Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына
арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Категория
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
| Е-4 |
77452
|
104936
|
Е-R-4
|
73288
|
99105
|
E-G-4
|
62515
|
84186
|
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-52468, e-mail: D.Esenova@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Персоналды басқару бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: «Е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматты - штаттық режимде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Білім мамандықтары (педагогика және психология, тарих, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, физика, информатика, химия, математика, биология); Құқық мамандықтары (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі); Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтану, экономика, саясаттану, психология, қоғамдық байланыс, қаржы, маркетинг, менеджмент, есеп және аудит, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету); Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, философия, аударма ісі, тарих, дінтану, мәдениеттану, шығыстану); Қызмет көрсету мамандықтары (жерге орналастыру, кадастр).
2. Ұымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: Сайлауды дайындау және өткізу жөнінде қалалық сайлау комиссиясымен, қалалық мәслихат аппаратымен байланысты жүзеге асырады.
Қала бойынша сайлаушылардың нақты саны туралы тоқсан сайынғы мәліметтерді қорытындылайды және Облыстық сайлау комиссиясына жолдайды. ҚР Президентінің, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, облыс әкімінің тапсырмалары мен нормативтік актілерінің іске асырылу барысын талдайды, тоқсан сайын қала әкіміне ақпарат дайындайды.
Бөлім құзыретіне кіретін семинарлар мен мәжілістерді ұйымдастырады және олардың талапқа сай өтуін қамтамасыз етеді.
Қала әкімдігінің интернет ресурсын тиісті материалдармен қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Білім мамандықтары (педагогика және психология, тарих, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, физика, химия, география, биология); Құқық мамандықтары (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі); Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтану, қоғамдық байланыс, статистика, экономика, саясаттану, психология, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, әлемдік экономика, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету); Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, философия, аударма ісі, тарих, дінтану, мәдениеттану, шығыстану); Техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары (ақпараттық жүйелер, мұнай газ ісі, автоматтандыру және басқару, материалтану және жаңа материалдар технологиясы).
3. «Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Е – R – 4 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: Азаматтық хал актілерін тіркеуде заңдылықтың сақталуына жауапты.Қатаң есептегі елтаңбалы куәлік бланкілерінің сақталуына және жұмсалуына, басқа да құжаттардың сақталуына жауапты. Туудың және қайтыс болудың уақытында, әрі толық тіркелуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және талдау жасайды. Заңмен көзделген тәртіпте ҚР азаматтарының және шетел азаматтарының бала (қыз) асырап алу акт жазбасын тіркейді, некеге отыруға тілек білдірген шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен жеке әңгімелесіп, түсінік беріп, олардың некеге отыру туралы өтініштерін қабылдау туралы шешімдер қабылдайды. Некені бұзу, бала (қыз) асырап алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгертудің тіркеуін жүргізеді, сонымен қатар азаматтық хал актілері жазбалары бойынша түзетулер, өзгертулер және толықтырулар енгізу, оларды қалпына келтіру бойынша тұжырымдар жасайды. Бөлімнің АХАТ қызметі бойынша қызметкерлермен семинар-кеңес өткізеді. АХАТ қызметінің жұмысы туралы статистикалық есеп беруді жасақтап, белгіленген мерзімде Әділет департаментіне, статистика басқармасына ұсынуды ұйымдастырады. Әділет министрлігінің тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша арыздарды, шағымдарды, хат-хабарларды қарайды және ҚР қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес жауабын дайындайды. Бөлімде АХАТ мұрағатын жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады, мұрағатты жаңғыртуды, қайта түптеуді жүзеге асырады, мұрағаттағы құжаттардың сақталуына жауапты. АХАТ қызметі бойынша ай, тоқсан сайын жылдық есептер жасайды. Халыққа қызмет көрсету орталығынан түскен құжаттарды уақытында орындап, жөнелтуіне жауапты. Бөлім басшысының тапсырған басқа да заңмен құзырлы міндеттерді атқарады. Бөлім басшысы болмаған жағдайда, оның қызметтік міндеттерін атқарады. Жоғарғы органдардан түсетін құзжаттарда көрсетліген тапсырмалардың өз уақытында орындалуына бақылау жасайды. Пайдалануға берілетін нысандарының қабылдау жөніндегі құжаттарды жасақтау және ғимараттың тозығы жеткен кезде комиссияға құжаттарын әзірлеу, ұсыну. Ғимаратты жөндеу жұмыстарына тендер жариялау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Құқық мамандықтары (құқықтану, халықаралық құқық). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, есеп және аудит, экономика, әлемдік экономика). Техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтар (автоматтандыру және басқару, геодезия және картография, құрылыс).
4. «Рахат ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, E-G-4, 1 бірлік (уақытша бос орын, 2016 жылғы 28 қазанға дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).
Функционалдық міндеттері: Ауыл аймағындағы мекемелерден атқарылған жұмыстары туралы ақпарат алу, олардың орындалысын қадағалау. Келушілермен жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік мұрағатқа мекеменің құжаттарын уақытында тапсыру. Ауыл бойынша әскери есепте тұрған азаматтардың көктемгі, күзгі мерзімге шақыртуына баруын қамтамасыз ету. Санақ бойынша жұмыстарын жүргізу және есеп беру. Шаруашылық кітабын жүргізуге және дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету. Ауыл тұрғындарының тізімін жасақтау, оның ішінде демографиялық көрсеткіштерін бақылау және құжат нөмірлерін енгізу. Ауыл бойынша жұмыссыздарыдың есебін жүргізу. Ауыл бойынша күнкөрісі төмен отбасыларына берәлетін біржолғы көмек, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын азаматтардың үй тұрмыс жағдайларын анықтау және акт жазылуын қадағалау. Ауыл халқының тіркеуге алынуы және шығарылуы туралы мәліметтерді тиісті мекемелерден алынуын қадағалау. Ай сайын туылған және шетінеген балалардың тізімін алу. Ауыл бойынша халық санының жартыжылдық, жылдық көрсеткіші туралы мәлімет дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Құқық мамандықтары (құқықтану, халықаралық құқық); Білім мамандықтары (педагогика және психология, тарих, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті); Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, менеджмент, маркетинг, статистика);
Немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білімі – Негізгі орта білім (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, шетел тілі мұғалімі); Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану; Статистика (статистик); Жерге орналастыру (сызбашы, техник); Туризм (турист агенті, менеджер).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларарының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді
Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |