Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
254
Ортақ оқу мақсаттарын бағалау оқытудың негізгі мақсатын бағалау
аясында жүзеге асырылады. Мысалы, «7.3.3.6 - мұхит суының қозғалыстарын
жіктеп, түсіндіреді» мақсатын, «7.2.1.1 - тақырып бойынша картосхемаларды
жасай алады» мақсатымен толықтырған жағдайда, білім жетістігін бағалау
негізінен 7.3.3.6 мақсатын бағалау арқылы жүзеге асырылады, ал ағыстар
географиясын көрсететін картосхеманың болуы, бағалау критерийлерінің бірі
рөлін атқарады. Сонымен қатар іс-әрекеттің бір түрінің көмегімен екінші өтпелі
мақсатты да қамтуға болады, мысалы, 7.2.1.2 - географиялық номенклатура
нысандарын картадан көрсетеді. Білім алушының өзі құрастырған
картосхемасынан ағыстарды көрсетуі негізгі оқу мақсатын бағалаудың бір
критерийі болып саналады.
Оқудың әр мақсаты бойынша тапсырмалар әзірлеу міндетті емес.
Мұғалімдер оқудың бірнеше мақсатын қамтитын бір тапсырма әзірлеулеріне
болады.
Жүйелі-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру жағдайында әр тапсырма
тәжірибеге бағытталған болып табылады. Бірінші және екінші бөлімдердің
ортақ оқу мақсаттары бұл тәсілді күшейтуге мүмкіндік береді (бұл өтпелі
мақсаттардың топтамасы әр тақырыпты оқытудың ұзақ мерзімді жоспарында
анықталған). Демек, бағдарламада міндетті практикалық жұмыстар тізімі
қарастырылмаған.
Білім алушылар мұғалімнің басқаруымен географиялық ақпарат
көздерімен, географиялық зерттеу әдістерін қолданумен (далалық әдіс, бақылау
әдісі), схемалар, графиктер, диаграммалар, профильдер құрастыру,
географиялық карталармен жұмыс істеу арқылы орындайтын зерттеушілік
жұмысқа көп көңіл аударылады.
Пән мұғалімдеріне әр білім алушыға қажетті білімді алуға жағдай
жасайтын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
ұсынылады. «Геограия» пәнін оқу барысында ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану:
-
білім алушының оқу-танымдық қызығушылығын арттыру;
-
оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
-
білім
алушының
оқу-танымдық
әрекеттерін
белсендендіру
мүмкіндіктерін береді.
«География» оқу пәні бойынша бағдарламада қарастырылған далалық
зерттеу, бақылау және эксперименттік жұмыстарды мұғалімдер сыныптан тыс
орындарда өткізе алады.
«География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің 7-сыныптағы көлемі –
аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
«Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде
оқушыларға қоршаған ортаның көп түрлілігі мен эволюциясы туралы білім
береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен
қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге
мүмкіндік береді.
7-
сыныпқа арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу
бағдарламасы оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау,
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
255
топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды
орнату сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануға көмектеседі.
«Биология» пәні: биологияның оқу құрал-жабдықтарын пайдалану
бойынша, эксперименттік зерттеу жоспарын құру, зерттеулер жүргізу, алынған
мәліметтерді жинау, өңдеу және түсінік беру сияқты бірқатар практикалық
дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Биологияны оқу, оқушыларға алған
білім, білік пен дағдыны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
«Биология» пәнінің мақсаты – оқушыларға органикалық дүниенің
көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен
заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен
түсінік жүйелерін беру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірінің құндылығын түсіну үшін өмірдің
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың
негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе,
биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін асыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа
жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру - салауатты өмір салты
негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін
практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология,
экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
практикалық іс-шараларға қатысу;
«Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі
оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі, құрылымы
және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»;
«Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы
ғылымдар».
Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы
сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Биология бойынша оқу бағдарламасына мынадай бөлімшелер енгізілді:
«Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның шеңберінде
тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қаралады, «Микробиология
және биотехнология» – микроорганиздер, антибиотиктер және антисептиктер
туралы түсініктер енгізіледі.
Аталған бөлімшелерді оқыту оқушыларды қоршаған ортаны түсіну,
сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі
зерделеуге көмектеседі.
Биология бойынша бағдарламаның негізгі ерекшеліктері болып биология
бөлімдерін зерделеу жүйелілігінде оқытудың «шиыршық» принципін
пайдаланылады. Бағдарламада 7-сыныптан бастап біртіндеп мазмұнының
тереңдеуімен және күрделенуімен биология курсының барлық негізгі
мәселелері оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |