Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет64/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
151 
белгісінен 8 қатесі (3/8); 
-  «2»  деген  баға  емледен  9,  тыныс  белгісінен  5  қатесі  (9/5)  бар  немесе 
емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9). 
 Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар 
аударылады.  Егер  қате  бір  сөздің  құрамында  немесе  түбірлес  сөздердің 
түбірінде  қайталанса,  онда  ол  бір  қатеге  саналады.  Бір  типті  немесе  біртекті 
қателер  дегеніміз  сөздің  жазылуының  грамматикалық,  фонетикалық 
ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір 
қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі. 
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 
және  одан  артық  түзетулер  кездескен  жағдайда  үздік  баға  қойылмайды. 
Диктантқа  баға  қоярда  түзетілгенімен,  ескерілмейтін  орфографиялық  және 
пунктуациялық қателер: 
1) сөзді тасымалдауда; 
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер; 
3) әлі меңгерілмеген ережелер; 
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер. 
Диктантты  бағалауда  қатенің  сипатына  мән  берілген  жөн.  Қателердің 
ішінен  жеңіл  қателерді  яғни  сауаттылық  үшін  аса  маңызды  емес  қателерді 
айырып  алған  дұрыс.  Қателерді  есептеу  барысында  екі  жеңіл  қате  бір  қатеге 
есептеледі.  
 Жеңіл қатеге: 
- ережеге бағынбайтын сөздер; 
- автор сөзін берудегі тыныс белгілері жатады. 
Ескерту:  диктант  мәтінінде  барлық  цифрлар,  оның  ішінде  мезгіл 
көрсеткіштері де сөзбен жазылады.  
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны 
үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады: 
-  «5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда; 
-  «4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда; 
«3» бағасы -оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда ; 
«2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда 
қойылады.  
Ескерту:қосымша  тапсырмаларды  орындау  барысында  жіберілген 
орфографиялық  және  пунктуациялық  қателер  диктантқа  баға  қою  барысында 
ескеріледі.   
Емлелік  қателерді  түзету  әдістері.Оқушылардың  жазба  жұмыстарын 
мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен 
жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске 
асырылады.  Оқу  бағдарламасында  «Қатемен  жұмыс»  түріне  арнайы  сағат 
бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.  
Мұғалімдер  оқушылардың  орфографиялық  қателерін  түзеткенде  негізгі 
ескеретін жағдайлар: 
- мұғалім  барлық  қателерді  түзетіп,  соңғы  өтілген  тақырыптан  кеткен 
қателердің астын сызып көрсетуге болады; 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
152 
- орфографиялық  қателерді  түзету  үшін  орфографиялық  шартты 
белгілерді  қолдануға  болады.  Мұндай  шартты  белгілер  оқушыларға  таныс 
болуы қажет;  
- түзетулер  оқушының  жіберген  қателерін  өзі  сезетіндей  дәрежеге 
жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек; 
- емлелік  қателерді  сызып  тастап,  оған  қажетті  әріпті  үстіне  жазу 
жолымен  түзету  әдісі  оқушылардың  қателерін  түзетудегі  ең  таңдаулы 
тәсілдердің бірі; 
- сөздердің  астын  сызбай-ақ,  дәптердің  шетіне  шартты  белгі  қоюға 
болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс. 
«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс. 
 10-11-сыныптарда  «Қазақ  тілі»  пәнінен  арнайы  дәптерлер  болуы  тиіс 
және дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет. 
 
35-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны 
 
Пән 
Жұмыс дәптері 
Жазба жұмыс дәптері 
Барлығы 
Қазақ тілі 



 
«Қазақ  тілі»  пәнінен  дәптердегі  жазба  жұмыстары  келесі  тәртіппен 
орындау ұсынылады: 
- дәптерге  ұқыпты,  түсінікті  жазу;  көк  сиялы  қаламмен  жазу  және  қажет 
кезінде қара қарындаш пайдалану;  
- дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.  
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай 
отырып жүргізілуі керек:  
- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады; 
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, 
жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады; 
- үй  жұмысы  сынып  жұмысының  жалғасы  деп  есептелінеді  де,  күн  реті 
жазылмайды; 
- жаттығу  (тапсырма)  сөзі  толық  жазылады.  Мысалы:  15-жаттығу 
(тапсырма); 
- сынып  жұмысын  немесе  үй  жұмысын  орындағанда  тапсырмалар 
арасында жол қалдырылмайды; 
- мәтін азат жолдан басталады; 
- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады; 
- талдау  жасау  тапсырмаларын  орындағанда  жақсы  ұшталған  қара 
қарындашпен орындаған жөн; 
- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады;  
- баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады; 
- талдау  жұмыстар  қарындашпен  орындалады  (сөз  құрамына,  сөйлем 
мүшелеріне талдау);  
- төл дыбыстарды дұрыс жазбаса жиек  жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі 
тиіс; 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
153 
- дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;  
- дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.  
Диктанттан  жіберілген  қателер  жол  бойынша  сол  тұстағы  қызыл  жолға 
көрсетілуі керек:  
- орфографиялық қате - /.  
- тыныс белгілер қатесі – ۷  
Әдістемелік  бірлестік  отырыстарында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 
мұғалімдерінің  кәсіби  біліктілігін  жетілдіру  бойынша    (әдістемелік  бірлестік, 
жас  мамандар  мектебі,  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіру  мектебі, 
шығармашылық  топ  және  т.б.)  пәнді  оқыту  әдістемесі  мен  теориясының 
келесі мәселелерін қарау ұсынылады: 
1.  «Оқытуды  ізгілендірудің  мақсаты-  оқушылардың  өздігінен  танымдық 
іс- әрекетін жүргізу»;  
2.  «Білім  алушыны  өз  бетімен  ізденуге  үйрету  және  олардың 
шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту – деңгейлеп, саралап 
оқытудың басты қажеттілігі»; 
3. «Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына 
сүйену»; 
4.  «Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  теориялық-әдістемелік 
аспектілері»; 
5.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдерінің  кәсіби  құзіреттілігін 
интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру»; 
6.  «Сыни  ойлауды  дамыту  технологиясының  дәстүрлі  оқытудан  басты 
айырмашылығы туралы»; 
7. « Эссе жазу стратегиясы туралы». 
 
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)  
10-11-сыныптардағы  оқу  процесінде  Қазақстан  Республикасы  Білім және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР 
Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  18  маусымдағы  №  393 
бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген): 
-  жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы 
10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы; 
-  жалпы  орта  білім  беру  деңгейінің  жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы  10-11-сыныптары  үшін  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінен  үлгілік  оқу 
бағдарламасы қолданылады. 
Пән бойынша оқу жүктемесі: 
- қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:  
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;  
11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.  
- жаратылыстану-математика бағыты бойынша:  
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;  
11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.  
Пәнді  оқытудың  вариативті  бөлігі  қосымша  оқу  бағдарламасы  арқылы 
білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  шеңберінде  жүзеге 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау