Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
325
алушылар макеттер мен басқа да бұйымдар жасау кезінде әр түрлі техникалар
мен материалдарды пайдалана алады.
Мысалы, «2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен
техникалары» бөлімшесіндегі «3.2.2.1 - Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді
пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және
құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу» оқу мақсатына жету кезінде
көлемді аппликация техникасын (рулондық қатырма қағаз бен реңктелген
қағазды пайдалану), көркем мүсіндеу техникасын (мүсіндеу үшін (пластика)
массаны немесе ермексазды пайдалану), аралас техниканы (пластикалық
бөтелкелерді, пластилин және т. б. пайдалану) қолдана алады.
«Дене шынықтыру» пәні бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің
негіздерін тану болып табылады. Бағдарлама оқушылардың спорттық-арнайы
қозғалыс дағдыларын және дене қабілеттерін меңгертуімен қатар балалардың
салауатты дене дамуына ықпал етуі қажет.
3-сыныптағы «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 3
сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Дене шынықтыру сабағы – балаларды дене жаттығуларына жүйелі
баулудың негізгі түрі. Дене шынықтыру сабағының негізгі міндеттерінің бірі
балаларды дұрыс қозғалу дағдысына үйрету және дене қасиеттерін дамыту
болып табылады. Дене шынықтыру сабағының мәні өзара байланысты
сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін жүйелі жүзеге асыруда
жатыр. Олардың орындалуы баланың денесін шынықтыруды, денсаулығын
нығайтуды, дұрыс қозғалыс дағдыларын меңгеруді, дене шынықтыру және
спортқа деген эмоционалдық оң көзқарасын қалыптастыруды, тұлғалылығын
жан-жақты дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақта оқушыларды ұйымдастырудың әдістерін пайдалану мұғалім
белгілеген міндеттерге, сабақ жағдайларына, балалардың жас мөлшеріне
байланысты болады. Оқыту кезінде ұйымдастырудың түрлі әдістерін, мысалы:
жаппай (фронтальды) әдіс, үздіксіз әдіс, ауыспалы әдіс, топтық әдіс, жеке әдіс
және т.б. аралас пайдалану дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттырады.
Физикалық жүктеме тамырдың соғу қарқынымен анықталады. Жүктеменің
жеткілікті деңгейімен дұрыс ұйымдастырылған сабақ кіріспе бөлімнен кейін
тамырдың соғу жиілігі 20–25%-дан кем емес көрсеткіш бойынша сипатталады,
жалпы дамыту жаттығуларынан кейін – 50%-дан кем емес, негізгі
қозғалыстарды үйренгеннен кейін – 25%-дан кем емес, қозғалыс ойындардан
кейін – 70–90%, кейде тіпті 100%-ға дейін жетеді. Сабақ
соңында тамыр соғысы
бастапқы деңгейге дейін қалпына келеді, не болмаса одан 15–20% жоғары
болады.
Жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында 30 пилоттық
мектептердің 3-сыныптарында Қазақстан Республикасы Бастауыш білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты апробациясының мониторингі
және осы мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету жалғасады.
2017-2018
оқу
жылы
пилоттық
мектептердің
3-сыныптарында
1, 2-сыныптарда жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптері сақталады.