Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Тақырып/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны
|
Оқыту мақсаты
|
1-тоқсан
|
11.1A
14-топ элементтері
|
14 (ІV)топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі
|
11.2.1.1 14 -(ІV) топ элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
|
14(ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері.
Лабораториялық жұмыс №1 «Қорғасын, қалайы және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері»
|
11.2.1.2 14 -(ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
11.2.2.1 -параллель жүретін реакциялар теңдеулері бойынша есептер шығару;
|
Әр түрлі тотығу дәрежелерін көрсететін 14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері
|
11.2.1.3 14 -(ІV) топ элементтерінің +2 және +4 тотығу дәрежелі оксидтерінің қасиеттерін түсіндіру;
11.2.1.4 14- (ІV) топ элементтерінің сулы ерітіндідегі +2 және +4 тотығу дәрежелі қосылыстардың салыстырмалы тұрақтылығын болжау;
|
Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері
|
11.2.1.5 14 -(ІV) топ элементтерінің жай заттары және химиялық қосылыстарының алыну әдістерінің реакция теңдеулерін құру;
11.2.1.6 14 -(ІV) топ элементтерінің және оның қосылыстарының таралуы және қолданылуы туралы мәліметтерді талдай білу;
|
11.1 Азот және күкірт
|
Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері
|
11.2.1.7- азот молекуласының химиялық белсенділігінің төменділігін түсіндіру;
|
Аммиак және аммоний тұздары.
Лабораториялық жұмыс №2 «Аммоний ионына сапалық реакция»
|
11.2.1.8- аммоний ионындағы байланыстардың түзілу механизмін ажырату;
11.2.1.9- газ тәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
|
Аммиакты өнеркәсіпте алу
|
11.2.1.10 - аммиакты өнеркәсіпте өндірудің (Габер процесі) ғылыми принциптерін түсіндіру;
|
Азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы
|
11.2.1.11- азот тыңайтқыштары өндірісі үдерісінің химизмін түсіндіру;
|
Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері. Практикалық жұмыс №1 «Ауыз судағы және жемістердегі нитраттарды анықтау»
|
11.2.1.12 -азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;
11.2.1.13- азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну;
|
Күкірттісутек және сульфидтер.
Лабораториялық жұмыс №3 «Сульфид - ионына сапалық реакция»
|
11.2.1.14- күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін түсіндіру;
11.2.1.15- сульфид ‑ ионын тәжірибе жүзінде анықтау;
|
Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар.
Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану.
Көрсетілім №1 «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері»
|
11.2.1.16- атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттау;
11.2.1.17- тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атау;
11.2.2.2- тізбектеле жүретін реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;
|
Күкірт қышқылын алудың контакт әдісі
|
11.2.1.18 -күкірт қышқылын жанасу әдісімен алу процесін түсіндіру;
11.2.1.19 -күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің ғылыми принциптерін түсіндіре алу;
11.2.1.20- күкірт қышқылының қолданылу аймағын атау;
11.2.2.3 -олеумнің түзілуіне және сұйытылуына есептер шығару;
|
11.1
Қышқыл және негіз ерітінділері
|
Қышқыл‑негіздік теория
|
11.3.4.1- Аррениус, Льюис және Бренстед-Лоури теорияларын және олардың қолдану шектерін сипаттау;
|
Судың иондық көбейтіндісі.
Сутектік көрсеткіш
Лабораториялық жұмыс №4 «HCl және NaOH ерітінділерінің рН –ын анықтау»
|
11.3.4.2- судың иондық көбейтіндісін білу;
11.3.4.3- сутектік көрсеткішті -log[H+] ретінде түсіну және ерітіндінің рН‑ін концентрацияға [Н+] және кері түрлендіру;
11.3.4.4- күшті қышқыл және күшті негіздің pH‑ін есептеу;
|
Қышқыл және негіздер күші. Диссоциациялану дәрежесі. Оствальдтың сұйылу заңы
|
11.3.4.5 -әлсіз қышқылдар мен негіздердің сулы ерітіндіде диссоциациялануын түсіндіру;
11.3.4.6- әлсіз қышқылдар мен негіздердің диссоциациялану константасының өрнегін жаза алу және Оствальдтың сұйылту заңының қолданылуына есептер шығару;
|
Буферлі ерітінділер
|
11.3.4.7- буферлі ерітінділердің әсер ету принципін түсіндіру;
11.3.4.8- буферлі ерітінділердің қолдану аймағын атау;
|
Қышқылды -негіздік титрлеу.
Практикалық жұмыс №2 «Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу»
|
11.3.4.9- қышқыл-негіздік титрлеудің мәнін түсіну;
11.3.4.10- күшті негізді күшті қышқылмен титрлеуді жүргізу;
11.3.4.11- титрлеу нәтижесі бойынша есептеулер жүргізу;
|
11.1
Циклді қосылыстардың номенклатурасы және изомериясы
|
Ароматты және гетероциклді қосылыстар үшін
IUPAC номенклатурасы
|
11.4.2.1 Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша циклді, ароматты және гетероциклді қосылыстарды атау;
|
Ассимметриялық көміртегі атомы.
Кеңістіктік изомерлер
|
11.4.2.2 -геометриялық изомерлердің (E-Z) құрылымдық формуласын құрастыру;
11.4.2.3 -қосылыстардағы ассимметриялық көміртегі атомын анықтау;
11.4.2.4 -хиральдік құбылысын түсіндіру;
|
Оптикалық изомерлер
|
11.4.2.5 -оптикалық изомерлердің құрылымдық формуласын құрастыру;
11.4.2.6- «оптикалық белсенділік», «энантиомер», «рацемат» ұғымдарын түсіндіру;
|
2-тоқсан
|
11.2 Карбонилді қосылыстар
|
Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы
|
11.4.2.7- альдегидтер және кетондардың функциональды топтарының құрылысын білу;
11.4.2.8- альдегидтер және кетондардың құрылымдық формулаларынқұрастыру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атау;
|
Альдегидтер және кетондардың алынуы
|
11.4.2.9- альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру;
|
Альдегидтер және кетондардың тотығу, нуклеофильді қосылу реакциялары.
Практикалық жұмыс №3 «Альдегидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу»
|
11.4.2.10- альдегидтер және кетондарды тәжірибе жүзінде анықтау;
11.4.2.11- альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану өнімдерінің реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.12- альдегидтер және кетондардың нуклеофильді қосылу реакциясына мысалдар келтіру;
|
Карбон қышқылдарының
қасиеттері.
Лабораториялық жұмыс №5 «Карбон қышқылының алынуы және қасиеттері»
|
11.4.2.13 -карбон қышқылдарының физикалық қасиеттерін және алыну жолдарын түсіндіру;
11.4.2.14- карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
|
Этерификация
реакциясы.
Күрделі эфирлер және сабын.
Практикалық жұмыс №4 «Күрделі эфирлердің алынуы және қасиеттері»
|
11.4.2.15 -этерификация реакциясының механизмін сипаттау;
11.4.2.16 -карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау;
|
11.2B Ауыспалы металдар
|
Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы.
Лабораториялық жұмыс №6 «Ауыспалы металдар тұздарының қасиеттері»
|
11.2.1.21 -Ti –Сu атомдарының электрондық құрылысына сүйене отырып, қандай металдар ауыспалы болатындығын түсіндіру;
11. 2.1.22 -ауыспалы элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсететінін білу;
11.2.1.23- атомдар құрылысы негізінде ауыспалы металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру;
11.2.2.4 -орынбасу реакциялары теңдеулері бойынша есептер шығару;
|
Кешенді қосылыстар.
Лабораториялық жұмыс №7 «Ауыспалы металдар кешенді иондарының қасиеттері»
|
11.2.1.24 -кешенді қосылыстар химиясының негізгі ұғымдарына анықтама беру;
11.2.1.25- ауыспалы металдардың кешен түзу реакцияларының оның шінде мыс (+2) кешендерінің, темір (+2, +3) кешендерінің сумен және аммиакпен құрастыру және олардың түсін білу;
11.2.1.26 - ауыспалы металдардың кешенді қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттау;
|
Ауыспалы металдардың биологиялық ролі.
|
11.2.1.27- гемоглобин құрамында темір (+2) кешенінің болатынын түсіндіру және оттегін тасымалдаудағы оның ролін түсіну;
11.2.1.28- иіс газымен улану қалай жүретіндігін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдісін сипаттау;
11.2.1.29- кейбір металдардың кешенді қосылыстары қатерлі ісіктің түзілуінің алдын алу үшін қолданылатындығын білу;
|
11.2
Ароматты қосылыстар қатары
|
Бензол молекуласының құрылысы.
Лабораториялық жұмыс №8 «Бензол және толуол молекуласының моделін құрастыру»
|
11.4.2.17- бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;
|
Бензол және оның гомологтарын алу
|
11.4.2.18- бензол және оның гомологтарын алу реакцияларын құрастыру;
|
Бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.
Практикалық жұмыс №5 «Ароматты қосылыстарға тән реакциялар»
|
11.4.2.19- электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласындағы байланыстардың түзілу және үзілу энергиясын түсіндіру;
11.4.2.20- бензол және оның гомологтарына тән қосылу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.21- бензолды нитрлеу және галогендеу реакциясының механизмін түсіндіру;
11.4.2.22- органикалық қосылыстар синтезі үшін бензол реакциясының маңыздылығын түсіндіру;
11.4.2.23- толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру;
|
3-тоқсан
|
11.3
Аминдер және аминқышқылдар
|
Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы.
Лабораториялық жұмыс №9 «Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін құрастыру»
|
11.5.1.1- аминдердің жіктелуін және номенклатурасын атау;
11.5.1.2 -аммиак және аминдер құрылымын салыстыру;
|
Аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы.
Лабораториялық жұмыс №10 «Аминдер реакциясы және оларды аммиак қасиеттерімен салыстыру»
|
11.5.1.3- аминдердің физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.5.1.4- аммиак, аминдер және анилиннің негіздік қасиеттерін салыстыру;
11.5.1.5 - нитрилдерді тотықсыздандыру арқылы және галогеналкандардан нуклеофильді орынбасу реакциялары арқылы аминдердің түзілу механизмін сипаттау;
11.5.1.6- нитроқосылыстарды тотықсыздандырып анилин алу реакциясы теңдеуін құрастыру;
|
Аминқышқылдар: құрамы, құрылысы, биологиялық ролі
Лабораториялық жұмыс №11 «Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртегі атомдарын анықтау»
|
11.5.1.7- аминқышқылдардың жүйелі және тривиальді аталуын атау;
11.5.1.8 -аминқышқылдардың құрамын, құрылысын сипаттау;
11.5.1.9- алмастырылатын және алмастырылмайтын аминқышқылдардың биологиялық ролін түсіндіру;
|
Аминқышқылдар қасиеттері.
Лабораториялық жұмыс №12 «Аминқышқылдар қасиеттері»
|
11.5.1.10 -аминқышқылдардың биполярлы иондар түзу қабілетін түсіндіру;
11.5.1.11- аминқышқылдардың екідайлылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу;
|
Пептидтік байланыс. Ақуыздың түзілуі
|
11.5.1.12- α-аминқышқылдардан ақуыздар алу кезінде пептидтік байланыстардың түзілуін түсіндіру;
11.5.1.13 -ақуыздар гидролизнің реакция
теңдеуін құрастыру;
|
11.3 Синтетикалық полимерлер
|
Жоғарымолекулалы қосылыстар химиясының негізгі ұғымдары
|
11.4.2.24- «мономер», «құрылымдық» «буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» негізгі ұғымдарын білу;
|
Полимерлену реакциясы
Лабораториялық жұмыс №13
«Полимерлену реакциясы»
|
11.4.2.25- полимерлену реакциясы теңдеулерін құрастыру;
|
Поликонденсация реакциялары: полиамидтер мен полиэфирлер
|
11.4.2.26- поликонденсация реакциясы теңдеулерін құру;
11.4.2.27 -поликонденсация реакциясы негізінде алынатын полимерлер гидролизденіп, биологиялық ыдырай алатынын түсіну;
|
Пластиктердің
қолданылуы және қоршаған ортаға әсері.
Практикалық жұмыс №6 «Пластмассаларды және талшықтарды тану»
|
11.4.2.28 -полиэтилен, полипропилен, полистирол, тефлон, поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полиэфир, фенолформальдегид шайыры және олардың негізінде алынған пластмассалардың қасиеттерін, қолдану аймағын атау;
11.4.2.29 -пластмасса және талшықтарды тәжірибе жүзінде анықтау;
11.4.2.30 -қоршаған ортаға пластиктер өндірісінің және қолданысының әсерін талдау;
11.4.2.31 -полимерлерді утилизациялау процесін сипаттау;
|
11.3
Жаңа заттарды және материалдарды өндіру
|
Жаңа материалдар
|
11.4.2.32 -жаңа материалдарды жасаумен және өндірумен айналысатын ғылымдар саласын білу;
|
Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар
|
11.4.2.33 -аспиринді, таксолды физиологиялық белсендігі жоғары табиғи және синтетикалық қосылыстардың өкілдері ретінде атау;
11.4.2.34 - физиологиялық белсенділік үшін хиральділік және молекулалық қабаттың маңыздылығын түсіндіру;
|
Дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру
|
11.4.2.35 -синтетикалық дәрілік препарат үлгісі ретінде аспиринді алу процесін сипаттау;
11.4.2.36 -дәрілік заттарды өндіру проблемаларын тізімдеу;
|
Нанотехнология.
Нанобөлшектер және наношкала
|
11.4.2.37 -«нанохимия» және «нанотехнология» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;
11.4.2.38 -нанобөлшектерді синтездеу және зерттеу әдістерін сипаттау;
11.4.2.39 -нанобөлшектердің қолдану аймағын атау;
|
Нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы
|
11.4.2.40 -наноматериалдардың ерекшеліктерін сипаттау;
11.4.2.41- көміртекті нанобөлшектер құрылымын сипаттау: фуллерен С60, графен, нанотүтік, наножіп, наноталшықтар;
11.4.2.42- кристалдарды өсіру және полимеризациялау жолымен наноматериалдардың алынуын сипаттау;
|
Полимерлер
|
11.4.2.43- жаңа полимерлер және композициялық материалдар өндірудің маңыздылығын түсіндіру;
|
Жаңа материалдардың практикалық мәні
|
11.4.2.44- адамзаттың әр түрлі бағыттағы іс‑әрекетін дамыту үшін жаңа материалдардың практикалық маңызын бағалау;
|
11.3
Металдар өндірісі
|
Металдар және құймаларды алу
|
11.2.3.1- металдарды алудың маңызды әдістерін талдау: гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;
11.2.3.2- ғылымда, техникада және тұрмыста қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;
11.2.3.3- шойын және болатты алу әдістерін және қасиеттерін сипаттау;
|
Электролизді өнеркәсіпте қолдану.
Лабораториялық жұмыс №14 «Металл заттарын гальваникалық қаптау»
|
11.2.3.4- металдарды электролизбен алу әдісін түсіндіру;
11.2.3.5- гальваностегия, гальванопластика процестерін ажырату;
11.2.3.6- коррозиядан қорғау және декоративті мақсаттар үшін гальваникалық жабындарды қолдану принциптерін зерделеу;
|
Химиялық өндірістің ғылыми принциптері
|
11.2.3.7- химиялық өндірістің жалпы ғылыми принциптерін атау;
11.2.3.8 - екіншілік қайта өңдеудің қажеттілігін негіздеу;
|
Металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары
|
11.2.3.9 -металлургия өнеркәсібінің экологиялық
проблемаларын түсіндіру;
|
4-тоқсан
|
11.4
Тірі ағза химиясы
|
Көмірсулар: глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлоза
|
11.5.1.14- глюкоза, фруктоза, рибоза, дезоксирибоза, сахароза, крахмал және целлюлозаның молекулаларының сызықты және циклді формасын құрастыру;
|
Құрылысы, қасиеттері және қолданылуы.
Практикалық жұмыс №7 «Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»
|
11.5.1.15- глюкозаның функционалдық топтарын тәжірибе жүзінде анықтау;
11.5.1.16 -глюкозаның спирттік, сүт қышқылды, май қышқылды ашу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.5.1.17 -крахмалға сапалық реакция жүргізу;
11.5.1.18 -сахароза, крахмал, целлюлозаның гидролиз өнімдерін атау;
11.5.1.19 -крахмал және целлюлозаның құрылысын, қасиеттерін салыстыру;
|
Ақуыздар.
Ақуыз молекулаларының құрылымы
|
11.5.1.20 -өмір үшін ақуыздардың ролін сипаттау;
11.5.1.21 -ақуыздың бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдарын ажырату;
11.5.1.22 -ақуыздың әр түрлі құрылымдарының пішінін анықтайтын факторларды атау;
11.5.1.23 -ақуыз қасиеттерінің аминқышқылдардың сапалық және сандық құрамына тәуелділігін сипаттау;
|
Полипептидтер құрылымын анықтау.
Практикалық жұмыс №8 «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары»
|
11.5.1.24 -гидролиз реакциясы бойынша берілген деректер негізінде полипептидтің құрамын анықтау;
11.5.1.25- ақуызға сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау;
11.5.1.26 -ақуыздардың денатурациясы реакциясын тәжірибе жүзінде жасау;
|
Ферменттер ролі және қолданылуы
|
11.5.1.27 -«құлып және кілт» моделі тұрғысынан ферменттердің әрекетін және ферментативті катализ процесін түсіндіру;
11.5.1.28 -ингибирлі бәсекелестікті түсіндіру;
|
дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымы.
Практикалық жұмыс №9 «Банан және пияздан ДНҚ бөліп алу».
Лаборатриялық жұмыс №15 «дезоксирибонуклеин қышқылының моделін жасау»
|
11.5.1.29- дезоксирибонуклеин қышқылының құрылымы моделін сипаттау;
11.5.1.30- дезоксирибонуклеин қышқылының молекуласындағы ақуыздың біріншілік құрылымын кодтау жүйесін түсіндіру;
|
Аденозинтрифосфат және энергия
|
11.5.1.31 - аденозинтрифосфат
гидролизі құрылымын және сызбасын құрастыру;
|
Биологиялық маңызды металдар
|
11.5.1.32- биологиялық маңызды металдар: темір, магний, кальций, калий, натрийдің ролін бағалау;
|
Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы
|
11.5.1.33- қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау;
|
Ауыр металдардың ақуызға әсері.
Лаборатриялық жұмыс № 16 «Қорғасын ацетатының ақуызға әсері»
|
11.5.1.34 -ауыр металдардың тірі ағзаға уытты әсерін түсіндіру;
|
11.4 Органикалық синтез
|
Органикалық қосылыстардағы
негізгі функционалдық топтар.
Лаборатриялық жұмыс №17 «Органикалық заттарға сапалық реакциялар»
|
11.4.2.45- сапалық реакциялар көмегімен функционалды топтарды анықтау;
11.4.2.46 -физикалық және химиялық сынақ көмегімен қосылыстарды анықтау
11.4.2.47- физикалық және химиялық қасиеттері бойынша заттарды анықтауға арналған есептер шығару;
|
Органикалық заттардың генетикалық байланысы. Практикалық жұмыс №10 «Тізбекті айналымдағы заттарды тану»
Практикалық жұмыс №11 «Экспериментальды есептер шығару»
|
11.4.2.48- органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысын сипаттау;
11.4.2.49- қарапайым органикалық синтезді жүргізе алу және түзілген өнімнің шығымын бағалау;
11.4.2.50- органикалық заттардың генетикалық байланысы негізінде өзгерістер тізбегін құрастыру;
|
11.4
«Жасыл химия»
|
«Жасыл химияның» 12 принципі.
Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы
|
11.4.1.1 -«Жасыл химияның» 12 принципін атау және оны түсіндіру;
11.4.1.2 атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану масштабын түсіндіру;
|
Жердің озон қабатының бұзылуы
|
11.4.1.3- озон қабатының бұзылу себептерін зерделеу;
|
Ғаламдық жылыну
Мини- жоба: «Қоршаған ортаны қорғау»
|
11.4.1.4 - «парникті эффектінің» әсерін болжау;
11.4.1.5- «парникті эффектінің» және озон қабатының бұзылу мәселелерін ажырату;
11.4.1.6 ғаламдық мәселелерді шешудің
жолдарын бағалау;
|