Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет20/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
45 
Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар: 

тәрбиелік,  дамытушылық  және білімдік  мақсаттары  мен  міндеттерінің 
бірлігін қамтамасыз етуі тиіс; 
–  білім  беру  процесі  перспективалық  жоспарлау  негізінде  ортақ 
тақырыптарға  сәйкес  білім  беру  салаларын  кіріктіру  принциптерін  ескере 
отырып  құрылады  (аталған  тәсіл  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінің  тұтастығын 
қамтамасыз  етеді  және    және  практика,  эксперимент  жүргізу    үшін 
мүмкіндіктерді кеңейтеді, ұғымдық ойлаудың негізгі дағдыларын дамытады);  
- ақпараттық ресурстарды қолданады (масс-медиа, интернет және т.б.); 

жобалау 
міндетті 
түрде 
балалардың 
жас 
ерекшеліктерін, 
қызығушылықтарын,  ұйымдастырылған  оқу  әрекетіндегі  (ҰОӘ)  өңірлік 
компонентті және балалардың бірлескен және дербес әрекеттеріндегі режимдік 
сәттерін ескере отырып, жүзеге асырады;   
- балаларға шамадан тыс жүктеме жүктеуге болмайды, нақты жүктемемен 
қамтамасыз ету; 
-  тәрбиеленушілерде  түрлі  іс-әрекеттерге  қатысуға  деген  ынта 
қалыптасады; 
- Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын игеру  және балалармен түзету 
жұмысын жүргізу бойынша диагностика уақытында жүргізіледі; 
-  балалар  мен  олардың  ата-аналары  үшін  білім  беру  процесінің 
қолжетімділігі, ашықтылығы мен тартымдылығы қамтамасыз етіледі. 
Заттық-кеңістік дамытушы ортаға қойылатын талаптар: 
Мектепалды  даярлық  сыныптары  (топтары)  өз  қызметінде  «Балаларды 
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық  талаптар»  Санитариялық  қағидаларын  (ҚР  ҰЭМ  2015 
жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы) басшылыққа алады.  
-  мазмұны  қауіпсіздік,  вариативтілік,  қол  жетімділік,  ашықтық  және 
икемділік  принциптеріне,  гендерлік  ерекшеліктерге,  баланың  қажеттіліктеріне 
сәйкес келуі тиіс;  
 -  мазмұны  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясына  негізделген  жалпы 
адами  құндылықтарға,  патриотизм  мен  толеранттылыққа  тәрбиелеуге  ықпал 
етуі тиіс;  
-  оқу  жылы  бойына  өзгермейтін  аймақтарды  қатаң  реттеуден  бас  тарту 
қажет;  
-  қоршаған  орта  баланың  жеке  тұлғасын  дамытуға,  балаға  зерттеушілік 
бағытты игеруге,  алған білімдерін өмірде қолдана білуге ықпал етуі тиіс;  
-  аймақтардың  көркем  безендірілуі  және  дизайны  эстетикалық  талғамға 
сәйкес және әдемі болуы тиіс.   
Педагогикалық процестің мазмұнына қойылатын талаптар: 
Мектепалды  даярлық    сыныптарында  (топтарында)  оқу    процесі  бес 
күндік жұмыс аптасы бойынша жүзеге асырылады. 
Мектепалды  даярлық    сыныптарының  (топтарының)    педагог 
қызметкерлері    білім  беру  процесін  ұйымдастыру  төмендегі  құжаттарды 
басшылыққа алады: 
- перспективалық жоспарлау; 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
46 
- циклограмма; 
- мониторинг (Бақылау парақтары мен Баланың  жеке  даму картасы).  
Педагог перспективалық жоспардың негізінде ортақ тақырыптарға сәйкес 
бір аптаға циклограмма жасайды. 
Педагог  перспективалық  жоспарды  негізге  ала  отырып  (айлық  ортақ 
тақырыптар,  апталық  тақырыпшалар)  циклограмма  құрастыру  кезінде  алға 
қойылған  мақсаттарды  іске  асыру  үшін    ҰОӘ  бойынша  әдебиеттерді,  оқу-
әдістемелік  құралдарды,  тақырып  бойынша  иллюстрацияларды,  өлеңдер, 
жұмбақтар, ойындарды  және т.б. таңдайды. Одан әрі ол ҰОӘ ерекшеліктеріне 
сәйкес  оқыту  мен  тәрбиелеудің  құралдарын,  әдістерін  және  тәсілдерін 
анықтайды.  
ҰОӘ мазмұнын педагог құрастырады, ол: 
І. Кіріспе бөлім (тақырыпқа ену: балалардың өткен материалдарды қалай 
игергенін білу үшін жетелеуші сұрақтар, жаңа тақырыпқа біртіндеп көшу); 
II. Негізгі бөлім (жаңа материал (ойын түрінде); жаңа материалды бекіту 
сұрақтары (ойын түрінде); 
III.  Қорытынды  бөлімнен  (сабақ  бойы  не  өткенін,  есте  сақтағанын,  не 
ұнағанын  балалармен есіне түсіру, бекіту сұрақтары, жаңа материалды бекіту 
ойындары) тұрады. 
ҰОӘ  барысында  оқу  қызметі,  ойын  әрекеті,    күн  тәртібінің  сәттері 
барысында  педагог  балалардың  дамуын  бақылап,  мәселелерді  анықтайды. 
Бақылау мәліметтері диагностиканы жүргізуге негіз бола алады.  
Педагог  Үлгілік  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  меңгеру  бойынша 
балалардың  біліктері  мен  дағдыларының  дамуына  мониторинг  жүргізу  
жөніндегі  әдістемелік    ұсынымдамаларға  сәйкес  әрбір  баланың  даму 
динамикасы  мен  болашағын  Баланың  жеке  даму  картасында  және  Бақылау 
парағында белгілейді. 
 
Мектепалды даярлық сыныптарында (топтарында)  жұмыс істейтін 
педагогтердің қызметін ұйымдастыру 
 
БҒДМБ  сәйкес  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  басты 
міндеттерінің бірі педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мен педагог 
кәсібінің беделін көтеру болып табылады.   
Мектепке  дейінгі  ұйым  қызметкерлерінің  құқығы  мен  міндеттері 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен,  «Білім  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  Заңымен,  Мектепке  дейiнгi  ұйымдар  қызметiнiң  үлгілік 
қағидалары (07.04.2017 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен), Білім беру 
ұйымдарының жарғысымен және басқа да нормативтік актілермен реттеледі. 
Педагогикалық  қызметке  білім  деңгейі  мен  біліктілігін  тиісті  деңгейдегі 
мемлекеттік  үлгідегі  құжаттармен  растайтын  тиісті  бейіні  бойынша  арнайы 
педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.   
Білім  беру  процесінің  тиімділігін  арттыру  мақсатында  мектепалды 
даярлық сыныптарында (топтарында) жұмыс істейтін педагогтерге: 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау