Тәжірибелік сабақ №9
1. Тақырыбы: Антигипертензивті дәрілер, Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер.Орталық β2-адре-номиметиктер,ганглиоблокаторлар. Ренин-ангиотензин жүйесіне
(РАЖ) әсер ететін дәрілер. Симпатолитиктер. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілер; Ілмектік диуретиктер.Әртүрлі топ диуретиктері. Триметазидин.дихлоргидрат (предуктал),
2. Сабақтың мақсаты: Антигипертензивті препараттарды дұрыс тағайындап, практикалық қызметте рецептуралық жазылымдарды құрастырумен рецептерді безендірудің ұстанымдарын қолдану, олардың фармакодинамикасын және фармакокинетикасын, көрсеткіштерін, қарсы көрсеткіштерін және кері әсерлерін түсіндіру.
3.Оқыту мақсаты: Антигипертензивті препараттарды дұрыс тағайындап, практикалық қызметте рецептуралық ережелерді қолданып , дәрлік рецептерді жазу.
жүрек – қан тамырлар жүйесіне әсер ететін дәрілік заттардың жіктелуін, номенклатурасын, әсер ету механизмдерін, фармакологиялық қасиеттерін түсіндіру;
жүрек ақаулары, артериялық гипертензия, коронарлы жетіспеушілік синдромында, артериялық гипотензия, кенеттік өлім синдромы, бұзылған ырғақ синдромы, жүректің жіті және созылмалы жетіспеушілігінде этиотропты, патогенетикалық және симптомдық терапияның негізгі принциптерімен таныстыру;
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Антиангинальды препараттардың жіктелуі.
β-адреноблокаторлардың әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері.
Әсер ету механизміне қарай органикалық β-адреноблокаторлардың жіктелуі, әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері. Балалардағы ерекшеліктері.
Антигипоксанттар әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері. Балалардағы ерекшеліктері.
Антикоагулянттар мен антиагреганттар әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері. Балалардағы ерекшеліктері.
ЖИА-ны емдеуде қолданылатын басқа препараттар.
Құрамдастырылған терапия. Негізгі препараттардың әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері.
Стенокардияны емдеуге арналған антиангинальды дәрілер, таайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, әсер ету механизмі, коррекциясы.
9. Ренин- ангиотензин жүйесі.
10. АПФ ингибиторлары, әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері. Балалардағы ерекшеліктері.
11 Миотропты дәрілер, әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері. Балалардағы ерекшеліктері.
12. Зәр айдайтын дәрілер, әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері. Балалардағы ерекшеліктері.
13. Тиазидті диуретиктер, әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері. Балалардағы ерекшеліктері.
14. Артериялық гипертензия синдромын емдеуде дәрілерді таңдау.
Құрамдастырылған терапия. Негізгі препараттардың әсер ету механизмі, тағайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, кері әсері.
16.Артериялық гипертензия синдромын емдеуге арналған антигипотензивті дәрілер, таайындау көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері, әсер ету механизмі, коррекциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |