Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
269
Пән мазмұны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін,
Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке
қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1)
Қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі
Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығы (1667-1764);
2)
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі
батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);
3)
Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017);
4)
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл
(1937-2017);
5) Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр
Қожақұлұлының 325 жылдығы (1692-1770);
6) Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы»
105 жыл (1912-2017);
7)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-
2017);
8)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл
(1992-2017);
9)
«Астана ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық
мамандандырылған көрмесі (маусым-қыркүйек, 2017);
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге
асады:
-
базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде,
мұражайларда;
-
таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен
олимпиадалар жүргізу;
-
оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
-
кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және
білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
«ӨНЕР»БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка
5-
сыныпқа арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу
бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес
жүзеге асырылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары
шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
270
негізінде
оқушылардың
музыкалық
мәдениеттілігін
қалыптастыру,
шығармашылық қабілетін дамыту
Пәнді оқытудың міндеттері:
-
өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем
тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру;
-
музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның
адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру;
-
сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-қатынасын,
музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру;
-
музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және
орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық
білім, білік, дағды аясында дамыту;
-
музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, орындаушылығы
мен зерттеушілік дағдысын дамыту;
-
музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін
қалыптастыру;
-
музыкалық-шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі
бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу,
импровизация және өңдеу);
-
ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану
барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін
қалыптастыру, дамыту.
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта –
аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны бөлімдер бойынша
ұйымдастырылған. Бөлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол
жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бөлімшелерге бөлінген.
Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
1. «
Музыка тыңдау, орындау және талдау» бөлімі келесі бөлімшелерді
қамтиды:
-
Музыка тыңдау және талдау;
-
Музыкалық сауаттылық;
-
Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет.
2. «
Музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасау» бөлімі келесі
бөлімшелерді қамтиды:
-
Идеялар және материалдарды жинақтау;
-
Музыка шығару және импровизация.
3. «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау»
бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
-
Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау.
Әрбір бөлімшелерде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі
іс-әрекетер арқылы (оқушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу,
музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті)
жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың
келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
271
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып
табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін
нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары
оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі
ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
5, 7-
сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді
жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламасының мақсаты
–
өнер және еңбек технологиясы
саласында
функционалды
сауаттылықты
қалыптастыру,
шындыққа
шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы:
-
қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді
дамытуға;
-
Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып
үйренуге;
-
өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық
идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;
-
зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде
оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын
дамытуға;
-
оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың
шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);
-
жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының
маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;
-
эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық
тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;
-
уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап
және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;
-
оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке,
жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі
әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету,
әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті,
материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй
шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын
иелену болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-
сыныпта
–
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 7-
сыныпта
–
аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру
бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады:
-
Визуалды өнер;
Достарыңызбен бөлісу: |