Ж. Т. Сарбалаев филология ғылымының докторы, профессор



жүктеу 1,04 Mb.
бет1/11
Дата21.12.2017
өлшемі1,04 Mb.
#5210
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
пәндік оқу - әдістемелік нұсқау

064002 «Дизайн» мамандықтарының студенттеріне арналған


Павлодар


Кереку

2011


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
пәндік оқу - әдістемелік нұсқау

064002 «Дизайн» мамандықтарының студенттеріне арналған

Павлодар

ӘОЖ 811.512.122(07)

КБК 81.2Каз-9

Қ 26
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті колледжінің әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған



Пікірсарапшы
Ж. Т. Сарбалаев – филология ғылымының докторы, профессор

Құрастырған А. З. Айгужинова
Қ 26 Кәсіби қазақ тілі : пәндік оқу-әдістемелік нұсқау 064002

«Дизайн» мамандықтарының студенттеріне арналған

/ құраст. А. З. Айгужинова. – Павлодар : Кереку, 2011. – 82 б.

Әдістемелік нұсқауда дизайн мамандығы бойынша білім алатын оқушыларға арналған кәсіби қазақ тілі пәнінен мәтіндер мен тәжірибелік сабақтарға дайындалу үшін тапсырмалар, тест сұрақтары берілген.

Әдістемелік нұсқау типтік бағдарлама бойынша жасалынған. Колледж оқытушыларына және колледж студенттеріне ұсынылады.

ӘОЖ 811.512.22(07)

КБК 81.2Каз-9

© Айгужинова А. З., 2011

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2011

Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты



Алғы сөз

Бұл ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау орта арнаулы оқу орындарында дизайн мамандығы бойынша орыс топтарында оқитын оқушыларға арналған.

Осы оқу әдістемелік нұсқаудың басты мақсаты - оқушылардың мамандыққа байланысты сөздік қорын қалыптастыру, байыту, сөйлеуін, баяндауын жетілдіру. Әдістемелік нұсқауда мамандыққа байланысты мәтіндер барынша іріктеліп алынды. Мәтіндер бойынша сұрақтар, тапсырмалар берілді. Бұл оқушылардың өзінше жұмыс жасауын, ойлауын, жүйелі сөйлеуін жетілдіреді.

Мәтіндерде графика, живопись, мүсін өнері, қарындаш, қылқалам, тушь, гуашь, акварель, пейзаж, портрет, композиция, перспектива, суретшілер туралы айтылады. Мәтіндермен жұмыс жасау үшін түсіндірме, аударма, терминдер сөздіктерін пайдалануға болады. Осы мәтіндерді тек сабақта ғана емес, өздік жұмыстарында да қолдануға болады.Сонымен қатар, оқушылардың білімдерін тексеру үшін тест сұрақтары берілген.

Бұл оқу әдістемелік нұсқауының кәсіби тілді үйренушілерге пайдасы тиер деген сенімдеміз.

1-тәжірибелік сабақ
Сурет – ол өте күрделі де, өте қиын еңбек,

Оны тек ішкі сезім арқылы тануға болады.

Ол шынайы сезім, белгісіз құбылыс.

И.Репин

Графика

«Графика» деген сөз гректің «grapho» – «жазамын», «суретке саламын» деген сөзінен шыққан. Ол – сурет салу өнері. Қарындашпен, тушьпен салынған суреттер немесе гравюралар графикаға жатады. Графика өнерінің туындыларын тек көрмелерде ғана емес, күнделікті тұрмыста да жиі ұшырастырамыз.

Бала кезімізден кітапқа, оның ішіне, мұқабасына салынған түрлі – түсті суреттерге сүйсінеміз. Кітаптағы сол суреттердің бәрі кітап графикасы деп аталады. Сонымен қатар қосалқы, қолданбалы графика да болады. Мәселен, біреуді мерекемен құттықтағыңыз келсе, қатырма ашық хат пен оған жапсыратын марка сатып аламыз, ашық хат та, марка да суретшінің қолынан шыққан.

Ал, әлгі әр алуан қораптардың, пакеттер мен шыны сауыттардың сыртындағы алабажақ жапсырынды қағаздарға - жарлықтарға назар аудара да бермейміз. Шынтуайтқа келгенде, олар да суретшілердің туындылары. Міне, осының бәрі қолданбалы графикаға жатады.


Сөздік
Тұрмыс быт

Әр алуан разнообразие

Кітап графикасы книжная графика

Қолданбалы прикладное

Қосалқы запасной, побочный

Қатырма картон

Қоршаған нәрселер окружающие предметы

Ретпен по порядку

Ұғым понятие

Мұқаба обложка

Ашық хат открытка

Туындылар пройзведения


Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

1) Графика дегеніміз не?

2) Графиканың түрлерін ата.

3) Кітап графикасы дегеніміз не?

4) Графика өнерінің туындыларын ата.

5) Мұқабаға қандай суреттер салынады?

6) Суретшілердің туындыларына нелер жатады?

7) Қолданбалы графикаға нелер жатады?


Назар аударыңыз!

Дыбыс және әріп
Тілдегі дыбыстардың жасалуын, пайда болуын, ол дыбыстардың жүйесі мен заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының саласын фонетика деп атайды.

Дыбыстардың жазбаша таңбасын әріп дейміз.

Әріптердің тізбектелген жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде 42 әріп бар.

Дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, естілетін физикалық құбылысты дыбыс деп атайды.

Дыбыстар дауысты және дауыссыздарға бөлінеді.

Дауысты дыбыстар: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, у, і, ы, и, ю, я.




1 Тілдің қатысына қарай


Жуан

а, о, ұ, ы, (у),(и)

Жіңішке

ә,ө,ү,і,е, (и),(у)

2 Жақтың қатысына қарай


Ашық

а, ә, о, ө, е

Қысаң

ы, і, ұ, ү, у, и

3 Еріннің қатысына қарай


Еріндік

о, ө, ұ, ү, у

Езулік

а, ә, е, ы, і, и

Дауыссыз дыбыстар: б,в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, ц, ш, щ, ч, һ.

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай:

Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ш, щ, ч, һ

Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді: р, л, м, н, ң, й, у болып бөлінеді.



жүктеу 1,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау