Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
149
3.2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс
тілі», «Орыс әдебиеті», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шет тілі»
оқу пәндері және «Абайтану» курсы кіреді.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу -
ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Арнайы оқытуды талап ететін
қағидалар мен ережелер – білім алушылардың тілге саналы көзқарасы мен
жауапкершілігін қалыптастырады. Келешекте тілдің иесі болатын жастардың
тілдік сезімін күшейту, әсіресе, қазіргідей жаһандану өріс алған қоғамда
өткірлене түсуде.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп
тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың
ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялары, оларды
жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:
1) қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;
2) тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының
тұлғалық
қабілеттерін дамытуға бағыттау;
3) тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу
мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға,
қарым-қатынас
мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
4) тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі
ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа
прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық
бағдарын сабақ барысында күшейту.
Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруға басымдылық беру
. Тілдік білімді оқушының сөйлеу тілінің
базасы ретінде меңгерту және тәжірибелік машықтарды қалыптастыру
бағытында жетілдіру.
Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру
жолы
– «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын қазақ тіл білімінің дамуына
сәйкестендіру арқылы тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту, тілді
оқытуды Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негіздеу.
Қазақ тілі – мектепте оқытылатын барлық пәндердің, ғылымның кілті.
Ғаламды танытып отырған барлық ғылым табыстары қазақ тілі пәнінде
жаттығу мәтіні ретінде берілуі тиіс.
10-11-сыныптарда оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген
(ҚР
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен
өзгерістермен толықтырулар енгізілген):