Шарбақтың биіктігі, м
|
Панельдің биіктігі, м
|
Үрленетін тесіктің биіктігі, м
|
Бағандарының көлемі, см
|
Ұзына бойы көлемі, см
|
5
|
3
|
2
|
500х24х 18
|
60х 130х330
1,5x10x330
|
Темір жол бұйымдары үшін жоғарыда аталған бұйымдардан өзге экструдирлеу жолымен:
Тасымалданатын қалқандар;
Темір және автомобиль жолдары үшін тану белгілерін алуға болады.
Өнім өндірісі үшін бастапқы шикізат түрлеріне қоқысты құрайтын: ТБЖО қойыртпақтары, құрылыс, жол, металлургиялық, құм және бояғыштар жатады.
Пайдалануда болған металл құбырлардың жабыны үшін негізгі компонентке өнеркәсіп-тұрмыстық қалдықтар массасынан алыған ҚТЖСӨҚКЖ кәдеге жарату кезіндегі қайталама түйіршіктер жатады.
Өндіріс әдісі құбырларды беткі оқшаулаудың, олардың диаметрі мен ұзындығымен анықталады.
Ішкі бетінде немесе сыртқы бетінде қаптамасы бар құбыр үшін біруақытта құбырдың сыртқы және ішкі бетіне материал қабатын түсіру мүмкіндігін беретін қондырғы пайдаланылады.
Пайдалануда болған және соққыға берік термопластиканы жабу үшін қажет металл құбырлар қоқыстардан да, сонымен қатар мүдделі тұлғалар – әлеуетті сатып алушылардан да түсетін болады. Түскен құбырлар қажет болған жағдайда тегістеледі. Қалған бөлігін шет жақтарын өңдей отырып жабу процесіне дайындайды.
Беткі жағы термопластикамен жабылған құбыр бұйымдары өндірісінің топтамасы:
бөгде материалдардан (кір, тоттанудың қалың қабаты) механикалық тазартудан, одан әрі токарлық станокпен өңдеуден;
2. полимерлік таспа түсіре отырып тегістейтін қондырғысы бар арнайы станокты пайдалану жолымен түсіретін материалған жоғары адгезиялық қасиет бере отырып беткі өңдеуден;
3. оқшаулағыш таспаны түсіре отырып жабын аймағына металл құбырды енгізу;
4. жабын аймағынан дайын бұйымды жою;
5. тұтынушыларға жөнелту үшін дайын бұйымды дайындау мен дайын өнімді қоймаға жөнелтуден тұрады.
Қар ұстайтын шарбақтар мен бамперлер өндірісі, жеңіл автомобильдер үшін кескіштер, терезе жақтаулары мен есік блоктары үшін негізгі шикізатқа өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтардың қайталама полиэтилені жатады. Қайталама полиэтиленнен сұйық массаны алудан кейін арнайы қондырғы – пресс-формаға массаны құю жүзеге асырылады. Салқындаған соң масса қоймаға түседі.
Беткі жағының жекелеген бүлінулері бар, пайдалануда болған және ұсынылған талаптар бойынша термопластикпен жабылған металл құбырлар бұрынғы пайдалану жағдайында (қатты қыздырудан өзге) қайталама пайдалану мүмкіндігіне ие. Өйткені өзгертілген беткі жағы пайдалану кезінде қаптайтын термопластканың (полиэтиленнің) қышқылдарға, сілтіге, ерітінділерге, ылғалды ауаға көтеріңкі инерттілігіне қарай ортаның өршіген ортасына барынша тұрақты. Ішкі металл қаңқа жұқа пластикті қабаттың механикалық жүктемелерге қатысты тұрақтылығын артады. Бұрын пайдалануда болған металл құбырдың термопластикалық материалдан жасалған қабатының болуы жөндеусіз пайдалануда болу уақытын он есеге арттырады. Ол құбыр тоттануынан туындайтын апаттардың санын қысқарту мүмкіндігін береді.
Беткі термопластикалық қаптама жабынының негізгі шығындары анықтайтын тозған құбырлардың құны, бастапқы шикізаттағыдай бағаға ие емес, ол жаңа құбырлар құнынан жеті-он есе төмен болып келеді. Өндірістің жобалық қуатқа шығуы өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндігін береді, ол өткізу нарығын кеңейтуге алып келеді.
Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды жинау әртүрлі түсті қаптармен арнайы жабдықталған көліктері бар маманданған қызметпен жүзеге асырылатын болады, олар әлемдегі жоғары дамыған елдердегідей, қала тұрғындарына әртүрлі қалдықтарды жинау мәселелерді оқытқан соң, қаланың және облыстың санитарлық жағдайын жақсарта отырып, сол арқылы қаланың алаңдары мен көшелеріндегі экологиялық ахуалған оң әсер ететін болады.
Аталған жоба оң іске асырылған жағдайда өндіріс ұйымының тәжірибесін Қазақстан қалаларының басқа облыстық орталықтарында пайдаланып, сондай-ақ өңірлерде өнімді жаппай шығаруды жолға қоюға болады. Полимер қалдықтарынан жасалатын қар ұстайтын шарбақтар мен басқа да ұйымдар ағаш және темір-бетондылармен салыстырғанда екі есе арзан, сондай-ақ олардың қызмет ету мерзімі 50 жылдан асады.
ТБЖО қойыртпағы құрамынан тұратын қосылыстар үшін өнеркәсіп қалдықтарын өңдеудің технологиялық сызбасын таңдау, шикізат ретінде өнеркәсіп қалдықтары ретінде қажет. ТБЖО қойыртпағы қасиетіне неғұрлым жақын келетіндері құрлыс, металлургиялық зауыттар, жол-асфальт жабындары болып табылады, олар шығарылатын өнімнің сапалық көрсеткіштерін арттыру және өнімнің құнын азайту мүмкіндігін береді:
темір және автомобиль жолдары;
аграрлық-шаруашылық бұйымдар мен құрылыс материалдары;
машина жасау бұйымдары;
терезе және есік блоктары;
сәулет бұйымдары мен материалдар;
ғимараттар, ұйымдар және жергілікті шаруашылық және басқ. үшін арнайы қоршаулар.
Қозғалысты басқару сызбасы 2.7 - 2.10-суреттерде берілген.
2.7-сурет – Қалдықтардың қозғалысын басқарудың бас сызбасы
2.8-сурет – Коммуналдық қалдықтардың қозғалысын басқару сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: |