Жаһандық даму жолындағы ехро-2017 Студент : 1амк тобы Көмекова Жансая Жетекші



жүктеу 58,5 Kb.
Дата02.02.2020
өлшемі58,5 Kb.
#27992


Жаһандық даму жолындағы ЕХРО-2017

Студент: 1аМК тобы Көмекова Жансая

Жетекші: Сапахова Г.М

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл шежіреміздің жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білді. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай жоғарғы нәтижелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына ие болып, сол жолда жұмыс жасау үстінде. Еліміздегі ең ірі жоба «ЕХРО-2017» 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында орын алып, халық алдына жол тартады.

Қазақстанның ең негізгі ірі жобаларының бірі, жаһандану дәуірінің баспасы, халықаралық мамандандырылған көрме - Астана ЕХРО-2017. Мұндай ауқымды шараны еліміздің бас қаласында ұйымдастыру туралы бастама елбасымызға тиесілі. Көрме өткізілер орынды сайлау барысында Н.Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берген болатын. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдап алынды. Астананың өтінімін 103 ел қолдаған.

ЕХРО-2017 ТМД елдерінде және Орталық Азияда өтетін алғашқы көрме болмақ. Бұл бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасын табады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйымы қатыса алады. Қазіргі таңда көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Астананың игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді есептемегенде, дамыған Еуропа мемлекеттерінің көбісі қолдау көрсетіп, қол созуда. 
Мамандар бүгінде бүкіл әлем қайта қалпына келетін және баламалы энергия көздеріне баса көңіл бөлініп отырғанын айтып, Қазақстанның бұл бастаманы қолдауға әлеуеті жеткілікті екенін алға тартады. Шындығында да еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, яғни олардың сарқылатын және сарқылмайтындарын көзге іле отыра, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік туып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия өндіруіне мүмкіндігі зор. Оның үстіне Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алып, бұл ЕХРО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс жасауда. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар да еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда. 

Ал осы халықаралық көрмелердің тарихына көз жүгіртер болсақ, Бүкіләлемдік көрмелер XIX ғасырда экономика мен сауда-саттықтың бұрын-соңды болмаған өсуінің толқынында пайда болды. Ол уақытта Өндірістік революция кезеңіндегі империалистік әлем билеуші Европа болатын. Бүкіләлемдік ЕХРО көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген «Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен» бастау алып, бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. 1928 жылы Парижде көрме қызметін реттеу мақсатында Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) құрылды. Бүгінгі күні ол өте ежелгі және өкілетті халықаралық құрылымдардың бірі, оған 166 ел мүше. 1851 жылы Лондонда алғаш рет Бүкіләлемдік көрме қаланың орталығындағы барлық экспонаттар сыятын БІР ҒИМАРАТТА өткізілген болатын. Ол үшін сол кезде үлкен жаңалық болып саналатын Хрусталь сарайы салынды. Архитектор Джозеф Пакстонның туындысы Хрусталь сарайы – викториандық Англияның кәсіпкерлік рухының үлкен көрінісі. Осы алып өнер туындысында, оның әйнекпен толтырылған металл конструкцияларында адам өмірін қайта оралмастай өзгерткен механизмдер мен өнертабыстар көрсетілген. Алып «машиналар галереясы» оның ең жақсы жарнамасы және сенсациясы болды. Оның тіреу құралдарының оранжереясы өзінің жаңалығымен инженерлік конструкциямен, «Виктория Регия» алып кувшинкасындағы қайталанылмайтын суреттерімен ерекшеленді.

1855 жылдан бастап Бүкіләлемдік көрмені бір ғимаратта өткізу концепциясы жаңалықтан түсіп, ескіріп, көрме кеңістігін ұйымдастырудың жаңа нысаны яғни көрме өткізетін арнайы таңдалған алаңдар туындады. Сөйтіп, халықаралық көрме қалашықтары пайда бола бастады. 1893 жылғы Чикагодағы “Ақ қала” осындай қалалардың алғашқы қарлығашы болып табылады. Мұндай үлкен көрмелерді бұлай ұйымдастыру салынған нысанарды немесе өндірістік орындар, кешендерді келешекте де пайдалануға мүмкіндік береді: ал экспозициялар көлдің айналасынағы арналар мен салаларда орналасқан.

Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылып көрсетілген өнерлер арасында маңызды орын сәулетке берілді. Көрмені қабылдаған қалалар заманауилықтың, техникалық прогрестің және бүкіл әлемге танымалдылықтың белгісі болуға лайықты бірегей нысандар, ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы және т.б…

Бүкіләлемдік көрмелерді өткізу орны мен олардың тақырыбы саяси, экономикалық, географиялық және мәдени айырмашылықтарды ескере отырып таңдап алынады.

XIX ғасырда, Өндірістік революциялар, романтизм және позитивизм қоғалыстары кезеңінде көрме қозғалысын дамытуға қолайлы жағдайлар туындады. Өзінің құрылғанынан бастап Көрмелер халықтар арасындағы ынтымақтастыққа ұмтылды; сондықтан олар бір мезгілде «витрина» және адамзаттың даму прогресімен байланысты мәселелерді талқылау жөніндегі форумдар болып табылды. Кейде бұл көрмелерде Бүкіләлемдік көрмелермен қатар салтанатты даталар мерекеленді. Көрмелер өткен мен бүгінгінің және болашақтың арасындағы байланыстырушы тамыр секілді. Мәселен, 1889 жылы Парижде Француз Революциясының жүз жылдығы атап өтілді, 1876 жылы Филадельфияда АҚШ тәуелсіздігінің жүз жылдық мерейтойы жоғарғы дәрежеде тойланды; 1893 жылы Чикагода және 1992 жылы Севильяде Американың ашылуының бес жүз жылдығы атап өтілді, ал 1915 жылы Сан-Францискода Панама каналының ашылуы мерекеленді, осы секілді тағысын-тағы мерекелер атап өтілді.

«ЕХРОкөрмесінің» өзі бір үлкен спектакль секілді, мәдени және шығармашылық оқиғалар ретінде орын алып жатқан «әлемдік дегейдегі театр сахнасы» іспетті. Келушілерге Бүкіләлемдік көрмелердің мұрасы мен тарихы ұсынылады. Олар көңіл көтерудің жаңа нысандарының пайда болуымен байланысты ғажайып және қызықты оқиғаларға толы болады.

Көрермен Бүкіләлемдік көрмелерге ғылыми сабақ және жаңа білім алуға емес, көңіл көтерудің жаңа түрлерімен танысуға, ғажайып заттарды тамашалауға деген құлшыныспен, зор ынтамен келеді.



ЕХРО— индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме болып табылады. Сондықтан да кім жəне қай ел болмасын оның өз елінде өткенін қалар еді. ЕХРО-ның жолында жаһандық дамудың жаңа күн тәртібі қалыптасады..

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес компаниялары атсалысатын болады. ЕХРО көрмесін өткізу жолында Астанамыз әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жеткен түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, түрлі шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 175 гектар. Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне көрсетуге берілетін тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, бүкіл әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары дәрежеде, жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл оңай жасалатын жұмыс емес.

ЕХРО өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдалмаса керек. Жерімізде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра баламалы энергетика мəселесін қозғауы тегін емес. Себебі, шикізат көзі болып отырған еліміз түптің түбінде түгесілетінін жақсы түсінеді. Сондықтан да баламалы энергетика көздерін пайдалану жəне табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың бірден-бір жолы деуге болады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік әрі мәселе.
Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу идеясы неден жəне неліктен туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешімін таппаған. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» баламалы энергия көздеріне бет бұрды.

ЕХРО-кешені Астананың бас жоспарының шеңберінде бөлінген қала сыртындағы 175 гектар учаскеде орналасқан.

EXPO-қалашығы «Назарбаев университеті» мен медициналық кластерге жақын жерде. Белгіленген учаскенің 150 гектар іргелес аумақты көрменің қосымша нысандары мен көлік инфрақұрылымын, соның ішінде қоғамдық көлік пен көліктер тұрақтайтын жерлер орналастыру үшін пайдаланады. Көрме кешенінің 42 пайыздан астам аумағы павильондарға бөлінген. Ал қалған аумаққа келушілерге жалдамалы баспана және концерттер мен фестивальдер үшін бөлініп бейімделген ашық және жартылай жабық алаңдарды орналастырған. Құрылыс жұмыстарына мердігер 8 мекеме жұмылдырылған.

ЕХРО-2017 – Қазақстанның ұлттық жобасы. Бүгінде Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының қозғаушы күшіне айналды деуге болады. Себебі, аталған жобаның аясында баламалы энергетикаға арналған сан алуан жаңа өндірістер ашылып, экологиялық қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөліне бастады. Сонымен қатар еліміздегі жұмыссыздық көрсеткіші де төмендеуге мүмкіндік алды. Астана халқының емін-еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалып, қала инфрақұрылымын дамыту жобалары қолға алынды. Ал қолмен жасалып жатқан барлық қызметтерді электронды жүйеге ауыстыру арқылы азаматтардың уақыты барынша үнемделмек. Келешекте Астананың осы жүргізіп жатқан тәжірибесін барлық аймақтарға тарату жоспарланып отыр. Былайша айтқанда, ЕХРО ел дамуының локомотиві іспетті болмақ. Мінеки, осындай ғаламат, елімізді әлемге таныстырар және паш етер бастаманың авторы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 


2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы. 
3. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 - №2 – 14-19 б. 
4. Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар 1-3б. 
Битуова Т. //Мектеп – 2006 - №10 – 1б

5.  С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері»/Алматы. - 2008ж. 


6.   А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі. - №2, 2000
жүктеу 58,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау