Ж 8 беттің 2-ші беті


Тәжірибелік жұмыстың мазмұны



жүктеу 405,5 Kb.
бет5/6
Дата16.01.2020
өлшемі405,5 Kb.
#26878
1   2   3   4   5   6

Тәжірибелік жұмыстың мазмұны.

  1. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының интерьерімен танысу. Қысқаша конспектілеу.

  2. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының интерьерін меңгеру.

  3. Қызмет көрсету дәрежесіне байланысты интерьерге қойылатын талаптарды жазу.

Жұмыстың мақсаты:

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының интерьермен танысу. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының интерьерін меңгеру. Қызмет көрсету дәрежесіне байланысты интерьерге қойылатын талаптарды жазу.

Сабақты жүргізу тәртібі:

1.Теориялық бөлім

2.Сабақ сұрау

3.Тәжірибелік бөлім



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының интерьері.

  2. Ыдыс-аяқтардың буфеті, сервизі, жуу орындары, залдардың құрал-жабдықтары

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Усов В.В. Организация производства и обслуживания на предприятиях общественного питания.- М.:ACADEMA, 2002.-416с.

  2. Захарченко М.Н., Кучер Л.С. Обслуживание на предприятиях общественного питания. Учебник .- М: Эканомика, 1986.-272 с


4 Тәжірибелік жұмыс. Асханалық ыдыс-аяқтар мен приборлардың түрлері мен сипаттамасын оқып-үйрену. Асханалық орамалдар.

Тәжірибелік жұмыстың мазмұны.

  1. Ыдыс – аяқтың негізгі түрлерін меңгеру. Қысқаша конспектілеу.

  2. Асханалық ыдыстардың мінездемесін меңгеру.

  3. Қызмет көрсету дәрежесіне байланысты асханалық орамалдар мен оның түрлеріне қойылатын талаптарды жазу.

  4. Негізгі жабдықтарға қайсылары жатады, олардың тағайындалуы мен мінездемесі. Қосымша асханалық жабдықтарды тізіп шығындар, олардың тағайындалуы мен мінездемесі.

Жұмыстың мақсаты:

Асханалық ыдыс-аяқтардың, жабдықтардың және орамалдардың түрлері мен мінездемесін меңгеру.



Сабақты жүргізу тәртібі:

  1. Теориялық бөлім

  2. Сабақ сұрау

  3. Тәжірибелік бөлім


Теориялық бөлім.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында ыдыс – аяқтардың бірнеше түрлері қолданылады: фарфорлы, фаянсты, керамикалық, шыны, майоликалық, хрусталь, темір, ағаш және пластмассалы. Асханалық ыдыстардың түрлері мен ассортименттері кәсіпорын түріне, зал мөлшеріне, шығарылатын және өткізілетін өнімнің санына, қызмет көрсету формасы мен жұмыс тәртібіне байланысты болады.

Асханалық ыдыстар таза, мықты, формасы бойынша жайлы және бір стилде болуы керек. Шытынаған, сынықтары бар ыдыстарды қолдануға рұқсат етілмейді.

Асханалық ыдыстар мельхиородан, тат баспайтын темірден, алюминийден жасалуы мүмкін. Жаңа заманға сай жабдықтар- қасықтар, пышақтар, шанышқылар ыңғайлы пішінде болады.

Фарфорлы – фаянсты ыдыстардың ассортименті:


  • Уылдырық, самса салатын, жеңіл тағамдық, ұсақ асханалық, шұңғыл асханалық, ұсақ және шұңғыл десертті тарелкалар;

  • Дөңгелек, сопақ және төртбұрышты;

  • Салат салғыштар мен салат салатын вазалар;

  • Балық салғыштар;

  • Көже шөңкелері;

  • Тұздық құйғыштар;

  • Жұмыртқа қоятын рюмкалар;

  • Дәмдеуіштерге арналған жабдықтар;

  • Шай, кофе құятын кружкалар;

  • Кеселер;

  • Кофейниктер, шайниктер, кілегей және сүт құйғыштар;

  • Қант салғыштар, розеткалар, майлықтарға арналған вазалар, күл салғыштар;

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында асханалық дастарханның бірнеше түрлерін қолданады. Орамалдардың негізгі түрлеріне жататындар: дастархандар, майлықтар, орамалдар. Олардың бір шетіне жуылмайтын бояудан даярланғанкәсіпорынның мөрі басылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Асханалық ыдыстар мен жабдықтардың түрлері мен оларға қойылатын талаптарды атаңыз.

  2. Фарфорлы-фаянсты ыдыстарға мінездеме беріңіз

  3. Фарфорлы-фаянсты ыдыстардың негізгі түрлері мен ассортименттерін тізіп шығыңыз.

  4. Ағаш ыдыстарға мінездеме беріңіз.

  5. Ағаш ыдыстардың негізгі түрлері мен ассортименттерін тізіп шығыңыз.

  6. Шыны және хрустальды ыдыстарға мінездеме беріңіз

  7. Шыны және хрустальды ыдыстардың негізгі түрлері мен ассортименттерін тізіп шығыңыз

  8. Пластмассалы ыдыстарға мінездеме беріңіз

  9. Пластмассалы ыдыстардың негізгі түрлері мен ассортименттерін тізіп шығыңыз.

  10. Металл ыдыстарға мінездеме беріңіз

  11. Металл ыдыстардың негізгі түрлері мен ассортименттерін тізіп шығыңыз

  12. Негізгі жабдықтарға қайсылары жатады,олардың тағайындалуы мен мінездемесі

  13. Қосымша асханалық жабдықтарды тізіп шығыңдар, олардың тағайындалуы мен мінездемесі

  14. Асханалық орамалдардың түрлері мен сипаттамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Усов В.В. Организация производства и обслуживания на предприятиях общественного питания.- М.:ACADEMA, 2002.-416с.

  2. Захарченко М.Н., Кучер Л.С. Обслуживание на предприятиях общественного питания. Учебник .- М: Эканомика, 1986.-272 с

5 Тәжірибелік жұмыс. Мәзірді құрастыруды меңгеру



Тәжірибелік жұмыстың мазмұны

  1. Прейскурантта орналасқан порциялық тағамдарды, мәзірдегі тағамдарды, жеңіл тағамдар мен сусындарды меңгеру.

  2. Мәзір құрастыру және әрбір студентке прейскурант жазу;

  3. Мәзір түрлерін меңгеру, қысқаша конспектілеу;

  4. Мәзір мен прейскуранттар рәсімдеуге қойылатын талаптарды жазу.

Жұмыстың мақсаты:

Ас мәзірін құрастыруды меңгеру.

Жұмысты жүргізу тәртібі:


  1. Теориялық бөлім

  2. Жұмыс сұрау

  3. Тәжірибелік бөлім

Теориялық бөлім

Мәзір бұл – осы күнге сатуға қойылған тағамдардың жеңіл тағамдардың, ұн өнімдерінің, сусындардың тізімі, бағасы және мөлшері.

Мейрамханаларда тұрақты порциялық тағамдарға, шараптарға және ішіне сыра, алкогольсіз сусындар мен темекі өнімдері кіретін арақ-шарап өнімдеріне жеке прейскурант құрастырылады.

Мәзір күнделікті құрастырылады, өндіріс меңгерушісі қол қойып, есептейді, кәсіпорын директоры бекітеді.




Тәжірибелік бөлім.

Прейскурантта орналасқан порциялық тағамдарды, мәзірдегі тағамдарды, жеңіл тағамдар мен сусындарды меңгеру. Мәзір құрастыру және әрбір студентке прейскурант жазу. мәзір түрлерін меңгеру, қысқаша конспектілеу. мәзір мен прейскурантты рәсімдеуге қойылатын талаптарды жазу.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мәзір дегеніміз не және мәзірді құрастыру кезінде қандай факторлар ескеріледі.

  2. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында тағамдар ассортименті неге байланысты болады?

  3. Әр түрлі класты мейрамханалар мен барлардағы тағам ассортименттеріне мысалдар келтіріңдер.

  4. Мәзірдегі жеңіл тағамдар мен тағамдар мен прейскуранттағы порциялық тағамдардың орналасу реті.

  5. Мәзірдің түрлерін тізіп шығыңыз

  6. Мәзір мен прейскурантты рәсімдеуге қойылатын талаптар.

  7. Мәзір мен прейскурантқа кім қол қойы, бекітеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Усов В.В. Организация производства и обслуживания на предприятиях общественного питания.- М.:ACADEMA, 2002.-416с.

  2. Захарченко М.Н., Кучер Л.С. Обслуживание на предприятиях общественного питания. Учебник .- М: Эканомика, 1986.-272 с


6 Тәжірибелік жұмыс. Тұтынушыларға қызмет көрсетуге залдарды дайындау әдістерін меңгеру. Жиһаздарды қою. Үстелдерді безендіру.

Тәжірибелік жұмыстың мазмұны

  1. Тұтынушыларға қызмет көрсетуге залдарды дайындау әдістері. Қысқаша конспектілеу.

  2. Жиһаздарды дұрыс орналастыруды меңгеру, орналастыру түрлерінің суретін салу.

  3. Үстелдерді безендіру, сервирлеу түрлерінің суретін салу.

Жұмыстың мақсаты:Тұтынушыларға қызмет көрсетуге залдарды дайындау әдістері. Жиһаздарды орналастыру. Үстелдерді сервирлеу.

Жұмысты жүргізу тәртібі:



  1. Теориялық бөлім

  2. Жұмыс сұрау

  3. Тәжірибелік бөлім

Теориялық бөлім

Залдарды қызмет көрсетуге күнделікті дайындайды. Залды жақсылап тазалайды, жиһаздарды орналастырады, ыдыс-аяқтарлы, жабдықтарды, асханалық жаялықтарды алып, үстелдерді сервирлейді. Залды күнделікті даярлауға – едендерді жуу, шаңдарды сүрту, жиһаздарды тазалау кіреді. Негізгі тазалықты таңертеңгі уақытта және мейрамхананы ашуға 1-2 сағат қалғанда аяқтайды. Жиһаздарды орналастыру залдың көлемдік-жобалық шешіміне, есіктердің, терезелердің, колонналардың, би алаңдарының орналасуына байланысты болады.

Залды тазалап, үстелдерді қойып болғаннан кейін даяшылар бригадасы үстелдердің мөлшеріне байланысты сервирлеуге қажетті заттарды алады. Алған кезде олардың жағдайына назар аударған жөн- дастархандар мен майлықтар таза, крахмалданған, үтіктелген, ыдыстар шытынаусыз, сынықсыз болуы тиіс.

Тәжірибелік бөлім

Тұтынушыларға қызмет көрсетуге залдарды дайындау әдістері. Қысқаша конспектілеу. Жиһаздарды дұрыс орналастыруды меңгеру, орналастыру түрлерінің суретін салу. Үстелдерді сервирлеу, сервирлеу түрлерінің суретін салу.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Қызмет көрсету кезіндегі залдарды дайындаудың маңызы неде.

  2. Жиһаздарды орналастыруға қойылатын талаптар, жиһаздарды орналастыру нұсқалары.

  3. Қызмет көрсетуге асханалық ыдыстар мен жабдықтарды қалай дайындайды.

  4. Дәмдеуіштерге арналған жабдықтарды қалай дайындайды.

  5. Үстелді сервирлеудің негізгі тәртіптері

  6. Майлықтарды бүктеу нұсқалары

  7. Үстелдерді сервирлеу нұсқалары

  8. Қызмет көрсетуге персоналды дайындаудың маңызы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Усов В.В. Организация производства и обслуживания на предприятиях общественного питания.- М.:ACADEMA, 2002.-416с.

  2. Захарченко М.Н., Кучер Л.С. Обслуживание на предприятиях общественного питания. Учебник .- М: Эканомика, 1986.-272 с


7 Тәжірибелік жұмыс. Мейрамхана тұтынушылары мен банкетте қызмет көрсету әдістерін меңгеру. Қызмет көрсетудің арнайы формалары.
Тәжірибелік жұмыстың мазмұны

  1. Мейрамхана тұтынушылары мен банкетте қызмет көрсету әдістерін меңгеру. Қысқаша конспектілеу.

  2. Қызмет көрсетудің арнайы формалары.

Жұмыстың мақсаты: Мейрамхана тұтынушылары мен банкетте қызмет көрсету әдістерін меңгеру. Қызмет көрсетудің арнайы формалары.

Жұмысты жүргізу тәртібі:



  1. Теориялық бөлім

  2. Жұмысты сұрау

  3. Тәжірибелік бөлім

Теориялық бөлім

Мейрамханада қызмет көрсету келесі элементтерден тұрады: қонақтарды қарсы алу және орналастыру, тапсырыстарды қабылдау, тапсырыстарды өндіріске өткізу, буфеттік өнімдерді алу және беру, тапсырыс берілген тағамдарды, жеңіл тағамдарды, сусындарды алу, клиенттермен есептесу.

Тұтынушыларды швейцар, содан кейін гардеробшы және залға кіре берісте метрдотель қарсы алады. Ол сәлем беріп, үстелден орын ұсынады. Содан кейін орындықты жылжытып, жестпен қонақты отыруға шақырады. Мәзірді даяшы қаптамада жабық күйінде сол жақтан сол қолымен ұсынады. Ас мәзірін әйел адамға ұсынады. Даяшы тағам ассортименттерімен танысып алу үшін бірнеше минут күте тұрады, содан кейін үстелге жақындап, тапсырысты қабылдайды. Тапсырысты қабылдап алғаннан кейін оны орындау жоспарын белгілеп алу тиіс.

Ыдыс-аяқтарды, тағамдарды, сусындарды тасымалдау үшін даяшы табақ қолданады.

Буфетті өнімдерді бірінші кезекте ұсыну керек. Тағамдар мен жеңіл тағамдарды ұсынудың бірнеше әдістері бар. Қызмет көрсету тәжірибесінде ұсынудың үш әдісін қолданады: француздық әдіс-тапсырыс берілген тағамдарды тұтынушылардың арнайы тарелкасына арнайы жабдықтар көмегімен қою; тұтынушылары тапсырыс берілген тағамдарды тұтынушылардың тарелкасына қосымша үстелдерге қою. (ағылшынша әдіс). Тағамдарды ұсыну тәртібін ұстану қызмет көрсету мәдениетінің жоғарғы дәрежеде екенін көрсетеді. Сонымен қатар тағамдарды ұсыну ретін ұстанған жөн. Суық тағамдар тәбетті ашатын болғандықтан, оларды тәртіп бойынша бірінші ұсынады. Ыстық тағамдарды, тәртіп бойынша, дайындалған тарелкасымен ұсынады. Көжелер суық және ыстық тағамдардан кейін ұсынылады. Мейрамханадағы тағамдар, тәртіп бойынша, тәтті тағамдарды ұсынумен аяқталады. Ыстық және суық сусындарды десерттен кейін ұсынады.

Этика бұл –көпшілік арасында өзін ұстау мен нормалар ережесі. Этикет тәртібі құрамына, үстел басында өзін – өзі ұстай білу, асханалық жабдықтарды қолдана білу және т.б. жатады, оны мейрамхана даяшылары мен қонақтары бірдей дәрежеде білген жөн.

Тұтынушыларға қызмет көрсетудің ақырғы сатысы-счет бойынша есептесу болып табылады. Қызмет көрсету процессі кезінде даяшы үстелді келесі тағамды ұсыну үшін қолданылған ыдыс-аяқтарды жинап, тазасымен ауыстырып тез даярлау қажет.

Қызмет көрсетудің арнайы формалары болады, олар: «шведтік стол» типі бойынша; съездге, конференцияларға қатысушыларға қызмет көрсету; қонақ үй мен транспортта қызмет көрсету; аэропортта қызмет көрсету; демалу орындарында қызмет көрсету; кештер мен үйлену тойларында қызмет көрсету;

Тәжірибелік бөлім

Мейрамхана тұтынушылары мен банкетте қызмет көрсету әдістерін меңгеру. Қысқаша конспектілеу. Қызмет көрсетудің арнайы формалары.



Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мейрамхана тұтынушыларына қызмет көрсету элементтерін тізіп шығыңыз

  2. Қонақтарды қарсы алу мен орналастыру тәртібі.

  3. Табақпен жұмыс істеу тәртібі

  4. Тағамдарды ұсыну тәртібі

  5. Тағамдарды ұсынуда қандай әдістер қолданылады

  6. Тапсырыс қалай қабылданады

  7. Банкет түрлері

  8. Қызмет көрсетудің арнайы формалары

  9. Мерей тойларға қызмет көрсету кезіндегі тапсырыстарды қабылдау тәртібі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Усов В.В. Организация производства и обслуживания на предприятиях общественного питания.- М.:ACADEMA, 2002.-416с.

  2. Захарченко М.Н., Кучер Л.С. Обслуживание на предприятиях общественного питания. Учебник .- М: Эканомика, 1986.-272 с


3 Студенттің өздік жұмысы

    1. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары

Пәнді оқу кезінде студенттердің өздік жұмысына, олардың сапасына жоғарғы талаптар қойылып, олардың мерзімінде, орындалуына көп көңіл бөлінеді. Оқу-әдістемелік кешенін құрастырған кезде реферат тақырыптары алдын-ала беріліп, оның көлемі 5 беттен көп болмауы керек (тест машинамен басылған).

ОСӨЖ аудиториялық және аудиториядан тыс жүргізілетін сабақ болып екіге бөлінеді.

Аудиториялық ОСӨЖ диалог түрінде, ал СӨЖ кеңес ретінде жүргізіледі.

Әрбір ОСӨЖ сабақтарына қажетті материалдар дайындалып, оқытушы есептерді шығаруға, орындауға көмектеседі.

Мұғаліімнің қатысуымен студенттің өздік жұмыстары және студенттің таза өздік жұмыстары 1 кестеде жазылады.

1-кесте. ОСӨЖ және СӨЖ жоспарлары





ОСӨЖ

СӨЖ

Аудиториялық

Аудиториядан тыс

1

2

3

4

1

Мейрамхананың сауда орындары.

Мейрамхананың сауда орындары, оның жабдықтары. Интерьері.

Мейрамхананың сауда орындары, оның жабдықтары.

2

Мейрамхананың сауда орындары. Сауда орындарының сипаттамасы

Мейрамхананың сауда орындары. Сауда орындарының сипаттамасы.

Асханалық ыдыстар, жабдықтар, жаялықтар

3

Тұтынушыларға қызмет көрсетуге дайындық

Тұтынушыларға қызмет көрсетуге дайындық

Тұтынушыларға мейрамхана залында қызмет көрсетуге дайындық

4

Тұтынушыларға қызмет көрсетуге дайындық

Тұтынушыларға мейрамхана залында қызмет көрсету

Тұтынушыларға мейрамхана залында қызмет көрсету

5

Ас мәзірін құрастыру негіздері. Жеңіл тағамдардың, тағамдардың және сусындардың мәзірде орналасу реті

Ас мәзірін құрастыру негіздері. Мәзір түрі.

Банкеттер мен тойларға қызмет көрсету

6

Банкеттер мен тойларға қызмет көрсету. Дипломатиялық күту.

Банкеттер мен тойларға қызмет көрсету. Коктейль-фуршет банкеті.

Банкеттер мен тойларға қызмет көрсету

7

Қоғамдық тамақтанудың арнайы формалары. Қызмет көрсетудің қазіргі заманға сай түрлері.

Мейрамханаларда жылдам қызмет көрсету түрлері.

Қоғамдық тамақтанудың арнайы формалары

8

Тағамдарды, жеңіл тағамдарды және сусындарды берудің ерекшелігі

Қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Тағамдарды, жеңіл тағамдарды және сусындарды берудің ерекшелігі

050727 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы үшін

«Қоғамдық тамақтану өнеркәсіптерінде сервисті ұйымдастыру» пәні бойынша Курстық жұмыстардың тізімі.


  1. 100 орындық кафедегі мерейтойлық мереке сервисінің ұйымдастырылуы

  2. 150 орындық мейрамханадағы үйлену тойы сервисінің ұйымдастырылуы

  3. 120 орындық кафедегі банкет-фуршет сервисінің ұйымдастырылуы

  4. 50 орындық кафедегі банкет-шай сервисінің ұйымдастырылуы

  5. 60 орындық мейрамханадағы банкет-коктейл сервисінің ұйымдастырылуы

  6. 40 орындық мейрамханадағы «Жаңа жылға» арналған мереке сервисінің ұйымдастырылуы

  7. 35 орындық кафедегі «Наурыз» мерекесі сервисінің ұйымдастырылуы

  8. 30 орындық кафедегі «8 наурыз» мереке сервисінің ұйымдастырылуы

  9. 25 орындық кафедегі «Туған күн» мерекесіне арналған сервисінің ұйымдастырылуы

  10. 100 орындық кафедегі мерейтойлық туған күн сервисінің ұйымдастырылуы


Курстық жұмысқа қойылатын талаптар

Кіріспе

Кіріспе ереже бойынша барлық курстық жұмысты орындағаннан кейін орындалады.

Бұл бөлімде келесі мәселелер қарастырылады:


  • Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының дамуы мен қазіргі жағдайы;

  • Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы сервисті ұйымдастыру.


Негізгі бөлім

Негізгі бөлім 3 тараудан тұрады.

Бірінші тарау «Банкетті .....жағдайда ұйымдастыру» мынадай болуы қажет:


  • Өткізілетін шараның сипаттамасы

  • Мерекеге қатысушылардың құрамы

  • Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын таңдау, банкетті ұйымдастыруға тапсырыс беру

Екінші тарау «Кәсіпорынды банкетке дайындау» мынадай болуы қажет:

  • Ас мәзірін құрастыру

  • Тағам калькуляциясын құрастыру

  • Сауда залын безендіру

  • Қызмет көрсету түріне орай үстелдерді безендіру; майлық түрін таңдау.

  • Даяшылар саны

Үшінші тарау «Банкетті өткізу» мынадай болуы қажет:

  • Қонақтарды қарсы алу;

  • Даяшылардың қызмет көрсетуі

  • Музыкалық бағдарламалар.

Студент курстық жұмысты ТПБС және КПБС, МЕСТ 7.35-91 бойынша талаптарына сай жетілдіреді.

Курстық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады:

Кіріспе

1 тарау. «Банкетті ..... жағдайда ұйымдастыру»

2 тарау «Кәсіпорынды банкетке дайындау»

3 тарау «Банкетті өткізу»

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымша
Курстық жұмыс А4 форматты ақ қағаздың бір жағына компьютерде теріліп орындалады.

Курстық жұмыстың бірінші беті титульный сияқты толтырылады (үлгі № 1 қосымшада көрсетілген)

Курстық жұмыстың мәтіні бөлімдерге, бөлімшелерге және пункттерге бөлінеді.

Бөлімдердің атауы бас әріптермен жазылады, ол қысқа және мазмұнына сай келуі қажет.

Әр бір бөлім жаңа беттен, жоспардың әр бір пункті – азат жолдан басталады.

Мәтін мен тақырып атауының арасындағы арақашықтық – 15 мм.

Мәтінде жалпылық қабылданған қысқартулардан басқа, сөздердің қысқартылуы жіберілмейді.

Қолмен жазылған курстық жұмыстың жалпы көлемі 20-25 беттен аспауы тиіс немесе терілген мәтін 15-20 бет болуы керек, оның ішінде кіріспе – 2-3 бет, қорытынды – 2-3 бет болуы керек.

Курстық жумыстың беттері нөмірленеді. Әрбір бетте ашық жол қалдырылады ( сол жағынан 30 мм және оң жағынан – 10 мм), оқытушының ескертуіне (жоғарғы және төменгі жағынан-20мм), ал пікір жазу үшін жұмыстың соңғы жағынан 2-3 бос бет қалдырылады. Баспадан кеткен қателер, графикалық дәлдіктерден ауытқуларды ақ бояумен (корректор) сызуға болмайды.

Жіберілмейді:



  • Бөлімдерді, тақырыптың атауын, пункттерді, графикалық материалдарды, курстық жұмысты әртүрлі пастамен жазуға болмайды.

  • Бетті қоршау жасап сызуға

  • Тақырып атауын тасымалдауға.

Бетті мәтін бойынша араб әріптерімен нөмірлейді. Бетті оң жақтың жоғарғы бұрышынан нүктесіз нөмірлейді. Титульды бетке нөмір қойылмайды.

Курстық жұмыста негізгі бөлімнің мынадай бөліктері нөмірленеді: әдеби шолу және зерттеу бөлімі. Бөлімдер: кіріспе, қорытынды, қолданылған әдебиеттердің тізімі - нөмірленбейді.

Бөліктердің реттік нөмірі нүкте арқылы жазылады, мысалы 1.1, 1.2, 1.3 және т.б.

Тұжырым негізінде және жинақталған материалдарды қолдану барысында студент курстық жұмыстың мазмұнын өз бетінше баяндайды. Жоспардағы сұрақтарға жауап бермес бұрын, алдымен жақсылап ойланып алу қажет.


Оқулықты таңдау және оқу.
Студент курстық жұмыстың тақырыбы бойынша оқулық таңдап алады және оны оқиды.

Оқуға отандық және шет ел әдебиеттері жатады: оқулықтар, анықтамалар мен каталогтар, нормативтік –техникалық құжаттар, арнайы сала және ғылыми журналдар, оқу құралдары және т.б.

Оқулықпен жұмыс жасаған кезде мына ережелерді сақтау қажет:


  • Қандай да бір оқулықты оқу үшін, ол кітап, мақала туралы толық мәліметтерді жазып алу.

  • Алынған мәліметтерді конспект ретінде жазып алу.

Қолданылған әдебиеттер тізімі келесідегідей ретте жасалады: алдымен заңдарды және басқа да нормативті, құқықтық құжаттарды атап өту қажет. Содан кейін алфавит ретімен әдебиеттер, оқу құралдары, журналдар мен басқа да басылымдар мына мәліметтер бойынша келтіріледі: автордың фамилиясы мен аты-жөні, кітап немес мақаланың толық атауы, басылып шыққан күні мен орны, баспаның атауы, кітаптағы бет саны, журналдың нөмірі және газеттердің нөмірі.

Мысалы: Омарова Н.С. Тауартану- Алматы.; Атамұра 2008-240 б.

Мақала жайлы мәліметтер: автордың фамилиясы мен аты-жөні, мақаланың, журналдың аты (газеттер мен басқа басылымдар), серия атауы (бар болған жағдайда), мақала басылған баспаның нөмірі, шыққан жылы, мысалы: Мечта по имени «Мартини». Рубрика: из истории продуктов Провиант 1999 № 1с. 54-55

Егер мақала немесе кітаптың авторлары көо (үштен асса) болса, олардың алдыңғы үшеуінің ғана аты-жөнін көрсетіп, «және т.б.» деген сөзді жазу қажет.

Баспа орнының атын толық және атау септігінде көрсету қажет, тек екі қаланың ғана атын қысқартып алуға болады, Мәскеу (М) және Ленинград (Л) немесе Санкт-Петербург (СПб).

Стандарт жайлы мәліметтер: белгіленуі, нөмірі және толық атауы.



Мысалы:

  1. МЕСТ Р 5115898 Шарап. Жалпы техникалық жағдайы.

  2. МЕСТ 5363-93. Арақ. Қабылдау ережесі мен тұжырымдау тәсілдері.

Курстық жұмысқа қосымша келесі беттердегі жұмыстың жалғасы ретінде жасалады, мәтінге түсініктеме ретінде ұсынылады. Әрбір қосымшаны оң жақ бұрышында «Қосымша» деген жазуы және реттік нөмірі бар жаңа беттен бастайды. Қосымша ретінде кәсіпорындар мен ұйымдардың нұсқауы, графика, кестелер, практикалық құжаттардың көшірмелері келтіріледі.

жүктеу 405,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау