Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 5- сыныптағы базалық білім мазмұны



жүктеу 12,18 Mb.
бет53/76
Дата18.12.2017
өлшемі12,18 Mb.
#4524
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76

2. Оқу пәнінің 5- сыныптағы базалық білім мазмұны

      6. «Тарих әлемі» (2 сағат):


      тарих туралы түсінік, тарихты зерделеу не үшін қажет, Қазақстан тарихы–дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, Қазақстан тарихының кезеңдері (ежелгі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі заманғы тарих);
      тарихи жәдігерлер, тарихи жәдігерлердің түрлері (ауызша, жазбаша, археологиялық), заттай, жазбаша жәдігерлер.
      7. «Тарихқа саяхат» (14 сағат):
      адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар;
      Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі, палеолит – ерте тас дәуірі, ежелгі еңбек құралдары, адамдарды топтасып өмір сүруі, табиғат, ауа райы, мұз басу, мезолит – орта тас дәуірі, күннің жылынуы, мұздықтардың еруі, кішігірім, жүйрік аңдарды аулауға арналған садақ пен жебені және бумарангты ойлап табу, жеке аң аулау, жаңа еңбек құралдарының пайда болуы, неолит – жаңа тас дәуірі, микролиттік мәдениет, мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы;
      Қазақстан территориясындағы қола дәуірі (алғашқы металдар, қоланы пайдалануды үйрену), андронов мәдениеті, қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығы, қола дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті;
      сақ тайпалары, сақтар – ежелгі Қазақстанды мекендеушілер, сақтар туралы парсы және грек жазбалары, сақтардың тұрмысы, шаруашылығы, олардың әдет-ғұрыптары, сақ билеушілері, сақтардың басқару жүйесі, Томирис пен Зарина – сақтардың атақты патшалары (ханшайымдары), сақтардың тәуелсіздік үшін күрестері, парсылармен соғысы, Шырақтың ерлігі, сақ мәдениеті, «Алтын адам» – қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасы;
      Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары мөде – ғұн мемлекетінің негізін қалаушы, ғұндардың тарихы, ғұндардың шаруашылығы, тұрмысы, халықтардың ұлы көші, Аттила (Еділ) – ұлы жаһангер;
      Қазақстан территориясындағы көне түркілер («түркі» түсінігі), Түркі қағанатының құрылуы, Бумын қаған – Түркі қағанатының негізін қалаушы, көне түркілердің тұрмысы және қызметі, көне түркілердің мәдениеті, діни түсініктері, көне түркі жазбалары;
      Шығыс даналары (әл-Фараби – шығыстың көрнекті ойшылы» Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, Ж. Баласағұн);
      Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары, қалалардың құрылысы, ірі қалалар (Түркістан, Сығанақ, Сайрам, Тараз);
      монғол шапқыншылығы, монғолдар қазақ даласында, Отырар – қаһарман – қала, (Отырар қорғанысы. Отырардың күйреуі);
      қазақ халқының және Қазақ хандығының құрылуы, «қазақ» терминінің пайда болуы және маңызы, Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың құрылуы, Әбілхайыр хан мемлекеті, Керей мен Жәнібек сұлтандардың бөлінуі және өздерінің руларымен Моғолстан территориясына қоныстануы, қазақ хандығының құрылуы, жүздердің қалыптасуы, Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі;
      қазақ хандары, билері және батырларының тарихы, хан – ел билеушісі, аңызға айналған қазақ хандары (Алаша хан, Уыз (Оғыз хан), қазақ хандары – Керей, Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуке), қазақ қоғамындағы билердің рөлі, билер – дана, шешен, қазылар, қазақ қоғамындағы батырлардың алатын орны, ХVІІІ ғасырдың ұлы батырлары;
      Қазақстан және Ресей қазақ-жоңғар соғысы, Қазақстанның Ресейге қосылуы, Әбілхайыр ханның Ресей құрамына кіруге ұмтылысы, Кіші жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына қабылдануы, А.Тевкелевтің елшілігі;
      Абылай хан, өмірі мен саяси қызметі;
      қазақ ағартушылары, қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов, (Ш.Уәлихановтың өмірбаяны, Омбыдағы кадет корпусында білім алуы, Ф.М.Достоевскиймен достығы, Қашғарға сапары), Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы (Абайдың балалық шағы. Абай – сазгер, Абай өлеңдері, қара сөздері), Ыбырай Алтынсарин – ғалым-ағартушы, (Ы.Алтынсарин педагог, Қазақстанда қыздарға білім беретін мектептің негізін салушы);
      8. Қорытындылау (1 сағат).
      9. «Әсемдік әлемінде» (6 сағат):
      қазақ халқының материалдық мәдениет, қазақтардың тұрғын үйлері (киіз үй, киіз үйдің жиһаздары), қазақ халқының ұлттық киімдері, қазақтардың қолөнер бұйымдары;
      архитектуралық ескерткіштер, Қазақстан территориясындағы ежелгі құрылыстар, орта ғасырлардағы архитектуралық ескерткіштер (Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Бабаджа – қатын, Айша бибі, Алаша хан, Сырлытам. Қожа Ахмет Йассауи кесенелері);
      қазақ халқының рухани мәдениеті, қазақ халқының мейрамдары;
      наурыз мейрамы (наурыз – жаңа жыл), халық ауыз әдебиеті және қазақ халқының шешендік өнері (дастан, аңыз-әңгімелер, шежірелер), қазақ халқының айтыс өнері, шешендердің өнері (Жиренше шешен, Аяз би, Алдар Көсе);
      қазақ халқының музыка өнері, күй өнері (Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Қорқыт);
      діннің пайда болуы, ежелгі адамдардың діни түсініктері, қазақ халқының діни наным-сенімі.
      10. «Қазақстан ХХ ғасырда» (6 cағат):
      Қазақстан Ресей құрамында, 1917 жылы патшаны тақтан тайдыру, 1917 жылы қазанда большевиктердің билікті алуы, Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы, азамат соғысы, КСРО-ның құрылуы;
      қазақ ұлттық зиялылары (Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов);
      Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында, КСРО-ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы, Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі, Қазақстан майдан арсеналы, Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбектегі ерлігі;
      тың игеру (тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері, тың және тыңайған жерлерді игеру, тың игеру қорытындылары);
      Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (Қ.И. Сәтпаев – қазақтың тұңғыш академигі, Қазақ Ғылым академиясының бірінші президенті), «Мәдени мұра» бағдарламасы;
      ғарышты игеру, Қазақстан – ғарыш айлағы (Байқоңыр, Қазақстандық ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев).
      11. «Тәуелсіз Қазақстан» (3 cағат):
      Қазақстан – егеменді мемлекет, КСРО-ның құлауы, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы, Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (мемлекеттік рәміздер туралы түсінік, қазақ халқының мемлекеттік рәміздері тарихынан, Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық міндеттері –мемлекеттік рәміздерді құрметтеу);
      Астана – Қазақстанның жаңа астанасы (біздің еліміздің бас қаласы), Қазақстан астаналары (Орынбор, Қызылорда, Алматы), 1997 жыл – Астана қаласының еліміздің елордасы болып жариялануы;
      12. Қорытынды қайталау (2 сағат).

3. Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны

      13. Кіріспе (1 сағат).


      14. «Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар» (9 сағат):
      алғашқы адамдардың пайда болуы, адамның шығу тегі туралы ежелгі адамдардың түсінігі, адамның шығу тегі туралы қазіргі көзқарастар, Қазақстанда алғашқы адамдардың пайда болуы, адамдар тобыры – алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы;
      ежелгі адамдардың іс-әрекеттері, алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары, тасты өңдеу әдісі, аңшылық, терімшілік;
      алғашқы адамдардың өмірі, еңбек құралдарын жетілдіру, палеолиттен неолитке дейінгі еңбек құралдарын жетілдіру, ұлы мұздықтар, отты қолдану;
      Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде (палеолит), төменгі және жоғарғы палеолит, Қазақстан жеріндегі палеолит дәуірінің тұрақтары, еңбек құралдары, «саналы адамдардың» пайда болуы;
      рулық қауымның пайда болуы (аналық ру, көсемдер, ақсақалдар);
      Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде (мезолит), орта тас дәуірінің ерекшеліктері, микролиттердің пайда болуы, садақ пен жебенің пайда болуы, олардың адамдар өміріндегі маңызы;
      мезолит дәуіріндегі табиғи-климаттық өзгерістер (мұздықтардың еруі, күннің жылынуы), жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіндегі өзгерістер, Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары;
      Қорытындылау.
      15. «Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы, Еңбек бөлінісі» (9 сағат):
      мезолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер, рулық қауымның нығаюы, рулардың тайпаларға бірігуі, егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы, еңбек бөлінісі;
      Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде (неолит), неолит төңкерісі, мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу;
      қыш өндіру кәсібінің пайда болуы (қыш ыдыстар дәуірі), тоқыма өнері, тастан, сүйектен жасалған еңбек құралдары;
      неолит ескерткіштері, Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары, рулық қауымның аналықтан аталыққа көшуінің басталуы;
      мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, мыс және қалайы, Орталық Қазақстандағы ежелгі металлургия;
      энеолит дәуіріндегі еңбек құралдарын жетілдіру қоғамдық еңбек бөлінісі, патриархаттың бекітілуі, Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары;
      алғашқы адамдардың қоршаған орта туралы ой-пікірлері (әлем туралы аңыздар), білімді жинақтау және дамыту, діни наным-сенімдер (анимизм, тотемизм, фетишизм, магия – алғашқы діни түсініктер);
      «пұтқа табынушылық», құдай мен рухқа сену, өнердің тууы, тастағы суреттер;
      қорытындылау.
      16. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» (7 сағат):
      қола дәуіріндегі Қазақстан, қола дәуірінің ерекшеліктері, қола – мыс пен қалайының қоспасы, қоладан жасалған еңбек құралдары, Қазақстан территориясындағы мыс пен қалайы кен орындары, қола дәуірінің кезеңдері (ерте, орта және кейінгі);
      андронов мәдениеті, Қазақстандағы андронов мәдениетінің қоныстары, андрондықтардың шаруашылығы мен тұрмысы, баспанасы;
      қола дәуіріндегі адамдардың қоғамдық-мәдени өміріндегі шаруашылық өзгерістер, климаттың өзгеруі, отырықшы және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, кетпенді егіншілік, қыш ыдыс кәсібі, зергерлік өнер, А.Х. Марғұлан және т.б., Беғазы-Дәндібай мәдениеті;
      қоғамдық құрылысы, жеке меншіктің пайда болуы;
      қорытындылау.
      17. «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» (9 cағат):
      көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы, отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысу, тебіндік жайылым, төрт түлік мал;
      киіз үй – көшпелілердің баспанасы (киіз үйдің құрылысы және жасауы), отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықтар;
      көшпелі мал шаруашылығы өмір сүрудің негізі, дәстүрлі мал шаруашылығындағы көшіп-қону, жайылым түрлері (көктеу, жайлау, күзеу, қыстау);
      Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемлекеттер, сақтар (сақтардың қоныстануы, сақ қоғамы, сақтар туралы алғашқы деректер), сақтар жайлы Геродоттың айтқандары, сақтар парсы жазбаларында;
      сақ тайпаларының қоныстануы, (тиграхауда, парадарайя, хаомаварга сақтары), сақтар қоғамының құрылымы;
      сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы, сақтардың шаруашылығы мен тұрмысына сипаттама, мал шаруашылығы және егіншілік, темірді пайдалану;
      сақтардың тәуелсіздік үшін күресі, Қазақстан аумағына парсы әскерлерінің басып кіруі, сақ патшасы Томиристің парсы патшасы Кирге қарсы күресі, Шырақтың ерлігі, Александр Македонский әскеріне қарсы сақтардың күрес);
      сақ мәдениеті, сақ ескерткіштері (Есік және Бесшатыр қорғаны, «Алтын адам» – сақтардың зергерлік өнері, «Аңдық стил);
      сақ қорғандары (болжамдар, жұмбақ жайлар және жаңалықтар), «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көне патша қорымдары мен қорғандарын кешенді түрде зерттеу.
      18. «Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар» (15 cағат):
      үйсіндер, үйсіндер туралы жазба деректер, үйсін тайпалары, үйсіндердің қоныстанған жерлері, үйсіндердің қоғамдық құрылысы, гуньмо – үйсіндердің билеушісі;
      үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер, зергерлік өнер), Қарғалы диадемасы;
      үйсіндердің салт-дәстүрі және діни наным-сенімі;
      қаңлылар, қаңлылар тарихы туралы қытай және иран жазбалары, қаңлылардың археологиялық ескерткіштері, (Қостөбе, Көк-Мардан, Пұшық- Мардан), қаңлылардың қоныстануы, қоғамдық құрылысы;
      қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы, (егіншілік, мал шаруашылығы және қосалқы кәсіптер, металл өңдеу, сауда), қаңлылардың мәдениеті және діни сенімдері;
      ғұндар, ежелгі ғұндар тарихы қытай деректерінде, Мөде шаньюй – ғұн мемлекетінің негізін салушы, ғұндардың мемлекеттік құрылысы, ғұн тайпаларының бірігуі;
      халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұндардың Батысқа қоныс аударуы, ұлы әскербасы Аттила (Еділ) және оның жорықтары, ғұн жорықтарының маңызы, тарихи әдебиеттердегі ғұндардың бейнесі;
      ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті (мал шаруашылығы, егіншілік, қоныстары, кәсіптері), қоғамдық құрылысы, мәдениеті, зергерлік бұйымдар, «Полихром стилі»;
      сарматтар, сарматтардың қоныстануы, савромат, дай тайпалары, сарматтардың қоғамдық құрылысы, әскери демократия, әлеуметтік теңсіздік;
      сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік, сарматтардың материалдық мәдениеті), археологиялық ескерткіштері, сынтас;
      қорытындылау.
      19. «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары» (7 cағат):
      ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан, Сарыарқа – Ұлы дала, Сарыарқа тұрғындары – аргипейлер, исседондар, шаруашылығы, маусымдық жайылымдар, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер, Тасмола археологиялық мәдениеті, «Мұртты» қорғандар;
      ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан, табиғи-климаттық ерекшеліктері, савроматтар мен аргиппейлер – Солтүстік Қазақстан тұрғындары, шаруашылығы, мал шаруашылығы және оның ерекшеліктері, археологиялық ескерткіштер, металл өңдеу;
      ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, табиғи-климаттық жағдай және елді мекендер, Шілікті даласынан табылған патша қорғандары, Берел қорымы, Шығыс Қазақстан мәдениеті, «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде ежелгі қалашықтар мен қорымдарға жүргізілген археологиялық зерттеулер;
      қорытындылау.
      20. «Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері» (7 cағат):
      көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім), Ұлы Жібек жолы, аңдық стильдегі өнер, ежелгі металлургия орталығы, мемлекеттік басқару жүйесі, жерлеу әдісі, руна жазуы, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк жазуы. Эпос);
      көшпелілердің киімдері, ат әбзелдері, көшпелілердің сауыт-саймандары мен қару-жарақтары;
      ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі, мәңгілік өмір сүру идеясы, өлім мен өмір арасындағы күрес, адамзаттың табиғатпен байланыста өмір сүруі, тепе-теңдік, өмірге құштарлық;
      көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері, тәңір, табиғат және ата-баба рухына табыну, жерлеу рәсімдері;
      ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты, антропология деген не, қола дәуіріндегі адамдардың антропологиялық сипаттамасы, ерте темір дәуіріндегі адамдардың антропологиялық типі;
      21. Қорытынды қайталау (4 сағат).

4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      22. Кіріспе (1 сағат):


      дәуірге сипаттама, орта ғасыр ұғымы, орта ғасыр кезеңдері.
      23. «Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан» (11 cағат).
      24. «Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер» – (6 сағат):
      түрік қағанатының құрылуы (жер аумағы, халқы, шаруашылығы және мәдениеті), Ақыртас – ерте орта ғасырдағы қағанат орталығы;
      Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы);
      Түргеш қағанаты, Түргештердің шығу тегі, Түргеш қағанатының құрылуы, сыртқы саясаты, шаруашылығы және мәдениеті, соғдылықтар Жетісуда;
      қарлұқ мемлекетінің құрылуы, (жер аумағы, халқы, шаруашылығы, саяси жағдайы, мәдениеті, түрік жазуының пайда болуы), қағанаттың ыдырауы, Суяб – қарлұқтардың астанасы;
      оғыз мемлекетінің құрылуы (оғыз тайпаларының қоныстанған жер аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы), Қазақстан аумағындағы оғыздар, олардың шаруашылығы, кәсібі мен қолөнері, Оғыз мемлекетінің ыдырауы, Жанкент – оғыздар астанасы;
      қимақ мемлекетінің құрылу, қағанаттың қоғамдық және саяси жағдайы, этникалық және тайпалық құрамы, қимақ мемлекетінің ыдырауы, қимақтардың мәдениеті мен кәсібі;
      қорытындылау.
      25. «VІ – ІХ ғасырлардағы отырықшылар және көшпелілер мәдениеті» (5 сағат):
      көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері, қалалар мен қоныстар, қала ғимараттары (кесенелер, мешіттер);
      көшпелілердің материалдық мәдениеті, оның ерекшеліктері, қолөнер кәсібі (керамикалық бұйымдар мен ыдыстар жасау, металлургия және металл өңдеу), сауда, ақша,
      сәулет және өнер (архитектуралық құрылыстар, сәндік-қолданбалы өнер);
      халық ауыз әдебиеті, жазу және дін (халық ауыз әдебиеті, тіл және жазу, көне түркі жазуы, араб жазуы), діни наным-сенімдер;
      қорытындылау.
      26. «Орта ортағасырлардағы Қазақстан» (31 cағат).
      27. «Орта ортағасырлық кезеңде Қазақстан территориясында жаңа мемлекеттердің құрылуы» (4 сағат):
      Қарахан мемлекеті, мемлекеттің құрылуы, жер аумағы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы, жер иелену түрлері, мәдениет, ислам дінін қабылдауы;
      наймандар, керейіттер, жалайырлар (тайпалардың орналасуы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы, тайпа одақтарының өзара қатынастары);
      Жетісудағы Қарақытайлар, қоғамдық-саяси құрылысы, алым-салық жүйесі, сыртқы байланыстары;
      Қыпшақ хандығы, этникалық құрамы, жер аумағы, шаруашылығы, саяси құрылымы және сыртқы байланыстары.
      28. «Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы» (4 сағат):
      Жібек жолының пайда болуы және оның қызметі, керуен жолдарының қиылысында орналасқан қалалардағы экономика мен сауданың дамуы;
      Жібек жолының Қазақстан территориясынан өтетін басты бағыттары (Жетісу – Ұлы Жібек жолының шығыстағы негізгі қақпасы. Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын негізгі жолдарының бірі);
      Ұлы Жібек жолының мәдениетті дамыту және халықтар арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі;
      Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы, («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Ұлы Жібек жолының Жетісу аумағындағы керуен жолы тармақтарын зерттеу).
      29. «Х ғ – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті» (7 сағат):
      қалалардың дамуы (Отырар, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Сайрам, Сығанақ және т.б. қалалар), қала құрылысындағы сәулет өнері өзгерістері, қорғаныс құрылысы, қоғамдық құрылыстар, цитадель, базар алаңы, сәулет өнері ерекшеліктері, («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес орта ғасырлық қалаларды зерттеу);
      қолөнер мен сауданың дамуы, үйге қажетті заттарды жасау, ұсталық кәсіп, зергерлік өнер, сауда және ақша айналымы;
      сәулет өнері мен құрылыстың дамуы, сәндік-қолданбалы өнер, оның ерекшеліктері, кесенелер, мешіттер, моншалар («Мәдени мұра» бағдарламасы аясында орта ғасырлық сәулет өнерінің дамуын зерттеу);
      дін және мәдениет, діни наным-сенімдер, ислам діні мен араб жазуының ғылым мен мәдениетке тигізге ықпалы, Отырар кітапханасы, ғылым мен мәдениеттің өркендеуі (математика, философия, музыка, жаратылыстану, тіл білімі және т.б.), халық медицинасы;
      ғылым мен білімнің дамуы (тіл, ғылым мен әдебиет), түркі тілдес халықтардың ғылым мен мәдениет жолындағы көрнекті қайраткерлері (Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Ахмет Йасауи);
      Махмуд Қашғари, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұн («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес ұлттық мәдени орталықтардың құрылысы және әл-Фарабидің кесенесі туралы зерттеулер);
      қорытындылау.
      30. «ХІІІ ғ. – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» (10 сағат):
      монғол империясының құрылуы, монғол империясының қоғамдық құрылысы, монғол-татарлар жаулаушыларының Қазақстанға шапқыншылығы, халықтың Шыңғыс хан әскеріне қарсы қаһармандық күресі, Отырар қорғанысы, монғол ұлыстарының құрылуы (Жошы мен Шағатай ұлысы), монғол шапқыншылығының зардаптары;
      Алтын Орданың құрылуы, Алтын Орданың күшеюі, Алтын Орданың қоғамдық құрылысы;
      Ақ Орда, Ақ Орданың дербестік алуы, жер аумағы мен этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы;
      Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы;
      Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.б. елдерге жорықтары), оның салдары;
      Ноғай Ордасы, жер аумағы және этникалық құрамы, Сарайшық қаласы – ХІІІ-ХV ғасырлардағы Ноғай ордасының әкімшілік, экономикалық, сауда және мәдениет орталығы, мемлекеттің ыдырауы, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірді мекендеген тайпалардың этникалық құрамы, орналасқан жері, ішкі және сыртқы жағдайы;
      Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы;
      Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердің әкімшілік құрылысы, қоғамдық құрылымы, жерді пайдалану және алым-салықтар;
      экономикалық жағдайы, мал шаруашылығы және егіншілік, қалалар және қоныстар, қолөнер;
      қорытындылау.
      31. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық үдерістер. Қазақ ұлтының қалыптасуы» (2 сағат):
      Қазақстандағы этносаяси үдерістер, халықтардың этникалық құрамы, этносаяси қауымдастықтардың қалыптасуы, қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы;
      қазақ жүздері, «Алаш» және «жүз» этнонимдері, қазақ, өзбек халқының бөлінуі, «қазақ» этнонимінің шығуы туралы.
      32. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (4 сағат):
      материалдық мәдениет, баспана, киім-кешек, әдет-ғұрыптар мен салттар, қалалықтардың өмірі мен тұрмысы, қолөнер және үй жиһазын жасау, зергерлік бұйымдар, сауда;
      рухани мәдениет, халық ауыз әдебиеті (ертегілер мен аңыздар, ақындар айтысы, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер), жазу, білім, музыка өнері, қазақ билері мен күйлері, жыршылық өнер және жыраулар, бақсылық, халық медицинасы, әлемнің пайда болуы туралы халықтың түсінігі;
      қалалық сәулет өнері (кесенелер, Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесі, Көк-кесене), сәндік-қолданбалы өнер;
      қорытындылау.
      33. «Кейінгі орта ғасырдағы Қазақстан. Біртұтас мемлекеттің құрылуы» (22 cағат).
      34. «Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуы» (3 сағат):
      қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары, Керей мен Жәнібектің қызметі;
      мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек (жер аумағы, халықтың этникалық құрамы), көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы;
      қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты, хандықты басқару ісі және сыртқы байланыстар, біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы.
      35. «Қазақ мемлекетінің ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы дамуы және күшеюі» (4 сағат):
      Қасым хан, Қасым хан тұсындағы қазақ мемлекетінің күшеюі, Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты, жер аумағының кеңеюі, халықтың өсуі, Қасым хан заңдары, Қасым хан – қазақ жерлерін біріктіруші;
      Хақназар хан, Хақназар хан тұсындағы қазақ мемлекетінің қуаттылығы мен саяси өрлеуінің артуы, Хақназар ханның ішкі және сыртқы саясаты;
      Тәуекел хан, Тәуекел хан тұсындағы хандықтың ішкі жағдайы, қазақ-өзбек қатынастары, орыс мемлекетімен байланыстар;
      Есім хан, Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты, елдегі ішкі тартыстар және Тұрсын ханның бүлігі.
      36. «ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы» (4 сағат):
      қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы, дәстүрлі басқару жүйесі, қазақ ханы, халықтың әлеуметтік құрылымы);
      шаруашылығы, көшпелі мал шаруашылығы, көшпелі шаруашылықтың ерекшіліктері, егіншілік, қолөнер, көшпелілер өркениеті;
      қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және оның себептері;
      қорытындылау.
      37. «ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан» (3 сағат):
      қазақ хандығының әлсіреуі, ішкі қайшылықтардың өршуі, орталық биліктің әлсіреуі, сыртқы жағдайдың қазақ хандығының әлсіреуіне тигізген ықпалы;
      Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары, «Жеті жарғы», ұлы билер, Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты;
      қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты, қазақ-жоңғар қатынастары, Сібір хандығымен байланысы, қазақ-орыс қатынастары.
      38. «ХVІ - ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (7 сағат):
      қазақ халқының мәдениеті, материалдық мәдениеттің жалпы сипаттамасы, киім-кешек, ұлттық тағамдар;
      қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, қазақ фольклоры (ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер);
      батырлық және лирикалық эпос, әлеуметтік -тұрмыстық дастандар, салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар;
      тарихи әдебиет (Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», Қадырғали Жалайри және оның «Жами ат-тауарих» еңбегі);
      әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы, ақын-жыраулар шығармашылығы, халық әншілері мен сазгерлері, музыка өнері, Доспамбет пен Жиембет жыраулар.
      39. Қорытынды қайталау (4 сағат).

жүктеу 12,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау