектік байланыс: молекула-аралық, 
молекулаішілік сутектік байланыстың түзілу механизмі мен оның маңызы; 
жай  жəне  күрделі  заттар  қасиеттерінің  молекулаларының  химиялық, 
электрондық жəне кеңістік құрылысына, атомдардың өзара əсеріне, кристалдық 
торы мен химиялық байланыс типіне тəуелділігі; 
сан есептері мен жаттығулар: 
 
 


масса,  көлем,  зат  мөлшері,  Авогадро  саны,  молекулалық  формула, 
қосылыстағы  химиялық  элементтің  массалық  үлесі  ұғымдарын  пайдалана 
отырып химиялық формулалар бойынша есептер шығару; 
№1 көрсетілімдер:  
химиялық элементтердің заманауи периодтық жүйесі; 
атомдар құрылысының моделі; 
кейбір металдар мен бейметалдар, олардың қосылыстарының үлгілері; 
натрий хлориді, графит, алмаз, көміртек (ІV) оксиді, мыстың кристалдық 
торының модельдері; 
əртүрлі  химиялық  байланысы  бар  зат  үлгілері:  кремний  (ІV)  оксиді, 
натрий хлориді. 
№1 лабораториялық тəжірибе: 
ІІІ периодтағы химиялық элементтер атомдарының қышқылдық-негіздік, 
тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгерісін зерттеу. 
№2 лабораториялық тəжірибе: 
Хлорсутек,  су,  күкіртсутек,  аммиак,  метан  молекулаларының  моделін 
жасау. 
Қыздырудың  суға,  натрий  хлоридіне,  кремний  (ІV)  оксидіне  жəне  қантқа 
əсері. 
№1 практикалық жұмыс: 
«Бейорганикалық  қосылыстардың  кластары  арасындағы  генетикалық 
байланыс» тақырыбына эксперименттік есептер шығару. 
12. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары, химиялық 
реакциялар жəне олардың жүру заңдылықтары (8 сағат): 
жай,  бинарлы  жəне  күрделі  бейорганикалық  қосылыстардың  жіктелуі, 
жалпы сипаттамасы;  
гидридтер,  оксидтер,  қышқылдар,  негіздер  жəне  тұздардың  химиялық 
қасиеттері, олардың арасындағы генетикалық байланыс; 
тұздар  гидролизі,  тотығу-тотықсыздану  реакциялары,  химиялық 
реакциялар жəне заттардың табиғаттағы айналымы, олардың маңызы; 
химиялық  реакция  жылдамдығы  жəне  оған  əсер  ететін  факторлар, 
химиялық тепе-теңдік жəне оның ығысуына əсер етуші жағдайлар, Ле Шателье-
Браун принциптері. 
Сандық есептер: 
термохимиялық  теңдеу  бойынша  есептеулер  жəне  реакцияның  жылу 
эффектісін есептеу; 
химиялық тепе-теңдік ығысуына жаттығулар. 
№2 көрсетілімдер 
экзо-, эндотермиялық реакцияларға мысалдар; 
химиялық  реакция  жылдамдығының  əр  түрлі  факторларға  тəуелділігін 
зерттеу. 
№3 лабораториялық тəжірибе: 
негіз,  қышқыл,  тұздардың  химиялық  қасиетін  көрсететін  химиялық 
реакциялар. 
№4 лабораториялық тəжірибе: 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау