Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет58/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
137 
«ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Музыка»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  білім  алушылардың  музыкалық 
мәдениетін  қалыптастыру,  әлемнің  музыкалық  бейнесін  меңгерту,  тұлғаның 
шығармашылық  қабілетін  дамыту,  музыкалық  өнер  шығармаларын  бағалауда 
алған білімдерін қолдану дағдысын қалыптастыру, адамгершілік пен Қазақстан 
Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелеу. 
Пәнді оқытудың міндеттері:  
-  дәстүрлі  қазақ  музыкасының  өткен  және  қазіргі  замандағы  халық 
өмірімен  байланысы,  оның  кәсіби  композиторлық  шығармашылықтағы  рөлі 
туралы білім беру; 

оқушылардың 
қазіргі 
замандағы 
музыкалық 
құбылыстарға 
қызығушылығын  дамыту,  көркемдік  талғамын  мен  музыкалық  өнерге 
құндылық ретіндегі қатынасын қалыптастыру; 
музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білуге үйрету; 
-  музыкалық  өнер  арқылы  білім  алушыларды  адамгершілік  қасиеттерге 
тәрбиелеу; 

музыка  өнерінің  әртүрлі  салаларында  білім  алушылардың 
шығармашылық қабілеттерін дамыту.  
Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс 
және  батыс  классикалық  музыкасының,  әлем  музыкасының  ең  озық, 
қазақстандық  заманауи  өнер  туындыларына  негізделген  және  оқушылардың 
мәдени,  құндылық,  тұлғалық,  зияткерлік  қасиеттерін  қалыптастыруға 
бағытталған.  
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
музыка  өнері  туындылары  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
орындалады.  
«Музыка»  пәні  пәнаралық  интеграция  принципін  ұстана  отырып,  қазақ, 
орыс  тілдері  және  әдебиет,  тарих,  бейнелеу  өнерімен  байланыстарын  көрсете 
отырып,  әртүрлі  өнер  түрлерінің  өзара  шартты  байланысы  туралы  көзқарас 
қалыптастырады. 
Оқытудың  әдістемелік  жүйесі  үздіксіздік  принципіне  байланысты 
бастауыш  пен  негізгі  мектеп  арасындағы  сабақтастық,  жүйелілік  пен 
бірізділікке 
сүйене 
отырып, 
негізгі 
тақырыптардың 
кеңейтілген 
мәдениеттанушылық  деңгейде  қайталануын  қамтамасыз  етеді.  Музыкалық 
білім берудің әдістемесі оқушылардың дербестігін, музыкалық өнерге тұлғалық 
көзқараспен  қарауын,  мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен  оқушы  арасында  еркін 
пікір алысуын қалыптастыруға бағытталған. Шығармашылық тәсіл оқушының 
ән  айтуы  мен  аспапта  ойнау  дағдысын  қалыптастырудағы  басты  әдіс  болып 
табылады. 
6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:  
- «Сөзбен өрілген саз. Музыка және поэзия»;  
- «Музыка және сурет»;  
- «Өнер тұлғалары»;  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
138 
- «Жаңа заманның жаңа әні»;  
- «Музыкалық сауаттылық». 
Оқушылардың дайындық деңгейлері пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттік 
нәтижелер бойынша бағаланады. 
Сабақтың, сабақтан тыс, сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын 
«Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
«Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және 
жоспарлау  барысында  2017-2018  оқу  жылының  күнтізбесіне  байланысты  атап 
өтілетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  
– Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017); 
– Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл (1917-2017); 
– Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл (1992-2017); 
–  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздеріне  25  жыл  (1992-
2017); 
– ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі (2017 жылғы 
маусым-қыркүйек). 
«Музыка»  пәні  бойынша  оқушылардың  үй  тапсырмасын  орындаулары 
оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, 
үй тапсырмасы (мәтінмен жұмыс, ән салуға жаттығу, тамақ гимнастикасы және 
т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, музыка мен ән салуға 
қызығушылықты  қалыптастыруға  және  оқушылардың  вокалдық  қабілеттерін 
жетілдіруге мүмкіндік береді.  
«Музыка» пәні бойынша 6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат, оқу 
жылында барлығы 34 сағатты құрайды. 
 
Бейнелеу өнерi пәні тұлғаның эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін 
қалыптастыруға бағытталған рухани іс-әрекетінің шарты болып табылады. 
Оқыту мақсаттары: 

эстетикалық  сезімдерін,  бейнелеу  өнеріне  қызығушылығын; 
адамгершілік  сезімін  қалыптастыру,  өнегелі  тәжірибесін  байыту,  ізгілік  пен 
зұлымдық  туралы  ойларын  қалыптастыру;  Қазақстан  және  басқа  елдердегі 
халықтардың мәдениетін құрметтеу;  
-  қиялын,  кез  келген  іске  шығармашылық  тұрғыдан  қарау  ниеті  мен 
икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте 
бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;  
-  өнер  құралдарының  көмегімен  оқушылардың  шынайы  өмірге  деген 
эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру; 
-  халық  шығармашылығына  деген  қызығушылығы  мен  сүйіспеншілігін 
тәрбиелеу;  
- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту; 
-  оқушылардың  көркем  композиция  жасау  мен  орындалған  жұмыстарды 
сыныпта  қарап,  талқылау  процесінде  көркемдік  талғамын,  талдау  қабілеттері 
мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.  
Оқыту міндеттері:  
-  қоршаған  әлемге  көзқарасын  өзінің  шығармашылық  жұмыстарында 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
139 
көрсете білу қабілетін дамыту; 
-  сурет,  кескіндеме,  композиция  бойынша  бейнелеу  сауаты  негіздерімен, 
жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;  
-  бейнелеу  өнерінің  түрлерімен  (графика,  кескіндеме,  сәндік-қолданбалы 
өнер,  мүсін,  дизайн,  сәулет  өнері)  және  жанрларымен  (пейзаж,  портрет, 
натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру; 
-  көркемдік  дағдыларды  меңгеру  (әртүрлі  материалдармен  жұмыс  істеу 
және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);  
-  шынайы  өмірде  көркем  мәдениеттің  көрінісін  байқау  және  түсіне  білу 
қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.); 
-  балаларда  сезімдік-эмоциялық  белгілерді:  зейінді,  есте  сақтауды, 
қиялды, елестетуді дамыту; 
-  оқушылардың  қолдарының  моторикасын,  иілгіштігін,  икемділігін  және 
көзбен шамалау дәлдігін жақсарту; 
-  өзінің  көлемді  композицияларын  жасату  немесе  жазық  және  көлемді-
кеңістіктік  тәсілдер  үйлесімдіктерін  пайдалану  арқылы  көркемдік  құрастыру 
элементтерімен таныстыру. 
«Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын 
сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты екі түрінің біртұтастығы, 
халықтық және кәсіби ретінде қарастырады.  
Бағдарлама  гуманитарлық  пәндердің  басқа  базалық  курстарымен  тығыз 
ықпалдастыруға  бағытталған.  Ол  негізгі  мектеп  оқушыларының  пластикалық 
өнердің  әртүрлі  материалдары  мен  техникаларын  қолданып  көркем  бейне 
жасауына  бағытталған  көркем-шығармашылық  қызметтің  алуан  түрлеріндегі 
бейнелі  тілін  меңгеруді  көздейді:  «Өнер  туындыларын  қабылдау»,  «Графика», 
«Мүсін», «Кескіндеме», «Композиция», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Көркемдік 
құрастыру, дизайн және сәулет өнері».  
Білім  беру  тәжірибесінде  «Бейнелеу  өнері»  кескіндеме,  графика,  мүсін 
сияқты  бейнелеу  өнерлерімен  қатар  сәулет  және  сәндік-қолданбалы  өнерді 
қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеді. 
Сабақтардың маңызды нәтижелері: 
-  мектеп  оқушыларының  бейнелеу  өнеріне  қызығушылығы,  суретте 
немесе  мүсінде  нақтылы  түрде  көрсетілген  суретші  шығармасының  ойын 
түсіну  және  өзінше  бағалау  қаблеті,  қазақ  және  әлемдік  өнердің  негізгі 
стильдері мен бағыттарын айыра білуі; 
-  өнер  тарихында  елеулі  рөл  атқарған  шеберлердің  шығармашылығымен 
танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.  
Сабақтар  тұлғаның  жеке  қасиеттерін,  зерттеушілік  дағдыларын  дамытуға 
бағытталған мақсаттарда жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар 
бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады. Бейнелеу өнеріне 
оқыту  жеке  тұлғаның  өз  ойын  білдіруіне  және  дамуына,  одан  кейін  әлемдік 
көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған. 
Сабақта  оқу  қызметінің  кез  келген  түрі  өзіндік  мәнге  ие,  оқушылардың 
мүдделерімен  келісіледі,  оларды  оқушы  өмірінде  нақты  пайдалануға 
бағдарланады.  Өнерге  деген  қызығушылығы  мен  көркемдік  талғамын  дамыту 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау