Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсын ақпараттық толықтыру
Жаднамасы
Жалпы ережелер
Осы жаднама Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы сәйкес әзірленіп, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына (бұдан әрі – ресми интернет-ресурс) ақпараттық материалдардың дайындалу, ұсыну, орналастыру тәртіптерін және жаңарту мерзімін белгілейді.
2. Ресми интернет-ресурстың құрылымы және орналастырылатын ақпараттардың құрамы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсының құрылымы мен онда орналастырылатын ақпараттардың құрамы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 89 «Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен айқындалған орналастырылуы міндетті ақпараттар мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қызметіне қатысты ақпараттар қамтылуы керек.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсының тақырыптық бөлімдеріндегі ақпараттардың мазмұнына қойылатын талаптар тізбесі мен тақырыптық бөлімдерге орналастырылатын ақпараттарды ұсыну формаларына қойылатын талаптар 1 - қосымшада көрсетілген.
Облыстық басқармалар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсында өз веб-парақтарын ашып, мынадай мәліметтерді орналастыра алады.
Аудан, қала әкімдіктерінің жеке Интернет-ресурсы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 89 «Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен айқындалған ақпаратты орналастырады.
3. Ақпараттық қамтамасыз ету
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылатын ақпараттық материалдар динамикалық және статистикалық ақпараттар болып бөлінеді.
Динамикалық ақпараттарға – мемлекеттік органның ағымдағы қызметінен хабар беретін жедел мәндегі ақпараттар жатады (перспективалық дамуы, актуалды оқиғалар, басымдық бағыттар, т.б).
Статистикалық ақпараттарға – мемлекеттік органның ішкі қызметінен хабар беретін ақпараттық-анықтамалық мәндегі материалдар жатады (мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілері, құрылымы, ережесі, т.б).
Ресми интернет-ресурстың ақпараттық көздері болып тиісті құрылымдық бөлімше тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы бекіткен интернет-ресурсты жүргізу мен ақпараттық толықтыру регламентіне сәйкес әзірленіп, ұсынылған материалдар болып табылады.
4. Ақпараттарды жаңарту мерзімі
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған статистикалық ақпарат қажеттілік туындаған жағдайда жаңартылады. Нормативтік-құқықтық актілер қабылданған немесе қолданыстағы нормативтік-құқықтық акті редакциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, нормативтік-құқықтық актілердің мәтіндері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213-І «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңының 30-бабына сәйкес олар күшіне енген күннен бастап отыз күн ішінде жариялануы қажет.
Динамикалық ақпараттар, жаңалық ақпараттардан өзге, ақпарлардың түсуіне қарай жаңартылып отырады, алайда олардың жаңартылуы аптасына бір реттен кем болмауы керек, қосымша 1 сәйкес.
Жаңалық ақпараттары күніге жаңартылып отырады. Жаңалық ақпараттарының тақырыбы мемлекеттік органның қызметіне сай болуы керек. Жаңалық ақпараттары оның мәнін ашатын қысқа және максималды нақты сөйлемдерден құралуы тиіс. Жаңалықтардың мәтінінде оқиғаның күні, орны, мазмұны мен қорытындысы жайлы ақпараттар болуы керек.
5. Ақпаратты ұсынуға арналған жалпы талаптар
Барлық ақпараттық материалдар веб-шолушы құралдарымен мәтін фрагменттерін іздеу және көшіру мүмкіншілігін қамтамасыз ететін гипермәтіндік форматта ұсынылуы керек.
Нормативтік құқықтық және басқа да актілер, актілердің жобалары, сот қаулылары, баяндамалар, есептер, шарттар, шолулар, болжамдар, хаттамалар, қорытындылар, статистикалық ақпарат, гипермәтіндік форматқа қосымша формалардың үлгілері мен басқа да құжаттар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсына пайдаланушылардың техникалық құралдарында сақтау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін форматтағы файлдар түрінде ұсынылады.
Интернет-ресурста нормативтік-құқықтық және басқа да актілер, олардың түпнұсқалары сканерленіп бейнеленген түрінде графикалық форматта қосымша орналасуы мүмкін.
Ресми интернет-ресурстағы барлық нормативті құқықтық актілер олардың түрі, күні және де басқа міндетті реквизиттерін көрсете отырып орналасуы тиіс.
Ресми интерет-ресурста мазмұндық бөлімдер мен нормативтік-құқықтық база арасында қиылыстық сілтемелер қолданылуы керек.
Мемлекеттік орган басшыларының, мемлекеттік орган басшысы орынбасарларының, құрылымдық бөлімше, аумақтық органдар, шетелдік өкілдіктер, ведомствоға бағынысты ұйымдар басшыларының, консултативті және кеңес беретін органдардың басшылары мен мүшелерінің; сол немесе басқадай жұмыс амуғына жауапты мемлекеттік органның басқа да қызметкерлерінің Т.А.Ә. көрсеткен кезінде олардың толықтай тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.
Мемлекеттік органның кез-келген телефон, факс нөмірлерін көрсеткен кезде қаланың (облыстың, ауданның) кодын көрсету қажет.
Ресми интернет-ресурста кез келген пошталық мекенжайды көрсеткен кезде пошталық индексті көрсету қажет.
Мемлекеттік органда ақпарат болмаған немесе оған қолжетімділік шектелгендіктен оны орналастыру мүмкіндігі болмаған кезде, осы мерзім ішінде ақпарат жоқтығын немесе ақпаратқа қолжетімділікті шектеген нормативтік-құқықтық актінің деректемелерін көрсету қажет.
Қолданушыларға ресми интернет-ресурста ақпарат орналастырылған мерзімі мен уақытын, ақпаратқа соңғы өзгеріс енгізілген мерзім мен уақытын анықтау мүмкіндігін жасау керек.
6. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпаратты дайындау мен ұсыну реті
Ресми интернет-ресурста ақпараттық материалдарды орналастыру «Оңтүстік Қазақстан облысы әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, тікелей Интернет-ресурсты техникалық сүйемелдеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын ОҚО әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі (әрі қарай - АТ бөлімі)арқылы жүзеге асырады.
Интернет-ресурста орналастыруға қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға жалпы басшылықты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жүзеге асырады (әрі қарай – Баспасөз қызметі ).
Интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдарды өз қызметі шегінде Оңтүстік Қазақстан облысының басқармалары мен аудан, қала әкімдіктері ұсынады (әрі қарай - құрылымдық бөлімшелер).
7. Қатысушылардың жауапкершілігі
АТ бөлімі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми www.ontustik.gov.kz интернет-ресурсының үздіксіз жұмыс істеуіне жауапкершілік жүргізеді.
АТ бөлімі келесі мәселелерді шешеді:
- Интерактивті сервистерге басшылық жасау мен дамыту;
- Интернет-ресурсты техникалық қолдау;
- Интернет-ресурста ақпараттық материалдардың орналастырылуына басшылық жасайды;
- интернет-ресурстың ағымдағы версиясының жағдайына;
- сілтемелердің дұрыс (жұмыс қабілеттілігіне) болуына;
Баспасөз қызметі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс ақпараттық материалдардың өзектілігіне (мерзіміне) жауап береді.
Басшылық бөлімше төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:
- интернет-ресурстың ақпараттық қолдауы бойынша іс-шараларды жоспарлау;
- интернет желісінде орналастыру үшін материалдарды жинау және өңдеу;
- интернет-ресурстың жаңартыруларын басқару;
- интерактивті қызметтердің процедураларын басқару («Әкім блогы», «Егер мен әкім болсам» т.б.);
- интернет-ресурстың тиімділігін басқару;
Баспасөз қызметі келесіні бақылайды және қамтамасыз етеді:
- ақпараттық материалдарды дайындаудың сапасын;
- редакциялау мен түзетулерді;
- электрондық пошта арқылы пайдаланушылардың сұрауларын, сонымен қатар, интернет-ресурстың интерактивті формаларын толтырған кезде келіп түсетін сұраулардың мерзімінде өңделуі;
Құрылымдық бөлімдер Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастыруға ұсынылған ақпараттық материалдардың растылығына, өзектілігіне және толық болуына, сонымен қатар, бұл материалда Қазақстан Республикасы заңнамасы негізінде таралуы шектеулі ақпараттың болмауына жауап береді.
Құрылымдық бөлімшелермен дайындалған ақпараттық материал Баспасөз қызметіне электронды түрде akimgesurak@gmail.com электронды поштасына ұсынылады.
Баспасөз қызметі тарапынан дайындалған ақпараттық материалдар АТ бөлімінің kontent@ontustik.gov.kz электронды поштасына сол ақпаратты орналастыру мерзімі, сонымен қатар ақпаратты ресми Интернет-ресурстың қай бөлімі (бөлімшесіне) орналастыру қажеттігі туралы хатпен жолдау қажет.
Баспасөз қызметі дайындалған ақпараттық материалды АТ бөліміне алды-ала, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурсында бұл ақпаратты орналастыру мерзіміне дейін берілуі тиіс.
АТ бөлімі ақпараттық материалды ресми интернет-ресурста жария етпес бұрын, интернет-ресурстың біріңғай стиліне сәйкес ақпаратты форматтайды.
АТ бөлімі ресми интернет-ресурста ақпараттық материалды көрсетілген мерзімге сәйкес жариялайды. Егер құрылымдық немесе жауапты бөлімше тарапынан ақпараттық материал осы регламенттің 56 тармағын бұзып ұсынған жағдайда, ақпараттық материалды орналастырудың мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылмайды.
АТ бөлімі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz ресми интернет-ресурста ақпаратты уақытылы жариялануын, ресми интернет-ресурстың үздіксіз жұмыс істеуін, жарияланған ақпаратқа пайдаланушылардың бөгетсіз кіруін қамтамасыз етеді, ресми интернет-ресурстың жұмысында пайда болған ақаулықтар мен жаңылуларды жою бойынша шара қолданады.
Баспасөз қызметі ресми интернет-ресурстың жұмыс істеуінің тиімділігін талдап, талдау нәтижелері бойынша ресми интернет-ресурстың құрамы мен (немесе) құрылымын өзгерту бойынша ұсыныстарды, сонымен қатар ресми интернет-ресуртың жұмысын жақсартуға бағытталған басқа ұсыныстарды дайындап, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысының қарауына ұсынады.
Азаматтар мен мекемелерден интернет желісі арқылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне түскен өтініштермен жұмысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Баспасөз қызметі жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |