Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет118/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
278 
деструктивтік, радикалды діни бірлестіктердің зиянды әрекетінен сақтау және 
қорғау  мүмкіндіктерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  алады,  екінші  жағынан, 
адамның  қандай  дінге  жататынын  анықтау,  діни  сана-сезім,  басқа  діндерге 
көзқарас және ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.  
Бұл қурс білім алушылардың гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  және  толеранттыққа  қайшы  келетін  ұстанымдар  туралы 
ұғымдарын қалыптастырады.  
 
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық 
 
Оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқу  процесін  келесі  дидактикалық 
принциптерге  сәйкес  ұйымдастыру  ұсынылады:  ғылыми  негізділік  және 
қолжетімділік;  жүйелілік  мен  сабақтастық;  көрнекілік  және  абстрактылық; 
зерделілік  және  танымдық  белсенділік;  білімді  меңгерудің  орнықтылығы; 
пәнаралық  және  пәнішілік  байланыс;  табиғи  сәйкестілік  принципі; 
проблемалық  принципі;  саралау  және  даралау;  оқу  тапсырмалары  деңгейінің 
әртүрлілігін қамтамасыз ету. 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсының  оқу 
процесін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, топпен талқылау, 
шағын  жобаларды  қорғау,  рөлдік  ойын  және  т.б.  оқыту  формаларын  қолдану 
тиімді.  
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  аясында  алған  білімдерін 
бекіту  мақсатында  білім  алушыларға  қызықтыратын  тақырыптары  бойынша 
шығармашылық-жобалық жұмыстар жасауға болады.  
Жобаларды  жеке  және  ұжыммен  орындай  алады.  Олардың  саны  алған 
білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек.  
Жобалар:  

дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет 
мақалаларына  талдау  жасау,  таңдап  алынған  тақырыптары  бойынша  ауызша 
және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау; 

діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;  

дәстүрлі 
діндердің 
біртұтас 
платформалары 
мен 
жалпы 
тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру; 

еліміздегі және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;  

Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау; 

толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі зайырлылықты 
дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.  
Оқу барысында:  

мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның 
қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;  

пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар 
бермеу;  

жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;  

ақпарат,  дін,  рухани  құндылықтар,  мәдениет  саласына  қатысты 
заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлу қажет. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
279 
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсын  оқытуда  білім  алушының 
құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының 
келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:  
«Қазақ тілі», «Орыс тілі»:  
− 
білім  алушылардың  сөздік    қорын  зайырлылық  және  дін  саласына 
қатысты терминдермен толықтыру; 
− 
ұлттық  мәдениетке  және  басқа  халықтардың  рухани  -  мәдени  қайнар 
көздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу. 
«Әдебиет»:  

дін  қайраткерлерінің  шығармаларын  -қосымша  көркем  әдебиеттерді 
зерделеу,  олардың жұмыстарын  қазіргі  рухани  құндылықтар  мен  зайырлылық 
тұрғысынан бағалауды іске асыру;  
«Тарих»:  

зайырлылық пен діндердің пайда болуы, таралуы және даму процестерін 
тарихи негіздеу; 

қоғамдық  қатынастарға  тарихи  талдау  жасау  арқылы  адам  мен  қоғам 
өмінідегі зайырлылық пен діндер рөлінің мәнін түсіну; 
«География»:  

діндердің таралуының тарихи-географиялық кеңістігін дұрыс анықтау. 
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:  
«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсын  оқу  нәтижесінде  білім 
алушылар:  

ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды; 

зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын; 

мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас 
мәнін; 

діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін; 

қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын; 

«Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Қазақстан 
Республикасының Заңын; 

Әл-Фарабидің,  Қожа  Ахмет  Яассауидің,  Абайдың,  Шәкәрімнің, 
Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын; 

республикадағы  мемлекет,  мәдениет  және  діни  бірлестіктер 
арасындағы қарым-қатынастың жайын; 

Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты 
сақтау,  елдегі  және  халықаралық қауымдастықтағы  адамдардың  шынайы діни 
сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын; 

экстремистік, 
террористік, 
теріс 
сипаттағы 
ұйымдардың 
ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі. 
Сонымен бірге білім алушылар : 

зайырлық,  діни  сана-сезім,  діни  сенім,  діни  тәжірибе,  діни  ой-сана 
ұғымдарының ара жігін ажырату, 

экстремистік,  террористік  сипаттағы  діни  топтар  мен  ағымдар 
идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру; 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау