4.ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды;
5.Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді. Т. Гоббс философиясы
Негізгі еңбектері:
«Азамат туралы бастапқы негіздеме»
«Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».
Т. Гоббс (1588-1679) – Бэконның философиялық дәстүрін жалғастырушы шәкірті:
теологиялық схоластикалықфилософияға қарсы шықты;
философия мақсаты – ғылымитехникалық прогреске жол ашу, адам әрекетінің практикалық нәтижелеріне қол жеткізу деп түсінді;
эмпиризмді жақтады. Декарттыңрационалистік флилософиясын сынады;
нағыз материалист болды;
қоғам мен мемлекет мәселесінмаңызды философиялық мәселе деп санады;
мемлекет теориясын жасады;
мемлекет пайда болуыныңнегізінде қоғамдық келісім жатыр деген идеяны алғаш ұсынды.
Гоббстың философиялық зерттеу пәні – гносеология және мемлекет мәселесі.
Гоббс адам танымы негізінен сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі. Ол сипаттарды Т. Гоббс «белгілер» деп атап, былайша жіктейді:
1.Дыбыстар – жануарлардың өз әрекетін немесе ниетін (білдіретін сигналдар (құстар «әні», жыртқыштардың ырылы, т.б.);
2.Ен салу – қатынас барысында адам
ойлап тапқан белгілер;
3.Табиғи белгілер – табиғат
«сигналдары» (найзағай, бұлт, т.б.);
4.Еркін коммуникативті белгілер – тілдегі сөздер;
5.Белгілер рөліндегі белгілер – азшылыққа ғана түсінікті, арнайы шифрланған сөз (ғылыми тіл, діни тіл, жаргон, т.б.);
6.Белгілердің белгісі – атаулардың атауы – универсалиерлер (жалшы ұғымдар).
Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсаты адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен өоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.
Т. Гоббс өзінің әйгілі кітабы
«Левиафанда» қоғам және мемлекет теориясын негіздеді. «Левиафан» («Құбыжық») – Кромвельдің диктатурасы кезінде 1651 жылы жарық көрді. Ол теорияның мәні мынадай:
1.Адам табиғатынан залым;
2.Адам әрекеттерінің қозғаушы күштері – жеке пайда мен өзімшілдік, әрікімнің өз қажеттіліктері, аффектілері;
3.Аталған қасиеттер әрбір адамның өзінің барлық нәрсеге құқылығын сезінуге жетелейді;
4.Әрбір адамның бәріне құқылығы басқаның мүддесін аяқасты етуіне, адамдардың бірлескен дұрыс өімірі мен экономикалық прогреске мүмкіндік бермейтін және жеңімпазы болуы мүмкін емес «бәрінің бәріне соғысына» әкелді;
5.Аман қалу үшін адамдар өзара «қоғамдық келісім» жасап, «бәрінің бәріне құқығын» және иеленуге ұмтылысын шектеді;
6.«бәрінің бәріне соғысын» болдырмау, шектен шыққан өзімшілдікті тоқтату үшін қоғамдық өмірді жүйелеудің қоғамдық механизмі (институты) – мемлекет пайда болды;
7.міндеттерін нәтижелі орындау үшін мемлекет аса болуы қажет;
8.мемлекет дегеніміз – «Левиафан» өз жолындағының бәрін жеп, жойып отыратын, қарсы тұру еш мүмкін емес, бірақ қоғам тіршілігі және ондағы тәртіп пен әділеттілік үшін өте қажет, мызғымайтын, көп бейнелі, аса күшті құбыжық.
Достарыңызбен бөлісу: |