В |
Жақсы
|
80-85
|
7
|
4-6
|
Г
|
Жақсы
|
33-47
|
65-84
|
1
|
9. Препаратты анықтаңыз:
- гАМҚ-ның антагонисті болып табылады;
- грамтеріс және грамоң бактерияларды жақсы жояды;
- өзгермеген күйінде бүйрек арқылы шығады;
- құрылысында хинолон сақинасының 6 қалпында фторы бар.
10. Препаратты анықтаңыз:
- негізінен грамтеріс бактерияларға ғана әсер етеді;
- ДНК - липазаны тежей отырып, ДНК – түзілуін бұзады;
- зат бүйректерде жоғары концентрацияда жиналады;
- бактерияларға қарсы төзімділік тез дамиды;
фотодерматоздың, жарықтан қорқудың, аллергияның, көз көруінің нашарлауының байқалуы мүмкін.
11. Дизентериямен ауырған 5 жасар балаға врач кең спектірлі антибиотик берді. Бала дәріні жақсы қабылдауы үшін мейірбике оны сүтпен бірге берді. Бірақ кішкентай пациенттің жағдайы 7 күн емнен кейін жақсарған жоқ. Препараттың нәтижелі болмағандығы неде? Врач қандай дәрі тағайындаған? Осы жағдайдағы сіздің тактикаңыз?
12.Күшейтілген терапия палатысында сепсиспен науқас жатты. Бактериологиялық зерттеуде стафилококк анықталды. Врач оған бензилпенициллин тағайындаған, бірақ бірнеше күн емнен кейін науқастың жағдайы жақсарған жоқ. Неге бензилпенициллин әсерінің нәтижесі болған жоқ? Қалай емдеу керек?
13. А. және Б. препараттарын анықтаңыз: А. – негізінен грампозитивті флораға әсер етеді, бұлшық етке егіледі, биосинтетикалық препарат, клетка қабырғасының синтезін бұзады, 95-98% стафилококктар оған резистентті болады, анафилаксия шогын тудырады. Б. - әсерінің спектрі грамм негативті микрофлораға кеңейтілген, бұлшық етке егіледі және per os қабылданады, комбинирленген перапарат, клетка қабырғасының синтезін бұзады, стафилококктар тудырған инфекцияларда жақсы әсер береді, қан түзгіш органдардың функциясын тежейді.
14.Науқас ұзақ уақыт антибиотикпен емделгенде ультракүлгін сәулеге сезімталдығы жоғарлады, бауыры үлкейді, ауыз қуысының кілегей қабатында ақ дақтар пайда болды. Науқас қандай дәрі қабылдаған?
15.Ауруханаға асқынған сепсиспен ауру түсті. Оның жарасын қарағанда спецификалық иісі бар ірін анықталды. Ауруханаға дейін науқас биосинтетикалық пенициллиндермен емделген, бірақ жағдайы жақсарған жоқ. Бұл науқасты сіз қалай емдейсіз?
16. Бактериальды менингитпен ауыратын баланы А. антибиотигімен емдеген. Антибиотик өсу фазасындағы микробтарға бактерицидті әсер етті. Әсерін тездету үшін, ол дәріні Б. антибиотигімен бірге берген. Б. антибиотигі барлық стадиядағы микроорганизмдерге бактериоцидты әсер етеді. Осы комбинация дұрыс па?
17. Бактерильды инфекциямен ауыратын науқасты өсу фазасындағы микроорганизмдерге бактерицидты әсер ететін антибиотикпен емдеген. Әсерін күшейту үшін, оны врач кең спектрлі бактериостатикалық әсер ететін антибиотикпен бірге берген. Осы комбинация дұрыс па?
18.А. және Б. антибиотиктер бірге көк ірінді таяқшалары тудырған жарақат инфекциясын емдеуге қолданды. Олар жақсы терапиялық әсер берді, бірақ бүйректің қызметі бұзылды. Қандай препарат қолданған?
19.Ішек қалыпты микрофлорасының сапрофитты – энтеробактер тудырған зәр жолдарының инфекциясымен науқас ауруханаға түсті. Бұл инфекцияны емдеуге қандай антибиотиктерді қолданасыз?
20.Ауруханаға инфицирленген жарамен науқас түсті. Бактериялық зерттеу нәтижесінде вульгарды протей анықталды. Қандай антибиотиктерді қолданасыз?
21.Ауруханаға гемофильды таяқшасы тудырған жедел менингитпен науқас түсті. Қандай антибиотиктер бересіз?
22.Жедел пневмониямен ауруханаға науқас түсті. Бактериялық зерттеу нәтижесінде клебсиеллалар анықталды. Қандай антибиотиктер қолданасыз?
Достарыңызбен бөлісу: |