Шама ұғымын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Қарастырылатын сұрақтар:
-ЭЕМ – алгоритмді орындаушы;
-«шама» ұғымы, шаманың сипаттамалары;
-шамалармен орындалатын әрекеттер;
-айнымалы және меншіктеу ұғымдары;
ЭЕМ – алгоритмді орындаушы. ЭЕМ үшін кез келген бағдарламаны жасау алгоритм құрудан басталады. Оны компьютер және нақты бағдарламалау жүйесі (Бейсик, Паскаль және т.б.) орындайды.
Мұнда орындаушының енгізу тілі Паскаль бағдарламалау тілі болады. Бағдарламалау процесі үш кезеңге бөлінеді:
1) есептің шығару алгоритмін құру;
2) бағдарламалау тілінде бағдарлама құру;
3) бағдарламаны жөндеу және тестілеу.
Шама ұғымының өзгешелігі, ұғымды ашудың әдістемелік проблемалары
Шама ұғымы, оның сипаттамасы. Компьютер ақпаратпен жұмыс жасайды. Компьютерлік бағдарламада өңделетін ақпаратты деректер деп атайды.
Шама – жеке ақпараттық объект, жеке деректер бірлігі. Компьютерлік бағдарламадағы бұйрықтарды, шамалармен жасалатын әрекеттерді анықтайды.
Есептеу процесінде алынатын деректер, бағдарламау тұрғысынан қарастырғанда: алғашқы, нәтижелер (ақырғы деректер) және аралық деректер деп бөлінеді (5.3-сурет [42]).
Мысалы, ax2+bx+c=0 квадрат теңдеуді шешкенде: алғашқы деректер – a, b, с коэффициенттері; нәтижелер – x1, x2 теңдеудің түбірлері; аралық деректер – D = b2- 4ас теңдеудің дискриминанты болады.
Оқушылар игеретін ең басты түсінік, ол мына тұжырым: кез келген шама ЭЕМ жадында өзінің белгілі орынын алады. Нәтижесінде оқушылардың санасында шаманы сақтайтын жады ұяшығының бейнесі бекітілуге тиіс. Шаманы сақтау орынын белгілеу үшін «жады ұяшығы» терминін қолданған жөн.
Кез келген шаманың үш негізгі сипаттамасы бар – атауы, мәні және типі. Машиналық бұйрықтар деңгейінде, кез келген шама –сонда сақталған жады ұяшығының адресімен теңестіріледі, ал мәні – осы ұяшықтағы екілік коды болады.
Алгоритмдерде және бағдарламалау тілдерінде шамалар тұрақты және айнымалы деп бөлінеді.
Тұрақты – өзгермейтін шама, алгоритмде өзінің меншікті мәнімен (мысалы 10, 3.5, 'к', true және т.б.) немесе символикалық атымен ( саны) ұсынылады. Тұрақты шаманың есімі, мәні және типі өзгермейді, олардың барлығы бір мезгілде анықталады.
Айнымалы шамалар – алгоритмнің орындалу барысында өз мәндерін өзгертеді және символдық атау – идентификатормен ұсынылады, мысалы, X, S2, COD15, Rez және т.б.
Әйтсе де, тұрақты болсын, не айнымалы болсын жадыдан орын ұяшықтар алады, ал олардың мәні осы ұяшықта екілік кодпен анықталатынын оқушылар білуге тиіс.
Деректердің типтері. Бағдарламалау үшін бұл ұғым іргелі болып табылады. Оқушылар деректер типі ұғымымен электрондық кестелерді оқығанда кезігуі мүмкін.
Әр бағдарламалау тілінде деректер типтерінің өз тұжырымдамасы, өзінің типтерінің жүйесі болады. Әйтсе де, кез келген тілге минималды қажет деректердің негізгі типтерінің жиыны кіреді. Оларға мыналар жатады: бүтін, нақты, логикалық және символдық. Шаманың типімен оның мына үш қасиеті байланысты: мәндердің мүмкін жиыны, амалдардың мүмкін жиыны, ішкі ұсыну пішіні
Шамалармен орындалатын әрекеттерді – алгоритм (бағдарлама) анықтайды және мына иерархиялық ұғымдарға негізделеді: амал – өрнек – бұйрық немесе оператор – бұйрықтар жүйесі.
Амал – деректермен жасалатын ең қарапайым тұтас әрекет. Деректердің негізгі типтері үшін жасалатын амалдар.
Өрнек – кейбір шаманы есептеу үшін алгоритмде (бағдарламада) амалдардың тізбегін анықтайтын жазба. Өрнектер – амалдарды және дөңгелек жақшаларды қолданып, әртүрлі типті тұрақтылардан, айнымалылардан, функциялардан құрастырылған жазба. Өрнектің есептелу реті жақшалармен және операндалардың үстемділігімен анықталады.
Бұйрық – алгоритмнің жазбасына кіретін, орындаушыға кейбір тұтас әрекетті орындау нұсқамасы. Меншіктеу, енгізу, шығару – қарапайым бұйрықтар, тармақталу және циклді – құрама немесе құрылымды бұйрықтар деп атайды.
Бағдарламалау тілдерінде амалдардың, өрнектердің, бұйрықтардың жазылу ережелері қатал анықталған. Алгоритмдерді алгоритмдік тілде немесе блок-схемалар түрінде сипаттағанда синаксистік ережелерді ұстану міндетті емес. Мысалы, алгоритмдік тілде әр бұйрық жеке жолда жазылса, онда соңында нүктелі үтірді қоймаса да болады, немесе көбейту амалында математикалық: , бағдарламалық: * белгілері жазыла береді.
Әйтсе де, алгоритм ары қарай қолданылатын бағдарламалау тіліне бейімделген болуы қажет. Бейсик тілінде дәрежеге шығару амалы бар (жазылуы: Х^5), сондықтан алгоритмдік тілде х5 немесе х^5 түрінде жазуға болады. Ал, Паскаль тілінде дәрежеге шығару амалы болмағандықтан, алгоритмде ол амалды қолданудың қажеті жоқ, мына түрде: х*х*х*х*х жазуға болады. Әйтсе де, Паскаль тілінде дәрежеге шығару exp және ln: функциялары арқылы ұйымдастырылады: ху= eylnx exp(y*ln(x)).
Айнымалы және меншіктеу ұғымдары бағдарламалауда – түйінді ұғымдар болып табылады. Есептелу алгоритмінің орындалу процесі – тізбекпен айнымалы мәндерінің өзгеру процесі. Қорытындысында белгіленген айнымалылар ізделіген нәтижені алады.
Меншіктеу нәтижесінде айнымалы белгілі бір мәнді алады. ОБЖ-не кіретін бұйрықтардың ішінен – енгізу және меншіктеу бұйрықтары меншіктеуді орындайды.
Көбінесе меншіктеудің мәнін толық түсінбеудің салдарынан, оқушылардың бағдарламалауды толық игере алмайтынын, педагогикалық тәжрибе көрсетуде. Сондықтан мұғалімдерге осы мәселеге ерекше көңіл бөлу қажет. Меншіктеу бұйрығының түрі:
<айнымалы> := <өрнек>
Бұйрықтағы «:=» белгісін, «меншіктеу» – деп оқу қажет. Бұл нұсқау мына әрекеттер тәртібін белгілейді:
1) өрнекті есептеу;
2) шыққан нәтижені айнымалыға меншіктеу.
Меншіктеу бұйрығы оңнан солға қарай орындалады. Осыған оқушылардың назарын аудару қажет. Меншіктеу бұйрығын математикалық теңдікпен шатастыруға болмайды!
Әдетте, меншіктеуді және теңдікті бірдей санайтын оқушыларға, мынадай: Х:= Х+1 бұйрық мүлдем түсініксіз болып көрінеді. Мұндай математикалық теңдіктің болуы мүмкін емес!
Бұл бұйрықтың мәнін былай түсіндіру керек: айнымалы Х-ң мәніне 1 қосылады да, нәтижесі қайтадан осы Х айнымалысына меншіктеледі. Басқаша айтқанда, бұйрық Х айнымалысының мәнін бірге өсіреді. Мынадай жаттығуларды талдауға болады:
Мысалы: мына меншіктеу бұйрықтарының тізбегі орындалу нәтижесінде X айнымалысының ақырғы мәнін анықтайық. Әр бұйрықтың тұсына фигуралық жақша ішіне Х айнымалысына жаңадан меншіктелген нәтижені жазамыз:
Х:=2 {2}
Х:=Х*Х {4}
Х:= Х*Х*Х {64}
Бағдарламалауда енгізу ұғымы – деректерді кез келген сыртқы құрылғыдан жедел жадыға жіберу процесі деп түсініледі. Әйтсе де, бағдарламалаудың бастамасында деректерді жедел жадыға енгізу негізінен пернетақта арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда енгізуді компьютер адаммен бірлесіп жасайды. Енгізу бұйрығы бойынша, процессордың жұмысы үзіледі және пайдаланушының әрекетін тосады; пайдаланушы пернетақтада енгізілетін деректерді тереді, және пернесін басады; мәндер енгізілетін айнымалыларға меншіктеледі.
Оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптердің ең бастысы көрнекілік екені белгілі. Әрбір оқылатын ұғым, оқушылардың санасында қалайда бір көзбен шолынатын бейнемен бекітілуі қажет.
Бағдарламалау – информатиканың бөлімі, оның міндеті –ЭЕМ үшін бағдарламалық қамсыздандыруды жасау.
Шын мәнінде, «бағдарламалау» сөзі – белгілі бағдарламалау тілінде бағдарлама жасау үрдісін белгілейді.
Жүйелік БҚ құралдарын және жүйелік бағдарламалауды жасауды жүйелік бағдарламалау, қолданбалы бағдарламаны жасауды қолданбалы бағдарламалау деп атайды. Бағдарламаушыларда жасайтын бағдарламаларына байланысты осы принцип бойынша бөлінеді.
Қазір бағдарламалаудың әртүрлі парадигмалары дамыған және олардың әрқайсысын оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бағдарламалаудың негізгі парадигмаларына мыналар жатады:
процедуралық бағдарламалау (Ассемблер, Фортран, Паскаль, Бейсик, Си);
логикалық бағдарламалау (Пролог);
функционалды бағдарламалау (Лисп);
объектілі-бағытталған бағдарламалау (Смолток, Си++, Делфи).
Жақша ішінде сәйкес парадигмасы жүзеге асырылған бағдарламалау тілдерінің мысалдары келтірілген.
Классикалық, әмбебапты және ең көп тараған процедуралық парадигма болып табылады. Мектепте көбінесе процедуралық Паскаль немесе Бейсик тілі оқытылады. Ары қарай «бағдарламалау» сөзін дәл осы процедуралық парадигма деп түсінеміз.
Бағдарламалауды оқу және практика жүзінде игеру үрдісі үш бөліктен тұрады :
-есептеу алгоритмдерін құру әдістерін оқу;
-бағдарламалау тілін оқу;
-берілген бағдарламалау жүйесін оқу және практика жүзінде игеру.
Мұғалімің алдында мына проблема пайда болады: шамалармен жұмыс істеу алгоритмдерін құру әдістерін оқытуды және бағдарламалау тілін қалай байланыстыруға болады? Қарастырудың екі нұсқасы болуы мүмкін:
1) алдымен әртүрлі алгоритмдер қарастырылады, оларды сипаттау үшін блок-схемалар және АТ қолданылады; одан соң – бағдарламалау тілдерінің ережелері, құрылған алгоритмдерді бағдарламаға аудару әдістері қарастырылады.
2) алгоритмдеу және бағдарламалау тілі қатар игеріледі.
Біз екінші нұсқамен қарастыру әдістемесін қолдануды ұсынамыз. Себебі алгоритмдеуді және бағдарламалауды тек теориялық түрде оқу тиімсіз екені белгілі. Сондықтан оқушылар құрған алгоритмдерінің дұрыстығын компьютерде тексеруге ертерек мүмкіндік алулары қажет. Бағдарламалау тілімен танысу және бағдарламалау жүйесі ортасында жұмыс жасау тәсілдерін игеру алгоритмдеумен қатар жүруге тиіс.
Бағдарламалауға үйретуді типтік есептердің мысалдары негізінде және алгоритмдердің құрылымын біртіндеп күрдендіру арқылы өткізу қажет.
Алгоритмдердің негіздік құрылымдары дегеніміз - шектелген блоктардың жинақталымы және әрекеттердің әдетті тізбектерін орындау үшін оларды қосудың стандартты әдістері.
Құрылымдық белгісі бойынша алгоритмдер мына негіздік құрылымдарға жіктелетіні белгілі:
БАҒДАРЛАМАЛАУ
Алгоритмдеу
Бағдарламалау тілдері
Бағдарламалау жүйелері
Сызықты құрылымды – алгоритмнің бұйрықтары үзілісті тізбекпен, бірінен кейін бірі орындалады. Әдетте, формула бойынша есептеу ұйымдастыруға қолданылады.
Тармақталу құрылымды алгоритм белгілі шартқа тәуелді ұйымдастырылады. Мұндай алгоритмде, әдетте, логикалық шартты тексеру блогы болады. Егер шарт орындалса, онда әрекеттер тізбегінің 100
бір тармағы орындалады, ал орындалмаса, екінші тармағы орындалады. Яғни, шартқа тәуелді, әлде бір серияны, әйтпесе басқа серияны орындау керек болғанда пайдаланылады. Мысалы, бірнеше мәндердің ең кішісін немесе ең үлкенін іздеу, тармақталған диалог құру, т.с.с. типтік есептердің алгоритмін ұйымдастыру үшін.
Циклдік құрылымды алгоритмдер деп, цикл денесі деп аталатын әрекеттер тізбегін көп рет қайталануын жүзеге асыратын алгоритмдерді атайды. Мысалы, циклдік типті алгоритмдерінің қатарына, сандық тізбектерінің қосындысын және көбейтіндісін есептеу, деректерді циклдік әдіспен енгізу және өңдеу, т.с.с. жатады.
Есептерді шығару мысалдары . Бағдарламалау тілінің жаңа амалдары, операторлары, т.б. күрделі құрылымдарды, есептердің мына типтерін шығару үшін керектігіне қарай біртіндеп енгізіліп, бекітіліп отырады.
Паскаль тілі қолданылған бірнеше есептерді қарастырайық. Бұл мысалдар алгоритмдік тіл мен Паскаль тілінің арасындағы ұқсастық әдісін қолдануды көрсетеді.
Ішкі бағдарлама деп жеке синтаксистік конструкция түрінде пішімделген, өзінің есімімен негізгі бағдарламаның кез келген жерінен шақырылатын бағдарламалық модульді айтады.
Турбо Паскаль тілінде, ішкі бағдарламалар, процедуралар және функциялар арқылы іске асырылған. Сондықтан Турбо Паскаль бағдарламалау тілін процедуралы-бағытталған тіл деп атайды.
Бұл есепте процедураны қолдануға болады. Екі айнымалыны реттеу алгоритімін – SOR2 деп аталған процедурасы пайдаланған бағдарлама мысалын келтірейік (процедуралармен жұмыс жасау ережелерін Паскаль бойынша жазылған оқулықтардан қараңыздар).
Program Sort_3;
Var A, B, C: real;
Procedure SOR2(var X, Y: real);
Var Z: real;
Begin
Z := X; X := Y; Y:= Z;
End;
Begin
SOR2(A, B);
SOR2(B, C);
SOR2(A, B);
Writeln(A,B,C);
End.
Бағдарламалау жүйесінің ортасы деп пайдаланушы жұмыс жасап тұрған экрандағы жағдайды (жүйелік қабықшаны) түсінеміз. Мұғалім, нақты өзі оқытатын бағдарламалау жүйенің қабықшасын сипаттап көрсетуі қажет.
Бағдарламалау жүйелерінің қабықшаларының бір үлгіге келіп, стандартталуы Borland фирмасының турбо-жүйелерінің пайда болуымен айқындалғаны белгілі. Мұндай жүйелердің ортасы, экранда редакциалау терезесі арқылы ұсынылады.
Мысалы, Турбо Паскаль интерфейсі көп терезелі орта. Бағдарламалау жүйесі, turbo.exe файлымен жіберілген соң, компьютер экранына Турбо Паскаль ортасының редакциялау терезесі шығады. Терезеде интеграциаланған ортаның көрінетін үш компоненті бейнеленеді: жоғарғы бөлігінде – бас мәзір жолы, ортада – терезенің жұмыс аймағы, төменгі жағында – жағдай жолы.
Бағдарламалау жүйлерге тән жұмыс режімдері:
-бағдарлама мәтінін редакциялау режімі;
-компиляциялау режімі;
-орындау режімі;
-файлдармен жұмыс жасау режімі;
-көмек алу режімі;
-бағдарламаны жөндеу режімі.
Редакциялау режімі – әдетте, жүйе жұмысын инициалдау кезінде өзі автоматты түрде қойылады. Бұл ретте жүйеге кіріктіріген мәтіндік редактор жұмыс жасайды.
Оқушылардың БЖ мәтіндік редактормен жұмыс жасауды игеруге «Word мәтіндік редакторы» тақырыбын қарастырғандағы дағдылары көмектесуге тиіс.
Компиляциялау режімі – компиляциялауға түсетін тілдерге (Паскаль, СИ, Фортран және т.б.) қызмет ететін жүйелерде болады.
Бағдарламалау тілінен машиналық код тіліне аудару үрдісін – трансляциялау (traslation – аудару), ал оны орындайтын бағдарламаларды трансляторлар (аударуыштар) деп атайды. Трансляторлардың үш түрі: интерпретаторлар, компиляторлар, ассемблер болады.
Интерпретатор – берілген бағдарламаның әр операторын жекелеп өңдейтін және оны орындайтын транслятор.
Бағдарламалау жүйенің компиляторы – бүкіл бағдарламаның мәтінін машиналық код тіліне аударып модульге айналдырады. Нәтижесінде орындалатын бағдарлама пайда болады.
Ассемблер – ассемблер (автокод) тілінде жазылған бағдарламаны, машиналық тілге аударады.
Мұғалім бұл әрекеттердің мәнін түсінуге тиіс болғанымен, базалық курста оқушыларға бұл сұрақтарды толық жан-жақты талқыламаса да болады. Орындау режімінде – трансляциялаудан кейін машиналық код тілінде пайда болған бағдарлама орындалады. Бейсик жүйесінде бағдарламаны тікелей интерпретатор орындайды. Әдетте, бағдарламаның орындалуы RUN бұйрығынан басталады.
Файлдармен жұмыс жасау режімі. Сыртқы тасымалдаушыларда берілген тілдегі бағдарламаның мәтіндері, алғашқы және ақырғы деректер файл түрінде сақталады. Бұл режімде дәстүрлі амалдар орындалады: ақпаратты файлда сақтау файлдан, ақпаратты жедел жадыға оқу, файлдарды атау, және т.б. Бұл режімге редакциялау терезесінен баспаға шығару бұйрығы да жатады.
Көмек алу режімі – бағдарламалаушыға жүйемен жұмыс жасау, бағдарламалау кезінде, еске түсіруді экранға алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны жөндеу режімі. Бұл режімде бағдарламаның ізсалуын (орысш. – трассировка) орындауға, бағдарламаны қадаммен орындауға, анықталған айнымалылар мәндерінің өзгерістерін қадағалауға, анықталған жерде немесе шарт бойынша бағдарламаның орындалуын тоқтатуға болады. Жөндеу режімі, бағдарламадағы алгоритмдік қателерді іздеу үшін бағдарламалаушыға ыңғайлы құралдарды ұсынады.
БЖ режімдері туралы мұғалім әдістемелік схемамен әр режімде қолданылатын бұйрықтар жүйесі туралы баяндауы қажет.
Бағдарламалау жүйелері үшін шығарылатын есепке байланысты алғашқы және ақырғы ақпаратымен бағдарламаның мәтіні жазылған файлдар – деректер болады.
13-ДӘРІС «Компьютер» мазмұндык бағытын окыту әдістемесі
Информатика курсында компьютер құрылымы оның архитектуралық деңгейінде оқытылады. Мектеп информатикасында архитектура – ЭЕМ-ң техникалық жағын толық сипаттамай, оның құрылымын және жұмыс принципінің қарастырылуы деп түсініледі.
Компьютер архитектурасын жақсы білу, программистерге, әсіресе жүйелік программистерге аса қажет. ЭЕМ архитектурасын қарастырудың ең терең деңгейі – процессордың (машиналық бұйрықтар тілі) бұйрықтардың жүйесін, бағдарламалар орындау барысында оның жұмыс ережесін сипаттау.
Қарастырылатын сұрақтар:
ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары.
Бағдарламалық басқару принципі.
ЭЕМ жадының формалары.
Ішкі жадының ұйымдастырылуы.
Сыртқы жадының ұйымдастырылуы.
Дербес компьютердің архитектурасы.
Дербес компьютердің бейнежүйесі.
Анықтама. Есептуіш машинаның1 архитектурасы (Computer architecture) – ақпараттың өңделуін жүргізуді айқындайтын, соның ішінде, ақпаратты деректерге түрлендіру әдістері және техникалық құралдармен бағдарламалық жабдықтардың арасындағы әрекеттесу прициптерін анықтайтын есептеуіш машинаның концепциялы құрылымы.
Әдетте, оқулықтарда ЭЕМ-нің маркасына байланыссыз архитектураның жалпы ұғымдары талқыланады. Ал сабақтағы тәжірибелік жұмыстар компьютердің белгілі модельдерінде өткізіледі. Ол жадының көлемі, процессордың разрядтылығы жайында айта отырып, оқушыларға осы параметрлердің нақты қай шамалары мектеп компьютерлерінде барын айта кеткен жөн.
ЭЕМ–нің негізгі құрылғылары және бағдарламалық басқару принципі. Аталған тақырыптың басты ұғымдары: ЭЕМ архитектурасы, ЭЕМ жады (жедел, сыртқы); процессор; енгізу- шығару құрылғылары; бағдарламалық басқару.
ЭЕМ-ң «архитектурасы» ұғымының мәні туралы жоғарыда айтылды. Бұл үғымды оқушыларға ашу үшін ұқсастық (орысш. – аналогия) дидактикалық амалын қолдануға болады.
Компьютер бұл ақпаратпен жұмыс істейтін әмбебап машина. Ал табиғатта мұндай «биологиялық машина» адам болып табылады. Бұлай дейтініміз, адам ақпараттық үрдістің үш типін: ақпаратты сақтауды, ақпаратты өңдеуді және ақпаратты қабылдауды орындай алады.
Сол сияқты, компьютердің құрылғыларының құрамына бұл үрдістерді іске асыратын техникалық жабдықтар кіру керек. Олар: жады процессор, енгізу және шығару құрылғылары деп аталады (3.2-кесте).
3.2-кесте.
Қызметі
|
Адам
|
Компьютер
|
Ақпаратты сақтау
|
Ес
|
Жад құрылғысы
|
Ақпаратты өңдеу
|
Ойлау
|
Процессор
|
Ақпаратты қабылдау
|
Сезім мүшелері
|
Енгізу құрылғысы
|
Ақпаратпен алмасу
|
Сөз, қимыл жүйесі
|
Шығару құрылғысы
|
Компьютерде жадының ішкі және сырқы деп бөлінуін тағы да адаммен ұқсастырып түсіндіріледі. Ішкі жады – адамның өзінің (биологиялық) есі, сыртқы жады – ақпаратты жазатын алуан түрлі құралдар: қағаз, магниттік және т.б. Компьютердің түрлі құрылғылары бір-бірімен ақпараттың алмасу каналдары арқылы байланысады. Сыртқы ортадан ақпарат компьютерге енгізу құрылғылары арқылы түсіп, ішкі жадыға барып сақталады. Егер оны ұзақ мерзім бойы сақтау қажет болса, онда ол ішкі жадыдан сыртқы жадыға жазылады. Ақпартты өңдеуді процессор, ішкі жадымен толассыз екіжақты байланыс арқылы іске асырады. Ішкі жадыдан берілген деректер шығарылады (оқылады), өңделген нәтиже қайта оған жазылады.
ЭЕМ жадысының формалары. Жады (ағылш. – memory) – деректерді және бағдарламаларды өңдеуге, сақтауға арналған ЭЕМ-нің негізгі функционалдық бөлігі. Жады негізгі ішкі және сыртқы деп екіге бөлінетіні жоғарыда айтылды. Жадының түріне қарай олардың қандай қасиеттерін оқушылар меңгерулері қажет? Екі типті қасиеттерін – физикалық және ақпаратты үйымдастыру принципі туралы сөз қозғалуға тиіс.
Ішкі жады. Ішкі жадының физикалық қасиеттеріне мыналар жатады:
электрондық элементтерден (микросхемалардан) құрылған, ақпаратты тек электр қорегі болғанда ғана сақтайтын жады; сол себепті оны энергияға тәуелді жады деп атайды;
-бұл жедел жады, себебі оған ақпаратты енгізу (жазу) және шығару (оқу) уақыттары өте тез – микросекундттары құрайды;
-сыртқы жадымен салыстырғанда көлемі шектеулі.
Энергияға тәуелді ішкі жадыны жедел жады немесе жедел сақтау құрылғысы (ЖСҚ, ағылш. – Random Access Memory) деп атайды.
Сол сияқты компьютерде ішкі жадының тағы да бір түрі – тұрақты есте сақтау құрылғы (ТСҚ, ағылш. – Read Only Memory) барын оқушыларға айта кеткен жөн. Зауытта жасалу кезінде ТСҚ-ның ішіне жүктеуші – BIOS (Basic Input Output System), CMOS Setup бағдарламалары және өзгертуге болмайтын әртүрлі тұрақтылар «тігіледі». BIOS (аудармасы – негіздік енгізу-шығары жүйесі) – онда операциялық жүйені, жадыны және ЭЕМ сыртқы құрылғыларды тестілеуді жіберуші өзгертілмейтін бағдарламалар жазылады
Сонымен, ТСҚ-дағы ақпарат мазмұны тұрақты, электр энергиясынан тәуелсіз, тек оқылуы мүмкін, ал жазу тек қана арнайы жағдайда жасалады. Әдетте оның көлемі ЖСҚ-дан әлдеқайда аз.
Сыртқы жады. Сыртқы жадының сақтау құрылғыларында тасымалдауыштардың екі: магниттік және оптикалық формалары қолданылады. Магниттік дисілерге ақпаратты қайталап жаза беруге болады, ал оптикалыққа – тек бір рет қана жазылады. Оптикалық дискілерді – CD–ROM (Compact Disk Read Only Memory) – компакт-дискілер деп атайды. Олар жазылған ақпаратты тек оқуға ғана және ұзақ мерзімге сақтауға арналған. Сыртқы жадының физикалық қасиеттері мынадай болады:
-сыртқы жады электр энергиясынан тәуелсіз, себебі компьютер қосылсын-қосылмасын, тасымалдаушы компьютерге салынсын-салынбасын, оған жазылған ақпарат сақталып тұрады;
-сыртқы жадының жылдамдығы ақырын – яғни, ішкі жадымен салыстырғанда ақпаратты оқу/жазу жылдамдығы баяу жұреді.
-сыртқы жадыға сиятын ақпараттың көлемі үлкен, тіпті тасымалдауыштарды ауыстыру мүмкіндігін ескерсек, шексіз деуге болады.
Оқушылардың назарын терминологияны дәл қолдануға аудару қажет. Дискілер – ақпаратты тасушылар. Оптикалық дискілер үшін, ақпаратты тек қана CD–ROM-нан ғана оқи алатын, оптикалық дискжетек қолданылады. Магниттік дискіге оқу/жазу құрылғысын – магниттік дискіге жинақтауыш деп атайды.
Қатты магнитті дискідегі жинақтауыш (HDD – Hard Disk Drive) немесе винчестер – жүйелік блокта кірістірілген, жұмыс жасауға барлық қажет ақпаратты, атап айтқанда: операциялық жүйелерді, бағдарламалар дестесін, сандық деректерді, мәтіндерді, ойындарды және т.б. сақтау үшін арналған.
Енді – ақпараты ұйымдастыру принциптері туралы. Базалық курсты игерген оқушылар мына қағидаларды білуге тиісті:
1) компьютер деректердің (өңделетін ақпарат) мына формаларымен жұмыс жасайды: символдық, сандық, графикалық, дыбыстық;
2) компьютер жадында кез келген ақпарат (оның ішінде бағдарламаларда) екілік түрінде ұсынылады;
Тұжырымдалған қағидаларды оқушыларға осы тақырыпта айтқан жөн, мына тақырыптада қайталанатын болады.
Компьютердің электрондық элементтері электр сигналдардын жіберді және оларды түрлендіреді. Екілік символдар былай танылады: егер, сигнал болса – бір, сигнал болмаса – нөль. Магниттік тасушыда беттің магниттелген жері – бірге, магниттелмегені – нөльге сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |