Ж. Т. Сарбалаев филология ғылымының докторы, профессор



жүктеу 1,04 Mb.
бет4/11
Дата21.12.2017
өлшемі1,04 Mb.
#5210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
    Навигация по данной странице:
  • Сөздік

Дүниеде түрлі өнер көп,


Өнерді тапқан шебер көп.

Халық мақалы
Қыл қалам

Суретшілер пайдаланатын қыл қалам әр түрлі болады. Акварель бояулар үшін ақ тиін, күзен секілді ұсақ хайуандардың құйрық қылы

пайдаланылады. Өйткені, акварельге қажет қыл қалам әрі жұмыр, әрі тығыз болуға тиісті. Майлы бояуға ақ түсті тікенек қылтанақтар пайдаланылады. Олар жұмыр емес, қалақ тәрізді жалпақ келгені ләзім. Үлкен қыл қаламмен бояу тұтас жазылатын үлкен таңдақтарды, кішкене қыл қалам шығарманың майда детальдерін бояйды. Қыл қаламның сыртына: 1,2,3,4, одан да көп цифрлар салынады. Цифр неғұрлым үлкен болған сайын қыл қалам да соғұрлым үлкен болады.


Сөздік

Тиін – белка

Қыл қалам – кисточка

Күзен – хорек

Жұмыр – круглый

Хайуандар – животные

Ұсақ – мелкие

Тікенек – колючка

Қылтанақтар – шерстинка
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:


  1. Суретшілер қандай қыл қаламды пайдаланады?

  2. Акварель бояулар үшін нелердің құйрық қылы пайдаланылады?

  3. Акварельге қажет қыл қалам қандай болу керек?

  4. Майлы бояуға қандай қылтанақтар пайдаланылады?

  5. Үлкен қыл қаламмен нелерді бояйды?

  6. Қыл қаламның сыртына нелер салынады?

  7. Кішкене қыл қаламмен нелерді бояйды?



Назар аударыңыз!

Көптік жалғаулары
Сөзге көптік мағына беретін қосымшаларды көптік жалғаулары деп атайды.


Сөздің соңғы дыбысы

Көптік жалғауы

Мысалы

1 Дауысты немесе үнді р, у, й дауыссыздарынан соң

- лар, - лер

жұмысшылар

2 Ұяң з,ж немесе үнді л,м,н,ң дауыссыздары -

нан соң


- дар, - дер

тәсілдер

3 Қатаң дауыссыздар -

дан соң


-тар, -тер

жарылыстар


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.

3. Берілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша өзара әңгімелесіңіздер.

4. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз:

қыл қалам, суретші, шебер , кенеп , бояу, қарындаш, мүсін, өнім,бұйым, сурет, көрме , кескін , әдіс, кешен ,монумент.



5. Қазақ тіліне аударыңыз:

Под рукой должен быть сосуд с чистой водой и губка, которая как правило, участвует в процессе наравне с кистями.

Сухая кисть используется в графической технике.

6. Көп нүкте орнына тиісті көптік жалғауларын қойып жазыңыз.

Қазіргі бейнелеу өнері еркін ойлауға жол ашты, тарих бетінің талай жасырын ақтаңдақ ...ы көркем шығарма ретінде дүниеге келді.Қазақстанның суретші ... інің қол жеткізген табыс ...ы бүкіләлемдік мәдени кеңістік ...ден көрінуде. Жаңа ғасыр суретші ...і бейнелеу өнерінің беделін арттыра беретіні анық.



7. Көп нүктенің орнына "ы" немесе "і" әрпін қойып, өлеңді жатта.

Ұл...м, қыз...м - жан жұлд..з...м,

Бақыт...м сен өм...рдегі.

Сен...ң нұрл... жарқ...н жүз...ң,

Шаттанд...рған күнде мен... .

(С.Жиенбаев)



8. Сөйлемдерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Оқушылар біз «Көбелектер» деген тақырыпқа композиция құрамыз. Әдемі көбелектерді салмастан бұрын «симмитрия» деген сөзбен танысамыз. «Симмитрия» деп қандай да заттың немесе бұйымның екі бүйірі немесе екі жағының тепе тең болуы. Мысалы: жапырақ, саңырауқұлақ, өрнек, құмыра, қоңыз. Көбелекті бейнелеу үшін бізге: қарындаш, альбом, палитра тақтайшасы, акварель краскасы, №1, №3, №6 қылқаламдар, керек. Суретті салмастан бұрын форматқа көбелектің орнын композициялық тұрғыда белгілеп аламыз. Яғни орналасу бағыты форматтың ортасы болу керек.

9. Эпиграфта берілген халық мақалын түсіндіріңіз.


6-тәжірибелік сабақ
Көркемдік талғам дегеніміз— әсемдікті ажыратар,

нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата білу қабілеті.

А. Б. Салтыков
Тушь

Қазіргі уақытта тушьтар сурет салуда өте кеңінен қолданылады. Әсіресе, тушьтар комиктер мен сайқымазақтардың суретін салуда жиі кездеседі. Кез келген туштың бір түрімен салынған суреттер күн сәлесіне , т. б. құбылыстарға төзімді болып келеді. Кәдуілгі тушь - сұйқылт қара бояу. Ол сонымен қоса қатты кесек күйде де ұшырасады. ХІХ ғасырдың ортасына дейін, қаз қауырсыны қолданылып келсе, одан соң металдан жасалған қаламұш қолданылады. Жапон суретшілері, күйені желімге, муға, хош иісті заттарға араластыра езіп тушьтарды өз қолдарынан жасайды. Сол қоспадан сіріңке қорапшасының көлеміндей кесек плиталар жасап, әбден кептіреді. Жұмыс жасар алдында әлгі кесек бояуларды шыныға не тарелкаға үйкеп ұнтақтап, суға ерітеді.

Жапон суретшілерінің бейнелеу өнерінде өз дәстүр, өз ерекшеліктері бар. Мәселен, олар белгілі бір нәрсенің суретін салу үшін соған арналған белгілі бір тушь түрін ғана қолданады. Олар суретті арнайы қыл қаламдармен салады.Тушьпен сурет салуға қыл қалам да, темір қаламұш та жарай береді.

Сөздік

Қолданылады – применяется

Сайқымазақ – карикатура

Кәдуілгі – обыкновенный

Сұйқылт – жидкий

Ұшырасады – встречается

Күйе – сажа

Желім – клей

Кептіреді – сушат

Жасау – создать

Жаңқалар – шепочки

Қауырсын – перо

Дәртсіз – инертна
Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:


  1. Тушьтар қандай суреттерді салуда жиі кездеседі?

  2. Тушьпен суреттерді салу үшін қандай құралдар қолданылады?

  3. Кәдуілгі тушь қандай күйде ұшырасады?

  4. Жапон суретшілері тушьты қалай жасайды?

  5. Қоспадан не істейді?

  6. Жұмыс жасар алдында кесек бояулармен не істейді?

  7. Кімдердің бейнелеу өнерінде өз дәстүр, өз ерекшеліктері бар?

  8. Тушьпен сурет салуға нелер жарайды?


жүктеу 1,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау