Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
297
1. Проблемалық оқыту технологиясы. Бұл технология базалық ретінде
қарастырылады, себебі, оқушының өзгертушілік іс-әрекеті проблемалық
сипаттағы тапсырмаларды орындау процесінде неғұрлым тиімді іске асырылуы
мүмкін. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, проблемалық мазмұндағы міндеттерді
шешу оқушылардың танымдық белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз
етеді.
Проблемалық оқыту процесінің құрылымы өзара байланысты және
күрделенген жағдайлар кешенін білдіреді. Проблемалық оқыту технологиясын
іске асыра отырып, мұғалім танымдық (проблемалық) міндет түрлерінде
проблемалық сұрақтарды жиі қолданады.
Проблемалық міндетті шешу алгоритмі төрт кезеңді қамтиды:
1) проблеманы түсіну, сұрақтың ішіндегі қарама-қайшылықты анықтау,
себеп-салдарлық байланыстар тізбегіндегі үзікті анықтау;
2) гипотезалар қалыптастыру және болжамдарды дәлелдеу жолдарын
іздеу;
3) гипотезаны дәлелдеу, оның барысында оқушылар сұрақты немесе
тапсырманы қайта тұжырымдайды;
4) зерттелетін себеп-салдарлық байланыстар - тереңдетілетін және
танымдық объектінің немесе құбылыстың жаңа тараптары анықталатын жалпы
қорытынды.
Осылайша,
проблемалық
жағдай
туғызатын
мақсатты
түрде
құрастырылған міндеттер жиынтығы, өзара байланыстар мен өзара
тәуелділіктер деңгейінде ойлауды дамыта білуді дамыту сияқты проблемалық
оқытудың басты функциясын қамтамасыз етуге арналған. Бұл мектеп
оқушыларына оқушылық зерттеулер процесіне қажетті шығармашылық іс-
әрекетте белгілі бір тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
2. Шағын топтарда оқыту әдісі. Бұл әдістеме семинарлық сабақтарда
неғұрлым тиімді қолданылады. «Шағын топтарда» оқытудың мәні, сыныптың
3-4 шағын топтарға бөлінетіндігінде. Олардың әрқайсысына 5-7 адамнан кіргені
орынды, өйткені мұндай мөлшерде оқу барысында өзара қарым-қатынас жасау
неғұрлым тиімді.
3. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту жүйесінің негізі, өзіндік
іздестіру әрекеті процесінде оқушылардың білімді шығармашылықпен игеруі
болып табылады, яғни жобалау. Маңыздысы, өзінің мәні бойынша жобалап
оқыту тұлғалық бағдарланған болып табылады, демек оқушыларға өз
тәжірибесінен және басқалардың тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік береді. Бұл
оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады, оқудағы жетістігін
түсінуге, өз еңбегі нәтижелерінен қанағаттанарлық сезім алуына мүмкіндік
береді.
Қазіргі уақытта жеке және топтық жобалар, нақты практикалық
міндеттерді шешуге бағытталған жобалар және жаратылыстану-математикалық
пәндердің мазмұнын кіріктіруші жобалар үлкен маңыздылыққа ие болуда.
Мысалы, математикада – «Көпжақтар және ежелгі философтардың Ғалам мен
кеңістік туралы түсініктері», физикада – «Физика және ғарыштық зерттеулер»,
химияда – «Су проблемасы және ынтымақтастық стратегиясы», «Шылым
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
298
шегушілердің бойында липидтердің еркін-радикалды тотығу реакциясының
жүруіне шылым шегудің әсері», биологияда – «Тірі ағзалардағы симметрия»,
«Тірі табиғаттағы көпжақтар» және басқалар.
4. Білім беру процесін ұйымдастыру түрлерінің бірі ретінде арнайы
курстар, мазмұндары оқушыларға өздерін қызықтыратын салалар бойынша
білім алуға немесе мектеп бағдарламасының жекелеген бөлімдерін тереңдете
зерттеуге, өздерінің зерттеу жобаларын орындауға мүмкіндік беретін
мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқу сабақтары жүйесін білдіреді.
Арнайы курстың ерекшелігі, оның мазмұнының негізін сабақтарда
қарастырылмайтын, бірақ балалардың оқып білуі үшін түсінікті және қызықты
тақырыптар құрайтыны болып табылады; ақпарат көзі ретінде мұғалімнің
ауызша баяндай отырып жұмыс істеуін, проблемаларды өз бетінше ұғынуды,
қосымша әдебиетпен белсенді жұмыс істеуді талап етеді.
Мектепте оқу процесін ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қала
береді. Жекелеген сабақ аясында түрлері, әдістері мен тәсілдері саралау және
даралауға
бағытталғандығы
және
әртүрлілігімен
ерекшеленуі
тиіс.
Оқушыларды өзіндік танымдық әрекеттерге, пікірталас, диалогтерге тартудың
алуан түрлері, түрлі шығармашылық тапсырмалар, топтық жұмыс түрлері
кеңінен таратылуы керек. Аталған жұмыс түрлері мен іс-әрекеттер түрлі
практикумдарда, зерттеу сабақтарын жүргізуде және бейінді пәндерді оқу
кезінде сыныпты шағын топтарға бөлу жағдайында зертханалық сабақтар
өткізуде, семинар түріндегі жұмыстар аясында кеңінен қолдау табады.
Әрбір оқу пәні қолданылатын формалар, әдістер мен тәсілдерді
анықтайды, мысалы химия бойынша «Мыс тауының ғажайып құпиясы»
эксперименттік тапсырмаларды орындау, стандартты емес есептерді шешу,
интеллектуалды-шығармашылық ойындар, экскурсоводтар мен журналистер
ретінде экскурсияларда оқушылардың жұмысы және т.б.
Сабақтан тыс жұмыс түрлері мен әдістері арасында оқушылардың
сабақтан тыс зерттеушілік жұмыс жүйесі, оқушыларды түрлі олимпиадаларға
және конкурстарға қатысуға тарту, интеллектуалды марафон, сайыстар,
мектептік ғылыми қоғамдар, кіші ғылым академиясы, үйірмелер, түрлі
факультативтер дарынды оқушыларды анықтау және дамытуда кең
мүмкіндіктерге ие.
Мамандандырылған білім беру ұйымы дарынды балалардың ғылым
негіздерін, мәдениет, өнер, спорт, әскери істі терең меңгеруіне бағытталған,
элиталық біліммен қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін
оқу бағдарламасын жүзеге асырады. Алға қойылған мақсаттарға байланысты,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
19 шілдедегі №289 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған мектептері
қызметтерінің үлгілік ережелерінде қосымша сағаттар анықталып, белгіленген.
Атап айтқанда, саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың
зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр
сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылардың шығармашылық
және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар
үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |