Г.Гроций (1583-1645) – Голландияның саяси-әлеуметтік және құқықтық философиясының көрнекті өкілі, қоғам қайраткері, философ, заңгер.
Ойшылдың философиялық
зерттеулерінің басты салалары:
1.гносеология (таным)
2.мемлекет және құқық
3.соғыс және бейбітшілік мәселесі;
4.халықаралық қатынастар.
Гроций табиғи құқық теориясының негізін қалады. Бұл терияның басты идеялары:
1.құқық Құдайдан келген жоқ;
2.құқық бастапқыдан адамға тән, тиесілі;
3.құқық атаулыны екі үлкен бөлмеге топтауға болады: табиғи құқық және жазылған (позитивті) құқық;
4.табиғи құқық – адамға табиғатынан берілетін құқық (өмір сүруге құқық, тұлғалық құқық, бостандық құқығы, т.б.) – жазылғанжазылмағанына қарамай, барлық түрі бұлжымай сақталуына тиіс; 5.жазылған (позитивті) құқықадамдар өздері шығаратын және арнайы деректерде жазылатын тәртіп нормалары;
6.ресми (жазылған, позитивті) құқық табиғи құқыққа сүйенуі және оған қайшы келмеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |