Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет8/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
17 
тұлға  ретінде  үйлесімді  қалыптастыру  және  жан-жақты  дамыту,  оның 
шығармашылық қабілеттерін толық ашу болып табылады. 
4. Іс-әрекеттік тәсіл. 
Іс-әрекеттік  тәсілдің  негізгі  мазмұнында  білім  алушының  білімді  дайын 
күйінде  алмай,  оны  өзі  өндіруі,  өзінің  оқу  әрекетінің  мазмұны  мен  түрлерін 
ұғынатыны,  оның  ережелер  жүйесін  түсінуі  мен  қабылдауы  жатыр,  бұл  өз 
кезегінде  оның  білімінің,  біліктерінің  және  кең  ауқымды  дағдыларының 
белсенді әрі табысты қалыптасуына  ықпал етеді.  
Білім алушылардың оқу әрекеттері «білу», «түсіну», «қолдану», «талдау», 
«жинақтау», «бағалау» сияқты категорияларға топтастырылған. 
Іс-әрекеттік  тәсіл  өз  бетінше  ізденуді,  түсіндіруді,  талдауды,  түрлі 
дереккөздерден  алынған  ақпаратты  тарату  мен  бағалауды,  графикалық 
мәліметтер мен басқа  үйретуші ресурстарды қолданады. 
  5. Саралап оқыту тәсілі.  
Саралап  оқыту  тәсілі  –  білім  алушылардың  әртүрлі  топтары  үшін  оқу 
процесін  мамандандыруды,  білім  алушылардың  ерекшеліктерін  есепке  алу 
мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды.  
Саралап  оқыту  тәсілі  әртүрлі  білім  алушылар  тобының  оқу  әрекетін 
ұйымдастыру  үшін  арнайы  оқыту  әдістерін  және  іс-әрекеттерді  саралау 
тәсілдерін  кіріктіреді.  Күрделілігімен,  оқу-танымдық  қызығушылықтарымен, 
мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды 
қолдану  -  сараланған  оқу  іс-әрекеттерін  ұйымдастырудың  шарты  болып 
табылады. 
6. Құзыреттілік тәсілі. 
Құзыреттілік  тәсілдің  мақсаты  дәстүрлі  емес  және  типтік  жағдаяттарда 
шешім  қабылдау  және  іс-әрекет  жасау,  өз  мақсатын  анықтай  алу  дағдыларын 
меңгеру болып табылады. 
Құзыреттілік 
тәсілінің 
басты 
міндеті 
білім 
алушылардың 
бастамашылдығы  мен  өз  бетінше  жұмыс  істей  алатынын  көрсетуге  деген 
ынтасы  болып  табылады.  Ол  білім  алушылардың  жеке  әрекет  ете  алуына,  өз 
қабілеті мен қызығушылығын ұйымдастыруына мүмкіндік береді.  
Құзыреттілік  тәсілі  білім  алушылардың  білім,  білік  дағдыларын  жеке-
жеке емес, кешенді түрде меңгертуді жобалайды. 
7. Жүйелі-әрекеттік тәсілі.  
Жүйелі-әрекеттік  тәсілі  білім  алушыының  оқу  әрекеттерін  өз  бетінше 
ұйымдастыру  негізінде  құрылады,  оларда  әмбебап  оқу  әрекеттері  жүйесін 
қалыптастыру  мен  дамыту  мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді.  Ол  өз  бетімен  оқу, 
өздігінен  даму,  өздік  ұйымдастыру  режимінде  оқу  процесін  ұйымдастыру 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.    
Жүйелі-әрекеттік  тәсіл  курстың  тарауларын  жеке-жеке  емес,  өзара 
байланыста оқуды ұсынады.  
8. Коммуникативтік тәсіл.  
Оқытудағы коммуникативтік тәсіл  - ақпаратты тарату мен жариялау, екі 
немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім процесіне түскенде білім, білік және 
дағдымен  алмасу.  Коммуникативтік  тәсілдің  нәтижесі  тілдік  және  сөйлеу 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
18 
нормаларын  дұрыс  пайдалана  және  коммуникативтік  әрекетті  дұрыс  таңдай 
отырып,  қарым-қатынасқа  қатысушы  басқа  адаммен  өзара  әрекет  ету 
процесінде  тіл  арқылы  қарым-қатынасты  жүзеге  асыру  қабілеттілігі  болып 
табылады. 
Оқыту  процесінде    коммуникативті      тәсілдерге  сәйкес  қарым-қатынас 
жасай  білуін  қалыптастыруға  ықпал  ететін  тапсырмалар      және  шынайы  
коммуникация  шарттарына  барабар  жұмыс    режимі  (жұптық  және  топтық 
жұмыс) пайдаланылады.  
9. Интегративтік тәсіл. 
Білім алушыларды дамытуға арналған интегративтік тәсіл  барысындағы 
оқыту  процесі  әртүрлі  құралдар  мен  бірнеше  іс-әрекеттерді  біріктіру 
қағидатына  сай  құрылады.  Интегративтік  тәсілге  көптеген  белсенді  қозғалыс 
түрлері  жатады:  сергіту  сәттері,  театрландырылған  ойындар,  қозғалыс 
үзілістері (кідіріс). 
Интегративтік  оқыту  тәсілі  білім  алушылардың  сөздік  қорын  кеңейтуге, 
коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға, 
көркемөнер  туындыларын  түсіну  және  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Аталған 
оқыту  тәсілі  психикалық  процестерге  әсер  етіп  қиындықтарды  жоюға,  оқу 
материалын тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді. 
10. Ойын арқылы оқыту. 
Оқыту  әдісі  ретінде  ойын  түрлерін  қолдану  білім  алушылардың 
танымдық  қызығушылық  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Ойын 
түріндегі оқыту технологиясының басты элементтері:  
- ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады;  
-  ойын  арқылы  белгілі  педагогикалық  нәтижеге  қол  жеткізу 
жоспарланады,  оқыту  іс-әрекеттері  ойын  ережелеріне  бағынады,  оқу 
материалдары ойын құралы болып табылады.  
Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын  тәсілдері 
арқылы  білім  алушылар  басқа  шағын  топ  мүшелерінің  пікірін  сыйлауды, 
соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, мақсатқа жету әдістерін 
анықтауды үйренеді.  
11. Жобалау тәсілі. 
Оқу  жобасы  –  білім  алушылармен  немесе  білім  алушылардың  тобымен 
ғылыми-зерттеушілік,  шығармашылық  немесе  практикалық  сипаттағы 
проблемаларды шешуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекеті. Проблемаларды 
кең  тұрғыда  шешу  әрекетімен  және  келісілген  әдістерімен,  жалпы  ортақ 
мақсатының болуымен сипатталады.  
Жобалау  әдісінің  элементтерін  қолдану  арқылы  білім  алушылар    алға 
қойған  проблеманы  шешудің  өзіндік  жолдарын  іздеп  табады.  Жобалау  әдісі 
білім  алушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  іске  асырылады.  Жобалау 
әдісін  қолдану  барысында  білім  алушылардың  ұжымдық,  топтық  жобалар 
дайындау  бойынша  атқаратын  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  ұсынылады. 
Жобалау  жұмыстарын ұйымдастыру  сабақпен  ғана  шектелмейді, сабақтан  тыс 
уақытта да бірлесіп жұмыс жасаулары қарастырылады.  
12. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау