|
Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралыОқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
|
бет | 50/76 | Дата | 18.12.2017 | өлшемі | 12,18 Mb. | | #4524 |
| 2. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
19. «Физика – табиғат туралы ғылым (9 сағат)»:
1) табиғат және адам;
физика – табиғат туралы ғылым;
физикалық терминдар мен ұғымдар;
физика және техника;
аспан денелері туралы ғылым;
орталық Азия ғалымдарының ғылымды дамытудағы рөлі;
ежелгі дүниедегі халық астрономиясы;
қазiргi әлемдегi физика;
табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері;
физикалық эксперимент;
физикалық теория;
физикалық шама;
шамаларды өлшеу;
өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі;
өлшемдердің метрлік жүйесі;
бірліктердің халықаралық жүйесі;
өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі;
үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу;
2) № 1-лабораториялық жұмыс:
өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау, дененiң көлемiн өлшеу;
3) көрсетілімдер:
демонстрациялық өлшеуіш аспаптар (мензурка, амперметр, вольтметр т.б.;
4) практикалық жұмыстар:
аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау.
20. «Заттың құрылысы (5 сағат)»:
1) атомдар және молекулалар;
заттың молекулалық құрылысы;
молекулалардың қозғалысы;
диффузия құбылысы;
дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі;
заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру;
масса және заттың тығыздығы;
қазіргі әлемдегі нанотехнология
2) лабораториялық жұмыс;
1-1) № 2-лабораториялық жұмыс:
кішкентай денелердің өлшемін анықтау;
2-2) №3 лабораториялық жұмыс:
қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау;
3) көрсетілімдер:
газдардың сығылуы;
қыздырған денелердің ұлғаюы;
бояудың суда еруі;
газдардың, сұйықтықтардың араласуы;
молекулалардың ретсіз қозғалысының үлгісі;
қорғасын цилиндрлер, пластилин кесектерінің жабысуы.
21. «Қозғалыс (10 сағат)»:
1) механикалық қозғалыс;
қоршаған орта және механикалық қозғалыс;
санақ денесі;
қозғалыстың салыстырмалылығы;
планеталардың қозғалысы;
Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі;
материялық нүкте;
қозғалыс траекториясы;
жол;
бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар;
жылдамдық;
жылдамдық бірліктері;
бiрқалыпты емес қозғалыс кезiндегi орташа жылдамдық;
бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигi;
2) көрсетілімдер:
қозғалыстың салыстырмалылығы (ойыншық автомобильді, көрсеткіштер мен «жолаушыны» пайдалану арқылы);
жіпке ілінген шардың қозғалыс траекториясы;
бордың тақтада жүрген (сызған) жолын өлшеу;
суы бар шыны түтіктегі ауа көпіршігінің бірқалыпты қозғалысы;
стробоскоп;
спидометр;
3) практикалық жұмыстар:
қозғалыстың салыстырмалылығы;
жол, орын ауыстыру және бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы.
22. «Денелердің өзара әрекеттесуі (12 сағат)»:
1) инерция;
күш – денелердiң өзара әрекеттесуiн сипаттайтын шама;
тартылыс құбылысы;
бүкiл әлемдiк тартылыс заңы;
ауырлық күші;
басқа планеталардағы ауырлық күші;
дененің салмағы, салмақсыздық;
деформация;
Гук заңы;
динамометр;
денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу;
үйкеліс күші;
үйкеліс әрекетін техникада ескеру;
2) №4 лабораториялық жұмыс:
серпімді деформацияларды зерделеу;
3) көрсетілімдер:
инерцияның көрінісі (балғаны саптау);
әр түрлі салмақтағы гирлер, таразының түрлері;
демонстрациялық таразымен дененің салмағын өлшеу (таразымен жұмыс істеу ережесі);
көлемдері бірдей денелердің массаларын салыстыру (жүктер жиынтығы); динамометрдің құрылысы мен жұмыс қағидасы;
әртүрлі динамометрмен көрсетілім жасау;
бір түзудің бойымен бағытталған күштерді қосу;
интерактивті үлгілер;
4) практикалық жұмыстар:
сапалық және мәтінді есептер шығару;
механикадағы күштер.
23. «Қысым (17 сағат)»:
1) қысым;
қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі;
Паскаль заңы;
гидравликалық пресс;
газдың қысымы;
ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым;
қатынас ыдыстар, су құбыры;
атмосфералық қысым;
Торричелли тәжірибесі;
барометр;
атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі;
манометрлер;
сорғылар;
Архимед күші;
денелердің жүзу шарттары;
ареометрлер;
су көлiгi;
ауада ұшу;
2) лабораториялық жұмыс:
2-1) № 5 лабораториялық жұмыс:
Архимед заңын тексеру;
2-2) № 6 лабораториялық жұмыс:
дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау;
3) көрсетілімдер:
қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі;
қатынас ыдыстар;
ыдыстардағы сұйықтың еркін бетіне түсіретін қысымы;
Торричелли тәжірибесі.
сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш;
4) практикалық жұмыстар:
сапалық және мәтінді есептер шығару
Архимет заңы.
24. «Жұмыс, қуат, энергия (12 сағат)»:
1) дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы;
қуат;
энергия;
денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары;
ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы;
деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы;
механикалық энергия;
механикалық энергияның сақталу заңы;
күш моменті;
тепе-теңдiк шарттары;
иінді таразылар;
жай механизмдер;
көлбеу жазықтық;
механиканың «Алтын ережесі»;
механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті;
ең қуатты машиналар;
тiрi табиғаттағы қуат және жұмыс;
2) лабораториялық жұмыс.
2-1) № 7 лабораториялық жұмыс:
денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау, көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау;
2-2) № 8 лабораториялық жұмыс:
иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;
3) көрсетілімдер:
жай механизмдер;
көлбеу жазықтықтағы дененің кинетикалық энергиясының массасына және оның жылдамдығына, дененің потенциялдық энергиясының биіктігіне байланыстығын көрсететін тәжірибелер;
4) практикалық жұмыстар:
сапалық және мәтінді есептер шығару;
механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті;
25. Уақыт қоры (3 сағат).
3. Оқу пәнінің 8–сыныптағы базалық білім мазмұны
26 «Жылу құбылыстары (24 сағат)»:
1) температура, оны өлшеу тәсілдері;
термометрлердiң түрлерi;
температураның шкаласы;
жылулық қозғалыс;
броундық қозғалыс;
диффузия;
ішкi энергия.;
ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi;
жылу құбылысының тірі организмдегі ролі;
суық кездегі адам;
жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару;
табиғаттағы және техникадағы жылу берілу;
жылу берудегі конвекцияның орны;
жылу мөлшері;
заттың меншікті жылу сыйымдылығы;
отынның меншікті жану жылуы;
отынның энергиясы;
механикалық және жылу процестеріндегi энергияның сақталу және айналу заңы;
заттың агрегаттық күйлері;
қатты денелердiң балқуы және қатаюы;
балқу температурасы;
меншiктi балқу жылуы;
будың пайда болуы;
булану және конденсация;
қаныққан және қанықпаған булар;
ауаның ылғалдылығы;
ылғалдылықты өлшеуге арналған құралдар;
қайнау;
меншiктi булану жылуы;
қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау;
термодинамика негiздерi;
термодинамиканың бiрiншi заңы;
газдың және будың жұмысы;
жылу процестерiнiң қайтымсыздығы;
термодинамиканың екінші заңы;
қазiргi физикадағы термодинамиканың рөлi;
жылу қозғалтқыштары;
жылу қозғалтқыштарының п.ә.к.-ті;
жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары;
жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлi;
тоңазытқыш;
жылу қозғалтқыштары және оның адам өміріндегі маңызы;
жылу машиналары және табиғатты қорғау;
жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер;
айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар;
2) көрсетілімдер:
түрлі денелердің жылу өткізгіштігі;
металдардың жылу өткізгіштігіндегі айырмашылықтар;
сұйықтар мен газдардағы конвекция;
әртүрлі сұйықтардың булануы;
будың конденсациясы кезіндегі энергияның бөлінуі;
қаныққан булардың қасиеттері;
судың қайнауы;
судың төменгі қысымда қайнауы;
жұмыс атқарғанда және жылу берілу кезінде дененің ішкі энергиясының түрленуі;
әртүрлі металдардың жылу сыйымдылықтарын салыстыру.
колориметр және онымен жұмыс істеу;
термостың құрылысы;
будың жұмысы;
бу турбинасының құрылысы (моделі);
төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы (моделі).
2) лабораториялық жұмыс;
2-1) № 1 лабораториялық жұмыс:
температуралары әртүрлi суды араластырып жылу мөлшерін салыстыру;
2-2) № 2 лабораториялық жұмыс:
мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау.;
2-3) № 3 лабораториялық жұмыс:
ауаның ылғалдылығын анықтау;
3) Практикалық жұмыстар:
денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу;
заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау;
заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу.
27.«Электр құбылыстары (22 сағат)»:
1) денелердің электрленуі;
электр зарядының сақталу заңы;
электроскоп;
өткізгіштер мен диэлектриктер;
қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi;
Кулон заңы;
элементар электр заряды;
электр өрiсi;
электр өрісінің кернеулігі;
потенциал және потенциалдар айырымы;
конденсаторлар;
табиғаттағы электр құбылысы;
өндірісте және тұрмыста электрлендіруді есепке алу және қолдану;
электр тогы,
электр тогы көздері;
электр тізбегі және оның құрамды бөлігі;
ток күшi;
Амперметр.;
кернеу;
Вольтметр;
тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы;
өткiзгiштiң электр кедергiсi;
өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi;
электр кедергісінің температураға тәуелділігі;
асқын өткізгіштік, резистор және реостат;
өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу;
электр тогының жұмысы мен қуаты;
электр тогының жылулық әсері;
Джоуль-Ленц заңы;
кыздыру шамдары;
электрқыздырғыш құралдар;
қысқа тұйықталу;
балқымалы сақтандырғыштар;
электр тогының химиялық әсерi, (Фарадейдiң заңы);
2) көрсетілімдер:
әртүрлі денелердің электрленуі, электрленген денелердің өзара әрекеттесуі;
электрометрдің құрылысы мен жұмыс істеуі;
электр зарядының бөлінгіштігі;
кулон заңының дұрыстығын суреттеу;
ток көздері;
амперметрдің жұмыс істеу принципі;
ток күшін амперметрмен өлшеу;
вольтметрдің жұмыс істеу принципі;
кернеуді вольтметрмен өлшеу;
электр тізбегін құрастыру;
3) лабораториялық жұмыс
3-1) № 4 лабораториялық жұмыс:
электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу;
3-2) № 5 лабораториялық жұмыс:
тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын тексеру;
3-3) № 6 лабораториялық жұмыс:
өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу;
3-4) № 7 лабораториялық жұмыс:
электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;
4) практикалық жұмыстар:
ток күші мен кернеуді есептеу;
Электр тізбегін есептеу.
28. «Электромагниттік құбылыстар (8 сағат)»:
1) тұрақты магнит;
магнит өрiсi;
тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi;
тогы бар шарғының магнит өрiсi;
электромагниттер және оларды қолдану;
магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті;
электроқозғалтқыш;
электр өлшеуіш құралдар;
электромагниттiк индукция;
генераторлар;
2) көрсетілімдер:
тогы бар өткізгіштің магнит өрісін бақылау;
тогы бар түзу өткізгіш пен раманың магнит өрісіндегі қозғалысы;
тұрақты ток электр қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы;
3) лабораториялық жұмыс:
3-1) № 8 лабораториялық жұмыс:
тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу;
3-2) № 9 лабораториялық жұмыс:
электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау.
4) практикалық жұмыстар:
магниттердің өзара әрекеттесуі..
29. «Жарық құбылыстары (10 сағат)»:
1) жарық6;
жарық көздері;
күн – жұлдыз;
жарықтың түзу сызықты таралу заңы;
көлеңке және жартылай көлеңке;
күннің және Айдың тұтылуы;
жарықтың шағылуы;
шағылу заңдары;
толық шағылу;
жазық және сфералық айналар;
сфералық айна көмегімен кескін алу;
жарықтың сынуы;
жарықтың сыну заңы;
линзалар;
линзаның оптикалық күшi;
жұқа линзаның формуласы;
линзаның көмегімен кескiн алу;
көз - оптикалық жүйе;
көздiң көру кемістігі және олардың түзету әдiстері;
оптикалық аспаптар;
жарықтың дисперсиясы;
түс және жарық;
2) көрсетілімдер:
жарықтың шағылу заңы;
жазық айнадағы кескін;
жарықтың сыну заңы;
линзаның көмегімен кескін алу;
3) лабораториялық жұмыс:
3-1) № 10 лабораториялық жұмыс:
шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;
3-2) № 11 лабораториялық жұмыс:
линзаның көмегiмен кескiн алу;
4) практикалық жұмыстар:
жарық құбылыстары.
30. Уақыт қоры (4 сағат)
4. Оқу пәнінің 9–сыныптағы базалық білім мазмұны
31. «Кинематика негіздері (10 сағат)»:
1) қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті;
материалдық нүкте;
санақ жүйесі;
салыстырмалы механикалық қозғалыс;
векторлар және оларға амалдар қолдану;
вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары;
түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу;
түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру;
жылдамдықтың графигі;
түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі дененiң бастапқы жылдамдықсыз орын ауыстыруы;
еркiн түсу үдеуi;
дененiң еркiн түсуi;
аспан денелерi және тағы басқалардың жерге еркiн түсу үдеуi;
қисықсызықты қозғалыс;
материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы;
сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар;
центрге тартқыш үдеу;
қатты дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысы
2) көрсетілімдер:
түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс;
орын ауыстыруларды қосу;
стробоскоп;.
дененің ауада және ауасы сиретілген кеңістікте түсуі;
еркін түсу кезіндегі үдеуді өлшеу;
үдеумен көтерілген және түскен кездегі дененің салмағы;
салмақсыздық;
спидометр, шеңбер бойымен қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың бағыты.
айналмалы қозғалыстың берілу түрлері;
центрден тепкіш тахометр;
ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігі;
3) № 1 лабораториялық жұмыс:
бірқалыпты қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау;
3) практикалық жұмыстар:
денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері
32. «Динамика негіздері (10 сағат)»:
1) Ньютонның бiрiншi заңы;
инерциялық санақ жүйелерi;
күш, масса;
Ньютонның екiншi заңы;
Ньютонның үшінші заңы;
салыстырмалылық принципi;
механикадағы күштер;
бүкiләлемдiк тартылыс заңы;
денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы;
жердің жасанды серiктерінің қозғалысы;
тiреумен қозғалатын дененің салмағы;
салмақсыздық;
2) көрсетілімдер:
инерцияның айқындалуы;
денелердің массаларын салыстыру;
Ньютонның екінші заңы;
күштерді өлшеу;
өзара бұрыш жасай әрекет ететін күштерді қосу;
Ньютонның үшінші заңы;
3) №2 лабораториялық жұмыс:
горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу.
практикалық жұмыстар:
күшті өлшеудің практикалық тәсілдері;
жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу;
33. «Сақталу заңдары (4 сағат)»:
1) дене импульсі;
материялық нүктеде импульстiң өзгеруі;
денелер жүйесі;
импульстің сақталу заңы;
реактивтi қозғалыс;
К.Э.Циолковскийдің ғылыми еңбектерінің маңызы;
зымыран,
ғарыш саласының қазіргі жетістігі;
энергия;
энергияның сақталу және бiр түрден екiншi түрге айналу заңы;
ғылым мен техникада практикалық есептерді шығаруда сақталу заңдарын қолдану;
2) көрсетілімдер:
импульстің сақталу заңы;
реактивті қозғалыс;
ракетаның моделі;
дене энергиясының жұмыс орындалған кезде өзгеруі;
потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға және керісінше, кинетикалық энергияның потенциалдық энергияға түрленуі;
3) практикалық жұмыстар:
дененің кинетикалық энергиясының өзгеруіне қатысты күштің жұмысын салыстыру.
34. «Тербелістер және толқындар (12 сағат)»:
1) тербелмелі қозғалыс;
тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негiзгi шамалар (тербеліс амплитудасы, периоды, жиілігі, фазасы);
тербелмелі қозғалыстың теңдеуі;
еркін және еріксіз тербелістер, өшетін тербелістер;
математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері;
математикалық және серіппелі маятниктердің периоды;
тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі;
резонанс;
электромагниттік тербелістер;
еркін электромагнитік тербелістер, (тербелмелі контур);
Томсон формуласы;
еріксіз электромагниттік тербелістер, (раманың магнит өрісіндегі айналуы);
тербелiстердiң серпімді ортада таралуы;
толқындық қозғалыс;
көлденең және қума толқындар;
толқынның ұзындығы;
толқынның таралу жылдамдығы;
механикалық толқынның қасиеті;
дыбыс, дыбыстың сипаттамалары;
акустикалық резонанс;
дыбыстың шағылуы, жаңғырық, ультрадыбыс;
электромагниттік толқындар, электромагниттік толқынның қасиеті, электромагниттік толқындар шкаласы;
2) көрсетілімдер:
жіпке және серіппеге ілінген жүктердің еркін тербелістері;
тербелмелі қозғалысты жазу;
жүктің тербеліс периодының серіппенің қатаңдығы мен жүктің массасына тәуелділігі;
жіпке ілінген жүктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына тәуелділігі;
еріксіз тербелістер;
маятниктер тербелісінің резонансы;
маятниктердің сағатта қолданылуы;
көлденең және қума толқындардың түзілуі мен таралуы;
толқын ұзындығының тербеліс жиілігіне тәуелділігі;
тербеліп тұрған дене дыбыс көзі ретінде;
дыбыс қаттылығының тербеліс амплитудасына тәуелділігі;
тонның жоғарылығының тербеліс жиілігіне тәуелділігі;
акустикалық резонанс;
ультрадыбыстың қолданылуы;
3) лабораториялық жұмыс;
3-1) № 3 лабораториялық жұмыс:
математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау;
3-2) № 4 лабораториялық жұмыс:
беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау;
4) практикалық жұмыстар:
әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу.
35. «Астрономия негіздері (6 сағат)»:
жұлдызды аспан; әлемнің құрылымы және масштабтары;
аспан сферасы; аспан координаталарының жүйесі;
жұлдызды аспанның жылжымалы картасы, әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы;
жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт;
күнтізбе;
Кеплер заңдары;
күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты анықтау;
Коперник әлемiнiң гелиоцентрлік жүйесi, оның әлем және дүниетанымдық маңызы;
ғаламшарлардың көрінетiн қозғалысы;
36. «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар (7 сағат)»:
1) жылулық сәулелену, (абсолют қара дене, Стефан – Больцман заңы.);
денелердің сәуле шығару құбылысын түсіндірудегі қиындықтары;
жарық кванттары туралы Планк гипотезасы;
Планк формуласы;
фотоэффект құбылысы;
Эйнштейн формуласы;
фотоэффект құбылысын техникада пайдалану;
рентген сәулелері;
радиактивтілік;
Резерфорд тәжірибесі;
атомның құрамы;
атомның моделі;
37. «Атом ядросы. (6 сағат)»:
1) атом ядросының құрамы;
ядролық өзара әрекеттесу;
ядролық күштер;
физикалық шамалардың ядролық физикада қолданылатын өлшем бірліктері;
массалар ақауы;
ядроның байланыс энергиясы;
радиактивті сәулеленудің табиғаты;
радиактивті ыдырау заңы;
ауыр ядролардың бөлінуі;
тізбекті реакция;
ядролық реактордың жұмыс принципі.;
атом электр станциялары;
термоядролық реакциялар;
күн мен жұлдыздардың энергиясы;
радиактивтi изотоптар;
радиактивтi изотоптарды қолдану;
радиактивті сәулелерден қорғану;
2) практикалық жұмыстар:
радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодын есептеу.
38. «Жалпылау сабақтары (2 сағат)»:
физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы;
элементар бөлшектер және ғаламның дамуы туралы мағлұматтар;
ғылыми-техникалық өркениет және ноосфера;
экологиялық мәдениет.
39. «Лабораториялық практикум (8 сағат)»:
1) дененiң еркiн түсу үдеуiн өлшеу;
2) серпiмдi деформацияны зерделеу;
3) ньютонның екiншi заңын зерделеу;
4) механикалық энергияның сақталу заңын зерделеу;
5) денелердiң соқтығысуы кезiндегi импульстiң сақталу заңын зерделеу;
6) электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-iн өлшеу;
7) еркiн және ерiксiз тербелiстердi зерделеу;
8) күзгі; қысқы және көктемгі аспандағы жарық жұлдыздар мен негізгі шоқжұлдыздарды табу (жылжымалы жұлдызды картаны пайдаланып).
40. Уақыт қоры (3 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|