1. ______________________
________________________
2. ______________________
________________________
Тігінен:
1. ______________________
________________________
2. ______________________
________________________
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СӨЗ МАҒЫНАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. Тіл – мәдениеттің негізгі тұғыры, ұлт болып жасауының шарты. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін жеткізеді, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Тілді дұрыс пайдалану адамның сөздік қорына және оны орынды қолдануына байланысты. Сөз байлығы мол балалардың ойы ұшқыр болып, шешен, әсерлі сөйлейді. Бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – оқушыларда осындай қасиеттерді қалыптастыру және дамыту. Шәкірттердің тілі бай болса, онда ол ұлт тарихын, мәдениетін халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл маржандарын оңай игереді. Бұл - балаларды ұлтжанды етіп тәрбиелеудің алғышарты.
2. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын жетілдіру жұмыстары бірнеше маңызды мәселелерді шешеді:
оқушылар тілдік қатынасқа түсіп, өз ойын емін-еркін жеткізеді;
оқулықта берілген тілдік материалдарды жете ұғынуына мүмкіндік береді;
сөздерді мағынасына қарай орынды қолданып, тіл мәдениеті жетіледі;
шығармашылық қабілеттері дамиды;
сөздік қоры молаяды.
3. Бастауыш сыныпта сөз мағынасымен жұмыс 4 бағытта жүргізіледі:
сөз құрамын оқыту барысында;
сөз тіркесін оқыту барысында;
сөйлемді оқыту барысында.
4. Сөз таптарын оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді тап. Сын есімдердің мағынасын түсіндір
Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп.
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп.
(Қ.Аманжолов)
“Жаман әдеттен жирен” мақалындағы жирен сөзін “Менің жирен атым бар” сөйлеміндегі жирен сөзімен салыстыр.
Оқулық соңында берілген түсіндірме сөздіктен бұрыш, хикая, шіл, түбіт, суат, қой, құрақ зат есімдерінің мағынасын біліп ал. Мысалы: суат – өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.
Берілген сөздердің ішінен бірнеше мағынасы барларын іріктеп көшіріп жаз.
5. Сөз тіркесін оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
Сын есім мен зат есімнен тұратын сөз тіркестерін жаса, ондағы сөздердің мағынасын түсіндір.
Мәтінді оқып, сөз тіркестерін тап.
Құндыз – ғажап аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне үйшіктер жасайды. Құндыздың терісі аса бағалы.
6. Сөйлемді оқыту барысындағы сөз мағынасымен жұмыс
7.
Бірнеше мағынасы бар сөздер
|
Бірінші мағына
|
Екінші мағына
|
Үшінші мағына
|
Гүлнұр шашын тарады.
Мен бүгін түс көрдім
|
|
Оларүйірмеден кешке тарады.
Бұл – қоңыр түс.
|
|
Сатымен төмен түс.
|
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «МӘТІН» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ
1. «Мәтін» тақырыбы – бастауыш сыныпқа кейінгі жылдары енген жаңа тақырыптардың бірі. Бастауыш сыныптарда мәтін туралы түсінік беріліп, оның құрылымы мен түрлері таныстырылады. Сонымен қатар мәтіндегі негізгі ой анықтатылып, мәтінге ат қоюға және оның идеясын ашуға үйретіледі.
2. Мәтін туралы түсінік беруде мұғалімдердің мына мағлұматты білгендері жөн:
Мәтінге тән ғылыми белгілер
|
Бастауыш сыныпта берілетін негізгі түсініктер
|
1. Тақырыптық-мазмұндық бірлігі мен тиянақтылығы
2. Коммуникативті мақсаттылығы, прагматикалық бағыттылығы
3. Құрылымдық біртұтастығы
4. Құрылымдық-логикалық жүйелілігі
|
1.Мәтіннің белгілі бір тақырыпқа негізделген мазмұны өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұратындығы.
2. Мәтінде негізгі ой болатындығы.
3. Мәтінді құрылымдық бөлімдерге бөлуге болатыны.
4. Мәтіннің құрылымдық-мазмұндық бөлімдері және ондағы сөйлемдер бір-бірімен жүйелі түрде байланысатыны.
|
3.
4.
5. Пайымдау мәтіні
Пайымдау мәтінінің құрылысы мен бөлімдерінің бір-бірімен байланысы оқушылардың есінде жақсы сақталуы үшін мынадай сызба түрінде берген дұрыс:
Достарыңызбен бөлісу: |