Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
241
5, 7 - сыныптардағы бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады
:
Strand 1:
Content, Strand 2:
Listening, Strand 3:
Speaking, Strand 4:
ReadingStrand 5:
Writing, Strand 6: Useof English, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму
қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді, дағдыларының
дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкен
сайын мақсаттар күрделене түседі.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ
мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны,
оқу мақсаттары нақты көрсетілді. Ұзақ мерзімді жоспар қысқа мерзімді жоспар
жасауға негіз ретінде қолданылады.
5, 7 - сыныптарға арналған оқу бағдарламасы оқу процесінің әдіснамалақ
әлеуетін кеңейтуге бағытталған. Шығармашылық және жобалық іс-әрекет,
оқыту әдістерімен, әлеуметтік, мәдени білім алу жолымен өзіндік пәндік
білімді
саналы меңгеруді қамтамасыз етеді.
5,7-сыныптарға
арналған оқу бағдарламасына тән сипат білім
алушылардың әртүрлі жан-жақты дағдылары мен пәндік білім, біліктерін
дамытуға арналған. Осылайша оқу мақсаттары жүйесі коммуникацияның түрлі
тәсілдерін,зерттеушілік,
сыни
ойлау,
АКТ,
функциональдық
және
шығармашылық білімдерін, командалық жұмыс, өзіндік жұмыс, проблеманы
шешу мен шешім қабылдау тәрізді түрлі тәсілдерді қолдануға және оларды
дамытуға негіз болады. Бұл жан-жақты дағдылар білім алушының өмірде және
мектепте табысқа жетуін қамтамасыз етеді.
5, 7 - сыныптарға арналған оқу бағдарламасында дәстүрлі гармониялық
байланысы бар дәстүрлі нормативтік білім беру құжаттары мен инновациялық
әдіснамалық стратегиялар кіреді. Оқу бағдарламасы өзінің ерекшелігі бар
инновациялық құрылымды болып келеді.
Оқу бағдарламасы түрлі аудиторияларда тиімді жұмыс жасауға
мүмкіндік береді. Білім алушылар мектеп ортасында өз қатарластарымен,
мұғалімдерімен интерактивті тапсырмалар, ресми және ресми емес ауызша,
жазбаша презентациялар кіретін осы бағдаламаның мүмкіндігі арқасында
қарым-қатынас жасау арқылы мақсатқа жетеді. Сонымен қатар ағылшын тілін
тасымалдаушыларға онлайн тәртібіндегі, өзара қарым-қатынасқа, сыныптан
тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді.
Жаңартылған бағдарлама оқушылардың шынайы өмір жағдаятында
функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Ағылшын тілі
бойынша жаңартылған бағдарлама лексикалық жиынтық, құрылымдық
талаптар мен коммуникативтік конвенцияларды пайдалану шеңберінде ғана
үйренуге шек қоймайды. Прагматикалық аспектісі барлық мүмкіндіктерді
қарастырады, тілдік бояу мен қарым-қатынас жағдайларына, контекске,
коммуникацияға қатысушылардың өзара қарым-қатынасында пайда болған
ережелерге баса назар аударылады. Білім алушының лексикалық және