- Бала еңбегін қанау немесе бала – заңмен қорғалған тұлға
- Қазақстандағы бала еңбегін пайдалану салалары мен нысандарына мыналар жатады Ауыл шаруашылығы жұмыстары (мақта, темекі, жүзім және т.б. дақылдар); Үй шаруашылығы;
- Көліктік қызметтер (шағын автобустардағы кондукторлар);
- Қайыршылық (жергілікті балалар, көшіп-қонушылар, дені сау адамдар мен
- мүгедектер):
- Сексуалдық қанау (11-18 жас аралығындағы қыз балалар, трассалар, сауналар,
- пәтерлер);
- Ұсақ тонау;
- Есірткі трафигі (сора тозаңын жинауға қатысу; мектептерде, шетелге, ел
- ішінде шабарман болу);
- Ата-аналарының, қамқоршыларының бала еңбегін пайдалануы
- (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу, балаларды сату); пайда табу үшін бала
- асырап алу немесе қамқоршылықты ресімдеу; әлеуметтік жәрдемақылар, пайда
- алу үшін баланың дене мүшесін кемтар ету);
Бала еңбегінің пайда болуына әкелетін факторлар: - Жұмыссыздық пен тұрмыс деңгейінің төмендігі.;
- Отбасылық қарым-қатынастардың өзгеруі мен экономикалық құрылымдағы өзгерістер;
- Өмірлік құндылықтардың өзгеруі:
- Өңірдің бір елінен екінші елге еңбек көші-қоны:
Бала еңбегінің себептері болып табылатын проблемалар: - Қоғамдағы құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер (ақша мен материалдық құндылықтардың басымдығы);
- Білім беру жүйесіндегі проблемалар (қаржыландырудың жеткіліксіздігі, мектеп оқушыларының сабаққа баруын бақылаудың төмендеуі, білімге қол жеткізудің төмендеуі);
- Мемлекеттік балалар ұйымдары мен институттарының (пионерия, скаут қозғалысы) жоқтығы;
- Бала еңбегіне тыйым салу мен балаларды қорғау жөніндегі заңдардың орындалуын мемлекеттік бақылаудың төмендеуі;
- Осал отбасыларын бала еңбегін пайдалануға итермелейтін экономикалық қажеттілік.
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңның 16-бабы - Әр баланың еңбек бостандығына, қызмет және мамандық түрін еркін таңдауға құқығы бар.
- Он төрт жастан асқан балалар ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос уақытта денсаулығының жай-күйі мен дамуы бойынша қол жетімді, баланың дене, адамгершілік және психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқылы, сондай-ақ мамандық алуға құқылы.
- Баланы ауыр дене жұмыстарына және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қиын жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады.
14-16 жастағы балалар аптасына 24, ал 16-18 жастағы жеткіншектер 36 сағаттан артық жұмыс істемеуі керек.(еңбек кодексі) - «Бала құқықтары туралы» Қ.Р-ның Заңының 16 бабында балалар 14 жастан бастап , ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына және осіп жетілуіне оңтайлы, баланың дене бітіміне, имандылығы мен психикалық жай күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай ақ мамандық алуға құқығы бар деп белгіленген. Аталған баптың 4- ші тармақшасында баланы ауыр қара жұмысқа , зиянды және еңбек жағдай қауіпті жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.
«Еңбек шарты 16 жасқа толған азаматтар мен ғана жасауға рұқсат етіледі - Ата анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен еңбек шартын жасау мүмкін болады.
- Орта білім беру ұйымында негізгі орта , жалпы орта білім алған жағдайда, 15 жасқа толған азаматтармен
- Сабақтан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14-жасқа толған оқушылармен
- Кинематография ұйымданында, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмейтін, шығармалар жасауға және орындауға қатысу үшін осы баптың 2 тармағында айқындалған талаптарды сақтай отырып 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шартын жасау мүмкін делінген.
БАЛА СИПАТТАМАСЫ. - 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
Өсу мен даму - Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуімен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
ЕСІМ МЕН АЗАМАТТЫҚ - Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай-ақ азаматтық алуға, және мүмкіндігі барынша, өз ата-анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
БАЛАНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ - Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лазым.
АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - Ата-ана бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін бірге тартады. Ал мемлекет бұл істе оларды барынша қолдап-қуаттауы керек.
- Сонымен қатар мемлекет Баланы тәрбиелеуде ата-анаға жеткілікті түрде көмек көрсетіп отыруы тиіс.
БАЛАЛАР ЕҢБЕГІ - Бала өзінің денсаулығына, білімі мен дамуына қауіп төндіретін жұмыс тапсырылған жағдайда қорғау құқығына ие. Мемлекет жұмысқа алуда бірінші кезекте адамның ең төменгі жас мөлшері мен еңбек жағдайына қатысты талаптарды белгілеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |