Үй тапсырмасын сұрау



жүктеу 15,37 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі15,37 Kb.
#14712
  • оқытушылық
  • Java тілінің қызметі және Java мобильділігі, Java-да бағдарламалау технологиясымен танысу, алған білімдерін практикада тереңдету, пәнге, өтілген тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру. Java бағдарламалау тілімен алғашқы танысу.
  • тәрбиелік
  • Оқушылар өз бетімен жұмыс істей білуге, танымдық қызығушылықтарын ояту.
  • дамытушылық
  • Java ортасында жұмыс жасайбілу, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен танымдылық қабілеттерін дамыту.
  • Үй тапсырмасын
  • сұрау
  • Сұрақ-жауап
  • 3
  • 2
  • 1
  • 4
  • 6
  • 5
  • 8
  • 7
  • C++ Builder ортасында есеп беруді құру үшін қандай парақшаның компоненттерін қолданамыз?
  • C++ Builder ортасының Forms объектілер репозитариясы бетінде есеп берудің қандай шаблоны бар?
  • Қарапайым кестелік есеп беруді құру шаблоны қалай аталады?
  • Master/Detail есеп беруін құру шаблоны?
  • Пошталық этикеттер құру шаблоны қалай аталады?
  • Мәліметтер қоры дегеніміз не?
  • МҚБЖ қолданылу сипаттамасына қарай нешеге бөлуге болады?
  • Көп қолданушылық МҚБЖ болып табылады?
  • Курс тақырыбы: 5.1. Java тілінің қызметі. Java қосымшасын құру құралдары
  • Сабақтың тақырыбы: №37 Java тілінің қызметі. Java мобильділігі. Java-да бағдарламалау технологиясы
  • Жоспар:
  • 1. Java тілінің қызметі. Java мобильділігі
  • 2. Java-да бағдарламалау технологиясы
  • Java — Sun Microsystems компаниясының жасап шығарған объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі. Java қосымшалары әдетте арнайы байт-кодта компиляцияланады, сол себепті олар кез келген виртуалды Java-машинасында (JVM) компьютерлік архитектурасына тәуелсіз орындалады. Ресми шығу күні — 23 мамыр 1995 жыл.
  • Java тіліндегі КОД –→(арнайы бағдарлама - транслятор)–→БАЙТТЫҚ КОД –→ (JVM – Java Virtual Mashine) –→МАШИНАЛЫҚ КОД , сондықтан бұл тілде жазылған бағдарлама кез келген жүйелі кез келген компьютерда жұмыс істей алады, тек ол компьютерда JVM орнатылған болу керек. Осыдан Javaда жазылған бағдарламалардың жақсы қасиеті - әр түрлі компьютерларда жұмыс істей алу қабілеттілігі туады.
  • Негізгі мүмкіндіктері
  • жадты автоматты түрде басқару;
  • ерекше жағдайларды өңдеудің кеңейтілген мүмкіндіктер;
  • енгізу/шығару фильтрация құралдарының бай жиыны;
  • стандартты топтамалар жиыны: массив, тізім, стек және т.б.;
  • желілік қосымшалар (оның ішінде RMI протоколын қолдану) жасау қарапайым құралдар болуы;
  • HTTP-сұраныстар орындау мен жауаптарды өңдеуге мүмкіндік беретін кластар болуы;
  • тілге кіріктірілген көпағымды қосымшалар жасау құралдары;
  • дерекқорға унифицияланған рұқсат:
  • жекелеген SQL-сұраныстардың деңгейінде — JDBC, SQLJ негізінде;
  • дерекқорды сақтау қабілеті бар объекттер концепциясы деңгейінде — Java Data Objects (ағл.) және Java Persistence API негізінде;
  • жалпыламаларды қолдау(1.5 нұсұасынан бастап);
  • бағдарламалардың паралелді орындалуы.
  • Тәжірибелік бөлім:
  • 1 – бағдарлама. 
  • Қарапайым программа. 
  • 2 – бағдарлама. 
  • Мәтінді бірнеше қатарлармен
  • шығару
  • 1 – бағдарламаҚарапайым программа. 
  •  public class Hello {
  • public static void main(String[] args) {
  • System.out.print("Java әлеміне қош келдіңіз!");
  • }
  •   }
  • Аталған бағдарлама хабарламаны консольге (немесе бұйрық қатарына) шығарады. (01) қатарындағы Hello атаулы кластың сипаттамасы келтіріледі, онда тек бір ғана main()(02) әдісі бар. Бағдарлама іске қосылған кезде басқару осы әдіске беріледі және хабарлама жылдам консольге шығарылады.
  • Ең басында процестің қалай жинақталғанын түсінуге тырысып қажеті жоқ, тек мынаны есте ұстаған жөн: түйін print әдісін қолданатын System.out тұрақты шығару объектісі деп аталатын құрылыммен орындалады. Println әдісі қатар шығарылуынан соң курсордың жаңа бір класқа өтуін орындауға мүмкіндік береді.
  • 2 – бағдарлама. Мәтінді бірнеше қатарлармен шығару. 
  •  public class Hello2 {
  • // Java қосымшасы орындалуда, main әдісінен басталады
  • public static void main(String[] args) {
  • System.out.println(" Java \nәлеміне \nқош \nкелдіңіз!");
  • } //  main әдісінің аяқталуы
  •   } // Hello2 класының аяқталуы
  • Видео көрсету
  •  №
  • Тапсырма
  • 1
  • Консольге келесі символдар жиынын шығару:
  • а=1, c=a+1       m=2, n=3 теңдеулер шешімі
  • b=6, d=b*2-1    p=4, g=5 түбірлерді табу
  • 2
  • Консольге келесі символдар жиынын шығару:
  •                   1
  •                 1 2 3
  •               1 2 3 4 5
  •             1 2 3 4 5 6 7
  • 3
  • Консольден n бүтін сандарды шығару және тақ пен жұп сандарды табу.
  • 4
  • Консольден 3 пен 9-ға бөлінетін n бүтін сандарды шығару.
  • 5
  • Консольден 5 пен 10-ға бөлінетін n бүтін сандарды енгізу.
  • 6
  • Консольден n бүтін сандарды енгізу және осы сандар ішінен жай сандарды табу.
  • 7
  • Консольден n бүтін сандарды енгізу және олардың арасынан Фибоначчи сандарын табу: f0=f1=1, f(n)=f(n-1)+f(n-2)
  • 8
  • Мәндері тура және кері ретте сәйкес келетін полиндром сандарды шығару.
  • 9
  • Консольден n бүтін сандарды енгізу, онда n және m екі бүтін оң сандары үшін p = m/n ондық бөлшегінің периодын шығару.
  • 10
  • Консольден n бүтін сандарды енгізу, енгізілген n үшін Паскаль үшбұрышын құру.
  • 11
  • Жаңа қатарға өтуі бар және жоқ үш қатарды шығаратын қосымша жазу.
  • 12
  • Бұйрық қатарынан құпиясөз енгізу үшін қосымша жазу және оны үлгі-қатармен салыстыру.
  • Сабақты бекіту тапсырмалар: 
  • Үй тапсырмасы:
  • Тәжіибелік тапсырмалар:
  • 1
  • Қатарларды бұйрық қатарының аргументтері түрінде болатын енгізу және олардың консольге шығарылу бағдарламасын жазу.
  • 2
  • Құрушының тегін, тапсырману алған күні мен уақытын, сонымен қатар тапсырманы тапсыру күні мен уақытын шығарып беретін қосымша жазу. Соңғы күні мен уақытын алу үшін java.util.* дестесінің Date класын (Date  d = new Date(); жариялануы) немесе System.currentTimeMillis() әдісін қолдану.
  • 3
  • n санын m-ші дәрежеге шығаратын бағдалама жазу. Кіру деректері пернетақтадан келіп түседі. Нәтижесі экранға шығарылады.
  • Васильев А.Н. «Java. Объектно-ориентированное программирование» 19 бет

жүктеу 15,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау