Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
9
каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда).
2-4-сыныптарда пәндік нәтижелер базалық деңгейде белгіленеді, келесі
сыныптарда – үш деңгейде: базалық (міндетті), 5-11 сыныптарда ілгері
мүмкіндік деңгейі (таңдау пәндері бойынша 1 сағат көлеміндегі вариативті
компонентті меңгеру үшін) және 8-9-сыныптарда ілгері бейіналды,
10-11-сыныптарда ілгері бейін деңгейінде (жалпы білім беру ұйымдарының
пәндерді тереңдетіп меңгеру үшін оқытатын типтік оқу жоспарларының
таңдалған нұсқалары).
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-2-сыныптардың
толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға
жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім
алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
3) ағылшын тілі;
4) ақпараттық-коммуникациялық технология;
5) өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту
жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 3-4, 6, 8-11-сыныптар
толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға
жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім
алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін
сыныптардағы орыс тілі;
4) шет тілі;
5) информатика;
6) бейінді пәндер;
7) технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар
топтарына);
8) дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту
жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 5,7-сыныптар
толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға
жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім
алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
3) шет тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру гендер бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ер
(немесе қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ер ( немесе қыз) баладан
кем емес болған жағдайда) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту
жүзеге асырылады.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
10
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі
сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме
сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта –
24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан,
4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 33 сағаттан, 6-сыныпта –
33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан,
9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта –
39 сағаттан аспауы тиіс.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы – білім алушылардың тапсырмаларды мұғалімнің бекітіп
беруі бойынша өз бетімен орындауы және оқып-үйренетін материалды терең
меңгеруге, сондай-ақ оны іс жүзінде қолдануға, шығармашылық қабілеттерін
дамытуға және оқу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде:
1) орта білім беру ұйымының түрі және білім алушылардың контингенті;
2) сабақ кестесіне сәйкес басқа да пән бойынша берілген үй
тапсырмасының көлемі;
3) жоғары сыныптарда әр сабақ бойынша берілетін үй тапсырмасынан оқу
тоқсанына берілген тапсырмалар жүйесіне өту мүмкіндігі (немесе бөлімді
аяқтағаннан кейін);
4) бірнеше оқу мақсаттарын ұйымдастыру негізінде жекелеген пәндер
бойынша үй тапсырмасының оқу жобасының нысаны;
5) шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы,
модель жасау, жоба дайындау, еліктіргіш тарих, өз ертегісі бойынша
киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір
тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі;
6) бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу,
технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери және технологиялық
дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен
кіріктіру ұсынылады;
7) білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді",
"қолданады", "талдайды", "бағалайды" және "жинақтайды") үй тапсырмасын
орындау қажеттілігі болмайды.
Үй тапсырмасын:
1) мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы үшін көркем,
қосымша әдебиеттерді оқу, математикалық мектептер үшін жобалық
жұмыстарорындау мен есептер шешуден басқа);
2) бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
3) бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан
бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақытта оқу бойынша
тапсырмалар болуы мүмкін) бермеу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |