Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



жүктеу 12,18 Mb.
бет8/76
Дата18.12.2017
өлшемі12,18 Mb.
#4524
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76

6. 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      20. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:


      1) табиғаттағы жанды және жансыз денелер;
      2) күн мен түннің айырмашылығы;
      3) адам қолымен жасалған заттар;
      4) табиғи құбылыстар;
      5) адамның сезім мүшелері және оны күту;
      6) өсімдік мүшелері;
      7) жыл мезгілдеріне байланысты жануарлар мен құстардың тіршілік етуі;
      8) жыл мезгілдеріне байланысты адам еңбегі;
      9) жыл мезгілдерінің атауын, оның адам, жануарлар және өсімдіктер тіршілігіндегі маңыздылығы;
      10) өсімдіктер мен жануарлардың адам өмірі үшін маңызы;
      11) жеке бас гигиена ережелерін;
      12) қауіпсіздік ережелерін білуі қажет.
      21. 1-сыныптың соңында оқушылар:
      1) табиғатты қорғаудың қарапайым ережелерін;
      2) айналадағы дүниені бақылау әдістерін;
      3) тұстарды бағдарлау және оның атауын меңгеруі қажет.

7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

       22. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:


      1) адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынаcы;
      2) ауа, су, топырақтың маңызы мен қасиеттері;
      3) өсімдіктің көбеюі үшін қажетті жағдайлар;
      4) өсімдіктің тіршілік ортасы;
      5) үй жануарлары және жабайы жануарлар;
      6) жануарлар мен құстардың қоректенуі;
      7) өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланыс;
      8) жануарлар мен құстардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;
      9) өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі маңызы;
      10) сурет пен сұлбаның айырмашылығын білуі қажет.
      23. 2-сыныптың соңында оқушылар:
      1) тұсбағарды пайдалану ережесін;
      2) үй жануарларына қамқорлық жасау жолдарын;
      3) зертханалық және тәжірибелік жұмыстардағы қауіпсіздік ережесін меңгеруі қажет.

8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      24. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:


      1) адамның ағза мүшелері, олардың маңызы;
      2) қимыл-қозғалыс мүшелері;
      3) көз, құлақ, мұрын, тіл, терінің маңызы мен қызметі;
      4) денсаулыққа пайдалы қызмет, зиянды әдеттер;
      5) табиғи және жасанды денелер;
      6) табиғат құбылыстары;
      7) ауаның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы;
      8) су, ауа, пайдалы қазбалар, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудағы адамның әрекеті;
      9) тау жыныстары;
      10) судың қасиеті, бұлт, тұман, жауын-шашынның пайда болуы;
      11) пайдалы қазбалар, оның адам өміріндегі маңызы;
      12) өсімдіктердің тіршілік ету ортасы, оның адам өмірі мен жануарлар тіршілігіндегі маңыздылығы;
      13) жануарлардың тіршілік ету ортасы және олардың қоректенуі;
      14) жануарлардың топқа бөлінуі;
      15) денелер мен заттардың өзара айырмашылығын білуі қажет.
      25. 3-сыныптың соңында оқушылар:
      1) денелер мен заттардың қасиеттерін анықтайтын тәжірибелер жасауды;
      2) секундомер, спидометр және термометрді, таразыны қолдануды;
      3) салауатты өмір салтын сақтауды;
      4) пайдалы қазбалар (бағдарлама көлемінде) топтамасын ажыратуды;
      5) «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жолдарын меңгеруі қажет.

9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      26. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:


      1) пайдалы қазбалар, оның адам өмірі үшін маңызы;
      2) су айналымы, суды қорғау жолдары;
      3) адамның ауаны тазарту мен қорғау үшін жасап жатқан істері;
      4) «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар (бағдарлама көлемінде);
      5) ауаның құрамы, қабығы, оның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі рөлін;
      6) туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы, даму жағдайлары;
      7) өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендері, адам еңбегінің әсері, қорғау жолдары;
      8) ғарыш туралы алғашқы мағлұматты пен қазақ халқының алғашқы ғарышкерлері;
      9) ауа, су және топырақты тазарту және қорғаудың қарапайым жолдарын білуі қажет.
      27. 4-сыныптың соңында оқушылар:
      1) Қазақстаның жер бедерін (өзен, көл, тау, орман-тоғай), пайдалы қазбалардың кен орындарын физикалық картадан көрсетуді;
      2) географиялық картадан Қазақстанның шекарасын анықтауды;
      3) қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін пайдалануды меңгеруі қажет.
      28. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
      1) қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға, оған қамқорлық жасауға ұмтылысынан;
      2) адамдардың еңбегі және олардың мамандығына құрметпен қарауынан;
      3) өз-өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен, салауатты өмір салтын сақтауынан;
      4) өз жерінің табиғатына, оның рухани және материалдық байлығына, сұлулығы мен көркемдігіне деген мақтаныш сезімінен, сүйіспеншілігінен көрініс табуы тиіс.
      29. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
      1) қоршаған ортаны бақылау дағдысынан;
      2) табиғи құбылыстарды бақылау және талдау, өзіндік қорытынды шығару білігінен;
      3) табиғатты зерттеу әдістерін қолдана білу дағдысынан;
      4) сарамандық жұмыстар жасау дағдысынан;
      5) жергілікті жердің сұлбасын сызу және оны жобалау білігінен;
      6) алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен;
      7) танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен;
      8) қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен көрініс табуы тиіс.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
8-қосымша         

Бастауыш білім беру деңгейінің 1–4-сыныптары үшін
«Өзін-өзі тану» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.


      2. Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
      3. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
      1) адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
      2) оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
      3) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
      4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
      1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
      2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
      3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
      4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
      5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
      6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
      7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
      8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
      5. Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер:
      1) оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
      2) өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
      3) өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;
      4) адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
      5) әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
      6) белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
      7) күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      6. Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 1-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.
      7. Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді:
      1) рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;
      2) өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;
      3) күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды көздейді.
      8. Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:
      1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
      өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі;
      өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
      әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік, сенім, үміт;
      адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу;
      2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
      өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;
      өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, төзiмдiлiк, сыпайылық;
      әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;
      адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік;
      3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері:
      әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді;
      адамның өзін-өзі тануы;
      адам және қоғам;
      адам және қоршаған орта.
      9. Адамзаттың рухани тәжірибесі тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.
      10. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған.
      11. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
      12. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр түрлі болуы мүмкін.
      13. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.
      14. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады.
      15. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке» әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті») әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.
      16. Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.

2. Базалық білім мазмұны

      17. Мектептің бастауыш сатысы (1-4-сыныптар). Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:


      1) Өзін-өзі тану бақыты;
      2) Адами қарым-қатынасқа үйренейік;
      3) Адам болам десеңіз...;
      4) Әсемдік әлемінде.
      18. «Өзін-өзі тану бақыты» атты бірінші тарау оқушыларды өзін-өзі тану пәнімен таныстырады. Мұнда балаларды мектепке өзгеше бейімдеуге бағытталған сабақтар қарастырылады. Олар жаңа оқушы мәртебесін ұғынады, сыныптастарымен, мұғалімдермен, жалпы мектеппен танысады. Өзінің сыртқы келбетіне дұрыс қарауға, өзін-өзі түсінуге, өз мінезі, өздері орындап жүрген әлеуметтік рөлдер туралы ойлануға, өз эмоцияларын түйсінуге және оны басқара алу білігіне дағдылануға мүмкіндік алады. Балалардың қызықты танымдық материалдар арқылы адамгершілік құндылықтарды қабылдауы осы міндеттерді табысты орындауға ықпал етеді.
      19. Баланың жаңа әлеуметтік рөлі, яғни мектеп оқушысы болуы – іс-әрекеттің (оқудың) жаңа түрін түбегейлі игерумен ғана емес, сондай-ақ қатынастың барлық жүйесінің, баланың қызығушылықтары, құндылықтары, өмір салттарының өзгеруімен де байланысты. Осы жастағы балалар негізінен түрі мен мазмұны тартымды ойын түрлері арқылы білім алады. Осыған байланысты оқытудың ойын әдісін кеңінен қолдану, жағдаятты, шығармашылық іс-әрекеттерді ұғынуға түрлі тапсырмалар беру, коммуникативтік, іс-әрекеттік оқытуда пікірталас элементтерін пайдалану қажет.
      20. Балалардың алған білімдері қарым-қатынас жасау кезінде бір-біріне қамқорлық жасап, көңіл бөлудің қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді. Қалыптасқан дағдылар мектеп өмірі үдерісінде мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселуге ықпал ететін болады. Мектеп ұжымында орныққан ізгі қарым-қатынас жеке тұлғаның алдағы уақытта, яғни есейген шақта жағымды қасиеттерін дамытуға септігін тигізетіні осы тарау сабақтарының тағы бір маңыздылығы болып табылады.
      21. Бағдарламаның «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты екінші тарауында коммуникативтік біліктер мен дағдыларды (өзін және басқаларды тыңдау, түсіну, дұрыс бағалай білу, жанашырлық таныту, өзара ынтымақтастық біліктері); құрбыларымен тең құқықты, өзара жақсы қарым-қатынас құра білу білігін; өзінің эмоциялық күйін түсіну, өз сезімдерін білдіре алу және басқалардың сезімін тани білу біліктерін, тұлға аралық шиеленістерді шешу дағдыларын игеруді және әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
      22. «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты тарау сабақтары балалар ұжымында ешкімнің ренжімеуіне және назардан тыс қалмауы үшін жағымды орта құруды қарастырады. Ол оқушылардың мінез-құлқындағы жағымды қырлары, яғни айналасындағыларға және бір-біріне деген құрметті, эмоциялық жылылық пен өзара түсіністікті психологиялық нұсқау арқылы оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған. Әдістемелік тәсілдер шиеленістерді болдырмаудың жолдарын бірлесіп іздеуге және пайда болған шиеленісті жағдайлардан шығудың лайықты тәсілдерін табуды анықтауға бағытталған. Оқушыларды басқалардың келеңсіз мінез-құлықтарына орай әдепті әрекет етуге, балалардың кешіре білу білігін қалыптастыруға және оны дамытуға, кішіпейілділік, тектілік, төзімділік көрсете білуге шыдамдылықпен үйретуге негізделген.
      23. Оқыту үдерісінде баланың адамдар арасындағы қарым-қатынас этикасы ережелерін меңгеруі маңызды болып табылады. Бұл үшін оларды қарым-қатынас білігін, ынтымақтастық пен ұжымшылдық рухын дамытуға, басқалардың сезімін түсінуге, топпен қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттестікке, басқа балалармен достасуға, жетістіктері мен сәтсіздіктерін бөлісуге, өз мінез-құлқын бақылап, оны саналы түрде басқаруға, түрлі өмірлік жағдаяттарда батыл және өзіне сенімді болуға үйрету керек. Балаларды жаттығуларға, ойындарға, шығармашылыққа, экспериментке, іс-әрекетке практикалық кірістірудің түрлі формалары жас жеткіншекті тәрбиелеу нормаларына тартуға, өзіне, айналасындағыларға, құрбыластарына және үлкен адамдарға қатынасында эмоционалдық-мотивациялық нұсқаулар қалыптастыруға, коммуникативтік және әлеуметтік дағдылар, біліктер және қарым-қатынас тәжірибелерін дамытуға, қоғамдағы дұрыс мінез-құлық және жеке даралық дамыту үшін қажетті мүмкіндіктер туғызу қажет.
      24. Осы тарау сабақтарында алған өзара адами қарым-қатынастың сыпайы тәсілдері, құралдары мен әдістері туралы білім балаларға қатынас жасау өнері жөнінде түсінік береді. Олардың жақын адамдарына, сыныптастарына, таныстарына мейірлі болып, шынайы сезімге тәрбиеленуіне мүмкіндік туғызады. Бұл сабақтар балаларды әңгімелесушінің эмоционалдық күйін түсінуге, өз ойлары мен сезімдерін дұрыс жеткізе білуге, жақсы қатынасты бағалай білуге және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қуанышқа бөлене алуына, оларға қамқорлық көрсетуге және шамасына қарай көмек көрсетуге үйретеді.
      25. «Адам болам десеңіз...» атты үшінші тарау баланың жас ерекшелігіне қарай олардың психологиялық дамуын, яғни өспелі мінез-құлықты түйсінуін, әсерленгіштікті, сезімнің қарқынды дамуын, жалпы эмоционалдық тонусын (шаттық, сергектік), жігерлілік сапаларын ескере отырып жасалған. Тарауда баланың адамгершіліктік құндылықтық бағдарларды қабылдау дағдыларын дамытуға септігін тигізетін материалдар бар. Осы арқылы оқушылар мейірімділік, борыш, адалдық, ұят, намыс, батылдық сияқты және т.б. адамгершілік ұғымдармен танысады. Баланың қайырымдылық, достық, ұстамдылық, мақсаткерлік, батылдық, өз-өзін құрметтеу, абырой, көңіл күйге ортақтаса білу, басқа адамдарға, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық көрсетуін дамытуға ықпал ететін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға айырықша көңіл бөлінеді. Бағдарлама мазмұнында өзінің және басқалардың қылықтарын жинақтап қорыту, салыстыру, талдау, оның этикалық мәнін көре білу және бағалау қарастырылған.
      26. Оқытудың мазмұны мен әдістері балалардың сезімталдығын, елгезектігін, өзін-өзі құрметтеуін, өз қадір-қасиетін сезінуін, эмпатиялық сезімін көрсетуін тәрбиелеу үшін жағдай жасауға бағытталған. Білім үдерісі баланың өз ұстанымына, оның өмірлік тәжірибесіне құрылуы қажет, сондықтан да оқушыларға оқу мен тәрбие үдерісінде берілетін ақпарат баланың жай назар аударуына ғана емес, оны эмоционалды түрде бастан кешіретіндей болуы тиіс. Онда балаларды өмірлік жағдаяттарды адамгершілік амалдармен шешуге үйрететін негіздегі тәжірибені қолдану қажет.
      27. Тарауды оқытуда этикалық әңгімені жетекші әдіс ретінде қолдану мақсатқа сәйкес болады. Адамгершілік көрініс беретін оқиғаларды талқылау үдерісінде мұғалімнің балалар бойында жағымды эмоциялар оятуы, өз қадір-қасиетін сезінуін дамытуы қажет. Этикалық әңгіме мазмұны балалар әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты туындайтын қоғамдық құбылыстарды бағдарлай алатындай, өз мінез-құлықтарын сезінетіндей, өз қылықтарының адамгершілік нәтижелерін алдын ала болжай алатындай болуы керек. Адамгершілік тәрбиенің ұтымды тәсілі мен құралы арнайы құрылған танымдық міндеттер болып табылады. Оларды шешу барысында кіші жастағы оқушылар қылықтарын қарастыруды, жағдаяттарды талдауды, оларға өздерінің жеке қатынасын білдіруде өздеріне таныс адамгершілік ұғымдарды қолданады. Сабақта болашақ туралы ойлану, армандау үшін уақыт бөлінуі қажет, бұл – тыныштық сәті, онда түрлі мәселелер: өзің, жақындарың мен туыстарың туралы, жақсылық пен жамандық туралы, адамдардың өмірін жақсарту жөнінде ойлану үдерістері орын алады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде балалар өз мінез-құлықтары мен қоршаған адамдардың тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлықтарының жетістік және кемшілік тұстарын көруге; әділеттік танытуға, өз қалауын ортақ мүдделерге бағындыруға; өз бетінше әрекет етуге және қойылған міндеттердің шешімін өз бетінше табуға үйренеді. Адамдардың қылықтары мен әдеттері туралы алынған мәліметтер кіші жастағы оқушыларға мінез-құлықтың әлеуметтік мәні бар жағымды мотивтерін орнықтыруға, өз бойындағы жақсы үлгілерді жетілдіру тілектерін дамытуға ықпал етеді. Білім мен тәрбиенің қаланған негіздері баланың бойында өз қылықтары үшін жауапкершілік сезімін және өзіне қатысты талап қоя білуді орнықтыруға көмектеседі, жеке тұлғаның басты келбетін дамытуға көмектесетін өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
      28. «Әсемдік әлемінде» атты төртінші тараудың мазмұны кіші жастағы оқушылардың бойында қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыруға бағытталады. Балалардың табиғатқа эстетикалық қатынасын қалыптастыру және денсаулықтарын нығайту мақсатында экологиялық, шығармашылық іс-әрекеттер ұйымдастырылады. Сабақтың эмоционалдық тартымды болуы кіші жастағы оқушылар үшін іс-шаралардың: танымдық, сюжетті-рөлдік ойындар, мерекелер, табиғи материалдармен практикалық жұмыстар, жобалық іс-әрекеттер, топтық саяхаттар, осы жастағылар үшін шамасы келетін табиғатты қорғау іс-әрекеттерін қолдану сияқты түрлері қамтамасыз етіледі.
      29. «Әсемдік әлемінде» атты тараудың құрылымы этикалық, эстетикалық, валеологиялық, құқықтық білімдер арасындағы байланысты орнықтыруға жағдай жасайды. Тарау мазмұнына енгізілген осы білімдердің құрамдастары мағыналық жағынан ізгіліктік адамгершілік құндылықтармен байланысады. Өмір және салауаттылық құндылықтарын ашуға арналған сабақтарда оқушылар әрбір адамның өмір сүруге, өз денсаулығын қорғауға, баланың тіршілік етуге құқығын және өздерінің денсаулықтарына мемлекеттің ерекше қамқорлығын сезініп, басқа адамның өмір сүру құқығын әркімнің сыйлауға міндетті екенін ұғынады, экологиялық мәселелермен танысады.
      30. Адамгершілік және экологиялық бағдарлы қалыптасқан тәжірибе арқылы кіші жастағы оқушылардың өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге, өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға, өзінің еңбек, демалыс, тамақтану сияқты өмірлік іс-әрекеті.
      31. Кіші жастағы оқушылардың рухани-адамгершілік білімінің тиімділігі көбінесе мұғалім мен отбасының ынтымақтастығына байланысты болады. Мұғалімнің қандай адамгершілік ережелерді ұсынып отырғанын, балалардың мінез-құлықтарына қандай талаптар қойылатынын, адамгершілік категориясы бойынша олардың әрекеттері қалай бағаланатынын, сынып ұжымындағы қоғамдық пікір қандай екенін ата-аналардың білуі шарт. Ата-аналар мен педагогтердің тәрбиелік ықпалының бірлігі тәрбиенің мақсаты мен нақты міндеттерін бір бағытта түсінуінен, түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оларды жүзеге асыру білігінен көрінеді. Пәннің мақсат-міндеттері мен әдістерін ашатын бірлескен үй жұмысы (балалар мен олардың ата-аналары үшін), әдебиеттерді ұсыну, таныстыру сабақтары мен тренингтер өткізу тәжірибеге кеңінен енгізіледі. Мұның өзі мектепте де, үйде де балаларды үздіксіз тәрбиелеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      32. Төменде осы айтылған мазмұнға сәйкес құрастырылған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бастауыш мектептің әрбір сыныбына арналған тақырыптық жоспар ұсынылады.

жүктеу 12,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау