Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
123
сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді
баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының
ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде
жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның
жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге
асырылады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін
есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобаларды орындауы
маңызды болып табылады. Білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін
дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:
– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге
бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке
жұмыстар);
– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);
– жеке зерттеушілік жобалар.
Практикалық және зерттеу жұмыстары, зертханалық жұмыстар
эксперименттер жасау және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау,
модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық
процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі.
Білім алушылар себеп-салдар байланыстарын көре білулері, қоршаған ортадағы
өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын
қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын
және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және
зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше
таңдай алады.
Физиканы оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін
8-сыныпта – 11 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 4 бақылау жұмысы;
9-сыныпта 4 зертханалық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 6 бақылау жұмысы, 8
сағат зертханалық практикум жүргізіледі.
Биологияны оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін
8-сыныпта – 16 зертханалық жұмыс, 1 практикалық жұмыс; 9-сыныпта
9 зертханалық жұмыс, 3 практикалық жұмыс жүргізіледі.
Химияны оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру үшін
8-сыныпта – 7 зертханалық жұмыс, 5 практикалық жұмыс; 9-сыныпта
10 зертханалық жұмыс, 3 практикалық жұмыс жүргізіледі.
Виртуалды зертханалық жұмыстарды (компьютерлік моделдеу бойынша)
мүмкіндікке байланысты, стандартты құралдар қолданылатын басқа
практикалық жұмыстармен алмастыру ұсынылады.
Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында
(зертханалық
жұмыстарға
арналған
дәптерде)
сыныптың
барлық
оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Практикалық жұмыстар
– географияны оқыту процесінің ажырамас бөлігі, оларды орындау
географиялық біліктілігін қалыптасуына ықпал етеді.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
124
Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында
көрсетілген және нөмірлермен белгіленген. «География» оқу пәні бойынша
бақылау жұмыстары қарастырылмаған.
Мектеп оқушыларына оқыту процесі барысында экологиялық білім және
тәрбие беру ең алдымен табиғаттың тұтастығы, ондағы құбылыстардың өзара
қарым-қатынасы және олардың шарттарының себебі туралы көзқарас
қалыптастырумен байланысты. Білім саласы пәндерінің курсын оқытқан
кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы
туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы
және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың
қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың
әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен
қатар оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты
салдары туралы нақты мағлұмат алулары тиіс. Білім алушылар Жердің,
материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысын
жақсы түсінулері тиіс.
Бұл ретте білім алушылардың кез келген күтпеген ахуалда және
зілзалалардың қауіпті жағдайында қауіпсіздікті сақтау әрекетінің мәдениетін
қалыптастыру маңызды.
Бұл тәрбие жағынан қарағанда өте маңызды, себебі оқу пәндерін
«экологияландыру» білім алушыларды экология мәселелерімен таныстырып
қана қоймайды, сонымен қатар оларды табиғатты жауапкершілікпен қорғауға
тәрбиелейді. Табиғатты жауапкершілікпен қорғау көзқарасы табиғатты
қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.
Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу
ұсынылады:
– табиғат кешендерінің экологиясы;
– мектеп ішіндегі жарықты өлшеу;
– түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу;
– мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін
өлшеу;
– сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері;
– топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері;
– ортаның абиотикалық факторлары;
– урбандалған аумақтардың экологиясы;
– гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау;
– қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау.
Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам
іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды
шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту
мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.
Ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің,
журналдардың, фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен
әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексиканы қалыптастыру үшін сабақта
Достарыңызбен бөлісу: |